Ағайынды иттердің төбелесі



Бұл төбелестің жалпы ұзақтығы 2 минөттей еді.Мен соңғы 50 секундын ғана түсіріп үлгердім. Ауылдағы екі ағамның иттерінің төбелесі. анау кішкентай қанден ит ақ итке болысып қараны тістелеп жүр. ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Бөлісу:

31 пікір

asaubota
мынаны көрген PETA және Greenpeace-тің Қазақстандағы өкілі Сәндібек өзі ғана еститіндей қылып «сгин» деді де, маңдайындағы терді бір сүртті де, норкасын киіп, құдабаласы Есеннің үйіне ет жеуге кетті…
ErNur
Сонымен ақ ит жеңілдіме?
omarbirat
О, төбелес!
Иттің төбелесіп жатып ойбайлағанын бірінші рет көруім  Қара ит жеңді, базар жоқ.
Abilakim
Қара ит негізі өз үйінің ауласында төбелесті. Ақ ит те жаман төбелеспейтін.Қарадан бір жас үлкен.Бірінші рет жеңіліп қалды.
omarbirat
«Балкон» деген фильмдегі балаға ұқсап, "Әлі біздің аулаға келесіңдер" деп қашып бара жатыр ма?
Abilakim
Атқа еріп, ауыл аралағанда қарадан гөрі ана ақ ит мықты төбелеседі.
ErNur
Сонда да қара иттің жеңгенін мойындағың келмейді ә?
Abilakim
просты, ақ ит қаладан мен келгенде кәдімгідей қуанады да…
Zhan
ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Түсірілімнен бұрын комментіңнің салмағы айқайлап тұр ғо.
Erlan
ақ ит кәрілеу сияқты ғой, қара ит жастау ит сияқты, құлақ шекесінен тістеп алып ақ итті тыпырлатпай тастады
Kipshakkyzy
Анау кішкентай қанден иттің жармасып жатқанын-ай, қыстырылып.
Gastarbaiter
Ауылдарыңда иттің екі породасы бар сияқты тыңдап отырсам. «Дәу ит» және "қанден ит"...
Abilakim
Мыналар төбетшатыс бірдеңелер ғой.
Gastarbaiter
Дәу болса бітті төбетшатыс дейсің, ал анау кішкентайыңда Чихуяхуяның қаны болып қалудың 1/10000000 мүмкіндігін есепке алмайсың ғо…
Marco
Ит қыңсылаған бойда жеңілген болып есептеледі. Айырып жіберу керек ондайда
Gastarbaiter
Біз де кішкентайымызда кім бірінші жыласа жеңілед деп ойлайтынбыз. Кейін үшінші класста Макс деген бала бүкіл атамандарды жылап жүріп айырып алды нақ. Содан кейін ереже өзгерді.
Abilakim
қолтығееем)))) Жылап жүріп тігетін қулар болады))))
Marco
 Иә, ондайды көргенбіз! Қарсыласының астында жатып, «жеңілдің ба, нақ», деп сұрайтын бір өжет бала бар еді ауылда. )))
Мәселе мынада, бірнеше жыл қатарынан төбеттердің ресми чемпионатынан репортаж жасаудың сәті түсіп еді, кезінде.Айтып отырғаным сол жердің тәртіптері ғой. Ит қыңсыласа, құйрығын қысса, немесе тісін көрсетіп қойса жеңілген болып есептеледі. Бұл қылықтар иттің қорыққанын білдіреді екен. Ит төбелестіргіштер де типа гуманистер)
Abilakim
ырылдағанда тісі көрінбеуші ме еді.егер төбелестірмей тұрып ит тілін шығарып мазақтаса не болады екен?
Marco
 Ең қызығы сол, төбелесетін төбет, алабайлар ырылдағанда тісін көрсетпейді.
Abilakim
Сен олардың осырғанын естіген шығарсың?
Marco
 зайып ал, кетшінақ)))
Marco
ит тілін шығарып мазақтаса не болады
көзіме елестетіп, столдың астында жатырм
a63a1
ондайларды долы дейді, беті қайтпайтын қасарысқандар жылап жүріп сындыратындарын көргенбіз
Korkem
Хех, ит демекші иттер сөйлей бастаса еркектер ең соңғы досынан айырылады дейді))))
Gastarbaiter
Әйелдің мысықтары сөйлей бастаса, бүкіл падрушкаларынан айрылатын шығар
Korkem
Қап, мұныңыз енді ұйқаспай тұр ғңой))))
Gastarbaiter
Қыртысқа күш салып көріңіз.
KILYZAMAN
Ұялас деген дұрысырақ болар ма еді Қаншыққа қай төбет келмейді?
Abilakim
Бұлар ұялас емес.Ағайынды жігіттердің иттеріде ағайынды))))