ҚЫЗЫНАН ҚАЛЫҢ МАЛ ҚАДІРЛІ МЕ? (Арманжанның жазбаларынан...)

Мына жазба осындағы қолданушы барлығыңызға таныс Armanjan деген жігіттікі… Қабыл алыңыздар!




Дүниеқорлық — адамды жегідей жейтін құрт тәріздес. Байлықты бақыт деп түсінетіндер өз пайдасы үшін бәрін де құрбандыққа шалып жіберуге бар.

Бірде қызын ұзатқан ата-ананың қалыңмал бермедің деп, той үстінде құдаларының жағасына жармасқанын көріп, көзім тас төбеме шыққаны бар. Мектепте біраз жыл бірге оқыған танысым үйленіп, тойына көппен бірге тілек айтуға бардым. Қуаныш иелері дастарқан басына жайғасып, екі жақтың ата-аналары ортаға шақырылды. Бір таңқаларлығы, төстерін түйістіріп, мың жылдық құда болуға серт байласпаққа ниеттеніп шыққандардың арасында қыздың әке-шешесінің жүздері бір түрлі жабыраңқы екен. Бірден байқалып қалды. Әсіресе, ернін шиедей етіп бояп алған бет-жүзі домалақ апай сазарып, құдды бір тойға емес, дауға дайындалып тұрған жандай көрінді. Жігіттің әке-шешесін сөйлетіп, енді құдалар жаққа бұрылған асаба: «Құдағи-ау, секрет болмаса айтыңызшы, 18 жыл мәпелеп өсірген қызыңыздың қалыңмалына қанша алдыңыз?», деп қалжыңдамасы бар ма. Сол-ақ екен, сыздауықша сыздап тұрған құдағи осы жерде жарылды-ау…

Бақсақ, күйеу жігіттің ата-анасы қалыңмал бермек түгілі, «өлі-тірі» салтын да жасамапты… Қалыңдық жақ бұл туралы басынан-ақ айтқанымен, «ескі жөн-жоралғыны қоялықшы осы, қалыңмал бермеймін» деп жігіттің әкесі шорт кескен көрінеді. Қыз да өз әке-шешесіне басу айтқан соң, олар іштерінен үнсіз қалысқан. Бұл мәселе тойға дейін жабулы күйінде қала берген екен. Енді асаба осы жараның аузын тырнағандай болды…
Қызы мен күйеу баласына әлемдегі бар жақсылықты тілеп, аналық өсиетін айтып тұрған апай аяқ астынан өзгеріп, қалың мал әңгімесін қайта қоздатқанымен қоймай, құдасы мен құдағиының «адресіне» намысқа тиетін ауыр сөздерді жолдап жіберді. Мына жақта шыдай алмаған той иелері ашуға бассын. Сол-ақ екен, қыздың әкесі құдасының жағасына жармасты. Жақын дегенде жүрегімізді жұлып беретін халықпыз ғой, туысқанының көйлегі жыртылғанын көрген екі жақтың ағайындары бір-бірімен шартпа-шұрт болды да кетті. Жұдырығы жуандары ортаға шығып, еліріп тұр, әлі жетпегендері сөзбен сойылдауда. Еркектермен бірге әйелдері де төбелеске кірісіп кеткен. Қой деп араша болғандары таяқ жеп жатқандарын көріп, басқа жұрт та өз орындарынан тапжылмады…
Бәрінен де масқарасы, мына сұмдықты көрген төрдегі бозарып отырған қалыңдық шыдай алмады білем, атып тұрып, жылап кетіп қалды. Оның артынан жігіт жүгірді. Асаба деген жайына қалды. Ортада ақсақалдардың араласуымен әупірімдеп жүріп біраздан соң төбелес те басылды. Көпшілік болып жұбайларды төрдегі орнына әкеп отырғыздық. Жүрек орнына түскенімен, мұндай оқыс оқиғадан соң, екі жақтың той үстіндегі көңілдері жараспай-ақ қойды. Асабаның да кінәсі бар, дегенмен, ол байғұс та екі жақты табыстырмақ ниетте тырысып бақты. «Көңіл-көңілден су ішеді» деген, көкейде жатқан реніш тойдың басынан аяғына дейін сүреңсіз болып өтуіне салдар болды.

«Қалыңмал беру» – қалыңдықты сатып алу, немесе, сату деген ниеттен аулақ жатқан киелі ұғым. Осыны дұрыс ұғынбаған екі жақ та екі жастың келешек өміріне сызат түсіргендерін байқамады-ау деп ойладым, той тарқап, үйге кетіп бара жатқан жолда. Қалыңмал – бабамыз қазақтың, о бастан, әбден зерттеп, зерделеп, құдайы тәртіп, құрани қағидалармен астастыра, керек десе, құдандасқан екі әулетті ғана емес, тұтас екі елді отандастыруға қуаты жететін ұлттық бояу, ұлттық реңдегі халықтық рәсім. Демек, оның мәні мен мағынасы бір-бірін ұнатысып, бас қосысқан екі жастың ата-ана, жегжат-жұрағаттарының бір-бірімен өзара араласып жүруі үшін ғана жасалған шарадан әлде қайда жоғары жатыр.

Бұл оқиғаға екі жақ та кінәлі. Бірі – қалыңмал беру дәстүрін өнегесі жоқ деп өзеуреп, ата-баба салтына тас атқысы келген жігіт ата-анасы болса, екіншісі – қызының бақытын қалың малдан түсетін дүниемен өлшеген қайын жұрт. Дегенмен, жанұя құру қызығын әлі көріп үлгермеген жастардың арасын алшақтататын ұрыс-керіс жағдайды қуаныш үстінде жасамаған жөн еді. Әңгімені кейін қозғаса да болатын. Балаларына бақыт тілеудің орнына, дүниеқоңыздыққа басқаны, қай сасқаны? Ересектеріміз осындай ұстамсыз қылық танытып, көпшілік алдында бет жыртысуы жастарға қандай үлгі-өнеге береді?
Бөлісу:

104 пікір

madlen
Ужс екен. Жастарды аяп кеттім
AKY
Неге Арманжан өз блогында өзі жарияламасқа?
madlen
Секретарь болып штатқа алды
AKY
Әрине, онда тұрған ештеңе жоқ, бірақ неғылған комплекс дегенім ғой
madlen
Соны мен де түсінбедім, өзі айтар
19852407
 AKY мұғалима, осы үшін Armanjanды бұрышқа тұрғызу керек 3-ші пара біткенше
Armanjan
4-ші пара біткенше тұрған кезіміз де болған.
Aizhantabyn
ал, түбінде, мүмкін дүниеқоңыздық емес шығар? Мүмкін, қыздың ата-анасының намысына тиген шығар? Мүмкін, жігіттің ата-анасы тупо ешнәрсе бергісі келмеген шығар?
Мәселе ақшада дегенге сенбеймін. Қай ата-ана қызын зат санап, сатқысы келеді. Жай, кеткен соң со всеми почестями дегендей, барған жеріне де сыйлы болғанын қалайды ғой.
Жастарға обал болған екен.
patick
Негізі қалыңмалға зорлықтың қажеті жоқ. Беруге жағдайы болмаса, жігіт жақ бермесін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Салттың бәрі қасиетті деп кім айтты? Байқағаным, осындай жөн-жоралғылар көбіне ағайын алдында мақтану үшін жасалады.
19852407
Жігіттің әкесі:
«ескі жөн-жоралғыны қоялықшы осы, қалыңмал бермеймін»
Қыздың анасы:
«Жақсы, жөн-жоралғыны қойсақ қоялық, қыз жасауын бермеймін ендеше» деуі керек еді.
AKY
Сол кезде жігіттің әкесі: «Онда біз той жасамаймыз!»
Қыздың шешесі: «Жасамасаң, теріс жаса, біз де ұзату нетпиміз!»
19852407
Сол кезде жігіт атып тұрып: «Онда сырға құда жібермейміз!»
Қыз: «Онда ваще үйленбейміз!»  десе
Armanjan
ең негізгісі, мындай жағдайдан кейін екі жас болашақта бақытты болып кете алама, жоқ па? Болашағы бұлыңғыр ә!
nurbergen_makym
"Қазақтардың басы қатты болса, арты тәтті болады" демеуші ме ед, қазззақтар!
e_zhalgas
«Қалыңмал беру» – қалыңдықты сатып алу, немесе, сату деген ниеттен аулақ жатқан киелі ұғым.
табиғаты күмәнді тұжырым
Erlan
ең бақытты күндерінің быт-шытын шығар екен, қызының көңілі жадырап тұрғанының өзі, сол бір ақшаға тұрарлықпа? Жалпы сынап мінеп отыратын құдаларда болады, қыздың жугін ашқанда билік соғып, өйтпе -суйтпе деп, кейбірелеулері бай болсада, кедейдеп менсінбей отырмайды, арқа жарқа билеп құда құдағиларымен, арағын ішіп көңілді журеді, сосын дарылдаған даусымен кемпірдердің өлең айтқанына,1 олең айтып беремдеп, 1еудің тойының сәнін кетіретіндерді унатпаймын.
salta
байқауымша, мына жерде отырған қарындастардың бірен-саранының басына күйеуге шығу деген бақыт әзірге бұйырмаған секілді. дұрыс айтасыңдар, қалыңмал екі жастың ортасында тұрмауы қажет. бірақ, қаншама жыл оқытып тоқытып, алақанына салып мәпелеген қызы үшін неге қалың мал алмасқа?! ол қызын сату үшін емес, біреудің үйіне басыбайлы етіп беріп жатқанда, шын ниетімен келін түсіргісі келген ата-ана келетін келіннің көңіліне кірбің салмай, басына ақ орамалын салып, ақ босағасына аттатқызуы қажет. онда тұрған ешнәрсе жоқ, "қалыңмал" қызды сату емес, анасының ақ сүтіне «аз» ғана ақшамен немесе сыйақымен қайтару… сондықтан, жапа тармағай орысбайшалатып өре түрегелмеңдер "«сату» деп…
AKY
күйеуге шығу деген бақыт
ия, бұйырмай жатыр, енді қайттік?? *( (Аршат, бақырып жылаған смайл неге щықпайд, а?)
salta
қарындас, қорықпаңыз сізге де бұйырады мұндай бақыт. тілектеспін!
monti
ужас АКУ саған не болд? әлі кішкентай мессің бе?
AKY
Жооооқ… Мен кәрімін… Кетем… Елден кетем… десем ия
19852407
АКУ мұғалимақарындас, қорықпаңыз, тойыңызға барамыз алі-ақ 774-іміз  
19852407
(Аршат, бақырып жылаған смайл неге щықпайд, а?)


Сымайыла в студию, админ мырза!
patick
ана сүтін қайтару дейсің. жарайды…

жалпы "Қыз мақсаты — кету" екенін де ескере отырып, және ата-ана қызы үйінде көп отырып қалса: «Мына қыз да кетпеді» — деп уайымдайтынын, тіпті кейбір ата-ана ренжитінін ескере отырып, бәрібір де қалыңмалдың тым артық жоралғы екенін айтуға мүдделімін.

Қыз жақ ала бергенше, жігіт жақ шаша бергенше, екі жақ бірігіп ортақ қуаныштары — жас отбасыға бірігіп үй не басқа бір қажетті нәрсе алып берсе — анағұрлым ұтымды болар еді.
madlen
Патик, түсінесің бе, қаза берсең, шыға береді ғой тупые правила… Ол қалыңмалмен келген ақшаны қыздың ата-анасы жастанып алып, тығып отырса, сенімен келісер едім. Но, қыздың ата-анасы ол ақшаның үстінен 3 есесін қосып, қыздың жасауы, тірлігі, бүкіл үйіне мебель, көрпе-төсек, киім, қазан-табақ, тіпті жуынатын құманын, кір жуатын тазигіне дейін алып береді ғой ол ақшаға. Сол алып берген заттармен жастар кемінде 5 жылға дейін күн көреді екен. Менің мамамның артынан келген мебель, көрпе-төсек әлі күнге дейін тірі  Ну, білем енді, бұл ужс екенін. Но солай.
Erlan
негой еки жас бизге ештеме кажети жок, жумыс стиміз оз енбегимизбен аламыз десеші, тек сол калын малсыз ак, бас косайык деп
Armanjan
Мәке сен ата-анаңа болашақта салмақ салмау үшін осы бастан ақырындап қасық, тәрілкелерді жинай бер, кейін жеңіл болад!
madlen
Біздің үйде той болып, дәл осылай қыз ұзаттық. Сосын мамаға «барлық арманыңыз орындалды, по всем правилам ұзаттыңыз қызыңызды. Ұзату тойды да жасадыңыз. Барлығымыз жыладық ұзатып тұрып. Дүниенің киімін жинап бердіңіз, күйеу баланың үйінде мебель жоқ сияқты, бір үйді толтыратын мебель алып бердіңіз. Шаршаған шығарсыз. Енді мен кеткенде осының барлығын жасамай-ақ бәрін по минимум етейік» деп едім. Мама  деп наққа жіберді.
TERISKEY
күйеу баланың үйінде мебель жоқсияқты, бір үйді толтыратын мебель алып бердіңіз.
Осы жердегі үтірді бекер қойдыңыз-ау, мәні өзгеріп кетті.
Abilakim
Мебель жоқ болса жоқ шығар))))
madlen
Обидно болды да жаман.  Женихтың үйінде стиралка жоқ екен ба не, холодильник жоқ екен ба не деп маманы әбден мезі еттік
TERISKEY
стиралка жоқ екен ба не, холодильник жоқ екен ба не деп
TERISKEY
уот, соны айтам да
konvict
Мадленжан, жасауы деп керек заттарды алып берсе ғой сол. Көштен қалмайық деп майда-шүйдені өкіртеді. Мысалы, жас жұбайларға 5-жасар баланың киімі неге керек? Басында баспанасы жоқ жанұя кухенный гарнитур мен тоңазытқышын т.б заттарды қайда сыйғызсын.

Патикке қосыламын.
19852407
patick, алатыныңды алвалдың ғо, енді бойдақтар дауысқа салсын да  
бірігіп үй не басқа бір қажетті нәрсе алып берсе
дегеніңнің астына қол қоям бірах бірақ, жасау келмит артынан
Armanjan
Әйгерім егер сен андай ситуацияға тап болсаң қайтер едің жалпысы?
AKY
Мен ондай ситуацияға тап болмаймын.
Бәрі тойдан бұрын шешілу керек қой негізі. Ақыры тойға дейін жетіп тұрған соң, ол жерде шу шығару — ақымақтық.
Тамаданың да артын қыстырып қою керек еді, жігіттің әке-шешесі «ойбай, қалың мал турады әзілдей көрме, ол жағынан ұяттымыз деп».
VKM
Меніңше, осы жұптан түк шықпайды. Қаншама махаббат болып тұрса да.Ата-аналарда сыйластық болмаса, не болушы еді? Бүкіл қыз жақ жігітті жақтырмайды, жігіт жақ қызды жақтырмайды. Кұдалық сөйлесуге барғанда шешу керек болған бәрін.
Мен билегенде де байқағанмын, параның ата-анасы бір-бірімен дос болса, бәрі норм, ал керісінше сол пар ұзақ билемейтін. Менің мамамдар партнерларымның семьяларымен(Ларионов, Курбановтармен) әлі дос, соооол заманнан. Әйтпесе КМС алмас едім
AKY
билеу)))
Анимал планетс каналы есім түскетті)))
salta
мдаааа… барлықтарыңа тілектеспін! шынымен де осылай отбасын құрсаңдар жаман болмайсыңдар, тек ата-ана мүддесін де ұмытпаңдар
Aikona
Не болса да тойға шейін шешіп алулары керек еді, жастардың көңіліне сызат түсті ғой, ата-ененің де келінге деген ойлары өзгеріп кеткен шығар… Қиын ғой, бұндай істерді басқа салмасын…
Erlan
ұл бала бағады, оқытқан тоқытқан енбегің ол үшін жұмсаған қаржың қайтады, ал қыз оқып тоқып алып тайып тұрады, оған салған Инвестицияң қайтпайды, сол себепті, кеткен шығынды түгел ақтамаған мен аздапта болса көңіл басарлық, қалың мал сұрайды ма? Ана сүті тағысын тағы деп?
VKM
иә, сол,қыз сатып, кім керемет байып кетіпті?
Zere
Осы жазда бір құрбым Орал жақтың жігітімен жүріп, үйленеміз дегенде, Оңтүстіктің дәстүрімен қалың-мал сұраған екен. Оған Батыс жақ қарсылық білдіріп, очм екеуі айрылысып тынды. Бір жағынан осылай алдын-ала шешіп алғандары да жөн болды ма екен…
Бір таныстарым той да, ештеңе жасамай, қызға сырға салып, үйден ұзатып алып кетті де енді шетелге бал айына кетпекші. Сол жақтың әсем жерлерінде той көйлектермен суретке түсіп, қыдырып қайтпақшы. Осы дұрыс болған деймін. Әрбірден кейін той солардыкі ғой.
Erlan
екі жас бірін -бірі суйіп қосылам деп турса, ақ батасын сурап одан артық не керек, бақытты болыңдар деп батасын бере салу керек, не керек біреудің өміріне қол сұғып, үйлендірмей тастау деген ақша үшін, дастурдің де, озығы да, тозығыда болады, тастау керек по моему
Zere
Екі ата-ана да басқа адамды табасыңдар деп қырсығып қалған. Одан кейін жібу де қиын болады меніңше.
Aizhantabyn
бұл жерде мәселе қалың малда емес сияқты. Принципке кеп тірелген ғой…
konvict
Толықтай қосыламын!
balzaminka
Діл осындай болмаса да, осыған жақынды көрдім. Қыздың шешесіне көңілім қатты қалды. Қайдағы өлі-тірі үшін өз қызының отбасын қарғап-сілеп…
Erlan
қалың малдың жақсы жағын айтайықшы ?))
Aizhantabyn
вроде жазған сияқты ем)
Қалың мал мен қыздың жасауы деген құр ақша мен дүние емес, екі отбасын жақындастыра түсетін, бірінің үйіне келесінің мүлкі кіріп, еске салып, жылы қарым-қатынас құруға алғышарттың бірі деп жазылған мақаланы оқыған едім.
Өз басым аураға сенем, мысалы. Сол себеп ондай сыйлықтардың да өз аурасы бар есептеймін.
Қалың мал беруді бір керемет обязанность қылмай, формальностьқа көшсе жақсы болар еді әрине. Алайда, жасаусыз келін болған жаман ғой.
a63a1
Сонымен қай өңірде қыз қаншаға бағаланады?
Abilakim
Біздің жақта құдасына (қыз әкесіне) ат мінгізтеді көбіне. Былайша " Мынша бер, өйт-бүйт" деген заңнамалар жоқ
19852407
ненесе аттың құнын ақшалай береді десейш... ангіме қайда жатыр, бұл да қалыңмал есебінде емес пе?!
Armanjan
Біздің бір нағашымыздың үйіне құдалары құдалыққа келіп отырып әңгіме арасында қалың малдың мәселесын ептеп қозғаған ғой, сонда ана кісі егер екі бала бір-бірімен көңілдері жарасып табысса не дейін енді, «теңін тапса, тегін бер» деген сөз бар еді ғой қазақта, екі бала бақытты болса болды, одан басқа тілегім жоқ деп қалың мал мәселесін жылы жауып қойыпты.
Abilakim
«Сол қалың малдың керегі де жоқ. Өзіміз үйленген кезде стөлімізде болмаған. Мына жаман шешелерің екеуміз тамақты терезенің алдына ішетінбіз» десең, ә)))) қартайған шақта
19852407
 сказка для детей, дос?
madlen
Бір туысқан әпкемізді Павлодарға күйеуге берді. Құдалар қазақша бір сөз білмид, қалың мал деген тақырыптан мүлдем алыс екен. Сосын біздің жақтағылар, так и так, бізде солай деп. Олар шошығаннан жағасын ұстады. Возмущаться етіп бастағанда, біздің Шымкенттің құдалары "Қызымызды сендерге өсіргеміз жоқ, или қалыңмал бересіңдер или жоғалыңдар" депті. Обалы не керек, ақшасын да берді, басқа толып жатқан дәстүрлерін де жасады.
Бүкіл әулетіміздің қыздары болып сол күні папаларымызбен қырылдық, неге олай айтасыңдар деп. Өзімізді солай страховать еттік пе будущий құдалықтардан, но жаман көңілімізге келді сол кезде.
Armanjan
мммммммда, жақсылап ойланатын екен.
konvict
осындайда барлық ырымды наққа жіберіп, батыс өркениетіне еніп кеткің келеді екен
balzaminka
батыста қалың жоқ деп кім айтты?
konvict
Естімеппін, бар болса бөлісе отырыңыз. Біле жүрейік
balzaminka
бізден ерекшелігі, қыздарына емес, ұлдарына алады. Үй, машина деген сияқты.
nurbergen_makym
Жалпы, 18 толғаннан кейін, баланы наққа жіберу керек қой, ата-ана…
monti
Жалпы, 18 толғаннан кейін, баланы наққа жіберу керек қой, ата-ана…
кейде сіз қысқа да, көңілге қонымды тост айта білгеніңіз үшін жақсы көріп кетемін ©
Armanjan
Енді наққа жіберсе жігіттер «екі қолға бір күрек» деп күнелтіп кетер, қыздар жағына қиындау соғатын шығар, сондықтан ұлды нақтап, қызды баптаған дұрыс па?
nurbergen_makym
Енді, алтын ұядан ұзатсаң да, қонатын жері нақ қой, бәрібір
19852407
Шынымен, мектеп бітірген жазда наққа кетіп қалғанбыз біз…
patick
Бізде керісінше болды. Әйелімнің ұзату тойында, ұзатудан түскен ақшаны қалтама салып жіберді. «Жигулиді де алып кетсищ» — деп қояд қайын ата ауласындағы көлігін нұсқап. "Қойнақ", — деп әрең құтылдым. Ала берсең ұят келіп, терлеп те кетеді екенсің.
VKM
Алывалмадың ба, Патик?
VKM
Былтыр апайым Азиза тұрмысқа шықты. Үлкендердің сөздерінен түсінгенім:қалың мал сұрамады. Бірақ:өлітірі,қоржын, киит, той мал, барлық фольклорлық атрибутика, орындалуы тиісті болды.Жезденің 2 бөлмелі үйі болды, соны толық толтырды біз жақ.Мебель, техникадан бастап, ситечкоға дейін.
Тойдан кейін барғанда, бұрыннан тұрып жатқан сияқты болды. Рахат ғой, бәәәәәрі бар.1 үй боласың.
balzaminka
киіт, той мал деген қалың емес пе енді?
VKM
киит деген сыйлықтар ғой, шапан, алтын, брюлик солар) мысалы, олар апамдарға, ата-анасына, сіңлісіне,әулеттегі ең үлкен кісіге әкелді.
Біз жақ та ответка жасады
Той малға жылқы береді біз жақта.
balzaminka
Венерджон, біз жақта қалыңды ақшалай бермесе, осылай береді.
madlen
Қалың бір бөлек, киіт бір бөлек.
19852407
Бізде официально "қалың мал" атты нәрсе болмағандықтан,
китке келетін китайский костюмдар мен көйлектерден бөлек басы артық, бағалырақ зат келмиді *(*(*(
madlen
Киіт беру индустриясы сіздерде дамымай қалып қалған ғой. Шымкентте ол дәстүрді қатырады
Tarazkyzy
қазір киіт дегенді жаңа формасын шығарды. Құда, құдағи өзіне керегін (норков.шуба, дубленка, т.б.)өзі алады да, бір-біріне береді. Туған-туыс көзінше алмасады.«Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші, арзан, дежурный нәрселер алынбайды.
Abilakim
аха, киіт деген мүлде бөлек нәрсе.Біздің өңірде де бар киіт деген
VKM
аа, солай ма? Мен қалай болғанын жаздым.примерно осындай сценарий шығар біз жақта деп))))
Erkekyz
Қалың мал бөлек, тойда бөлек бір жылқы береді, сосын киіт тағы бөлек, одан бөлек тоғыз деген тағы бірдеме бар, оның ішінде тағы тоғыз бар ма бірдеме, тойыс үй тоғыз, бірнәрсе тоғыз кете береді.
TERISKEY
түртіп алдым
balzaminka
түрте-түрте дәптер толған шығар, ия?
TERISKEY
жазуым ірі емес, 1 общ. әлі біткен жоқ
qisyq
Алдына кездесуге алып келгенің емес пе, сыртында Бритни Спирстың суреті бар, көк? Әлгі ше, шиыршықтап орап, қолыңнан тастамай жүрдің ғой?
Tarazkyzy
Той мал деген Шығыста бар екен. Біздің жағдайда оны ақша эквивалентіне аударып, біздіңше қалың мал, жігіт жағынша той мал дедік. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Бірақ Шығыста ананың ақ сүті деген жоқ екен. Сосын қыз жақтан жасау, дүние дегенді сұрай бермейтінін байқадым
araika
Масқара… Той үстінде, көпшілік қауымның көзінше
«Бәрін айт та, бірін айт», екі жастың өмірін ата-аналар шешіп кететіні — ең жаман нәрсе.
qisyq
Мда… Өзім әйтеуір осындай мәселелермен бас қатпағанына қуаныштымын. Үлкендер бас қосып, жөн-жоралғының ырымын жасады да Әлия екеумізге "Әйда, кетіңдер, құда-құдағиды таптық, енді өз өмірлерің өздеріңдікі" деді. Қарызсыз, кредитсіз, конфликтсіз, кедергісіз, кикусинкай-каратэсіз тарастық, Құдайға тәуба.
Armanjan
Әжелеріміздің қолына су құйғанда айтушы еді «жағың түспей жамандық көрме» деп, солай демекші жағың түскенше қуанышың жалғаса берсін!
Gastarbaiter
бляяя, жастарга обал болды, жастарга пален болды. Кагынбайд жастар. Жертва жасамасынш нак, жастардан. Тым болмасв еркектер озын жертва етип жыламасынш нак. Ертен кететын суйыкты шал кемпирлериннын конилин ойламаганда кимнин конилин ойлайсындар? катын мен махаббаттын артына тыгылмай, баленын барин ата анага жаппай, есейып отбасында бирдене шеше алатын жагдайга жетпей уйленбендер онда. Ал әкеңнің мойнында отырып үйленесің бе, онда изволь уж көтіңді қысып тек костюмыңның түсін таңдау құқығына талас нақ, той калай отетынын солар шешед. Шетелге бал айына шыгу тап татти арман, егер шын соны каласан уйленген сон екеуин биригип акша жинап шетелге бануды максат кыл. Бля аке шешенын барына рахмет айтындар молокосостар. сука. биз сиякты курметсиз макулыктарды туып, осиргенине де рахмет, нак. блЯ каным карайып отыр сука кейбир вполне ересек адамдардың пикирине.
meirzhan
у ішіп кетуге болатын пікір екен. жесть же есть
araika
Өткенде мына ағайдың сабағының үстінен түскен ем, ережелерді айтып-түсіндірумен болып еді. Бұл жолы өзі ескермей қалған сыңайлы
Armanjan
Ұзын сөздің қысқасы, естуімізше ажырасатын болыпты, АХАЖ-ға арыздарын беріп қойыпты, міне тойдағы топалаңның соңы осыған жеткенге ұқсайд.
satibaldi
Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі…