Р мен У
Бағана жұмыстас келіншек екеуміз бір автобустан түстік. Таң әлдеқашан атса да ай әлі көрініп тұр екен. Айға қарап бата жасап бетін сипап жатыр әлгі келіншек. Иә, ай жіңішке ғана, бір қарасаң жаңа туған ай секілді. Бірақ, логикаға салсақ айдың аяғында ай туушы ма еді. Дегенмен күнтізбесіз-ақ айдың өзіне қарап айдың туған-тумағанын анықтауға болады.
Мысалы, мына суреттегі ай жаңа туылған ай. Айдың үшкір екі ұшына бір ұзын таяқшаны қойып елестетіңіз.Егер, «Р» әріпіне ұқсаса жаңа туған ай «Растущая», егер «У» әріпіне ұқсаса «Убывающая» ескі ай болғаны.
Суретке төте сілтеме
Мысалы, мына суреттегі ай жаңа туылған ай. Айдың үшкір екі ұшына бір ұзын таяқшаны қойып елестетіңіз.Егер, «Р» әріпіне ұқсаса жаңа туған ай «Растущая», егер «У» әріпіне ұқсаса «Убывающая» ескі ай болғаны.
Суретке төте сілтеме
Осыдан біраз бұрын, әкем дүние салып, белгі ағашын жазып отырып, айды қай жағына қаратып салуды сұрағам. Сонда маған -таусылған ай саласың- деген, таусылған айдың қай жаққа қарайтынын білсем жақсы ғой, -ол қай жаққа қарайды- дедім тағы.
-Арабша жазылған сөйлемді жақшаға алсаң, сол жақшаларды ай деп елестет. Сөйлем басындағысы туған ай, соңындағысы таусылған ай.
) туған ай болады да
( таусылғаны болады
Айға қарап шаш алатындар да бар. Негізі, айдың әсері көп дейді, тек жер бетіндегі суға емес, адам ағзасына да. Ол жағына үңілмедім…
Ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа.