Қастан шыққан төбелес...

Бекен бір күн істеп екі күн демалатын күзет жұмысында. Келіншегі екі баламен үйде отырады. Екі бөлмелі үйдегі екі күні теледидардың пультін айналдырумен өтеді көбіне. Шәй үстінде «Хит-Тв»-дан клиптер көріп отырған.
-Алмас Кішкенбаев қасын қырып тастаған екен ғой,-деді әйелі.
-Баяғыдан солай емес пе?
-Түуу, мен білемін ғой.Алдында бір концертте шыққанда қасы қырылмаған еді.
-«Суперстардан» жеңіп шыққалы қырулы осының қасы…
-Басында қасы бұндай еместін, кейін қырды
-Алдында қырған…
-Биыл, жақында ғана қырған дейм…
-Бұрыннан қырылған дейм, тбаймайттың қатыны!-Бекен шәй ішіп отырған кесесін қатынына қарай жіберіп қалды…
Бөлісу:

11 пікір

izbasar
Өткенде Әбілакім сенің бір әріптесіңмен осы жайында сөйлесіп едім. қазір мойындатайын дедің ау. Әттең деп бармақ тістейінбе?
Ministry
Қыртылдаудан шарамайсың осы, Бләкім!
araika
Қазір күлуге болатын шығар, алайда өмірде көрсем олай болмайтынына бек сенімдімін.
Abilakim
Лібә, бар осындай ауылдастарым.Кейін екеуі күліп айтып отырады қонақтарда
sammita
"Құтырғанов жеңеді!"
"Өрме дедім саған"
«Бітті ажырасамыз»
Gastarbaiter
Персонаждарың балаларын оқуға жіберіп, өздері пенсияда ерігіп отырған ерлі зайыптыларға ұқсайд. Қырылад да жүред))
Zhan
Әбіләкімнің ауылында ендігі кезекте кім кіммен ұрысып қалғанын күте берейік. Репортажын аман болса өзі-ақ жасай береді.