Аперис адам
Ол кезде ойын баласымыз. Ауылдың жайпақ (шатырсыз) үйінде тұрамыз.Шатырлы үйлерге қызығатынмын.Себебі, олардың шатырында кептер (көгаршындар) бар. Көгаршындардың уілдегені қызық еді. Сабаққа бармаған кезім.Мүмкін «Нөлебайға» барған шығармын қырсам. Шамасы жазғы каникулға келген болуы керек көршіміз Мәдина апаның (ауылдың бәрі мәдинаапа деп атап кеткен) үйіне біздерден екі-үш жас үлкендігі бар бала келді. Мәдина апа күніге бір рет келіп біздің үйден шай ішіп кететін.Қонақ бала апасымен еріп келді. Көзі жылт-жылт етіп тұратын қара бала екен.Есімі -Нурик. Жезқазғаннан келіпті. Қаланың баласы ғой ақыры, лып-лып етіп тұр. Білмейтіні жоқ. Екеуміз аз күнде достасып алдық. Ойынның түр-түрін ойнаймыз.Мендегі неше жыл сынбай келе жатқан ойыншықтарды сындырдық. Нуриктің асығы жоқ екен.Менен он шақты асық сұрап алды.Мен ақ көңіл байғұс бере салдым.Себебі, менде қапшықта 300ге тарта асық бар еді.Бір күні Нурикке шатырларына шығаруды сұрадым. Обалы қане, шатырға мінеміз деп барып саты таба алмай қайттық.мүмкін өтірік таба алмады ма кім білсін? Нурик бұзықтықтың жеті атасын біледі екен. Ойнап жүріп қалтасынан сіріңке алып шығып, шертіп жандырады.Сіріңкенің шиі айналып-айналып ұшып барып өшіп қалады. Онысы маған қызық.Гараждың артында жаман бөшке бар болатын.Екі жүз летірлік (оны кейін білдім). Соның ішінде сәлерке құйылып тұратын. Нурик мынаған сіріңке жағып тастап жіберсек қызық болады деді. Бірақ, қызығымызға жете алмай қалдық. Гараждың төбесінде отырып алып бөшкенің тесігіне жанған сіріңкені дәл түсіре алмай отырғанымызда атам ұстап алып сазайымызды берді.Негізінде таяқ жеген мен, Нурик қашып кетті.
-Әлгі Нөрікке жолама"-деп ақылын айтты соңынан атам маған. Басымды изегенмен, кейін онымен ойнайтынымды екеумізде біліп тұрмыз. Өзімізге аталас жақын болып келетін тағы бір көршіміздің менен екі жас кіші Ербол атты баласы бар болатын. Нуриктің қияңқылығы ол үйге де жетіп жатады екен.Көбіне үшеуміз бірге ойнаймыз.ол үйдегі Бекең ақсақал "Әлгі, Өрікпен ойнамаңдар" деп айтып бағушы еді.Нурик біздің аңқаулығымызды пайдаланып көзімізді ала бере асықтарымызды жымқырып кетуді шығарды.
Не керек бір күні мамаммен (әжемді мама дейтінмін)ауданға бардық.Бестің автобусымен қайтып келе жатып үлкендердің әңгімесіне құлақ салдым. Мамам мен сол кісі қатарлас бір кісі тағы бір кісі жайлы әңгімені соғып келе жатыр. «Ой, ол әперис адам ғой, талайды алдады ғой» деген сөздерді жадыма тоқып алдым. Аптоустан түсе сала көрші үйге жүгірдім.Ербол үйлерінің маңында ойнап жүр екен.Ентігімді баспастан «Енді, Нурикпен ойнамайық.Ол аперис адам» дедім де жалт бұрылып үйге тұра жүгірдім.

Осы үйден ер жетіп кеткенбіз
Шаңырағы киелі, шағын ғана үй еді
Талай жыл өтіпті-ау арада
Тарыдай шашылдық қалада
Ескі үйім-ай қалыпсың-ау қартайып
Кәрі шалдай бір жағыңа жантайып
Еніп тұрмын есігіңе еңкейіп
Келіп тұрмын қара басым қалқайып
Сенде өткен бақытты балалық
Сенде өсіп жан-жаққа тарадық
Атам қайда атам-ау, апам қайда апам-ау
Ештеңе естімей құлағым
Ешкімге көрсетпей жыладым
Есігі бұзылған ескі үйім, не істейін мен саған, не істейін?!
Көп екенғой қатыңыз, айтушы еді әкеміз, осы үйге болар деп кім ие, Осыма опасыз дүние. Біздің ескі үй, біздің ескі үй қайтейін.
осыған ұқсас жәйт еске түседі:
жетіншіде жүргенімізде класымызға қаладан бір бала келді. білмейтіні жоқ боп көрінген бізге. қолдаушылар тапқанына ырза болған ол бұзықтықтың сан түрін үйретті. бір есімде қалғаны мектеп ғимаратының тақтай фронтонына оқ қадайтынымыз. кәдімгі қағазды шиыршықтап ұшына шеге немесе үшкір сым бекітіп лақтырсаң болғаны. директор жедел шара қолданып, құдды қылмыскер ұстағандай ғып әшкерелеген соң бұл тірлік басылып қалды.
еске алсаң қайран балалық қызық-ақ
Атамның шөпшілерге деп тығып қойған темекісін «шегеміз» деп, таяқ жеп, погребке отырып шыққанымыз есімде ))
Сол қызықты Тұрар екеуміз әлі күнге дейін ешкімге айтпай, құпия сақтаппыз. Гүлім темболее айтпаған шығар. Жақында Тұрармен кездескенде еске алып, шегіміз қатқанша күлдік-ау.
Әлі күнге дейін таңғалам, жеті-сегіздері балдар не ойладық екен сонда…
)))))