Анекдот =)

Сәрсенбі күні журфактың 5-ші жатақханасында Бекжан Тұрыспен кездесу болған. Кеш соңынан кейін Сағатбек Медеубек екеуі бөлмеге келіп дәмнен ауыз тиіп, әнін айтып кеткен. Сонда мынадай қызық анекдоттар айтылды. Сіздерді білмейм, маған қызық көрінді.
Бақыт Беделхан көлігімен келе жатқанда машинасын МАИ қызметкерлері тоқтатқан көрінеді. Ол болса: «Мен не бүлдірдім?»- деп тұрғанда, МАИлер Б.Беделханды ағаш арасында тұрған газельге алып барады. Сол оқиғадан кейін, Бақыт Беделхан бір тойды басқарып тұрғанда кілең МАИлерді шығарса, барлығы әйелдерінің артында тұрған көрінеді. Сонда тамада болып жүрген Бақыт Беделхан: «Бұлар жолда ағаштың артында, ал тойда әйелдерінің артында тұрады» — депті.
Бөлісу:

39 пікір

asaubota
тақырып алдамшылау екен  және тақырыптан кейін смайлик қою блогерлік этикасына шамалы жаттау сияқты ма қалай?

тамаданың анекдотына -3
satibaldi
Ия, аздап пиар амал бар сияқты тақырып атауында.
Әнекке — 3.
asaubota
сенікі тире үш па? менікі минус үш.
meirzhan
Тақырыптан кейін смайл қою  өкінішке орай көп кездеседі.
Esmeralda
мен де такырыптан кейін смайлик қоямын, бірақ оны соншама шаш жұлатындай жағдай деп есептемеймін
meirzhan
Сіз солай есептемесеңіз ол автоматты түрде менің де солай есептемеу керек екенін білдірмейді ғой  
Себепсіз күлкінің жақсы нәрсені білдірмейтінін есепке алғанда, тақырыптан кейін смайл қою дұрыс емес. Оқырманнан күлкіні сұрап алғандай көрінеді. Және смайл деген белгілі бір мазмұны бар сөйлем, тексттің соңында қойылғаны дұрыс. Еш түсініксіз мысалы, «Демалыс))))» дегеннен адам осы тақырыпты оқығаннан автоматты түрде смайл миына әсер етіп, күлкі туғызуы мүмкін (сананың ішінде болса да). Ал былай қарасақ, демалыс дегеннің не күлкісі бар? (Анекдот, Handmade дегеннің де не күлкісі бар? жалғыз сөз үшін күлу жындыға тән). Себепсіз күлкі (смех без причины признак дураччины) тағы да.
dark_nazgul
«смех без причины как признак большого ума» деген де бар
meirzhan
Виртуалды қауымның алтын қазынасы — статустардан тарту ма
dark_nazgul
жоқ. баяғыда, қыз күнімде, казит оқитын едім. Сол заманнан есте қалғаны ғой
Aizhantabyn
смайлдың бәрін күлкі (уахахахахаххаха) деп түсіну міндетті емес қой. Жай жымию бар, үнсіз ғана, оны көзі жоқ мына жақшамен белгілеймін: )), ал енді өлдім күлкіден болса:  , ал енді жай қатты күлдім:  болады.
Жақсы көңіл күйді де білдіреді смайл мына )). Сол үшін, қымбатты Мейіржан, көп не умничай.
meirzhan
Әңгіме жалпы тақырып соңындағы смайл туралы. Нақты смайл түріне байланысты емес.
Смайл мәтінде ғана болуы керек дегенді айттым.
Aizhantabyn
сөз арасында боқтық қосып сөйлеу қалай норм болса(кейбір қолданушыларға), маған тақырыпқа смайл қою норма. Сол үшін, қақсай бер, ал мен смайлды тақырыпқа қоя берем.
asaubota
екеуі екі бөлек нәрселер ғой
dark_nazgul
мәәә… мен сендер ана жазбаның соңындағы жымиып тұрған смайлды сөз етіп отыр екен десем…
мен де қоя салам тақырыптың соңына бір екі жақша, леп белгісінің немесе көп нүктенің орнына. мен үшін ол осы тақырыпты күлімсіреп отырып жазғанымды білдіреді
Aizhantabyn
уот именно! Смайл тек қана күлкі емес, көңіл күйдің белгісі дегенді жеткізе алмай әлекпін!
Aizhantabyn
аға, егер әр бір белгіге осылай «докапываться» ете берсеңіздер, еркін блогтұғыр дегенді алып тастап, ереже жазыңыз. Керекте тақырыпқа смайл қоюға болмайды, тақырып тек бас әріптен жазылып, соңында міндетті түрде нүкте болу керек.Тақырып атауы екі немесе үш сөзден аспау керек. Тақырып барлық қолданушыға бірдей түсінікті болу керек. Т.С.С.
asaubota
ереже жазбасам болмайтын сияқты. еркіндік дегенді дұрыс түсінбейтін сияқтысыңдар. әр нәрсенің жазылмаған ережелері болады, сол сияқты блогерлікте де тақырып тек әріптер және тыныс белгілерін қолданып, тек тақырыпты жеткізетін сөздер жазылады деп ойлаймын. ал смайликтің орны әрине пікір және реті келген кезде пост ішінде.
meirzhan
Әңгіме барысын конструктивтен негативке бұра беруің қалай. Жекеге көшудің қажеті қанша.

Бұл жерде нақты сенің тақырып қоюың қарастылырып жатқан жоқ. Жалпы блогшылардың тақырыпқа смайл қосулары туралы.
Және де ешкім де белгілі бір шара қолданып, сотқа бергелі тұрған жоқ. Әркім осыған байланысты пікір білдірді, болды.

сөз арасында боқтық қосып сөйлеу қалай норм болса
Оларға да сын айтылды, айтылып та келеді. Көбі бұл сынды ескерді, боқтықтарын азайтты, кейбірлері тіпті тыйды.
satibaldi
Уа жама'ат, жаңа маздаған…
Aizhantabyn
негативке бұрып жатқан жоқпын, по существу не айтылды? Тек қана сенің жеке пікірің. Саған ұнамайды екен смайл тақырыптағы, тағы да жүз қолданушыға ұнамайды екен, онда, қауым боп отырмыз ғой бәріміз, неге ереже жасамасқа? Онда еркіндіктің де жалған екені анықталады.
Пікір білдіру бөлек, себепсіз күлкі, признак дурачины деп жекеге көшкен өзің. Сол себеп, без обид, мучачо!
meirzhan
Бұл жерде «себепсіз күлкі» деген мақал болатын, оны жұмсақ қып өзгерту керек болдым ба. Жоқ жерден «оскорбление» іздеп отырған сияқтысыз.
Еркіндік дегенді бетімен жіберу деп түсінбейік. Демократияның өзі управляемый болады. Басқармалы болмаса демек ол еркіндік, демократия емес, анархия мен бейбастақтыққа жақынырақ.
Әрине, менің жеке пікірім ғана. Әлде пікір білдіруге де тиым салайық па.
asaubota
лібә әкиш қолды. сені осындай ұзын және мағыналы камент жазатыныңды жақсы көремін.
asaubota
Мейіржан дұрыс айтады. тақырып тек тақырып болуы керек, смайлик қойылатын болса негізгі мәтінде қойылады. жалпы посттың ең маңызды бөлігі — тақырыбы. соған кішкене мән берілсе деймін.
AKA
 Шаш жұлатындай жағдай расында да, талай рет айтып келесіз ғой екі мәселені.
Esmeralda
в общем шаштарыңызды сақтаңыздаршы, такырыпқа смайл қоюдан басқа да глобальный мәселелер көп қой өмірде
AKA
Негізі мен Мейіржанның осы екі мәселеге (тақырыпқа смайлик қоя мен жауап жазу функциясы) келгенде шаршамай айтып, түсіндіріп жүргенін тілге тиек еткен болатынмын. Қайтпайтын қайсар қырсық жігіт өзі, ал менің шашым орнында. Қалғанын жоғарыда өзі түсіндіріп шықты.
Gulzhanat
Кешіріммен қарауларыңызды өтінеміз смайлофагтарға  Өмірде ыржиып жүренді жақсы көргендіктен, виртуалда да сдержанный түрді сақтау қиын )))
dark_nazgul
Сонда тамада болып жүрген Бақыт Беделхан: «Бұлар жолда ағаштың артында, ал тойда әйелдерінің артында тұрады» — деп.
сөйлем аяқталмаған. тым болмаса «деген екен» болса…
оның үстіне, тавтология: Бақыт беделхан сол тойды басқарып жүргенін, яғни тамадасы екенін алдыңғы сөйлемде айтып қойған.
Ренжіме, Мәншүк, мына постыңнан журналистің емес, тіпті блогшының да емес, дилетанттың қолтаңбасы көрініп тұр.
Жұртпен жабылып сынау емес, жеке пікірім.
asaubota
менің де ойым сол, Мәншүк сияқты тәжірибелі блогер мұндай олқылықтар істемеуі керек еді. Тақырып аты да мазмұны да нашар.
dark_nazgul
мазмұн ничо, подача жаман.
AKY
мүмкін қызық әнегімен бөліскісі кеп, шыдамсызданып, асығыс жазған шығар, арасында даж башпайымен теріп қойып
Zilola
Толыктай косыламын, болады ондай-ондай барiнде. Кселлдiн модемi аркылы отырып асыгыс жазган болар, кселл лактырып тастамай турганда жазып улгерейiн дейтiн болар.
manshukn
не ғо, АКУ айтпақшы асығыс жазған едім. Кечіріммен қарауларыңызды өтінемін.
dark_nazgul
Кше Бекжан Тұрыс ойнайтын спектакльге барғам. Шал амплуасы өмірлік болып байланған ба деп қалдым…
araika
Негізі бар ғой, әзілді де дұрыс жеткізе білу де өнер.
Мен күлдіре алмаймын, дәл қазір сенің күйіңде менікіне ұқсап тұрған сияқты, Мәншүк. Ренжіме.
19852407
Ойпырмай, а!

manshukn, тауып және қауып айтқан екен Бакең.
Рахмет саған, Сағатбек Медеубектің оң жағын ала отырып сіздің бөлмеден шәй ішкендей болып қалдым. Өтті, ал тақырыбын түзете салу, қалыбын жөндеу қиынға соқпас