+1, періштелермен жұмыс істеушілер немесе қызымның атын кім қойдым?



Айы-күні жетіп, толғағы піскен ару ананың аманшылықпен жеңілденуін тектен-тек тілемейді екен ғой. Адамнан адамның шығуы физиологиялық тұрғыда қаншалықты қиын құбылыс болса, соншалықты жеңіл, үлпілдек дүние сияқты. Елордадағы «Ұлттық ана мен бала орталығы» қызымыздың туылған құтты ордасы болды. Үш триместрдегі қарап-бақылау да, нәрестенің дүниеге келуі де, бір сөзбен – тұтас цикл осы орталықта өрбіді. Тәубә, бәрі ойдағыдай өтті. Күтімі де, мейірімі де тәнті етті акушер-гинекологтардың.

Келіншегіме психологиялық түрде демеу, медеу болайын деп басы-қасында болдым. Әкенің шақалақтың туылу процесіне араласпауы туралы қанша айтылса да, екеуіміз үшеу болғалы тұрғанда шет қалғым келмеді. Оның үстіне, бізге бекітілген күтім жасаушы апайлар да қолқа салды. Әлбетте, әрбір кірерде аяққа бахилл киіледі, қолды стерилизациялайсың… Сол жердің заңына мойынсұнасың, ойда-қырда.

Қазіргі заман медицинасының бір жақсы жері – халықаралық контекстте тәжірибе алмасу ісі дұрыс жолға қойылып келе жатыр ма деймін. Барыс-келіс көп, семинар-еминары тағы бар. Босандырып алушылар бізге жақсы ақыл-кеңестерін айтып отырды. Көмектесуден әсте аянбады. Жан қиналғанда кәсіби маманның біліктілігіне зәрусің ғой, айт-айтпа. Бұл ретте міндетсініп алмай, регламент бойынша, кодекс куманикус бойынша қалай болуы керек – солай жасады. Кондоминимумнан асып түсті дер едім. Бұның бәрін егжей-тегжейіне дейін айтып отыруымның себебі сол, алдымен Алла, сосын сол кісілердің арқасында үшеу болдық. Іргеміз бүтінделді. Төбедегі келді.

Қызым туылғандағы ең алғашқы «іңгәсін» естігенде тұла бойды әдемі сезімдер билей жөнелді. Қуаныш кернеді. Келіншегім батыр екен, бастан-аяқ өзін жақсы ұстады.

Қазір бала туылғасын шешесінің жанынан оқшауламайды екен. Біраз уақыт жатады да, уызын ішкізеді. Туған ана да сол бір сәттерде ерекше жібіп-жіпсіп, оған дейінгі бар қиналғаны естен шығып кетеді ме деп қалдым. Ондай әдемілікті көру керек…

Балажанмын. Үйдің кенжесі болғасын ағамның, қос әпкемнің кішкентайларына көп қарадым. Ағамда үшеу, әпкелерімде төртеуден. Қазірше бақандай он бірдің көкесімін. Ол да жауапкершілік. Ұрыспаймын, бетінен қақпаймын. Бірақ қорқа ма, сондай бір нәрсе. Ренжіткісі келмейтін болар. Бәлкім сыйлайтын шығар. Әйтеуір, бала бағудың машақаты көп дегенге сене бермеймін. «Жаман бала болмайды, тек баланың жүрегіне жол таба білу керек» деуші ме еді педагогтар. Сол сарын ғой.

Бізді перзентханадан шығарып жатқан сәтте ризашылығымызды білдірдік. Біздің «кіндік шешеміз» Жұлдыз «әр босанған анамен бірге толғатамыз, сәби дүниеге келгенде ата-анасынан кем қуанбаймыз» деп ағынан жарылды. Жасанды емес, әділ айтылды. «Біз періштелермен жұмыс істейміз ғой» деді сосын. Сол сөзі жүрекке жылы тиді.

Қызымның аты

Қызымның атын өзім қойдым. Туылуы туралы куәлігін алмаққа ХҚКО-ға барып едім, белгіленген тәртіптегі бланк берілді. Әділет ведомствосы бұдан былайғыда фамилияға «ова», «еваларды» жалғатпайды екен. Басылымдардан оқығанымда бұл кеңес қана деп ұққандай едім. ХҚКО клеркі «овалатсам» бланкінің кері қайтарылатынын білдірді. Сөйтіп, Нұрғисаның қызының фамилиясы Асылбек болды.

Бұған дейін аты туралы бірнеше мәрте сұралғанын көрдім. Қызық көрушілерге атының кім қойылғанын өздері тауып алуын ұсынамын.

Қарапайым ғана басқатырғыштың жай-жапсары келесідей:

omarbirat құрдастың бір таңдаулы тақырыбы бар. Сол тақырып авторының профайлында ол азамат тіркелген блогтардың тізімін байқайсыз. Сол тізімдегі 43-ші әріп сәбиіме тиесілі есімнің төртінші қарпін түзеді.

«Керекинфоны» қолдаушылар тобы бар. Сол парақшаны табасыз. Ол бетте «Керекинфо» сайтының хостингіне және техникалық қосымшаларына қолдау көрсетуге бей-жай қарамағандардың тізімі берілген. Сол тізімдегі никнеймдерді тауып алыңыз. Реттік саны бойынша 140-шы қаріп – қыздың атының екінші әрпі.

dark_nazgul желтоқсанның бірінде бір пост жариялап еді. Сол посттың 51 әрпі қызымның азан шақырып қойылған есімінің алғашқы әрпі.

«ТОП» тақырыптардың ішінен «соңғы уақыттағысын» іріктеп аламыз. Соның ішінде топ боп тұрған, 94 мәрте лайықталған, лайыкталған тақырыпта сағат 15:10-да жазылған бір пікір бар. Сол пікірдің алғаш қарпі қызымның есіміндегі жетпей тұрған қаріп.

Жаратқан Ием бәрімізге ұл-қызына өнеге берер ата-ана болуға жазсын деп тілеймін. Лайым, жақсылықтарымыз көп болғай, нигі жақсы ағайын.
Бөлісу:

97 пікір

Nurgisa
Perishtenin iisi degen rahat, uikydan kalganyndy, sharshaganyndy umyttyryp jiberetin erekshe kush dersin  Kerekte sexen birler kop bolushy edi, endi 2011 jylgylar okshelep kele me, kalai ozi
dark_nazgul
Келіншегіңнің қасында болғаның жақсы болған екен.
Әйел толғатқанда тәнінің ауырғанынан бұрын, жалғызсырағаны жаман.
Тым болмаса, шағымданатын адам болғаны дәтке қуат.
Әлде біз қазір тым ерке болып кеткенбіз бе?
Nurgisa
Еркелик емес-ау. Бирак касында болсам жинакылау болар ма деген ой еди меники. Шыны керек, перзентханадагы жасалган жагдай мыкты. Шымкенттен келген шешем айтады, «ауылдагы келиндер мына жерди корсе, жыл сайын туа бергиси келе берер еди-ау» деп.
dark_nazgul
жинақылау болған жағын білмеймін енді. Қайта кейбір әйелдер тым ырбиып кете ме деймін.
nurjanbay
мен келіншегімнің родыйына қатысқан жоқпын. басқа ешкім де қатысқан жоқ. өзі туды.  негізіне маған қасымда болшсы деп өтінген еді. бірақ мен келіспедім. болмайд.
dark_nazgul
неге болмайд?
мен қызыма толғатқанда әкесі қасымда болды. әбден толғақ піскен кезде памперс алуға жұмсап жібердім.
ал кенжетайды босанғанда ауруды басатын уколдың әсерінен кішкене қуып кетіп, шығарып жіберуге шамам келмей қалды… сөйтіп, баламның кіндігін әкесі өзі кесіпті.
nurjanbay
еріккендердің тірлігі.
nurjanbay
әйел қасында күйеуі болмаса туа алмай ма?
dark_nazgul
туа алады. бірақ белін ұстайтын біреу болғаны жақсы ғой қасында…
nurjanbay
келіннің қасында енесі болғаны дұрыс.
nurjanbay
немесе жеңгесі, немесе жақын подружкасы.
nurjanbay
әйелдің туып жатқанын қарау қызық па екен?
dark_nazgul
Бір еркек әйелімен бірге босанбақ болыпты. Әйелі бір айғайлағанда есінен танып қалыпты. Дәрігерлер әупіріммен тірілтіп алыпты. Келіншек тағы бір шыңғырғанда, тағы бір талып қалыпты. Содан, бірнеше рет талып, есін жиып жатқанда әйел босанып қойыпты. Дәрігерлер "қыз туды" дегенде әкесі "қыз болғаны жақсы болыпты, мен сияқты қиналмайтын болады" деген екен.
madlen
ойбай, қандай негатив! бұл жерге негатив жазбаңызшы өтініш!
nurjanbay
келіншегім роддомда болғанда мындай оқиға болыпты. бір келіншектің қасына өзінің туған шешесі бірге кіріпті. қызының қиналғанын көрген шешесі "қызымау, қиналдың ау, өлдің ау" деп жоқтау айта бастапты. содан қызы өзі туа алмай, кесеровамен туыпты.
dark_nazgul
мен мамамның қолында босансам, керісінше, қыңқ етіп дыбыс шығаруға қорқар едім))) мамам ырбиғанды жақтырмайды.
ErNur
Ал енді іздеуге кірісеміз ғой жұмбақтың шешімін Кішкентай аман-есен өсіп жатыр ма Нұреке? Демалысың қалай өтіп жатыр?
TERISKEY
"і" әрпінен бастала ма сонда?
TERISKEY
бұдан былайғыда фамилияға «ова», «еваларды» жалғатпайды екен.
мұнысы жақсы болған екен, лайым Асылбек тегін арқалаған сәбидің ғұмыр жасы ұзақ болғай!
Nurgisa
Рахмет, Терискей. VKM шыракпен откендеги маселени не деп шешуди уйгардындар?
nurjanbay
менің қызымның фамилиясы «ова»-мен бітеді.
бұдан былайғыда фамилияға «ова», «еваларды» жалғатпайды екен.
деген заң 26 наябрден кейін шыққан шығар.
Zhan
Осыншама бұлданарыңды кім білген? Сенен жақсы әке болумен қатар, жақсы да саудагер шығатын сияқты, тауарды өз нарқына сатамын деп тұрып алатын. Ал енді,
Әйтеуір, бала бағудың машақаты көп дегенге сене бермеймін. «Жаман бала болмайды, тек баланың жүрегіне жол таба білу керек» деуші ме еді педагогтар. Сол сарын ғой.
Өзіңе аздап жарнама жасай кетіпсің. Бойдақ кезіңде саған ғашық болған қыздар мұндайыңды білсе, точна у ішетін шығар.
Nurgisa
Саудагерликти де кордик кой кезинде, букил ел боп тентиреп кеткенде. Алкаштарга самопал саткан ку даурен-ай…
Marco
Нnжһ болып кетті))) Қайта есептейін, әріптерді санағанда, тақырыптағы әріптер де есептелуі керек пе?)))
Zhan
Туу, Марко, сенде ерінбейді екенсің. Сатыбалдының «стильный» сөздерімен бір сыбап алды ма деп ойласам…
Marco
Эфирі жоқтық, уақыты көптік аздырар адам баласын)))
Aldeken
логопедті де наққа жіберген шығарсың...
кешір, Нұрғиса…
Daniar-Alan
Эфирі жоқтық, уақыты көптік аздырар адам баласын
сол уақыттарды армандап жүрген шығарсың
Nurgisa
Тунги уштердин шамасында курастыргансып едим. Абайсызда киыс кетип калмадым ба екен деп абыржып калдым, ал. Тексерип карайык
Aldeken
Нұреке, құтты болсын, түнгі үш дейтін меже сенің де өміріңе еніпті…
Қыс кезінде бір жақсысы, екі есеп, бір есеп, деп машинаны қыздыруға болады, иә?
Nurgisa
  дал ози. Ацтпакшы, кеше телеуизирден КВН актык байгесинде корип калдым сени. Жюрилердин артындагы сулба таныс деп коям.
ErNur
Нұреке Гауһар емес пе?
Nurgisa
Мыкты футболшынын касиети сол — не допты какпага дал дарытады, не баганага тигизеди. Сеники екиншиси болды
ErNur
Мен тек бірінші Омарбыратпен қатысты жұмбақ әріпті Һ деп тауып төртінші әрпі деп қалғанын іздемей ақ осындай асығыс шешім қабылдағанмын ғой олай болса
Jacqabaies_Chirac
Iнжу?
Nurgisa
Адеми нуска екен. Баска топшылаулар болса, оны да каралык. Мынауын унады.
Marco
негізі Інжу дұрыс сияқты, бірақ түнгі үш өз әсерін берген-ау
Gulistan
Ой, Нұрғиса, қызымыздың атын біліп алдық әлдеқашан
Сен де жұмбақтап.. анда бар, мында бар
Не де болса, бақытты болсын!
Aldeken
«Ана мен бала» орталығында кеңес дәуірінен қалыптасқан перзентхана стереотипінің бұзылғанын көріп тәнті болғанмын мен де…
Әуелі, сол орталықта қызмет ететін әпкем босанғанда, келіншегім екеуміз, жылы сорпа, жұмсақ етімізді арқалап, бардық, негізі үйден перзентхананы айналып, қажетті палатаның терезесін тауып алып, соынмен айқайлап, ымдап сөйлесуге дайындалып шыққанбыз. Келсек, астындағы регистратурада, әкелген тамағымызды қабылдап алды да, «мына тізімнен босанушы туысқаныңызды тауып алып, көрсетілген телефон нөміріне хабарласуыңызға болады, айып етпеңіздер карантинге байланысты ішке кіргізе алмаймыз» дегенде басым айналып кете жаздаған.
Содан соң келіншегім кіші ұлды сол жерде босанғанда таңертең 9,30 да қуаншты хабар жетіп, (негізі босанған кезде, қасында тұру былай тұрсын, перзентхананың ішінде тұруға духым жетпей қалған  ), барып дидарласып келуге дайындалыватсам, келіншегім сағат 11,30 да жұмысқа телефон соғып тұр… таңданыстан бас айналып, кешке дидарласып келейін деп барсам, ішіндегі медбике «Сіз баланың әкесісіз бе, онда сіз кіріп шығуыңызға болады» дегенде уаще, құлағанмын…
Gulistan
Сол мәдениет біздің жаққа қашан келер екен?
Nurgisa
Бинго! Басе, отчествосына карап саган туыстыгы бар ма екен деп едим
Aldeken
Н.З. Жылгелдинаның алдынан өткен екенсің ғо…
Nurgisa
Жо-жок, ара-арасында узилистерде дализде журип, неше турли панолардын мазмунымен таныс болып ем
dark_nazgul
мен үлкендерімді босанғанда жаз еді, «балкон аман болсын» деуші едік. Ал кенжетай туғанда күз, қара суық. Егер кешкі бестен жетіге дейін туыстарды кіргізетін жаңа заң болмағанда, тіл қатысудың өзі мұң болып қалады екен.
patick
Жұмбақтың шешімін іздеуге еріндім. Жай ғана сұрайыншы:

Іңкәр ма?
TERISKEY
Інжу ғой дейм сол, себебі, аптырдың айтысына қарағанда 4 әріп сықылды
madlen
Аға, қандай кучТ! Менің племяшкам болады ғой ол, да?  Қазақшасын білмеймін племянница дегеннің
TERISKEY
Ағаңыз болса, сіңліңіз болады племяшканы білмейдікембіз
Nurgisa
Ия, синлин болады гой.
patick
Племянник деген ұғым жоқ қазақ тілінде. Іні, сіңлі болып айтыла береді.
AKA
Машаллаһ, құттықтаймын, Нұр көке! Аллаһ жеңілдігін берсін, шаңырақтарыңызда тек қуаныш болғай! Дүниеге келген періште қыздың бойына анасының сұлулығы мен әкесінің мейірімі дарысын.
TOTY
@Nurgisa, сендердің арқаларыңда Керекинфо ырысқа кенеліп-ақ жатыр екенбіз, бауы берік болсын!
19852407
Нұреке, сіңліміздің атын әлдеқашан сіңіріп алдық
Тезірек еңбегі қатсын енді, қолға ұстайтындай болғанда,
Керекке кем дегенде суреті қонаққа кеп қалар
omarbirat
Көрсетілген нұсқауларды өзімше орындап таппақ болып әрекеттеніп едім. Нені дұрыс істемегенімді білмедім, соңғы әрпі латынша «h» болып шықты. Менен жақсы квестші шықпай тұр әзірге
Әйтеуір білдік-ау қызыңның атын  Бүгін ойланып отыр едім, осы қазақтар соңғы кездері қыздарына неге міндетті түрде «Ай» сөзі бар ат қоюға үйір деп (өзім де сондайлардың бірімін ). Мына жаңалық ойымда қалыптаса бастаған стереотипті бұзғандай болды
asaubota
жалпы соңғы жылдары қазақша ат қою мода болып барады. жақсы мода бұл.
omarbirat
Иә, өте дұрыс, өте жақсы мода.
Өткен жолы таэквондодан жарысқа барғанда, «Дінмұхамед Эрнст» деген атты естіп, Сатыбалдының кейіпкерлері еріксіз есіме түсіп кеткені. Сөйтсем, Әлимен бірге дайындалып жүрген бала болып шықты. Таза қазақ, бірақ сол жерде көбі мамасы мен әжесінен «Неміс пе?» деп сұрап қандарын ішіпті. Сондай түсініксіздіктер туындамау үшін қазақша ат қоюдың маңыздылығына көз жеткіздім сол кезде
Marco
«Дінмұхамед Эрнст» деген атты естіп, Сатыбалдының кейіпкерлері еріксіз есіме түсіп кеткені.
Күлкіден домалаған жоқсың ба әйтеуір? )))
omarbirat
Күлкім келді, бірақ өзімді тыйып үлгердім. Дұрыс істеген екенмін. Сол Димашты мамасы, әжесімен бірге сол жарысқа машинамен апарып, үйге дейін әкеліп тастаған едім. Жарыс болған жерде аты қазақша, фамилиясы немісше, непоняткі тудырып жүрген жігіт дәл қасымда жүрген Димаш екенін үйге келе жатқанда бір-ақ білдім
VKM

ІНЖУ ақылды қыз болып өссін! Сіздерді қуантып жүрсін!
dark_nazgul
«Нұрғиса қызының атын Салтанат қойыпты» деп өтірік ақпарат таратқан пендені қайтеміз?
a63a1
Өлләй білләй сенсеңдерде сенбесеңдерде Айсұлтан екеуің менің ойымды оқып қойғансыңдарма? Інжу Жанайым немесе Асылайым осы 3 нұсқаны менің әжем шөбересі қыз болса қоямын деп айтып еді осыдан 1 жыл бұрын 
Бауы берік болсын!!!
a63a1
3 нұсқаның біреуін деген дұрысырақ
Aldeken
тездетпесең, Асылайымға да үлгере алмай қалуың мүмкін…
a63a1
біріншінің ұл болғаны дұрыс шығар))) Алла бұйыртса бола жатар бәрі де)
omarbirat
Қызымның аты Асылай еді. Абзал, ренжімеші тек
a63a1
 Қазақта есім қалмадығой, ештеңе етпес тудырып алайын бірінші)))
Nurgisa
Рахмет, Абзик! Бәлиғат жасына жеткен жігіт ұрығын шартарапқа шаша бермей, айылын жияр болар, нақсүйерлікке бой алдырар болар  Тойыңда қызмет етейік, нәсіп қылса!
a63a1
Рахмет Әмин айтқаның келсін.
Nurgisa
Аршаттың баласына сайладың ба мынаны?
Тахометрді қашанғы құшақтап жатасың, жылылау опциясына көшсей. Күшті. Тексерілген
a63a1
Тудыра беріңдер, мен келгенше,  кейінірек қосыламын Алла бұйыртса
omarbirat
Кешір, Абзал. Сенің ойыңды екі жыл бұрын мен оқып қойып едім. Тек -ым деген жалғауын дұрыстап көрмей қалған екенмін
a63a1
Асылайым деген менің әжемнің шешесінің есімі екен, солғой әжемнің қойғысы келіп жүргені
araika
«Ұлттық ана мен бала орталығы»
Иә, қаладағы ең, ең, ең ғой.
Босанар сәтте психологиялық дайындық керек-ақ. Әсіресе өзін-өзі бейімдеу. Жақында босанған әпкем өзінің мамандығы болғандықтан, бұл жағынан еш қиналмады.
asaubota
осындағы кімнің танысының, ағайын, досының Аружан деген қызы жоқ?
Gulistan
Бізде жоқ екен… а, тұра тұр, құда баламның қызының аты
Gulistan
«Ұлттық ана мен бала орталығы» баға жағынан қалай екен? Арнайы сақтандыру карточкасымен бе?
Nurgisa
Баға жағынан жаман емес. Босандыру ақысы 50 мың, оған алынатын анализ бен қосалқы жұмыстарды қосасың, 70-75 мыңның айналасы боп қалады. Босанудан кейін ВИП палатаның қызметін пайдалануға болады. Күніне 20 мың теңге, күтімі, дәрігерлік ұдайы бақылауы кіреді құнына.

Жүктілік кезіндегі үш триместрдің жиынтық бағасы 90 мыңның айналасы. Ол енді әр жанұяның жеке қарары. Жалпы, бізге ұнады.
Gulistan
Облыс, аудан орталықтарында тіркелген, бірақ жағдайы ауыр кейбір екіқабат келіншектерді арнайы квотамен сол орталыққа жіберіп жатыр деп естігем.
Nurgisa
Иә, соңғы кездері телеарналардан да жиі беріп жатыр осы орталықты. Түрлі облыстардан арнайы квотамен келіп жатқандарды мен де көрдім.
Есілдің сол жағалауында мешіттен ары қарай біршама медицина ошағы бой көтерді ғой. Кардиохирургиялық орталығы бар, диагностика орталығы, ҰАБО, нейрохирургия, трансфузиология (қан) орталығы…
balzaminka
Бұл да менің жұмыс істеген нысаным деп мақтану шеруі жалғасуда
Nurgisa
Медицина жағында ма едің? Педиатр?!
balzaminka
медиктерден бұрын ол жерге құрылысшылар барғанын ұмытпағайсың, жас әке )
dark_nazgul
Мен Жәимлә және Толғанай деген қыз есімдеріне ғашық едім. Қызыма басқа есім бұйырды. Жеңгем қыз туғанда өткізе алмай қойып едім, енд бұйырса, інім үйленіп, қызды болып жатса, бір қызының атын маған берер))) әй, бірақ, әке шешеміздің тізімі ұзееееенннн…
araika
Сол тізімдегі 43-ші әріп
Менің есебімде 42-нші болды. Басқатырғыш  
Балажанмын. Ұрыспаймын, бетінен қақпаймын.
Мен бала тәрбиесінде тым қаталмын. Балажан емеспін-ау…
madlen
Аға, сонымен кім болды аты?
TERISKEY
madlen
Саған не болған? Смайликтер жаулап алған ба?
Erkekyz
Мен есімі Салтанат болды екен деп жүрдім. Қуанышқа ортақпын, аға!
sammita
Әділет ведомствосы бұдан былайғыда фамилияға «ова», «еваларды» жалғатпайды екен. Басылымдардан оқығанымда бұл кеңес қана деп ұққандай едім. ХҚКО клеркі «овалатсам» бланкінің кері қайтарылатынын білдірді.
қой олай емес. Қалағандар алып жатыр бұрынғы тәртіппен.