Тағы да бір жаңа шаңырақ қосылды!!!
10 жыл бірге қол ұстасып жүрген 35 жастағы Максим Галкин 62 жастағы сүйіктісі Алла Пугачеваға өмірлік жары болу туралы ұсынысын жасаған. Бүкіл Ресей жұрты күткен дүркіреген той ертең Мәскеу қаласында өтпек. Алла Борисқызы осымен бесінші рет қалыңдық атанып отыр. Бұл тойына да танымал әнші арнайы ақ көйлек тіктірген. Ал Галкин үшін бұл таңсық дүние. Бұған дейін пародия жанрының актеры ешқашан некеге тұрып көрмеген. Жас жұбайлардың тойын Николай Басковтің өзі басқаратын болады. Ол тіпті арнайы "Үйлену тойы" деген ән жаздырыпты. Бұл Алла мен Максимге деген Николайдың тосын сыйы болмақ. Мәскеуде өтетін дүбірлі тойға Александр Буйнов, дизайнер Валерий Юдашкин жұбайымен және де Пугачеваның экс-күйеуі Филипп Киркоров шақырылған.
ДерекКөз: http://31.kz/kz/video/document23308.phtml
16 пікір