Саяхат

Қанатын кеңге жайған Керекті керек ететін сәт туды ағайын. Қолымызды бір сермеп, күйбеңдеп күн өткізгенше Алтай мен Атыраудың Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұланғайыр алқапты аралауға атымызды қомдап жолға шықпақ ойымыз бар. Маршрут сызып әлекпін керекші қауым! Білмеген жердің ой-шұңқыры көп дегендей, уақыттың тығыздығын ескере отырып, жазда алатын демалыстың шектеулі күндерін қызықты өткізуге бел буған, арқаның басынан қиял теуіп кеткен апталдай бес азаматына қол ұшын созып көмектессеңіздер екен деген тілек. Жоспарсыз болмайтын дүние болғасын жарты жыл бұрын дайындыққа кірістік.
Көмек материалдық жағынан емес, ол жағынан қам жемеңіздер. Аймағын бес саусағындай білетін (білмесе де болады) азаматтардың ақысыз ауызша көмегі керек.
Қазақстанның әр өңірінен қолданушылар бар деген жарқын үмітпен, әр аймақтың ерекше жерлерін түртіп және фотоларын іліп отырсаңыздар біраз көмек болар еді.

Алғашқы сызған маршрутым Павлодар облысынан бастау алып отыр. Ыңғайлы болғандықтан
(мынау әлі толық біткен жоқ)
Бұл саяхат қала аралау емес, дала аралау.

Бастапқы жоспар бойынша маршрут былай болмақ:

1. Павлодар облысы
2. Шығыс Қазақстан облысы
3. Алматы облысы (Талдықорғаннан бастап)
4. Жамбыл облысы
5. Оңтүстік Қазақстан облысы
6. Қызылорда облысы
7. Маңғыстау облысы
8. Атырау облысы
9. Ақтөбе облысы
10. Батыс Қазақстан облысы
11. Қостанай облысы
12. Солтүстік Қазақстан облысы
13. Ақмола облысы

БІР ӨТІНІШ:

білетін жерлерді гугл картадан тауып

КООРДИНАТТАРЫН

жіберсеңдер кішкене жеңілірек болар еді

Бөлісу:

281 пікір

a63a1
1. Мерседес спринтер (дизель) — ой пікірлеріңіз.
2. 500 мың жеткіліктіме? (жалпы қаржы жағы)
3. Тікелей трансляция жасау туралы мағлұмат керек
saken
1. Жақсы көлік. Бірақ сендегісінің жағдайы қандай екеніне байланысты. Қосалқы бөлшектерін табу қиын.
2. Қанша адамға? 1 адамға жеткілікті сияқты. 2 адамға (және одан жоғарыға) аздық етуі мүмкін, қазақтың бүкіл даласын аралап шығамын деген ойың болса.
3. Кселлдің де, Билайнның да модемін алып алғаның жөн. Қайсысы жақсы істеп тұрса, сол арқылы интернетке шығасың.
a63a1
5 адамға, ақша жағын тек жанармай мен тамаққа және қажет болса машина сайманына ғана кетеді,қала аралап қонақүйге жатпаймыз, далада түнеп тамақты да қолдан пісіреміз деп отырмыз
balzaminka
Қызылордаға Түркістан жақтан кірер болсаңдар Қаратауға соғуға кеңес беремін. Көптеген тарихи орындар табуға болады, әрі аңыздар.
a63a1
нақтырақ жазсаң, елді-мекен атауын, гугл картадағы координаттарын берсең тіпті жақсы болар еді
balzaminka
Жаңақорған ауданы, Бірлік (совхоз болатын, қаз білмейм) елді мекені. Сонда "Қатын қамал", «Балуан өлген» деген жерлер бар. Май айында қызғалдақтар қаптап кетеді, жазда суға түсетін салқын өзені де бар. Толығырақ Мәншүк жазатын шығар ) Шиелі жақтағы Қаратауда қақпа бар ғо дим, нақты есімде жоқ.

Айтпақшы, Қармақшыдағы Қорқыттың басына баруға болады. Ол жердегі мұражай жұмыс істеп тұрған болар. Егер осындай жерлер қызықты болса, қуаныштыммын ))
a63a1
Рахмет түртіп қойдым)
balzaminka
Ақтаудың тас аралына барасыңдар ма?
a63a1
Бірінші ел не дейді екен соны күтейік, уақытқа ықшамдап алу керек
balzaminka
мен барар едім, не дегенмен ерекше жер ғо, қайталанбас

Көлсайды айтуды ұмытып кетіппін ғо, керемет жер
araika
Қармақшыдағы Қорқыт
Барып, қобыздың үнін естіп қайт!
Бірақ, шамамен жазға қалайын деп тұрсыңдар ғой, Қызылордаға ертерек қамдану керек
a63a1
Қобыздың үні қыста ғана естілеме?
araika
Жоқ, келген адамға байланысты
Мен негізі күнге қақталып кетудің алдын алу шараларынан хабардар етпек болғам…
a63a1
ааее ол жағы уайым емес
a63a1
нақты қай жерде орналасқан қобыздың үні естілетін жер? координаттары барма?
araika
Қиып, сала алмадым

Мына кісінікіндей пост күтеміз. Қарап шықсаңыз, ішінде Қорқыт туралы да жазылған. Және Асарлар, бұл енді археологтар үшінСілтемесі осында
a63a1
рахмет керемет жер екен
saken
Жосалы кенті мен Төре-Там кенті аралығында орналасқан. Тура автотрассаның бойында орналасқан. Қазіргі уақытта қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстары жүріп жатыр дегенді естігенмін. Сен барғанша дайын болуы керек.
a63a1
Рахмет, Барлық жерлерді жазып болашақ маршрутты жасауға көмек болып жатырғой
a63a1
ара қашықтығы 76 км, примерно қай км да Жосалыдан бастағанда?
a63a1
Жосалы-Торе там — 76 км
saken
Жосалыдан жиырма шақты шақырым. Теміржолды жағалап отырып қарасаң Қорқыт бекетін көресің. Соның қасы.

пЫсЫ: интернетім нашар қазір. Әйтпесе суретін ілер едім.
a63a1
Көре жатармыз бәрін реттеп алайын, маршрут сызып жатырмынғой әлі
a63a1
Корқытты таптым 45.624325,63.912061
abdi111
aldinda jabik tyrgan Korkit beketi
a63a1
міне Қорқыт бекеті)
saken
Төретамнан өтіп Қазалыға жақындағанда Алтай деген бекетті көресің. Содан сол жағыңдағы теміржолдың ар жағында (шамамен 2 шақырым жерде) ауыл көрінеді.
Сол менің туған ауылым!!!
a63a1
үстіндегі сурет Қорқыт бекеті, ал жаңағы Қобыз үні естілетін жер қай жағында?
araika
Сол бекеттен алыс емес шығар, табасың, қорықпа
Саған жазғанда автоматты түрде «сіз»-бен кетеді, сол үшін қайта түзетіп отырғаным.

Қорқытты рекомендеп жатырмын, бірақ өзім болмағанмын
boztorgai
май айында қызғалдақтар қаптап

қаратаудың осы етегінде 15 метрлік сарқырама бар көрінеді
жігіттер архар қуалап жүріп үстінен шыққан
құдай қаласа, алдағы көктемге жоспарға енгізіп отырмыз
balzaminka
43.882800, 67.415972 — Бірліктің координаты
manshukn
Қатынқамал Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылынан 20 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан. Елдің арасына аңыз болып тараған мынадай әңгіме бар. Қаратаудың ұшар басындағы осы үңгірге жоңғар шапқыншылығы тұсында қырық қыз-келіншек пен балалар паналаған екен. Олар соғыс аяқталғанша сонда өмір сүрген. Ас-ауқатты ер-азаматтар түнге қарай жеткізіп тұрған. Үңгір сол себепті Қатынқамал аталып кеткен.
Мен бұл үңгірге барып көрмегем. Ағаларым Шалқия жақпен Үсенбау тауына алып баратын, сонда Қатынқамалға содан жоғары көтерілуге болатын дейтін. Сіздерге Бірлік ауылымен барған ыңғайлы, Бірлік ауылы Түркістаннан бері қарай келсеңіз жақын. Таудың арасымен адасып кетулеріңіз мүмкін және үңгірге бару үшін сол ауылдан білетін бір адамды ертіп алмасаңыздар ол үңгірді табу қиын.
Ал, Жаңақорған ауданының өзінде санаторий бар, егер барам десеңіздер. Ол жердің балшығы емге жақсы.
Түркістаннан шыққаннан кейін Шымкент-Самара тас жолымен келе жатқанда жол бойынла Сауран қаласына соғып кетуге болады. Машинамен өтіп бара жатқанда көрініп тұрады.
Толығырақ мына жерден қарауға болады. seasontravel.kz/ru/about-region/sauran.html
balzaminka
Мәншүк, мен естіген версияда жоңғарлар бәрін қырып кеткен дейтін еді, сенікі тың болып отыр мен үшін, рахмет
salta
қазақтың әрбір төбесінің өз тарихы бар, Абзал. егер аралаймын десең мен де қосылар едім… арманым қазақ елінің түкпір-түкпірін аралап, тарихымен сусындау…
a63a1
біз 5 жігіт қана шығайын деп жатырмыз, ал келешекте ұнап жатса бірге шығу жағын ойласытруға болар)))
saken
жарайсың Абзал!!! Сапарларың сәтті болсын.
менің де арманымда бар осылай қазақтың кең даласын аралап қайту.

Қызылорда облысында қазір жол жөнделіп жатыр (Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолы жобасы бойынша). Жазға дейін біраз реттеліп қалатын шығар.
abdi111
ai kaidam azir bitpeitin sekildiol jol
a63a1
рахмет, әлі жазға дейін уақыт бар. Дайындық жүріп жатыр
izbasar
Павлодардан бастасаңдар Баянауылдан бастауға сәбет берем. Табиғат керемет. Академиктер мекені
abdi111
bizdin jakkada sogip ketesingo
a63a1
Әлбетте, анадағы жерлерді білемісің?
VKM
Шығысқа келген кісі, мына жерлерді көру керек деп есептеймін! Абай мен Әуэзов мұражайы,«Еңлік-Кебектің»ескерткіші, Катон(Белуха), Бұқтарма, Ертіс пен Ульбаның кездескен жері тсс…
Күшті бастама екен!
satibaldi
Шығысқа келген кісі
«О, Катманду, саған да жеттім-ау! Әй рикша, мені Абай мен Әуезов мұрадайына апар...»
balzaminka
барам бір күні шығысқа
satibaldi
Үндістан аз болды ма?
balzaminka
ага, аздық етіп, аж сыймай жүрмін
VKM
 Қалам бір күні Шығыста деу керексің)))
a63a1
координаттарын жіберш картадағы
Adiletshu
Шу ауданында Баласағұн қаласының орны бар. Түрік, Батыс Түрік қағанаттары, Қарахан мемлекеттерінің астанасы. Қазба жұмыстары жүріп жатыр
a63a1
Нақты қай жерде? 43.597347,73.758148 мынау координаттарын жіберш, картадан тауып
Adiletshu
Осы сияқты. Гуглдың координиттары жоқ қой. Қайдан қараса болады
a63a1
мында кірде, жаңағы қалашықты тауып алып үстіне, масштабты үлкейтіп кішірейтетін жердегі, сары адамды мышкамен сүйреп апарып қоясың, сосын мышканың оң жақ батырмасын басып «что тут находиться?» дегенді бассаң координаттары шығады
a63a1
мысалға міне Алғаның координаттары 43.619487,73.71774. енді осыны гугл арқылы іздесең картадан алғаны тауып беред
a63a1
гугл картаны ашып іздесең
Adiletshu
43.22649,74.043195
a63a1
Ақсу ауылының жанындағы мына жжерме?
Adiletshu
Ал сол жерді суретке қалай түсіріп алса болады
a63a1
Суретсіз жібере бер, қарап алуға боладығой картадан. Ал былай PrintScreen немес ножница арқылы кесіп салуға боладл
a63a1
не болды таптыңба? жазсаңшы
satibaldi
Байтақ көліне келіп жатсаңдар, тездетіп кетіп қалыңдар.
a63a1
Marco
Жазда болдым Малайдар мен Тайпақкөлдің жағасында. Су жақсы келген. Балық та, құс та бар. Бірақ, Байтаққа жете алмадым.
a63a1
Қай маңайда болды сонымен?
Marco
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы көлдер. Қазір, гуглмаптан сұрап көрейін, тауып алсам жазармын
Marco
48.366286,61.834145 — мынау Қожакөл деген жер. Жалпы аты осы, бірақ бұл жерде ірісі-ұсағы бар көлдер жетерлік. Басында жатып, сұңқылдаған аққу, қаңқылдаған қаздың үніне қарық болуға болады. Балық та жеткілікті. Бұл жер Ырғыз-Торғай резерватының қарауында. Бірінші көзге түсетіні Қожакөл, ол жаздың ортасына жетпей суы тартылып қалатын сор. Оны көріп, шошып кейін бұрылып кетпесең болғаны. Бірақ, негізгі жол тораптарынан жырақ. Дегенмен, құм аралап жүріп, Арал жақтан бір шығуға болады. Оның үстіне жолда 48.244111,62.052498 — мына бір жерде Ырғыз бен Торғай тоғысады
a63a1
координаттарын бергенің өте ыңғайлы болы тез тауып алдым рахмет, асытында Сатыбалдының айтқан құрдым деген жірін примерно дәл тауыппынғой))) асытнда суретін ілген едім
a63a1
Бір өтініш, білетін жерлерді гугл картадан тауып координаттарын жіберсеңдеп кішкене жеңілірек болар еді
KILYZAMAN
Бұл саяхат қала аралау емес, дала аралау.
— Керемет… Кереметтің дәл өзі!!!
a63a1
солайғой ағасы, қалалық емес едім далалықпын, балалықтың бал дәмін далада ұқтым.
salta
қызылорда жақта "Қырық қыз қамалы" бар, "қыз емшек" тауы мен "қыз жасауы" деген төбе бар. "қыз жасауының" тарихы да керемет. бір байдың қызы тұрмысқа шығатын болыпты. содан ата-анасы қыздың жасауының бәрін алтыннан жасатыпты. тек итаяғын ғана күмістен жасатқан. сол итаяқтың күмістігіне ашуланған қыз, әкесінің алдына әлгі итаяқты лақтырыпты. әкесі қатты ренжіп, тас болғыр дегенде, қыздың жасауы артылған керуен сол бойы тасқа айналған деседі.
balzaminka
Қызылорданың қай жағында?
Altygradus
"қыз жасауының" тарихы да керемет.
Қызылорда жақта емес, Кентауға жақын болу керек, Келіншектау деген атаулы жер, именно қай жерінде екенін білмим бірақ
Daniar-Alan
біздің ауыл жақ қой. Келіншектау. ОҚО Созақ ауданы. Абай ауылы. біздің ауыл сәл арырақ Сызған деген жер. Одан ары Ақсүмбе бар. Созақ қаласы бар. Құмкент. барлығы да 6-7 ғғ. қалалар. баба түкті шашты әзіз жатыр құмкентте.
Daniar-Alan
алыстан қарасаң сәукелелі қырық қызды елестетеді… жанына барсаң адам шыға алмас жар, қия
Zilola
"қыз жасауының" тарихы да керемет. бір байдың қызы тұрмысқа шығатын болыпты. содан ата-анасы қыздың жасауының бәрін алтыннан жасатыпты. тек итаяғын ғана күмістен жасатқан. сол итаяқтың күмістігіне ашуланған қыз, әкесінің алдына әлгі итаяқты лақтырыпты. әкесі қатты ренжіп, тас болғыр дегенде, қыздың жасауы артылған керуен сол бойы тасқа айналған деседі.
Біздің Теріскейдегі аңызға ұқсайды екен
araika
"қыз емшек"
-тің тарихын оқығанмын, бірақ Қызылордада емес сияқты.
Zilola
ол да біздің Созақта нақ уранның отанында тұрған төбе, Уощым Абзал біздің Шымкентке кел, көретін жер де көп, әлі сыры ашылмаған тарихы да көп.
Daniar-Alan
қыз емшек те созақта. бетпақдаламен шектесер тұста. аңызы бар. қызық болса айтып берейн.
a63a1
қызық
Daniar-Alan
в обшым, бай болад, кызы болад баласы болад. баласы дангаза нәәшәәәәәәр адам болады да қызы керісінше әдемі, ақылды болады. сол елде бір ақын жігіт болады да байдың қызына ғашық болады. в общем сындырад. ақын кедей. не истемек керек? әрине қашу. сомен бетпақты бетке алып, "қайдасың астана" деп тартып бара жатқанда ) артынан бай баласы нөкерлерімен қуып жетіп қыздың төсін кесіп алып лақтырып тастайды ит жесін деп. ит жемид орнына тау өсіп шығады (алыстан қарасаң айнымайд). ал ақынның жыныс мүшесін кесіп алып оны да лақтырад. ол да тау болып өсіп шығып кейінірек "Қотантау" деп аталады (алыстан қарасаң шынында да ұқсайды). бұл 1-версия. 2-версиясында жаугершілік заманда жау келіп сол қыздың төсін кесіп алып лақтырады. содан тау өсіп шығады. солай.
araika
Мынаны жазбас бұрын «жүрегі нәшәрларға оқуға тыйым салынады» деген ескертпені басына іліп кетерсің деп айтуға кеш қалғанымды-ай. Еміс-еміс есімде екі версияның қоспасы.
Gastarbaiter
Мынаны жазбас бұрын «жүрегі нәшәрларға оқуға тыйым салынады» деген ескертпені басына іліп кетерсің деп айтуға кеш қалғанымды-ай

Осы бір сәтте біз Смаковтың еш қиналмастан допты айып алаңына іліп ала жөнеле…
Daniar-Alan
инеттегі жазба: В Талды-Корганской области в национальном парке Алтын Эмиель тоже есть гора Кыз Эмшек. Я думала Вы о ней говорили. Но та гора больше похожа на образ женской груди. Там много белой глины и мало трав.
Delhi
Бұндай тау БҚО, Шыңғырлауда бар.
satibaldi
Байғанин ауданы, Жарқамыстың о жақ, бұ жағы.
Ойлы-қырлы далада кенет төпт-төртбұрыш, теп-тегіс, үстіне ештеңе өспеген он бес шықырымдық тақыр жер кездеседі. Көзбен көргенде жағаңды ұстайсын. Әдейі біреу катокпен тегістеп істеп қойған сияқты.
a63a1
Рахмет. неғой әлгі Алға деген тас атып қарсы алатын ауыл сол ауданға жатпайма?
a63a1
кешірім өтінем Жымпита
a63a1
өткен камаздарды таспен жымпитып кетед дит ұзын құлақтылар
satibaldi
Ырғыз жақтағы Құрдым деген жерге баруға болады. Нұра өзені ізім-қайым жоқ боав кететін болғасын, солай, Құрдым деп аталған.
Дос-жарандармен бақұлдасып шыққан жөн.
a63a1
шамамен мына жерде болдығой
Adiletshu
Қалай түсірдің
a63a1
қайшымен қиып алдым да сала салдым
satibaldi
Арал ауданының далалығымен жүргенде маса.кз, тойыс абай болуы керек. Тұп-тура жол кенет құлама жардың — бұрынғы теңіздің орнына әкеледі, оның үстіне ешқандай белгі қойылмаған. Аид амигоға сәлем-сауқатсыз кіріп бару қаупі бар.
a63a1
Білесіңғой, сен білмейтін бит астында, координаттарын жіберш, зайып алып кетті іздей-іздей.
satibaldi
Картадан қалай табам нақ, ал — Алақозы деген жер, шамамен Тоғыс стансасының о жақ, бұ жағында. Лібә, бұ қаззақ отырған жерінің барлығына ат қойып кете бермей ме, картадан таба алмадым.
a63a1
мына су қойманың маңайыма? Шымкент асып кеттіғой
balzaminka
Арал табаны Шымкентке қатысты емес еді ғо
satibaldi
Шымкент асып кеттіғой
Мынадай навигациялық қабілетіңізбен, Павлодар қаласынан адаспай шығуыңыз да мұң болатын сияқты…
a63a1
Тоғыс деген Шымкент жақтағана бар Аралдың маңайын 1 сағат бойы қарап таппадым амиго
satibaldi
Тоғыз, зайып ал — Тоғыз.
a63a1
Тоғыс стансасының о жақ, бұ жағында
Уақытымды қайтар енді
abdi111
aral jaktan izdep jatsinba Togiz degendi
a63a1
46.882723,61.218109 мына Арал ауданының маңайынан іздеп жатырм, Сатыбалды білед не екенін, станция деді
abdi111
Walkarda wigar aralda ondai stansya jok
satibaldi
Сексеуіл — Тоғыз — Арал.
abdi111
Тоғыз nege sonwa isdep jatyrsizdar
a63a1
Аид патшалығы сол жерде көрінеді
abdi111
Araldin yltanindakala tapkani jaili estigen wigarsiz K dan keled esime tysire almai otirmin
a63a1
Естігем бірақ білмим
abdi111
47.086605,61.151419 Seksyildin kasinda Mergensai Jalanaw Birlestik tegen bari bir aylgo sol ayildan barsan jakin
a63a1
сонымен ТОҒЫЗ ҚАЙДА?
saken
Әбди се Тоғыздың қайда екенін білмейсің бе?
abdi111
nakti kaierde ekenin bilmi Aktobege karai wigip kormepin
abdi111
Тоғыз araldan soltystik batis jaginda Sekseyoldegen ayil bar sol jakta Walkarmen eki ortada
a63a1
Сексеуілді білем
a63a1
сексеуіл міне ғой 47.086605,61.151419
a63a1
Шижағадан бастап, Сарышығанақ арқылы Мергенсайға дейін сүзіп өттім жер жұттыма ТОҒЫЗДЫ?
satibaldi
Епті, темір жолдың бойын жағалап қарасайш, Шижаға теміржолдан алыс қой нақ.
a63a1
таптым рахмет міне екен 47.557415,60.53946
saken
Тоғыз Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының шекарасында орналасқан темір жол бекеті ғой. Темір жолды жағалай отырып қарасаң табасың. Бұрындары Ақтөбеден келе жатқанда, Тоғыздан өтсек ауылымызға жеткендей сезінуші едік
saken
жақсылап үйреніп ал. Әйтпесе адасып Қарақалпақстаннан бір шығарсың )))
satibaldi
жақсылап үйреніп ал. Әйтпесе адасып Қарақалпақстаннан бір шығарсың )))
Бұл сөзіңнің полтергейсті бар. Ар жақта үстірттен абай болу керек. Өзбек шекарашылары айуан. Шын айтам, сақ бол нақ.
abdi111
tenizben wekarada kezdese barmeidi wekarawilar
Marco
иа, қателеспесем, тоғыз стансасы бар және тоғыз ауылы да болуы керек.
abdi111
Araldin ozinde masa jok al ana syretegi kol jakta kewke wamali wigadi
abdi111
Aralga aydanina kirgende Aristan babanin belgi kilgan toktap oty kerek sosin este jyrsin kamistibas ka karai byrilip jatsan Kazangap mewiti degen belgi boladi toktap otpesen dongelegin jarilip kaladi atpen kele jatsan atini aiagi sinadi
saken
дос баламның тойына барып, Шөміштің масасына таланып қайтқанбыз бұрнағы жылы… ))
VKM
Абзал, саған ақырын шығып кету керек еді,әйтпесе мұғалімдер көбейіп кетті)))Әсіресе, бір аға
a63a1
) жоқ, ақыл айтсын, артық етпес
balzaminka
Абзал, табиғат кереметін көргің келсе, Қармақшыда бір жер бар екен. Ол жерді жергілікті халық жер кіндігі деп атайды, қырық бесінші белдікте орналасқан. Радиусы қырық бес метр болатын ол жер шаңырақтың асты секілді алаңқай жер, желді күні ол жерде жел болмайды, жаңбыр жаумайды, тынық жер екен. Түннің өзінде ол жер жарық болып тұрады дейді. Өкінішке орай, нақты орналасқан жерін білмеймін. Мүмкін, Арайка білетін шығар
a63a1
Қызығып отырмын, осы жерді тауып беру сенің мойныңда)))
araika
 Білмеймін
Ұялған тек тұрмас, іздеп келейін
satibaldi
Шымкент-Самара тас жолындағы өзін Данамын деп таныстыратын қызды алмаңдар: бітіватыр
abdi111
 Dana emes baskalai taniztirsa we?
satibaldi
Жоқ, ол сондай шыншыл жезөкше
satibaldi
Қорғалжын жаққа кіргенде түсініксіз; қай жері — қорық, қай жері адамдардыкі екені, фламингосынсстың. Қорық инспекторлары қорыққа кіріп кеттің деп тиын істеуі мүмкін, лібә, мойындамаңдар нақ.
abdi111
Barsakelmes korigina kirip ketip teisip jatsa Abdibidin bratwkasimindender
abdi111
Araldin Wimkent Tyrkistan Wardarara degen kafesine kirmender wewindindirip ketedi  kaljin aitam tamaktari katti kimbat
satibaldi
Далалық жерде уахабшы делінетіндерің қосындары (лагерлері) көп. ТВ-дегі барлығын ұстадық, қамадық дегенге сенбеңдер. Мейлінше ешкі жетектеген екеу немесе үшеуден тұратын топтардан алсы жүріңдер. Далаға түнер кезде жан жақты барлап алыңдар. Ептілер, қазірде өздерін геологпыз деп таныстыра салад, не іздеп жүрсіңдер, стансаларың қайда деп сұрақтың астына алыңдар.
Сақ болыңдар, ептібайымайдтар!!!
abdi111
minalardi okiganan kein Abzal brat saparga wikkisi kelmi kaldigoo
satibaldi
Ол өз шаруасы. Мен білгенімді айттым. Нақтың.
satibaldi
Жұрт айтқан мазарлар, үңгіерлерге барғанда сақ болыңдар. Ол жерде сендерден де басқа саяхатышлар болуы мүмкін. Қойым біліп пе, бірақ саяхатшылар өздерін жалғызбыз деп ойлайды сондай жерлерде. Сол кезде үңгірде тағы біреу жүрсе, бірі бірінен қорқып кетіп, бақырып жатады. Енесстер, жақында 7 млрд болдық, басқа да адамдар бар мынау соры қайнаған Жер-мақанда!!!
satibaldi
Кешқұрым және жалпы — үлкен қала орталығына жақын жердегі кафе-шәйханаларға тоқтамаңдар. Онда көбіне қалада біреу көріп қалар деп, елдің көзінен таса ішіп-тышып жүрген ірі шенеунік, менттердің бастығы, немесе проблема шешуге келген «ағайын» отырады. Соларға ілігіп кетулерің мүмкін.
abdi111
ya ya dyris aitadsiz sosin olkafede kitaptar boly mymkin 80 82 jili wikan
satibaldi
Үйрек-қазды көл, тоғандардың тек қана қамыс баспаған ашық жерімен қыдырыңдар. Қазірде мылтық атуға құқық жүргізуші куәлігінен бетер көп. Қайғы-аңшылар ешқашан отырған үйрек-қазға, жалпы — мылтықты көлденең атуға болмайтынын білмейді, ондай ережені тіпті естімеген де. Қалада бөтелке атқандар тура солай үйрек-қазды көздеп атып отырады. Абайлаңдарш лібә.
abdi111
Aralda Aralkym degen ayildik jerde tynde ayil jakin bolgandiktan adamdar jygirip otedi abailandar
abdi111
Maldi kop kagadi sol ayildin jolinda
abdi111
aldinda sol ayildan otip bara jatkanmiz rolde men kasimda agam bar bir kezde ylken kamaz tyr tejegiw ti basip kelem 120 menba kele jatkanmin agam aitadi ne boldi deit ane kamaz desem kamaz jok warwagandik bolar kozge korngen
satibaldi
Қауіпті мақұлықтар.

Кәдімгі әбжылан
Қаззақстанның барлық аймағын мекендейді. Улы емес. Ендеше, осы жылан шағып алып, бір дәрігерсымақтар:«ойбай, сені қалаға жеткізу керек!» деп байбалам салса — сенбеңдер: тиын істегілері келіп тұр. Егер амалсыздан ауруханаға бара қалсаңыз, сондай алдауға түсіп қалған швед, ағылшын, итальян лоқтарын көресіз. «Айым сорри!» деп, бейшаралар жасап қалады, қайтсін енді.
abdi111
Aitpakwi Barsa kelmes korigina barakalsandar nemese teniz jaktarinda jyrsender dynie jyzinde ui jaginan 2 orinda tyrgan jilan bar kobinese Barsakelmes jakta boladi
balzaminka
Қазалыда ордалы жыландар көп дегенді баяғыда көп еститін едім, Аралда да солай болар

Сатеке, бүгінгі еңбегіңіз ерен
satibaldi
Кетші-әй.
balzaminka
жауапты білесіз, тек қана өзіңізбен
saken
Қазалыдағы ордалы жылан Жанкент жеріндегі ғой. Аңыз бар ғой ол жер жайлы.
balzaminka
«Жанқожа батыр» романында айтылады осы ордалы жыландар туралы. Айтпақшы, сол Жанкент оғыздардың астанасы емес пе еді, ия?
saken
иә. Оғыздардың астанасы ғой. Жалпы біздің облыстың аумағында үш бірдей астананың орны бар ғой. Жанкент, Сығанақ, Қызылорда.
balzaminka
 не шути деш
saken
космостың астанасы тағы бар
bazuka
мақтаншақ екенсіз ғой)))
abdi111
sosin osi Sayran bar emespa janakorgan jakta
saken
туған өлкеміздің әрбір түйір құмымен мақтанамыз ғой
a63a1
Карапайымус Абжыланус
satibaldi
Кәдімгі Әйтеке би тұрғыны
Ақтөбе облысының солтүстігіне қарай кең тараған азаматтар. Тіршілік аймағы ресми түрде Хромтау-Алтынсары аралығында делінеді, бірақ көбіне Әйтеке би — Әйке аралығында шоғырланған. Көмек көрсету, демеп жіберуге бейім, жақсы жандар. Көбісі ішпейд: адам боп қалған өздерінше, нақтың.
asaubota
шыныменде өте қарапайым және ішпейтін жандар!
saken
Қызылорда облысындағы Әйтеке би кентіне (бұрынғы Жаңақазалы станциясы) соғып кетуге кеңес беремін. Ол жақта да жаман емес жандар тұрады негізі.
a63a1
Көп қызық осы Қызылорда мен Шымкент Арал маңдарында болатын тәріздіғой)Координат жазасыңба маған қиындау болып тұр елді мекендерді көзбен іздеу)
dark_nazgul
қарап отырып қызығып кеттім ғой, мен де осылай саяхатқа шыққым келед))))
Erkekyz
Уаа, Абзал, сапарларың сәтті болсын! Кемерет идея екен.
Егер Оңт. Қазақстанға келіп жатсаң, «Біркөлік»ке баруға рекомендеймін. Өзім алдыңғы жазда бардым, керемет жер.
42.1844444, 69.8838882 бірақ бұл Біркөлік шипажайының координатасы. Ощм, осы шипажайдың алдынан өтіп, арығарай таудың ішіне кірдік. Менің білетінім бары осы екен
balzaminka
Шымкенттің Леңгірі де керемет жерлердің бірі ғо. Таудан гүрілдеп аққан өзен, қызара батқан күннің тау бөктеріндегі шуағы…
Erkekyz
Біркөлік сол Леңгірде ғой.
Zhan
О, Бальзам, Ленгірді неге ғана есіме түсірдің? ))))
satibaldi
Шежіреші шал
Қаззақ даласының барлық аймақтарында кездеседі. Ең бірінші ереже: ешқашан, ешқашан шежіре-аңыз біліміңмен ол шалдан асып түсуге тырыспаңыз! Әдетте Марғұлан, Қозыбаевтардың кітаптарына еменнің үлкен бұтағын қойғандары бар. Әңгімелерінің барлығында әйтеуір соның-ақ руына барлығы қарыздар, барлығы кіріптар болып шығады. Мысалы, «е, балғалы руынансың ба, сен білесің бе, аштық кезінде балғалыны біз асырағанымызды?» деуі мүмкін. «Ата, ойбай шешесс — сенікі дұрыс, бабаларымның қарызын ертең карточкаңа аударып жіберем!» деп құтыл.
KILYZAMAN
Мүмкін, мүмкін бәрі мүмкін — сеніңде қартейер санаң сарыр күнде туар әлі мүмкін… Қариясы бар жанұяның қасиеті болатынын ұмытпалық!!!
satibaldi
Шопағымды жемеш.
KILYZAMAN
Қапағыңдағы шопағыңның несі қалды асқабақ?
Erkekyz
Сосын Шымкенттен 30-40 км-дей жерде Машат деген жер бар.
Координатасы бүй дейді: 42.5660485, 69.8522953
Баруға тұрарлық жер! Табиғаты әсем!
Zhan
Иа, Еркеқыз, Машаттың табиғаты енді керемет!
MickThatsMyNick
Маған Қазақстанның барлық облыс орталықтарына барып қайтатын, әзірге Қазақстан бойынша Ақтөбені санамағанда, тек Алматы мен Оралда болдым, жақында Атырауды не Ақтауды көрем деген ойым бар! Не де болса әйтеуір сақ болыңдар және жолдарың болсын!
Aikona
Абзал, мынауың күшті ой ғой . Алматы облысына келсең ең Бірінші Нарынқол жаққа бар  Табиғат керемет! Шарын, көлсай, Шоған сай, Қисық, Байынқол короче көөөөөөп көретін жер.
a63a1
ия) Шарын каньонына жету жолдарын таппай отырмын
Aikona
Алматы қаласынан шығар болсаң ҚҰлджа трассасының бойымен 170-200 км жердей, ал Талдықорған жақтан келсең Қорғас трассаның бойымен Жаркент, Шонжы арқылы келуге болады. Артынан картасын салармын
Aldeken
Не ғо, Ақтөбеден өтетін болсаңдар, Қостанайға қосылып кеткен бұрынғы Торғай облысымен шекаралас жерде Әйтеке би ауданының аумағында (ұмытпасам, Қабырға мен Өлкиек деген өзендердің ортасы болуы керек) «Хан моласы» деген қорым бар. аумағы үлкен қорымның басты ерекшелігі Әбілқайыр ханның жерленген жері сол қорымда орналасқан. Басына барғанда зәулім кесене, алтыннан жалатылған құлпытас көрем деп әуре болмаңдар. Тарихи жер ретінде көргілерің келсе баруға болады опшым…
2) Қобда ауданына барып, Абат-Байтақ қорымы мен Қобыланды батырдың кесенесіне, Әлия Молджағұлованың мұражайына және тұрғындардан сұрастыра отырып, Пір-Бекеттің аса таяғын сақтап отырған жанұямен кездесуге болады. Сосын қызық көрсеңдер, ары қарай Ойыл асып, админнің туған жерін көріп қайтуларыңа да кедергі көріп тұрған жоқпын
Ақтөбеден Қызылордаға қарай шығатын болсаңдар, Алғаға жетпей тұрып, Бестамақ деген ауылдың қасында Тама Есет батырдың кесенесі бар. Одан әрі, Ақкемер деген жерде Есет Көтібарұлы батырдың кесенесі орналасқан. қалғанын сосын жазармын. координаттарын іздеуге уақыт болмай жатыр, кейінірек опшым
a63a1
Уақыт болса іле отыр координаттарын)
AKY
Тама Есет батырдың кесенесі бар
Менің атам ғой ол
Соғып мінәжат етіп кет Абзик)
satibaldi
Лукаш жоқ саған
AKY

Лукаш — өткен этап
manshukn
Оңт.Қазақстанда Қазығұрт ауданын көргендер керемет жер дейді. Ол жерде Нұх пайғамбардың кемесі қалған деген аңыз да, кеме де бар. Ол аңыз жайлы гугл былай дейді: «Кеме тоқтаған соң Нұх пайғамбар қасындағы серіктестерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған хайуандар мен жануарларды өріске жіберіп, алып келген тұқымдарын жерге сеуіп, жаңа өмірді бастайды. Бұл енді рухани арылудан (тазарудан) кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы халық арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы Ш.Мұтаза өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде жазған мақаласында Нұх пайғамбардың кемесі қайырлады-ау деген өзге атулар туралы поэма бары-жоғын білмейтінің, ал Қазығұрт туралы поэма бар екенін айтады. Рас, өзге таулар туралы полэма (халық жаратқан көне туынды мағынасында) бары-жоғы бізге де белгісіз, тек Арараттың арғы-бергі бетіне барып жүргенде ешкімнен есіте қоймадық, ал Синай тауына байланысты эпос бола қойса оны еврей ағайындар әлдеқашан-ақ бүкіл әлемге таратып үлгіретін еді.»
manshukn
Түлкібас жерінің табиғаты да керемет. Алма бақтарында алманың түр түрі өседі. Негізі, ол жерді Семей-Қызылорда пойызына мінгенде көргем, Алматы-Ақтөбе пойызы түнде өтеді ол жерден. Жолсерік мырза сонда айтқан, сол Түлкібасқа жақындағанда темір жолдың бір жағы Қазақстан, бір жағы Қырғызстан деп.
manshukn
ontustik.gov.kz/gw/kolder мына жерде кеменің суреті бар.
a63a1
мынау қолдан жасалған кемеге ұқсайдығой
manshukn
Қолдан жасалған ғой енді, осындай аңыз бар айту үшін
a63a1
 ааее табиғи болса жақсы болар еді дә
Daniar-Alan
макеты ғой. негізі тау арасында кемеге ұқсас алып тас бар. мына суреттегі ауданға кірер жердегі макет қана. қазығұртта аңыз көп. көкпаршыларды көресің көкпарсыз өмір сүре алмайтын. (менің қайын жұртым.) қаласаң сопровождать етин
a63a1
мынау бір танымдық пост болайын деп тұр) Білетін жерлерін айтып жатқандарға, айтайын деп жатқандарға алғысым шексіз, Жаза беріңдеп кешке бәрін тағыда картаға түртіп шығамын!!!
satibaldi
Ауыл адамдары тырысқан киім кигендердерді, дененің контуры мен рельефы көрініп тұратын жейде-шалбар киген адамдарды мүлде жақтырмайды. Бірден бір қызтекелер адасып жүр екен деп айдар тағады.
Лібә, қаланың пидерлерінің киімін тастап, кәдімгі хаки киініп шығыңдар, нақ!
a63a1
 майка мен шорт кесілген шортый кием
asaubota
тізеден жоғары шортиды түсінбей қалатындар болады, байқа
Aldeken
патриоттық сезімін көрсеткісі келіп, Астана велокомандасының шабандоздарының көгілдір түсті киімін кию де дұрыс қабылданбайтынын ескеріп жүріңдер…
a63a1
қалайша? Көгілдір деген ұғым барма?
Aldeken
сендерде ол қалыпты жағдай ма еді?
a63a1
Ауылдың менталитетін жақсы білемғой, қызыл кисең қыз деп шығушы еді
asaubota
менің үштегі ұлым да айырады. қызыл, розовый түстердің бәрін "қыздарски ғо" деп атайд
KILYZAMAN
Абзалы — дамбал мен ұзын жейде
a63a1
Жазғой, ілетін бірдеңе болса жетер))
sammita
Сатыбалдыға ат мінгізіп, батасын алып шыққаның а63а1
a63a1
Сөйтем, дәруішөлгенге барып халқының әл-ауқатымен танысып қайтсам деген ой бар
KILYZAMAN
Сапарды бастамай жатып аяқтағаның не?
Janasil
Түркістанға барғаныңда 45 км жердегі Біздің ауылға да соға кет. ХІV ғасырда салынған мына мешітпен танысасың.
Ауыл шетінде Қауған төбе дап аталатын ескі қамалдың орны бар /мүмкін қалашық/. Әлі ешкім зерттемеген. Сонымен танысуыңа болады. Отрарға қарай шықсаң Әл-Фарабидің туылған қаласы Оқсызға барсаң болады. п/с. Фотоаппаратты жақсылап сайлап ал.
Janasil
қызықсаң картаны, керек адамдардың тізімін жіберемін. /күтіп алатын, аралататын/
KILYZAMAN
Жеке сайтқа татитын қадам болып тұр мұның бауырым!!!
saken
Дайындығы осынша қызығушылық тудыруда. Саяхаттап келіп есеп беруі қалай болар екен?
Marco
Ақтөбе облысына Ырғыз ауданы арқылы кіресің, то есть Қызылорда арқылы. Ырғызда, метеорит құлаған Жаманшыңды /бірақ, ол жерге біреу алып барып, міне деп көрсетпесе кратер екенін байқамайсың да/, Қожакөл, Құрдым, Байтақты көруге болады. Әрі қарай Әйтеке би ауданы Ұлғайсын елді мекенінің тұсында Үңгіртас деген жер бар дейді, көргендердің айтуынша, өте тылсым, әдемі жер екен. Әйтеке биде, ғалымдар жақында Әбілқайырдың бейітін тапты. Ақтөбе қаласына жеткенше Хромтау, Қарғалы аудандарын аралап шығуға болады. Қарғалыда әдемі су қоймасы бар. Басында кішігірім сарқырамасы бар. Жергілікті халық үшін Ниагарадан кем емес))). Хромтауда Айдарлыаша деген жер бар. www.avestnik.kz/?p=8829. Әрі қарай, облыс орталығы арқылы Мәртөк, Қобда, Ойыл ауылдарын аралап шығуға болады. Мәртөкте экс-депутат Итеғұловтың мықты сиыр қорасы бар.))) Қобдада Қобыланды батырдың кесенесі мен Әлияның мұражайы, Ойылда Көкжар жәрмеңкесінің орны мен құмның ортасындағы оазис бар. Одан әрі Батыс Қазақстанға өтіп кетіп, Атырау мен Маңғыстау арқылы, қайтадан Ақтөбе облысына келуге болады. Бұл бетте Шалқар, Байғанин, Темір, Мұғалжар, Алға аудандары бар.
bazuka
Ұлғайсын жақтағы Үңгіртас міне.

Талдық елді мекені жақта тағы бір Үңгіртас бар, ол кәдімгі бөлме сиякты дейді, әнебір замандарда қудаланып қашып жүргендер мекен еткен екен.
Zhan
Ертегі сияқты екен мына жер! Барғым кеп кетті.
a63a1
Марко Сарқырамының нақты координаттарын берш өтініш, қызықтырып жібердіңғой.
Marco
50.604595, 57.816238 мынау алпы су қойманың координаты. сарқыраманың суретін тапсам салармын. дегенмен, ниагара емес екенін түсініп отырған шығарсың)))
a63a1
Рахмет))) Ниагараны көргеннен кейін барып салыстырармын
boztorgai
ол жерге біреу алып барып, міне деп көрсетпесе

жол көрсетушілерге беретіндеріңді бөлек шүперекке түйіп отырыңдар
Marco
Жоға, Ырғызға барып 83-тегі Жиконы тауып алсаңдар, апарып көрсетіп келеді))))
a63a1
Павлодар Өскемен, Семей аймағының тумалары неге үнсіз отыр?
balzaminka
қателеспесем, Баянаулда Шәкен Айманов мұражайы бар ғо дим. Асанәлі Әшімов әйеліне арнаған кітапта жазды ғой дим сол туралы.
a63a1
менің ондай жоспарым жоқ, мұражай қала аралау деген
manshukn
Семейде Абайдың жеріне барыңыз Жидебайға. Еңлік пен Кебек мазары да сол жерде.
a63a1
Бәсе бәсе осы жақтан басталатын болғасын айтып отырыңыздар) Маршруттың басығой дегенмен))
balzaminka
атақты Шыңғыстау сол жақта емес пе? Еще, алғашқы кадет училищесі Семейде ғо дим. Кадет те қызықтырмай ма
a63a1
цивилизациядан алшақ орналасқан адам тұрмайтын жерлер қызықтырадды
balzaminka
Көкшетауда Зеренді көліне соғуды ұмытпаңдар  Ерейментауда болған шығарсың?
MrQ
БҚО бойынша ски жерлер тарихи орындар Бөкей Орда Хан ставкасы, Сырым еліндегі Сырым төбе деген жер, Жымпитыда Сырымның музейі мен XIXғ мешті, Орал қаласы маңындағы көне Қала орны (өте әдемі, өзім қазысуға барғам истфактың оқытушылармен), сосын қалада музейлер жететіп жатыр.
Табиғаты жағынан енді Жайықтың Ормандарынан бастаған жөн, Тасқалада Ешкітау, Шынғырлауда Аққұм, Қыземшек, Сырымда Бұлан ауылы (Тоғай деген шағын орман, Шідерті өзені), Ақжайықта Бударин деген ауыл бар, Ордадағы Хан орманы, Нарынқұм, Теректіде Шалқар көлі т.б жетіп жатыр. Сонымен қатар Тайсойған деген палигонымыз бар( 8 аяқты бұзау, екі басты бөкен көрем десеңіз).
a63a1
Жымпитыда, өткен автокөлік айналарын сындыратындар бар деген, шындыққа саядыма?
boztorgai
жымпитыда, өткен автокөлік айналарын сындыратындар бар деген
автокөлік тұрмақ, матай(алматы облысы) мен шу cтанциясы пойыз вагондарын бүлдірумен әйгіленетін

жолымызды кестіңдер демесең болғаны
boztorgai
жолға аңшы мылтығы болса да бірдеме ала салу керек, негізі
зияны жоқ
тек, тіркелгені болсын
a63a1
 аң атуға ма?
Ministry
Айна сыңғанын естімедім, алайда құлағы сыңғандар бар.)))))
Бірақта Ақтөбенің Шалқары мен Атыраудың Құлсарысымен салыстырғанда интеллигентныйлау)))
MrQ
Жымпитыда, өткен автокөлік айналарын сындыратындар бар деген, шындыққа саядыма?

90-шы жылдары Орал-Ақтөбе тас жолын торыған рекеттердің інілері мен балалары атадан қалған мұраларын жалғастырып жүргені рас)))
Marco
Жоғарыда Сатыбалды жазған Ақтөбе облысы Байғанин ауданыдағы тақыр жер шынымен көруге тұрарлық. Ұшу-қону алаңы сияқты. Және сол Байғанинде Доңызтау деген жер бар. Қарауылкелді елді мекеніне жақын маңда үйілген ірі үй тастарды көруге болады. Қазақша Стоунхендж. Көруге тұрарлық жерлер өте көп қой. Жоғарыдағыдай тақыр, естуім бойынша Шалқар ауданын Айшуақ ауылының тұсында да бар. Велосипед тебуге күшті дейді)))
Zilola
Абзал бәрін қойып Жаңатасқа келші, өзім көрсетемін Шымкент облысын, Теріскей, Шолаққорған, Қызылкөлден бастаймыз. Болмай бара жатса Жаңатастың таудағы карьерлеріне апарамын )
madlen
Өзің үйде болмайсың ғой
Zilola
Абзал сонау орталықтан келіп тұрғанда, тем более бір газель жігіттермен уақыт табамын ғо )))
berik
рас әңгіме болса, маладес екенсің. Сенуім қиын бірақ та, одан да мой мирден барар жеріңнің жастарын тауып алып, соларды ортаға тарпайсың ба? бәлду, бәлду бәрі өтірік боп кетпесе жарады…
егер Жайықтың арғы бетіне жолың түссе, Жібекке келіп Бекежанға жем болған Төлегенді көрген Қособаға соғып кет. бір қолмен жүземін деп Жайықтың жайынына жем болған Чапайдың да орнына соғып бір шөлмек ішуді ұмытпа.
Gastarbaiter
Пантолоныңнан пафостың иісі есіп тұры мына жаққа дейін, шешесс
saltanat23
Жерұйықты іздеген Асан қайғы Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына (Жымпиты) келген кезде Шідерті өзенін көріп: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен», — депті. Өлеңті өзенін көргенде: «Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: „Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май“, — деп жүре беріпті.
Асан Қайғының „тас атқылап қарсы алатын Жымпиты туралы“ туралы ойы жаман болмағанға ұқсайды
Marco
Осының соңы шайылып кетті-ау деймін. Бірақ, әдемі, ақпаратқа толы пост болып еді