Бір ауыз сөз, бір жер, бір себеп пен бес тағдыр
1930 жылдар. Коллективизация, жаппай колхоздандыру. Алдында ғана жеке меншікке рұқсат бергендей Совет Үкіметі (Новая Экономическая Политика), енді халыққа шұлығымды жеген екенсіңдер деп, малын тартып алуда. Сол күндердің бірінде Кәрібай амиго вокзалдың ауласында жігіттермен арақ ішіп отырады. Жалпы, сондай өздігінен бір жартылықты жұқалайтын жер боп кеткен екен вокзал маңы. Аздан соң көршілер саясат айтып, даурыға бастайды. «Не десек те, болашағымыз — Сталин жолдаспен бірге!» дейді бір шала белсенді мұрттыбайымайд. Сосын Кәрібай амигоның тобына қарап: «Дұрыс емес пе айтып тұрғаным?» дейді. Михей атайдың шарабы дендеп үлгірген Кәрібай сонда әлгіге: «Сталин бұтағымды жемесінші» дейді. Жарықтық амиго осы сөзі үшін 15 жыл тайгада тал құлатып қайтады.
1960 жылдар. Халық көңілді: кеше ғана балтамен шауып жасаған темір қораппен совет халқы космосты айдавалд! Вокзалда қарақұрым халық. Сейіт амиго түнгі ауысымнан шығып, вокзал мейманхансында жүзграммдатып отырады. Сол кезде радио саңқ етіп, Хрущевтен үзінді айтылады:«А к 1980 году — мы закончим строить коммунизм!». Масаң Сейіт орнынан тұрып, радиоға барып:
— Шешесс, тігед екен нақ Хрущевың. Хрущев бұтағымды жеп айта беред — дейді. Сол-ақ екен, залдан KILYZAMAN тектес біреу сытылып шығып кетіп, аздан соң екі мент келеді. Сөйтіп, Сейіт амиго да Қиыр Шығыста Байкал-Амұр магистралінің бас жағын салуға еріксіз аттанып кете барады.
1980 жылдар. Мәскеу Хулимпиадасының қарсаңы. Вокзалда жұрт теңселіп жүр: шәй, май, сүт дегендерді тек пойыздан алуға болад; дүкенде консервіден басқа бұтақ та жоқ. Құттымұрат амиго да басы қаңғырып жүр, әнасс: түнімен құдалармен сілтеп, енді олардың да, өзінің де басын жазуға арақ таба алмай жүр. Өзі онсыз да басы сынып, жағдайы болмай тұрған адамға жергілікті партком белсендісі һәм шынымен бақытты біреу келіп:
-Айтыңызшы жолдас, Брежневтің арқасында Хулимпиаданы көріп жатырмыз, әлемнің барлық елдерінен спортсмендер келіп жатыр, бақыт бәлкім осы шығар? — дейді.
-Солай да шығар, — дейді Құттымұрат амиго лоқсығын әрең жасырып, — бірақ тап қазір екі жарты таба алмасам, Брежнев-срежневің мен үшін бұтағымды жеген адам болып қала бермек, тігейіндер.
Сол-ақ екен, тобыр арасынан ғайыптан әлгі қылизамантектес кісі екі халық жасағының өкілімен шыға келіп, Құттымұрат амиго антисоветтік насихатшы деген айыппен Байкал-Амұр теміржолының қалғанын салуға жіберіледі.
1985 жылдар. Жүрегі табанына кетіп бара жатқанын сезген Нәмен амиго, өліп қалмай тұрғанда бір амал қылайын деп, арақ дүкеннің есігін тарсылдатып қағып тұрады. Қайдан шыққаны белгісіз: үш мент пен жергілікті агитпункттің координаторы шыға келіп:
— Жұмыс қайда? Андропов жолдастың саяси бағытымен таныс емес сияқтысыз, совет жұмысшысына жараспайтын қылық! — дейді.
Есі шығып тұрған Нәмен амиго дүкен есігін ұруды тоқтатпастан:
— Мүмкін киіп шыққан дамбалым да жараспайтын шығар, әнасстың? Андроптарың ол туралы ештеңе демеп пе, ептібайымайдтар? — дейді. Өкімет Нәменнің бұл сөзінің қайымын 8 жылмен қайтарып, Нәмен амиго басы жазылмастан Кузбассқа көмір қазуға жер аударылады.
1988 жыл. «Мынау таз басыңа тышайынның Горбачевің таза қуады екен ғой өзі, әнасс? Барлық проблема түгесілгендей, араққа тиіскені несі?» дейді саяси-экономикалық тұрғыдан аздап сауатсыздау машинист Қапар, нанның кезегінде тұрып. Сол-ақ екен: «О, шешесін ондай басшының!», "Әкесінің бұтағын қос қолдап жұлып, қолына ұстатып қоятын адам ғой Горбачың!" деп, өшіреттегі тобыр бір жасап қалады. Олардың ойын аздан соң дүкенші де жақтайды, цех бастығы да ымдап, жүрегі осы халықпен бірге екенін меңзейді. Сол күні машинист Қапар аман-есен үйіне қайтады. Кедей болса да, мұратына жетіп, балалы-шағалы дүниеден өтіпті деседі ел артындағы аңыз.

Сатыпалды ағашканы сағынып кеттім.Қайда екен?