Тоқалдыққа сіздің көзқарасыңыз?

Тоқалдық, 2-ші әйел мәселесіне өз ойыңызды айтсаңыз.

Тоқалдыққа сіздің көзқарасыңыз?

Бөлісу:

252 пікір

a63a1
Ашына қолда қолдама бәрібр болып тұрады екен
a63a1
технично қозғалатын жігітті білем, қатында тыныш ашынада тыныш
satibaldi
Сен де біліп тұрсың ғой нақ, технично екені әдірем қалды ғой?
a63a1
Ашынасы болмасам, ашына ұстау маған келмейді әзірше. Бойдақ!
VKM
Осы сенен шығадыНағыз Дон Жуансың
a63a1
VKM
хехе, кеЧрш лан.Маған солай көрінеді
konvict
Жалпы тоқал алуға қарсы емеспін. Бірақ, тоқал болғанда уылжып тұрған 18-дегі қызды емес, отырып қалған қызды алса қанекей? Көбісі тоқал алуға дінде рұқсат берген деп жас қыздарға көзін алартады. Негізі тоқал алудағы басты мақсат жас иіске құштарлық емес басқа еді. Шынымды айтсам шалдың қолтығында кетіп бара жатқан жас қыздарды көрсем қаным қарайады. Тіпті бірінші әйелі болса да. Тең теңімен, тезек қабымен.

Демографияңдысссс, кейбір жігіттердің қолына обал
balzaminka
екінші күйеу болу ше?
konvict
Бөтелкенің бір ғана қақпағы болады
a63a1
бөтелкенің қайта тапсырып қақпақтатып алады екенғой
salta
сондайлардың жертвасы болғаннан саумысыз?
a63a1
Мына құлақ не естімеді дейсің
izbasar
Шамасы аузын күйген ау!
balzaminka
бөтелкелетіп сөйлейтін болсақ, бір қақпақ, бір мойын, бір қарын ғо. Олай болса, бір еркекке бір әйел шығады, тоқал қайда қалды онда?
konvict
Мен барлық еркектер үшін жауап бере алмаймын. Өз пікірімді білдірдім.
19852407
шалдың қолтығында кетіп бара жатқан жас қыздарды көрсем қаным қарайады.
konvict, розовый линза тақсаң, ақшаның қолтығында кетіп бара жатқан уыздай қыздарды көрер едің

Кедей кедеймен, бай жалпағымен
Adiletshu
Демографияңдысссс, кейбір жігіттердің қолына обал
))))))
Zhan
Біздің админ ағайға  Салтаның жазбасынан кейін сразу сауалнама жасау керек болды-ау, шамасы. Жалпы, екі әйел алуға менде қарсымын. Негізі қыздардың көбісі қызы бар жігітке немесе әйелі бар еркекке көзі түскіш келеді. Сол кезінде бойдақ боп жүрген кезінде соны менсінбейді. Кейін үйленіп кеткен соң, "Қап өзім тиіп алмаппын" деп өкініп жүрген қыздарды көрдім. «Бақыт күте білген адамға келеді» дейді. Армандай аламыз Арекең айтпақшы )))
satibaldi
Сол кезінде бойдақ боп жүрген кезінде соны менсінбейді.
Мінеки, естідің ғой, VKM , бір күні үйленем де кетем, бармағыңды тістеп қаласың!!!
19852407
Жансая, бірдеңкені біліп айтасың ау осы))
Aikona
Мен негізі қарсымын, Абайдың айтқан сөзі дұрыс.
satibaldi
Мен негізі қарсымын
Ал былай — амал қанша дейсің ғой
Aikona
жоғи былай да қарсымын
Zere
Жалпы адамдар дұрыс па, бұрыс па деп ешкімнен сұрамайды. Кім болғысы келеді, болып жатыр, қарсы болғандар — қарсы. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Әрқайсы өз өміріне жауап береді деп ойлаймын.
satibaldi
Сіздің осындай қысқа да көлемді тост айта білетініңіз үшін кейде онсыз да жақсы көретінім үстіне тіпті жақсы көріп кетем.
balzaminka
ужссс, хотя бы бір тақырыпта екі қызға қатар көңіл белдірмесеңізші
salta
мен кей қыздарды аяймын, жігітімен қыдырып келе жатып, жігіті мойнын қайда бұрады, сол жаққа қарай қыз да бұрады. жігітінің көзқарасын аңдумен әлек болады. сорлы қыз-ай, деп ойлаймын, сол жігіт ешқашан өзгермейді, қор болған уақытын мен өміріңді ешқашан да қайтара алмайсың. сосын 10-15 жылдан кейін «моча в голову ударить» сосын: өмірімнің ең қымбат кездерін сенімен өткізіппін, аййй қор болғаным-ай деп шаштарын жұлады. кім кінәлі?! табиғатынан ұрғашыны аңдумен айналысқан еркек пе, әлде дер кезінде оңтайлы шешім таба алмай алдамшы бақытқа басы айналған шүйкебас па?!
sammita
сен жынды пікір жазады екенсің
salta
қарындас, сізге қарағанда біраз колготки тоздырған адаммын ғой
TERISKEY
ал керек болса… Өмірбаяныңыз жазылған «бөлмедегі» мәліметтер алдамшы болды ма сонда?
salta
түсінбедім?
izbasar
Теріскей жасыңғызға қарап айтып тұр ғой.
sammita
қарындас және колготки)))
salta
аааа, менікі жәй сөз арасы ғой. оған мән бермеңіз. екеуінің арасынан байланыс іздеп жатқаным жоқ. тек өмірлік тәжірибемнің көбірек екендігін айтқым келген
sammita
меніңше колготки тоздыру мен жастың арасынан байланыс іздеу дұрыс емес
qisyq
 Наташаны танушы едім, 31 жылғы, бірақ, біраз колготкиді тоздырып тастаған)))
Zhan
Че-то мынау таныс сияқты Әй, Қисық-ай, қисық сөйлемесең басың ауыра ма?
Adiletshu
қарындас, сізге қарағанда біраз колготки тоздырған адаммын ғой
Трансвистит
meirzhan
сен жынды пікір жазады екенсің, еркек сияқты
satibaldi
Сені көлемді де қысқа тост айта білетін қабілетіңіз үшін жақсы көріп бара жатқан сияқтымын.
salta
господин назвал меня любимой женоооооой!!!
nurbergen_makym
Ешкім де кінәлі емес, нақ, просты, сәтсіз таңдау болды.
izbasar
Сосын өкіну дейсіңбе? Сенде ондлай кездеспеген еді ғой әлі.
salta
негізі мен қарсы емеспін, онда тұрған ешнәрсе жоқ.
izbasar
Неге қарсы емессің? Тоқалдыққа ма, ашыналыққама?
KILYZAMAN
Енді турасынан келгенде — әлгі барғой дейтін шығар Өміратай…
Қазақтың басына, не келіп не кетпеді? Аллам — ұлдарымызға нысап, қыздарымызға қанында бар қазақы қылығын жоғалтпайтындай тұсақ бергей…
balzaminka
жоспарыңыз не болып жатыр, Қилеке?
KILYZAMAN
Пиролиздік құбылыстың табиғаты әріде жатса керек…
VKM
Аға жазғаныңызды аудармасаңыз, түсініксіз
KILYZAMAN
«Жеті атамыздан келе жатқан нәрсе ғой» — дегенім, әншейін
qisyq
Ет жегіштерге өткір пышақ, Жолшыларға ыңғайлы, сенімді ұшақ, Іші ауырғандарға жылы, керек нәрсенің бәрі бар т… деп кет берсең, ә?
KILYZAMAN
Енді, осыларыңды тақата отыр Қисекесі… Жәй ұйқас қумаған шығарсың деп ойлаймын.
KILYZAMAN
Ұрыспашы: тақата-тарқата
qisyq
Жай ұйқас қуғам негізі…
Aizhantabyn
уордпрессте жазғам осы жайлы. Жалпы, қарсы емеспін. Өйткені кез-келген жағлай болуы мүмкін. Так что не зарекаюсь. Біреуге тоқал болғым келмейді, Бәйбішенің рөлі жақындау маған)))
Ministry
Маған тисеңіз, қор болмайтыныңызды айтып қояйын осы бастан. Сондықтан ойлануға боянуға кететіндей уақытттың 10-ын берем
Aizhantabyn
400 минут?
Ministry
Оны боянуыңыз білсін дейік, қарындас
Aizhantabyn
қор болуды не деп білесіз деп сұрап, біліп алғым келеді.
Ministry
Қартайғанда өмірлік нәрселерден мүлде хабары жоқ сұхбаттасушының қасыңыздан табылуы. Қазір де.
Келесі брендік сөмкеңізді қандай ақшаға қайдан алам деп шашыңыздың күнінен бұрын ағаруы.
Пенсиядан пенсияға дейін тиын санау
Қуықтай квартирада тұру (котедждің орнына)
Жарты метр сайын сынатын Гольфпен жүру
Уақытысында ел мен жер көре алмау т.б.
Aizhantabyn
Қыздааааааааааааар, идеальный жігіт пайда болған! Налетааааай!
VKM
Жаңа,әйбәт жігіттерге сенбеймін, троль сияқты, ескі, танитындар дұрыс
Aizhantabyn
Старый друг лучше новых двух?
VKM
әрине.Тексерілген.
Daniar-Alan
Тексерілген.

осысына… тошны осысына…
Daniar-Alan
өзімді қайсысына жатқызатынымды білмей тұрғаным…
a63a1
Мен алғым келсе алам, алғым келмесе алмайм, маған «жоқ» деп айтатындар барма?
izbasar
20 пайыздар кімдер екен?
Erkekyz
Үйленбеймін / Күйеуге шықпаймын
таңдадым
meirzhan
жай қызық үшін бе?
izbasar
негеш?
Erkekyz
алатын ешкім жоқ.
izbasar
алатын ешкім жоқ.
сізді тоқал ретіндеме? алде бәйбіше ретіндеме?
Gastarbaiter
біздің ұлдар ағашка болып, қолтығына ақ кірсе де сондай аңқау, тоқал алсам қатырған болам деп ойлайд. екі қатын алмақ түге екі қызбен бір уақытта жүру оңай емес. И бапче еркек өз сексуалдық мәселелерін өзі шешу керек, тоқал, ашына ма, әлде пидараз боп кете ме ол үшін біреуден кеңес сұрап, қолдау күтіп, заңнан демеу сұрау рухани пидараздық.
e_zhalgas
рухани пидараздық
araika
Сауалнамаға жауапты жай бере салғандай көрінеді

Қарсымын! Себебі өзім сүйген, мені сүйген адамды бөлісе алмаймын.
«Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді»-ні ойлар болсақ, бұл шаруада да оның орын алмайтынына кім кепіл? Жүз жерден мықты болса да, өгіз өлетін күн тумасына кім кепіл?
altynka
Қарсымын. Адамзат дамуы керек, ал тоқалдық старье.
nurbergen_makym
БАӘ, Оман сұлтанаттары сондай дамымай қалған, а?
altynka
Дамуды тек бір бағытта болады кім айтты сізге? Қанша жерден сәнің асып тұрса да, моральдық күйің лас болса, ол толыққанды прогресс емес қой.
Aizhantabyn
Ол жақтың елі рухани лас, моральдық күйі төмен дей алмаймын…
nurbergen_makym
Е, сіз әлгі бітпейтін даму маштабынан қарап отырсыз ба? А, онда әңгіме жоқ… Тұтастай бір терминдік болса да салмағы бар полигамияны наққа жіберген екен деп едім.
e_zhalgas
«ашыналықты қолдаймын» деген жауап таңдадым, ал минустаңдар!
AKY
қорықпа, жалғыз емессің
e_zhalgas
екеу болдық, енді бір-екі адам тауып клуб аша берсек болады
AKY
ибай дауыс берушілер санына қарап айттым, а так менің таңдауым — «а» нұсқасы
e_zhalgas
извращенка десе
Gastarbaiter
индияда әлі атастыру бар, Англияда 7- қатынмен тұратын мұжық бар, Австралияда қатындарымен алмастырып жатумен ешкімді таңқалдырмайсың, Голандияда жәлептерге пенсия беред, АҚШта 10 жыл резеңке қуыршақпен, Тай елінде еркектігін өз еркімен әдіре қылған транссексуалдар отасып, азаматық некеде болып, мерейтойын тойлап жатқандар ...әйтеуір жыныстық құқық пен бостандықтың жыныстық индияда әлі атастыру бар, Англияда 7- қатынмен тұратын мұжық бар, Австралияда қатындарымен алмастырып жатумен ешкімді таңқалдырмайсың, Голандияда жәлептерге пенсия беред, АҚШта 10 жыл резеңке қуыршақпен, ауғандардың бір тайпасы қыздың клиторын сүндеттейд секстен рахат алмасын деп, Тай елінде еркектігін өз еркімен әдіре қылған транссексуалдар отасып, азаматық некеде болып, мерейтойын тойлап жатқандар ...қарап отырсаң… Тоқал алу деген сондай кіршіксіз дүние көрінед…
satibaldi
О, шешесс, мынау келД, қалайсың нақ?
salta
идеальный подоноксыз гой…
e_zhalgas
АКУ-ның тоқал алуы қай өзің тізіп шыққан қай ситуацияға дөп келеді екен деп ойланатын болдым
Aldeken
Не ғо, айтарым, тоқал болуға да, тоқал алуға да, тоқал алуға рұқсат беруге де, тоқал алдырмаймын деуге де асықпаңдаршы. Әркімнің өз құқайы бар, отбасының құпиясы ішінде болғаны дұрыс негізі…
Ашынаның да ашына делінуінде бір ащы шындық бар-ау…
AKY
Ұсталып қап әйелінен ащы шапалақ жеген еркектің «Ащы, на» дегенінен шыққан-ау…
Aldeken
Ұстап алғанда «лібә, менен қай жері артық болды екен» деп бір жері ашығаннан шығуы да мүмкін шығар…
monti
ужас жауаптарың сұмдық енд небір ойлар, небір тілдер шегім/ай бүгін менің күлер күнім болд керекте
сендерд сүйем
MickThatsMyNick
Не де болса қарсылар көп екен… негізінде тоқал алуға қарсы емеспін, бірақ бірінші үйленіп алайықшы, ар жағын көре жатармыз…
know_how88
Тоқалдыққа тура қайраймын)
asaubota
Ашыналықты халықтың жартысының жартысы қолдайды екен  ужысс на!
omarbirat
Тоқал алар едім дейін десем, тоқал алғым келмейді екен.
Қарсымын дейін десем, қарсы да емеспін.
Үйленбеймін деген нұсқаның маған түк қатысы жоқ — үйленіп алғанмын.
Ашыналық — тоқалдықтың заңдастырылмаған түрі болып тұр әзірге  
Қалыс қалдым, опшым.
omarbirat
Қарсымын дейін десем, қарсы да емеспін.
«Басқалардың тоқал алуына» деп толықтырып қояйын, түсінбеушілік шықпас үшін
dark_nazgul
тоқал адуды бір ғана жағдайда қолдаймын: бірінші жұбайынан бала болмаса ғана.
Daniar-Alan
немесе әйелің ерте қартайып кетсе. в смысле, жеңгесін алғандар т.б.
Zilola
шыны керек барлык сауалнама тiзiмiндегi барлык варианттарды колдаймын! ар жагы жеке менiн омiрiм, жагдайга байланысты
a63a1
Ашыналықты қолдаймын
сізге не жоқ?
Zilola
осы жерде «Акжунiс» багдарламасын жасамай ак коялык, жеке омiрiм ушiн озiм жауаптымын!
izbasar
Қазіргі уақытқа дейін Қарсымын деп 43 пайызды көрсетәп тұр. Түсініксіз. Байға шықпай жүргендер осының ішінде барма? Несіне жетіп қарсы а.
dark_nazgul
байға шықпағандардың тоқал болудан басқа амалы жоқ па екен?
izbasar
Статистер бүй дейді Қазақияда 1000 еркекке 1071 әйел затынан 71 не істейміз. Қысық көз қытайға бәйбіше болғанша. Қаракөз қазаққа тоқал болған мың есе артық шығар.
meirzhan
Қытайдан басқа да ұлттар бар.
izbasar
Көзге сәйкестендіре салғаным ғой.
dark_nazgul
Қаракөз қазаққа тоқал болып, қанша адамды бақытсыз қылғаннан, қысықкөз қытайға бәйбіше болып, өзі де бақытты, өзгенің де обалын арқаламай өмір сүрген артық емес пе?
izbasar
Сонда қазақ қыздарының ұлт мәселесіне түкіргені бар екен ғой. Қай тоқал кімнің обалын қалыпты.
dark_nazgul
Қай тоқал кімнің обалын қалыпты
тірі өлік бәйбішелер мен тірі жесірлерден, әкесі тоқалдың қарауына көшіп, тірі жетім күйге түскен балалардан сұраңыз.

ұлт мәселесіне түкіргем жоқ. бірақ отан отбасынан басталады. Тоқалдар шаңырағын шайқап жатқан отбасылар ұлтты құрай алмайды.
izbasar
Сенше тоқал деген кім?
dark_nazgul
бұрынғы тоқалды айтайын ба? бүгінгі тоқалды айтайын ба?
izbasar
Заңды тоқалды сұраймын.
dark_nazgul
бізде заңды тоқал деген статус жоқ.
болған кезде келіңіз)))
ал болса қалса, мен заң жобасында «бәйбішенің нотариус бекіткен келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі» деген тармақты көргім келеді.
izbasar
Мейлі заңда жоқ, құдай алдында некелерін қиғызып тұрып жатыр. Бәйбішеде риза тоқалда риза. Байыда риза. Кінаны қатындар өздерінен неге іздемейді.
dark_nazgul
құдай алдында некелерін қиғызып

хехе. көргенбіз))
Дастархан басында бата жасалғанда бет сипамайтындардың тоқал алуға келгенде діншіл, некешіл бола қалғанын))
Бәйбішеде риза
әрине, риза. риза болмай қайда барады?
dark_nazgul
бар кінә мен бар жауапкершілікті қатынға артып қойып, талтаңдап жүрген оңай, әрине.
izbasar
Қатын универсал с болса еркек қайда барады деген әңгіме ғой!
dark_nazgul
еркекке дауа жоқ, универсалдан жеріп, внедорожник іздеп кете береді)
Daniar-Alan
әйелдік ұстаным!!!
dark_nazgul
«Бір қатын талақ шықса, бір қызға бай табылады». Қалихан Ысқақ.
Ажырасар көбейсін )))
izbasar
Ажырасар көбейсін )))
астапыралла. Онсызда тірі жесірлер жетерлік.
dark_nazgul
ал мен сізге айтайын. Тірі жесірлердің көбеюіне «тоқалдардың» тікелей кінәсі бар.
izbasar
ал мен сізге айтайын.
сіз айтып тұрған заңсыз тоқалсымақ нақты тоқал емес. Тоқал дегеніміз ол ашына емес. Ол еркектің заңды екінші жұбайы яғни ол тоқал бала тапса бала әкесінің атына жазылады. ал, ашына бала таппайды.
dark_nazgul
ашына бала таппайды
бала тапса, статусы өзгереді, тоқал болады.
meirzhan
)))
смайликтің бәрін Робинға қалдырып жүр екенсіз ғой. неткен көңіл
izbasar
Тоқализация процесін мемлекет қаурт қолға алса қазақтардың саны көбейіп десографиялық ахуалымыз жақсарар еді...
dark_nazgul
сіздің тоқалыңыз бар ма?
izbasar
Тоқал асырайтын жағдайым келмейді. Әйтпесе қазақтың санына бірнешеу қоссам несі жаман.
dark_nazgul
арманировать етіп отыр екенсіз ғой, бәсе)))
izbasar
жоқ. тек түсінем оның қазаққа керек екенін.
dark_nazgul
қазақтың санын емес, сапасын арттыру керек. соны қашан ұғар екенбіз…
Aya
сізге де қосыламын...)))Менің үйленген біраз достарым менен сұрайтыны бар: тоқалдыққа қалай қарайсың деп.Еркектердікі бар ғо қазақтың саны деп желеу етіп алып, ар жағынан жас иіске қарқ болғысы келеді ау деймін менің байқауымша…
dark_nazgul
балаға зар болып жүрсе бір сәрі, ұлы да, қызы да бар адамдардың тоқал алып құтырғанын күпірлік деп білемін.
Aya
кейбір қағанағынан қарқ болмай жүрген, уызынан жарымаған төлдей құлағының түбінен ызыңдап миын жеп қоятын әйелі бар еркектер алсын, оларға рұқсат жеке өз атымнан))))))
qusbegi
танысым өзінен 8 жас үлкен қызға үйленді. оның жағдайы қалай болады?
Aya
)))махаббат жасқа қарамайды дегеннің мысалы ғой.
qusbegi
ертең жігіттің жасы отыздан асқан соң әйелі жарамай жүрсе ше? екінші оған да әйел алуына жеке өз атыңыздан рұқсат бересіз бе?
dark_nazgul
жігіттің жасы отыздан асқанда әйелі қырыққа жаңа жақындайды екен. Қырықтағы әйел әйел емес пе?
бір елуге келсін, сосын көреді ғой.
Aya
ол енді басқа жағдай ғой ағаекесі, екі тараптан келісіп пішкен тонның көрінісіндей болған…
dark_nazgul
әйелі кемпір болғанда амал жоқ тоқал алады))
qusbegi
уот, осы шындық сіздің аузыңыздан жаңғырады деп күтіп отыр едім
dark_nazgul
Шындықтың да шындығы бар. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Отызға әлі келмеген, ұл да, қыз да туып берген келіншегінің үстінен тоқал алып құтырғандарды түсінбеймін.
qusbegi
Әйелі ұл туып бере алмағандар да (мүмкін мүлдем тумаған немесе тек қана қызбала) осындай қадамға барып жатады. Осыған не дейсіз?
Aya
оның жайы белгілі емес пе?! Міндетті түрде алады. Мұндағы қызыл кеңірдек болып жатқандағы негізі мәселе ол төрт құбыласы түгел еркектеге не басына күн туып, тоқал алуға емешектері езіле құмартып жүргендер жайында. Сізге енді түсінікті ме?!
qusbegi
Муахахаха Қызық екен Тығылып бара бермей ме?
Aya
ой, қойыңызшыыы....!
qusbegi
«Таза Сана» сыйлығын в студию
dark_nazgul
жас қыздарды өстіп бүлдіресіңдер ғой
qusbegi
Осы жерде Нұрғиса былай деді: Ая — керемет қыз!
dark_nazgul
ол ваще басқа әңгіме… оның да түк жақсылығы жоқ.
жалпы, айналып келгенде, адалдық деген жақсы ғой))
dark_nazgul
Басында айттым ғой: тек бірінші жұбайынан бала болмаса ғана қолдаймын деп.

Ұл таппайтын әйел болмайды, ұл тапқыза алмайтын еркек болады.
сосын, тоқалдың етегінен ұл саулайды деп кепілдікті кім береді?
dark_nazgul
Қазір жария түрде екі әйел ұстауды мұсылмандықтың белгісі немесе бедел деп қарау белең алып бара жатқан сияқты.
meirzhan
Смотря қай аймақ және қай орта
dark_nazgul
Қане қане, аймақтар бойынша анализ бере кетсең)))
meirzhan
Просто қазақылық сақталған аймақтарда тоқалдыққа бейімдік бар ма деген ой ғой )
dark_nazgul
мына жерде сөз дұрыс қолданылмай тұр. Тоқалдыққа бейімдік әйелдер тарапынан болады. ал біздің айтып отырғанымыз көп әйел алуға бейімдік))
meirzhan
соған көзқарас жақсырақ қой дегенім ғой
dark_nazgul
қазақылық сақталған аймақтар дегенің қайсы? тараз бен Шымкент пе?
meirzhan
көбірек сіз білетін шығарсыз. Нағыз қазақи отбасыда ғана болатын оқиғалар туралы шығарма жазғанда қай аймақты елестетіп едіңіз?
флуд көп болып кетті. кешіріңіздер. Робин әсер еткен бе дим
qusbegi
Робин әсер еткен бе дим
dark_nazgul
Менің атамның інісінің екі әйелі болған. кеңес заманында екі әйел ұстаған. Бірақ жетіскеннен алмаған. Бәйбішеден бала болмаған, және әмеңгерлікпен тоқал алған. Бірақ, тоқал екінші баласын туған кезде, онымен қатар бәйбіше де бір қызды дүниеге әкелді. екі әйел тату болды дей алмаймын.
тіпті қазір де тоқалдан туған балалар мен бәйбішеден туған жалғыз қыздың арасы жақсы емес.
qusbegi
Екі әйелі бар кісіні білемін. Жақында дүниеден өтті. Екі кемпірдің ұлдары малға таласып әлек…
meirzhan
Соғыстан кейінгі жылдары көп болған дейді ғой. Арғы жақта (қытай қазақтары) да болған деседі. Әйтеуір нағашылардан бір ата әйелдерін тастап 60-жылдары бер жаққа келген екен.
qusbegi
Сондай кісі де бар. Өзі Қытайдан келген, бәйбішелері «сол жақта қаламыз» деген екен. Сөйтіп өзі Қазззақстанға келіп екінші әйелге үйленді. 3 баласы бар. Қытайдағы тұңғышын Қазззақстанға әкеліп алды.
qusbegi
Мен ешкімнің тоқалы болғым келмейді Еркекпін ғой
dark_nazgul
Бақыт сыздықова апайың да «тоқал» ұстаудан кетәрі емес, если чо)))
qusbegi
Одан гөрі өмір-бақи Настяның астында қала салғаным мың есе жақсы
salta
алматыда «тоқал» деген агентство бар. кончаловскийдің түсірген «гламурындагыдай» агенттік. твга түсіріп жатыр дегенді естідім жақында, сюжетте көріп қалармыз скоро
ken
Қазақтар арасындағы ешқашан сарқылмайтын тақырыптардың бірі.

Не ғой, жаңа жыл жақындап қалыпты. «Жаңа жыл біздің мейрам ба?» деген секілді жылдағы тақырыптың ашылуын асыға күтудемін.
guvik
кешігіп қалдыңыз, ол тақырып әбден жауыр болған
satvaldo
дәмі кетпес сағыз екен…
mercedes
Әрине бұған эгоист, сараң уапшым жаман қатындар келіспейді.
VKM
Әрине бұған эгоист, сараң уапшым жаман қатындар келіспейді.
жарайды, ала беріңізші флағ в руки и попутного ветра
mercedes
рахмет! Менің бәйбішем болғың келе ме әлде тоқалым болғың келе ме? таңда
edige
Егер бағзы замандағыдай қалаған жерге киізүй тігіп өмір сүруге мүмкіндік болса екінің бірі тоқалды болар еді… Тағы бір дерек, әйел жүкті болған кезде жақындасуға болмайды деген қағидамен көпшілігі тоқал алған…
Zhan
Мына тақырып қайта жаңғырыпты
mercedes
Әрине. Қазіргі таңда бұл өзекті тақырып қой
Daniar-Alan
қарсымын деген 43 пайыз қыздар болар, сірә… тоқал алатын 23 — өздерін егде тартып бара жатырмыз деген еркек кіндіктілер… ашыналықты қолдаймын деген 23 — үйленгендеріне көп бола қоймағандар, деп жобаладым.
19852407
ашыналықты қолдаймын деген 23 — үйленгендеріне көп бола қоймағандар
масқара, үйленбей жатып сөйтце, бара-бара не болады
Daniar-Alan
бара бара тоқал болад та
asaubota
тоқал алуына қарсы емеспін дейтін қыз-келіншектердің пікірлеріне сенбеймін. осы тақырып отбасыда шынымен көтерілсе үлкен хай-вай туғызар еді.
dark_nazgul
Сенбе. Жеме жемге келгенде, «жан қимақ болса дағы, жар қимақ жоқ».
aza
Қайдам, жүрегің дүрсілдеп жақсы көрген жанды жәбірлеп, үстіне тоқал алам деу қайбір ақылы асқандық дейсің?! Желігу да тәйірі, нанға тойғандық! Қазақты солай көбейтем деу де күпірлік. Алла Тағала аздан бере ме, көптен бере тағы белгісіз… Тоқал алу түгілі, бәйбішесіне қолы жетпей жүргендер бар… Аса берудің түбі жақсы болмайды… Аллаға шүкір деу керек қой!
dark_nazgul
жәбірлеп, үстіне тоқал алам деу
шынымен, тоқал алам деу, бір кезде сүйген жанды жәбірлеу екенін кім ұқсын…
mercedes
сені мына пікіріңді плүстаған әйелдер қауымы
aza
Қызғанып отырсаң басыбайлы ала ғой сол «плустарды» Плюс үшін емес, жәй ойымды жаздым… Қазақтаррррррр
dark_nazgul
Тіршілік алюминий сымнан бетер иеді деген рас екен.
ТОқалдыққа деген көзқарасым өзгеріп бара жатыр.
Zhan
Толығырақ ©
dark_nazgul
Сүйген адамыңды ғана бөлісу қиын деген тоқтамға келім.
Zhan
Күйеуге тимей жатып, ғашығымды ойша қызғанып отырамын. Күйеуі бар келіншектер заңды күйеуін неге қызғанбасқа? Бір таныс келіншекті білем, күйеуі тастап кеткен кезде ананың қандай халге ұшырағанын көрсең. Әлі де болса күйеуім өзіме қайтып келеді деген үмітпен жүр.
alisha
Мәселе көтерілмек түгілі, түсімде осындай бірдеңе көріп, ояна сала «Иехху!» деп айқайлағаным бар еді…

Түсімде күйеуім тоқал әкеліп жатыр екен. «Тоқалым болады. Бірақ қасына жатпаймын. Сені жақсы көремін деп жатыр екен». Мен де оған сенімді екенмін деймін… Енді жатар алдында жаныма қарасам, күйеуімнің орны бос тұр… Бір кезде «Ол да адам ғой… Екі-үш күн қасында бола тұрайын» деп қарап тұр… Мамма, сол кездегі сезімімді суреттеп бере алмаймын. Сөзім жоқ! Сонда білдім «төсек бөлісудің» не екенін! Басқа бермесін!

Түсім ауа-райының құбылуына көрінген екен…
Zhan
Түсің болып жаның қалыпты. Өңіңде болса не істер едің?
alisha
Сенсең, сол кездегі жағдайымды дәл бейнелейтін сөз таба алмай отырмын… Басқа түссе, көнесің… не істейсің басқа? Тфу…
dark_nazgul
көнбеуге де болады.
dark_nazgul
мен білем ондай жағдайды. оны шынымен бейнелеу қиын. ішіңді ит жыртып кеткендей болады. ішің езілгеннен ая? ыңды баса алмай қаласың.
bizbike
мен де қарсы емеспін деп қоямын ғой, бірақ маған да сондай түстер енген, бір емес, бірнеше рет. Сондағы қалпымды шынымен де айтып жеткізе алмайды екенмін
asaubota
әйел қызғанышы деген страшно ғо, а?
mirasasem
Түсімде көрмеппін, өңімде қарсы емеспін
alisha
Біздің Атырауда бір жігіт екі егіз қызға қатар үйленген. Бұл жағдайда біреуі тоқал болып санала ма, әлде тең құқылы ма екен?
dark_nazgul
қайсының некесі бұрын қиылса, сол бәйбіше.
VKM
қайсының некесі бұрын қиылса, сол бәйбіше.
mercedes
күштіііііі! ана жігіт бақытты шығар шіркін.
Aizhantabyn
Құдай басқа салмасын, но сам Всевышний разрешил, с оговорками правда.
SaryQazaQ
Ашынадан гөрі тоқалдық жақсы.
Armanjan
Алиша түсті түннің қай уағында көріп едің, таңға жақын көрген жоқсың ба?
alisha
Жоқ Орындалу ықтималдығы ең төмен кезде… Сосын… түсімдегі «тоқал» күйеуге шығып кетті. Неге сұрадың, байсыз қалсам мені алайын деп пе ең?
Daniar-Alan
бұл сөздерді естіген Armanjan найзадай кірпіктері төмен қарааааааап қалыпты дейді ел аузындағы әпсана…
asaubota
келіншектермен қатты ойнайсың а, байқасам?
salamat
қазақстанда тоқал мен одан туған бала мәселесі заңда қарастырылмаған!
әмеңгерлік пен әйелі бала көтермеген жағдайды ғана ескеру керек.
тоқал алу ауқаттылардың хобиына айналғаны мазақпен тең!
ашына болу жоқшылыққа да тоқшылыққа да байланысты.
Мұртазашалағанда: қызметте біреу төсекпен біреу өсекпен көтеріледі.
Rafaello
Шведтер бұл тұрғыда еш сөлекеттік жоқ деп отыр. Мен өзім ашыналықты қолдаймын деп дауыс бердім.
dark_nazgul
Тәжікстанда тоқал алу заңмен қудаланады екен.
Barsa
Өз жанұясы бар қалталы азаматтардан заңсыз бала сүйіп, нәски жуу, отбасылық айқай-шудан басым тыныш болсыншы дейтін қаракөздер отрядымен ешкімді таң қалдыра алмайсың.

Соған қарағанда, тоқалдықты заңдастыратындай жағдай болып жатса, тұрмыстағы келіншектер қазаным мен күйеуіме ортақтасатындар шығады деп қарсы болса, «ақылды еркектер уже үйленіп қойды» дейтін отырып қалғандар тағы бір мүмкіндіктің туғанын ойлап қолдау көрсетеді деп ойлаймын.
87014087892
мүлдем қарсымын
satibaldi
мүлдем қарсымын
Түсінесіз бе, сіздің көзқарасыңызға ештеңе байланысты болмай тұр
87014087892
Сізге айтылған жоқ кой бул жауап
satibaldi
Маған айттыңыз, өтірік айнып қалып отырсыз.