«Руханиятты» ОСК қабылдамай тастады. Ол сайлауға түспейді.
Коммунистер партиясының роликтеріне құсқым келді. Тым қарабайыр, сапасыз. Сайлауға біреу үшін түсіп жатқандай әсер қалдырды.
«Нұр Отанның» Роза Рымбаева бастаған сарай әншілерін ән айтқызып қойып түсірген роликтеріне де құсқым келді. Сондай беделді партия, сондай сапасыз ролик.
Кеше 10-15 минуттық телесеанста байқағаным осы болды. Мораль: Бәрі жалған және көзбояушылық. Сайлауға қатыспаймын.
Әділет деген партияның плакатын көрдім. жұдырықпен бәрінің тас талқанын шығарып жатыр: кедейлік, жұмыссыздық, коррупция… сосын twitter мен facebook. олардың не жазығы бар екенін.
Бұрын Шымкентте жүрген кезде бастығымыз қалалық мәслихатқа сайлауға түсті. Сол кезде үйдегілердің бәрінің төлқұжатын жиып алып, қарлығаштың қанатындай болса да қосқан үлесім болсын деп барып дауыс бергем. Содан кейін бір де бір сайлауға қатыспаппын. Билікке деген наразалығым емес, себебі менсіз де мұндай саяси сценарийлер жүзеге аса береді, тоқтамайды. Жүдә маған қарап тұрған ешкім жоқ. Стереотип болса да.
Депутаттыққа елге типы ұнамды образдар сайланса, ұлтқа, қазаққа қажетті, адамдар естігісі келетін "әдемі ертектерді" айта білетін депутаттар келсе, жарнама сүйгіш, журналистерді айналшықтап шықпайды деп сөгеміз, үндемей отырса дым бітірмеді деп тағы шығамыз. Сондықтан, депутаттар не істеп, не қою керектігін күніге бізден сұрап отыру керек шығар
Не болсада бірнеше партиядан сайланады. Мені қызықтыратыны қай партиядан НұрОтанның шпиөндары немесе қуыршақ депутаттары сайланады. Меніңше Ақжолдан біраз қуыршақ ойыншықтар шығып қалар.
биыл 90 пайыз дауыс жинаймыз деп алақандарын шапаттап отырғандар бар екен. сондықтан, менсіз де өткен сайлаулар, өте береді де… әне кетті көтәні деп ешкім айтпайды так что…
Қайран ақша дейсің кейде. Депуттаттардың үгіт-насихаттарына Миллиондап ақша бөлініп жатыр. Құжатпен 10 000 дана деп ақша алады да сатылап-сатылап келіп 2000 данасын шығарады бір тупиктегі баспаханадан. Опшым крезис кезіндегі ақша шашу.
өз құлағыммен бір нән партияның атынан сыңға түскен үміткердің имидж группа басшысының «маршруткаларға жабыстырыңдар, басқа партияларға жабыстыртпау керек, автопарк басшылығына хабарласып айтармын»- дегенін естідім
Сайлау демекші «сайлауда күнтізбеге осы қарық боламыз»-деп анам каленДАРьдан коллекция жинап қойыпты (үміткердің фотоларынан альбом жасап алуға да болады, өмірбаяндарын оқысаң ну енді періште сықылд)
Бірнеше күннен бері «Уважаемый избиратель!» деген сымысыны жіберіп ығырды шығарды Сайлаукомдағылар. «Бармайм сайлауға» деген сымысым оларға кетпи жатыр)
Коммунистер партиясының роликтеріне құсқым келді. Тым қарабайыр, сапасыз. Сайлауға біреу үшін түсіп жатқандай әсер қалдырды.
«Нұр Отанның» Роза Рымбаева бастаған сарай әншілерін ән айтқызып қойып түсірген роликтеріне де құсқым келді. Сондай беделді партия, сондай сапасыз ролик.
Кеше 10-15 минуттық телесеанста байқағаным осы болды. Мораль: Бәрі жалған және көзбояушылық. Сайлауға қатыспаймын.
Әділет партиясы Твиттер мен Фейсбук халықтың санасын улап жатыр, бұларды жабамыз дейді.