Салат, котлет...

Жаңа жыл дастарханына оригинальный рецептер іздуге кірісіп кеткен шығарсыздар. Біздің үйде де газет қиындыларынан, ескі блокноттардан, кулинария сайтарынан табылған тағам түрлері алдын ала «пробник» ретінде дайындалып жатыр. Әкеміз, бауырымыз, жарымыз деген сияқты бабы қиын персоналар ұнатқан тағамдарды мерекелік дастарханға қоямыз деп жоспарлап жүрміз.
Бұрын жасап көрмеген тағамдар, қаншалықты оңай әрі дәмді сияқты көрінгенмен, бір дегеннен көңілден шыға қоймайды. Төменде ұсынып отырған бір-екі рецепт не отличаются оригинальностью, есесіне үйдегілердің дәм айырғыш рецепторларынан «құламай» өтіп, овацияға ие болған деуге болады.


Мексика салаты
Жазда үйге келген қонақ атаулының бәріне жегіздім. Бұл салатқа көршілерім мен құрбыларым жиі тапсырыс береді. «На любителя» дегенімен, барлығына ұнайды. Сонымен:
— қақталған (копченая) тауық — 1
— консервіленген жасыл бұршақ – 1 құты
— консервіленген жүгері – 1 құты
— черри қызанағы – 0,5 кг
— сәбіз – орташа болса 2 жетеді
— сарымсақ (чеснок) – 1 басы
— қызыл бұрыш – 0,5 шәй қасық
— аджика немесе кобра сияқты өткір соус – 2-3 шәй қасық
— соя соусы – 1-2 ас қасық.
Сәбізді кішкентай «кубик» қылып турап, ұсақталған сарымсақ екеуін өсімдік майына жақсылап қуырыңыз. Орташа кубик етіп туралған тауық етін және ортасынан бөлінген қызанақтарды үстіне салыңыз. Оған бұрыш, соус деген дәмдеуіштерді қосып, араластырыңыз да, қақпақты жауып, отты бәсеңдетіп қойып, 5-10 минут бұқтырып алыңыз. Соңынан бұршақ пен жүгеріні қосып араластырып жіберіңіз. Вуа ля!

«Бондюэль» консервілерін алған жөн – езілмей, бұзылмай жақсы сақталған. Сәбіз жартылай шикі болып қалмауын қадағалаңыз, жегенде кіртілдеп тұрғаны аншамес. Дәмдеуіштерді үйдегілердің талғамы мен денсаулығына қарай мөлшерлеңіз. Бұқтырғанда қызанақ езіліп кетпеуі керек.

Газетте, негізі, «мексиканское горячее блюдо» деп жазылған. Қазақтардың күлкіден ішегі түйіліп қалар деп, салат деп қойдым.

Швед котлеттері

Бұл да оп-оңай.
— Тартылған сиыр еті – 1 кг
— Тәтті бұрыш – 3
— Пияз – орташа 2-3
— Сарымсақ – 4-5 бөлігі
— Сүт – шамамен 150 мл
— Панировкаға арналған нан ұнтағы (сухари) – 1 орташа кесені толтырмай алғанда
— 3 жұмыртқа

Алдымен панировочный нан ұнтағын жылы сүтке салып қойыңыз. Орнына сорпаға немесе салатқа арналған қытырлақтарды да пайдалануға болады, бірақ олар толық езілмей, құрғақ түйіршіктер қалып қойса, фарш бірікпей қалады. Ұсақтап туралған сарымсақ, пияз және бұрышты табаға аздап май құйып, қуырып алыңыз да, суыған соң, блэндерден немесе мясорубкадан өткізіңіз. Енді жұмсарған нанды, тартылған көкөністерді, жұмыртқаларды етке қосып, дәміне қарай, тұз, бұрыш сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған фарштан котлет жасап, майға қуырыңыз. Фарштан котлет қалыптастыру кезінде қиналуыңыз мүмкін. Себебі фарш көкөністер мен жұмыртқаның «кесірінен»өте жұмсақ болып, езіліп тұрады. Сондықтан ұнға немесе сол әлгі панировочный сухарьға аунатып алу керек.Соңынан оларды қазанға салып, түбіне аздап су құйып, бес минут бұқтырып алыңыз.
Соус ретінде кілегейді пайдылынуға болады. Немесе помидорды еттартқыштан өткізіп, туралған укропты араластырсаңыз да дәмді соус болады.

Пы. Сы: Жаңа жылдың алғашқы таңын мұрнын оливьеге тығып қарсы алғанды ұнататын жолдастарға телевизордағы дохтур апай мынандай кеңес берді: рассолдың пайдасы жоқ; парацетамол бас ауруын азайтады, бірақ ағзадағы ішімдік уына қосылып кетсе, бауырды істен шығаруға бар күшін салады.Құтқарушыңыз – аспирин! 
Бөлісу:

5 пікір

araika
Көвәріп дегендей, мыналар да көпқұрамды екен.
"Құламай" өтуіңе тілектеспін!
Gulzhanat
Әумин! Трубочкаларыңызды оқып келдім, попробую
Енді көвәріп болғанда… подробно жазғаным ғой… Ешкім құламасын деп
araika
Дұрыс, дұрыс. Жәй мен сияқтылар құрамын көріп-ақ, тік қасығын ғана дайындай салатын орынға кететінін уайымдаған түрім ғой
satibaldi
Быламық.
Жүгері мен жасылбұршақ — әлден ішім кеуіп, ісініп бара жатыр.
Сарымсақ, қызыл бұрыш, аджика, кобра — сүйісу әдіре қалад десейш.
Тауық — 1-еу, ық-ық, лібә
Gulzhanat
Ох-хх ) Жеңгейдің жүрегінің түгі бар шығар)