Интернетсіз өткен бір апта

Тұп-тура он алтысы күні менің Ваймакстағы ақшам бітіп қалды. Шын мәнінде он бірінде бітуі керек еді, бірақ Диджитал ТВ өздері байқамай, маған төрт күнді тегіннен тегін сыйлай салды. өзім де, шын айтса, осыдан құтылып, басқа провайдердің боданы болуды аңсап жүргем.
Содан он жетісінде Билайнға барып сымды интернетке тапсырыс беріп қойдым да, жиырмасы қашан болар екен деп, интернетсіз тіршілікті бастап кеттім.
Ең алдымен, үйіме шырша құрдым. Кім не десе, о десін, жаңа жылды қарсы аламын. Кәдімгідей. Шырша құрып, балаларыма сыйлық алып, далаға шығып салют атып, шампан ішіп, ата анамды телефонмен құттықтап. Мен үшін бұл мейрамның ешқандай саяси да, ұлттық та астары жоқ. Қазақтыкі емес, тойламау керек, Наурызда жаңа жыл дейтіндерге жауабым: «жаңа жылды да қарсы аламын, Наурызда да көже пісіремін».
Былтыр біраз әлейім-тәлейім болып, балаларым мейрамның дәмін тата алмай қалып еді. Биыл соның есесін қайтарғым келді. Ең алдымен, қызыма әдемі көйлек алдым)))
arbuz.kz сайтынан мынандай шырша мен ойыншыққа тапсырыс беріп қойғам, соны алдырдым.

ойыншықтарын алдымен chocolife.me сайтынан елу пайыз жеңілдікпен алып қойғанмын, бәрін бірге әкеліп берді.

Сонымен, жиырмасы болды. Билайнның монтажниктері келді де, КСК дейтін бәленің тегеурініне төтеп бере алмай, түк тындырмай кетті. Ертесіне тағы келді. Сымдарын тартып, обжимать етіп, енді қосайын деп отырғанда, кенеттен, бүкіл ауданда Билайнның интернеті өшіп қалды. Соңғы кезде тапсырыс көп болып, серверлары "құлап" қалыпты. Содан, ол сервері құрғыр бүгін түстен кейін ғана орнынан тұрып, сағат алты жарымда көзім ашылып, тегін Вайфай роутерға компьютерімді қосып, қарық болып отырған түрім бар. Шынымен қарық болып отырмын, Ваймакстың тасбақаша ілбіген интернетіне шыдай алмай, жылап жібере жаздаушы едім, ал мына жарықтық ұшып тұр ғой, шіркін.

Ал оған дейін… кеше баламның мектебінде "Әліппемен қоштасу" кеші болды.
Мынадай торт жасатыпты, ата аналар комитетіндегілер. Ұнамады. Әліппені тілгілеп, жеп қойғанын балалар ұқпай қалған шығар)))



Сахнада жұрттың баласы тақпақ айтып, ән салып жатса, менің балам қолын қалтасына салып алып, концерт қарап тұр.


Соңында балалар қазір мода болған "Қара жорғаны" биледі.

Видеоны монтаждауға мүмкіндігім болмай отыр. Флип камераның бағдарламасы қуып кетті. Не ашылмайды, не өшірілмейді, қайтадан орнатайын десем. жалпы, компьютердің операционкасын қайта орнату керек болып жүр.

Мектепке барғалы алған алғашқы марапат қағазымыз. Жай формальность, өйткені барлық балаға берді, бірақ ұлымның үйдегі мәртебесі көтеріліп қалды.


Сөйтіп, интернетсіз де өмір сүруге болады екен. Тіпті өмір қызықтырақ па деп қалдым. Кішкентайым «Бір баланың» әуенін айнытпай келтіретін жағдайға жетті. Ал кеше бір көрші келіншек: «Сіздің үйден ән естіліп тұрады, әдемі айтады екенсіз» дейді)) Кішкентай екеуміз қосылып айтқан «Бір бала» ұнап қалған ау, сірә)))
Бірақ, жұмыс тұрып қалды, әттең… Керектегі бәйгеге де көңіл бөле алмай қалдым. Енді бәрін жылдамдатып бітіру керек))))
Бөлісу:

27 пікір

araika
Ұлыңыз сүйкімді екен
Интернетсіз өмірім тоқтап қалатын сияқты.
интернетсіз де өмір сүруге болады екен
дегеннен гөрі, көндігуге болады деген дұрысырақ.
dark_nazgul
иә, шынымен. осы бір аптаның ішінде қолымды бір сілтеп, терминалға барып, ваймаксты толей салғым келіп қанша рет оқталдым.
AKA
Ғаламторға қайта қосылуыңызбен! Бәйгенің қорытындысын күтеміз. Біраз нәрсе бітіріпсіз, анау тортты әдемі етіп жасапты, ерекше.  Ұлыңыз әйбат, биді де қатырады екен, иықты жұлып.
Nurgisa
Eki bala, bir kiz da aman blsin, Bir bala da aman bolsn, Nazgul. Otagasymen kiz-uldaryna ulgili ake-sheshe bolu bakyty buirsyn.
Tungyshtaryn keleshekte talai kyzdyn juregine shok salar kelisti bala eken, til-kozim taska. Osyndagy kyzdarga onegendi ayama, boliserin az emes dep bilem.
dark_nazgul
Айтқаның келсін, құда бала)))
VKM
Қаражорғаны супер билейді екен))Тәп-тәтті өзі
Erlan
қуанышыңыз ұзақ болғай!
meirzhan
Әліппені тілгілеп, жеп қойғанын балалар ұқпай қалған шығар)))
Gulzhanat
Мен үшін бұл мейрамның ешқандай саяси да, ұлттық та астары жоқ. Қазақтыкі емес, тойламау керек, Наурызда жаңа жыл дейтіндерге жауабым: «жаңа жылды да қарсы аламын, Наурызда да көже пісіремін».
omarbirat
Жақсы пост
Вайфай роутерға компьютерімді қосып, қарық болып отырған түрім бар
Менің де қарық болғым келіп жүр
мына жарықтық ұшып тұр ғой
Билайн шынымен қуандырып жүр. Мегалайн қостырмағаныма өкінбей кететін шығармын, сірә.
seyh
Әліппені тілгілеп тілгілеп жеп қойғанын әліппені тауыстық дегенге меңзеп жасаған болар Жақсы идея ))
Aikona
Постыңыз қатты ұнап отыр, жж ды типа қабылдамайтындарға қатты соқтығыс болатын болды. Ұлыңыз сүйкімді екен, дегенмен пысықсыз екі баламен күйеумен интернетте отырып пост жазуға уақыт тауып жүрген
dark_nazgul
кхм… сәл басқашарақ. үш баламен, күйеусіз)))
VKM
3 бала
тағы да осындай репортаждар жазып тұрыңызшы! Пряяям ұнайды!
Басқа балдарыңыз туралы да? Мысалы: елкадан. Ок?
Сосын, тағы 1 өтініш: жанұялық сурет болса, студиямызға дегендей
direct
Тіпті өмір қызықтырақ па деп қалдым
Иә, шынымен өмір қызық — егер өмір сүрсең әрине))) Ал айналаңда осы «керек»тегі бобурлардай пікірлесетін муғжиза жандар болса — тіптен аджойып)))
asaubota
Билайнмен вордпресс.комдағы блогтар да ашылып тұрған шығар?
omarbirat
Қазір ашылмайтын болып қалған.
dark_nazgul
әлі ашып көрмеппін
madlen
Сенсең де, сенбесең де, бүгін таңертең неге Директ керекке кірмей кетті деп ойлап қойған едім
Жаңа жыл тек жақсылық алып келсін!
direct
Хе))
Халық кіргізбейдіғой керекке, халық))
Тапсырыстарымен «көміп» тастайды, содан жүрем барлығын жасап клиентке тапсырғанша анау мынау тіршілкке қолым тимей))
Сизга хам янги йил фақат яхшиликлар олиб келсин!!!)))
VKM
Профессионал биші ретінде: ең жақсы в такт билеп тұрған да сіздің ұлыңыз,қыздардан қызыл көйлек киген қыз.Музыкалық слухы бар екен
VKM
Тек 1 ескерту: билегенде эмоция болуы керек, артистік ойын.Кішкене ғой образға кіруге, жәй, күліп билеу керек, соны үйретіңіз.
direct
Балаларға арнап би туралы бір пост жазсаңыз жақсы болар еді, деген ойда отырмын)
VKM
ок.Басында бал билері туралы жазғанмын
dark_nazgul
ой, би жағына шорқақпын. өзім бір кездері ритмикадан құлап, музыка мектебіне түсе алмай қалғам. жалпы, артистизм жоқ менде.
мынау мектептегі би мұғалімінің үйреткені ғой. және өзі залдың ортасында нұсқау беріп тұрды. балалар соған қараймын деп-ақ жаңылып қалып жатты.)))))
VKM
Балашка тактпен билеп тұр, музыканы тыңдап… ал,әнееееу соңғы қатардағы 1-ші тұрған бала жақсы билейді, тек музыканы тыңдауды қойды бидің ортасынан))))Табиғи нәрсе ол-музыканы тыңдай білу!
Артистизм да өсе келе болады. Біз 5-6 сыныпта оқып жүргенде, румба биледік, сонда тренер «страсть» көрсетіңдер дейтін. Біз түк түсінбейміз… білмейтін нәрсені қалай көрсетесің? Паша деген партнерым болған, ол ваще күлу дегенді білмейтін, бір қатып қалған…
Кейін 8-9 сыныптарда өзімізше образда билеп жүрдік.
Кішкене кезде, тек көрермендерге қарап, күліп билесе, біреу көзін қысады дегендей, ол одан арман көңілдірек билейді…