Вебманиің бар болсын!

Вебмани.ру-да азын-аулақ тиын-тегешім бар еді.
Соны қалай шығарып аларымды білмей жүрмін.
Бір ақылдылар Вебмани.кз-қа тіркел, сол жерден кредит алып шығарып аласың деген.
Онда тіркелуін тіркелдім, бірақ поштама келген хатта код активации деген пәлесі жоқ.
Ал онсыз сайт кіргізбейді.
Одан басқа қандай жолдары бар?
Не істерімді білмей отырмын. Көмек керек!
Әйтпесе, вебмани керектер жоқ па? Сатам!
Бөлісу:

18 пікір

meirzhan
вебмани керектер жоқ па?
Вебті білмеймін, бірақ мани қашан да керек.
shimaibek
Webмәниге аузым күйгені бар тұғын менің де… Салып-салып, ала алмай қалып. Реалмәниге айырбастаудың реті сол — сатып қана құтыласыз басқаға… Әйтпесе обналичивать ету деген бір ғанибет…
asaubota
қанша ВМЗ бар? жекеге хабарлас.
patick
Телефонға аударып ал, нақтың тиынын
asaubota
Вебманиды қалай алып едің? жұмысыңа төледі ме әлде ойын ойнадың ба? егер соңғысына жақын болсаң бір вариант айтар едім, букмекерлер арқылы алуды.

ал, былай банкке лақтыру түрі де бар екен www.webmoney.ru/rus/withdrawfunds/wmz/banking.shtml осыны да қарап көр.
dark_nazgul
жұмысыма төлеген, Литвадан түскен.
Цеснабанк арқылы шығарып алуға болады деп бір оқып едім, кейін ол ақпаратты таба алмай қалдым.
dark_nazgul
вебманидегі бетімде «вы можете» деген жерде «вывести» дегеннің өзі жоғалып кеткен біраздан бері…
asaubota
сендегі сумманы ала алмайды екенмін, сондықтан сен үшін сілтемелер іздестіріп қайтқам.

жақсы бір әдіс бар. бір досыма солай істеп бергем. обшым ол покер ойнап, біраз ақша істеп алыпты. соны букмекерлер арқылы алдық. алдымен olimp.kz сайтынан аккаунт ашыт, бар ақшасын сонда салды. сосын сол ақшамен ставка ойнады. рискі аз, төмен коэффициенттегі ойындарға ойнады. мысалы Барселона Расингті айдап алад, деген сияқты. сосын шамалы ойнады да солай, ақшасын шамалы көбейтіп алды да букмекер кассасынан қараналмен алып алды.
dark_nazgul
ой, құрсын. одан да банк арқылы алып көрейін. әйтпесе, бағана вебмани кз-ға барғам, соларды жағалап көрем қайтадан.
ҮЛКЕН РАХМЕТ саған! көзімді аштың біраз)))
dark_nazgul
Аршаттың берген сілтемесі бойынша ақшамды карточкама шығарып алдым. кеше құжаттарымды сканерлеп жіберіп едім, бүгін түсте растау келді. Сол сәтте саппортқа хат жаздым. Сағат үште олардың кошелегіне аударып едім, бір жарым сағат ішінде карточкама теңге болып түсті.
asaubota
кеерк инфо болды обшым дейсің ғой
dark_nazgul
ой, саған айтар алғысым шексіз )))