Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, – депті.
— Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, – дейді түлкі.
— Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан.
— Нанбасаң, – дейді сонда түлкі, – екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің.
— Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін:
«Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты.

Ел аузынан.
Бөлісу:

18 пікір

Sabions
бұл ертектің не КЕРЕГі бар? 2-ің 1,5-сі біледі ғо бұны
Aya
Маған ұнады. Маған керек. Бұл посттың да өз оқырмандары бар.
Ottegin
Aңдардың патшасы кім екенін білмедім, ал малдардың патшасын шырмытып отырмын
Gastarbaiter
Саби, блин камоон аще, жануарлар туралы аңыздарды жақсы көрем. Ертеде, қой құйрығы келтеде, Келін филмі түсірілмей тұрғанда, орманда бәрін зорлайтын есек пайда бопты.
Бір күні мұны естіген Айдаһар орманға елші жіберіпті, оқиғаға жарық түсірсін деп. Елші Айдаһардың үрейіне негіз барын, ол тіпті білгішсіген қасқырды, айлалы түлкіні, айбатты арыстанды, ашулы аюды да ебін тауып басжверген көрінетінін айтып келеді. Айдаһар қаһарланып, орманды бір демімен жануарларымен қоса өртейді, аңдар жан жаққа бытырай жөнеледі. Қараса, жалғыз ағаш күл ортасында дірілдеп тұр екен.
Есек, сен бе?
-Менмін, Алдияр, неткен сұсты едіңіз!
— Әәәә, қорқайын дедің ба?
— Сұрамаңыз, Алдияр, құбыжық екенсіз. Амалым жоқ, түріңізге газет жауып, басам енді… депТ.
User
Саби, блин камоон аще, жануарлар туралы аңыздарды жақсы көрем. Ертеде, қой құйрығы келтеде, Келін филмі түсірілмей тұрғанда, орманда бәрін зорлайтын есек пайда бопты.

Мұрыннан боқ ақты))))))
satibaldi
Кастрюльдеп кетті бұттан, енесс-ай епті
satibaldi
Тағы да кетті шелектеп таң атпай жатып, лібәдтің
asaubota
бояннн нақ. бірақ, сен күшті айтасың
Abilakim
Тап-таза шалбарымды былғадым-ау)))
satibaldi
Бауырым, мұндай әфсаналарды сүюшіден болсаң — мынабір жақұтты да оқып көргейсің.
serjan
Біз оқығанда бастауыштың ана тілі оқулығында бар болатын осы.
satibaldi
asaubota
кешірім өтінемін, бірақ диалог жазғанда бірінші айтылатыны үстінде жазылады. сол жері шамалы непонятка болып қалған.