Президент Құлыбаевты отставкаға жіберді!

Бүгін бір тосын жаңалықтарға толы болды.

Әуелі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Маңғыстау облысына келіп, облыс басшысын ауыстырды. Бұрын ол Қырымбек Көшербаев болса, енді Бауыржан Мұхамеджанов атты әуелгі қызыл жағалы. Тенгриньюс.кз ақпараттық агенттігінің айтуынша, бүгінгі ауыс-түйістер кезінде Президент Көшербаевқа кінә қоймайтындығын, керісінше, осынша уақыт ереуілде тұрған мұнайшылармен келіссөзге келмеген "ҚазМұнайГаз" басшылығы кінәлі деп тапқан болатын. Соның нәтижесі ретінде "ҚМГ" басқарма бастығы етіп, сол Маңғыстау облысының тумасы, әрі сол өңірде облыс басшысы болған Ләззат Қиыновты тағайындады.

Әупіріммен ішімізді жиып отырғанда, міне, туиттер тағы безілдеп қоя берді. Ендігі тықыр «Самұрық-Қазына» холдингінің төрағасы Тимур Құлыбаевқа таяныпты. Яғни, Елбасы «Хабар» арнасына берген сұхбатта «Еңбек дауын дер кезінде шешу туралы менің бұйрығым орындалмады. Оның үстіне жұмыс беруші белгілі себептерге байланысты жұмыста болмаған (еңбек демалысында, денсаулығына байланысты, т.с.с.) жұмысшыларды да жұмыстан шығарып жіберген...» деген. Сөйтіп, 7 ай бойы далада тұрған мұнайшылардың әзірше екі талабы орындалды. Бірі, Көшербаевты кетіру болса, екіншісі, Құлыбаевты тайдыру етін. Оларда енді үшінші талап қалды: ереуілдегі мұнайшыларды өз орындарына қайта алып, осынша уақыт тұрған уақыттағы жалақыларын төлеу.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше