Алғаш рет онлайн трансляция жасап көрдім


Кеше Астана қалалық әкімдігі ішкі істер басқармасының қолдауымен мектеп оқушылары және студенттер арасында КВН өтті.

Алғаш рет осы 2 ойынды интернет арқылы трансляция жасап көрдім. Өзіме ұнады, қызық екен.

Бұл үшін бар болғаны бір ноутбук, вебкамера және жақсы интернет керек. Трансляцияны Kiwi.kz сайты арқылы істедім. Жазылған пікірлерге қарағанда бейне де даусы да жақсы шыққан. Алғаш рет болғасын жарнама жасамадық. Енді алдағы үлкен ойындардың алдында алдын ала жарнамалаймыз. Ойынға келе алмағандар интернет арқылы қарай беретін болады.

Кивиде былай бәрі оңай, қарапайым. Егер қаласаң жабық трансляция да жасауға болады, қарайтын адамдарға код бересің болды. Тек статистика жоқ екен. Тек онлайн қанша адам қарап отыр, соны ғана көре аласың. Енді Youtube арқылы да тексеріп көрмекшімін.
Бөлісу:

18 пікір

MickThatsMyNick
ютюбта статистика болу керек…
serjan
Қалай жасау керектігін толығырақ жазуға бола ма?
asaubota
алдымен киви.кз сайтына тіркел, сосын Трансляции деген бөлімге кір. Cоздать трансляцию дегенді басасың, сосын егер камераң жалғанып тұрған болса экранға шығады, сол кезде қызыл түймені басып бастап кетесің трансляцияны.
rymbek
Сәлем, Арашт. Ютубта транслация жасау мүмкін емес.
Сосын, киви Қазақтан аумағында орналасқандықтан, оған кіретін және шығатын трафик жылдам болады. Бірақ, қазір мегалайнерлердің инет жылдамдығы едәуір өсті ғой.
asaubota
онда маған қазір тиімдісі сол Киви ғой
rymbek
justin.tv осы сайтты пайдаланып көр.
Sabions
жасаған трансляцияңды видео ретінде көруге бола ма?
asaubota
видео ретінде сақталмайды, тек сол кезде ғана көруге болады.
Sabions
аха білем ғо. видео ретінде сақтап қойды ма дегенім ғо… Камтасиямен тусіріп болсын… жақсы рахмет
FaraOn1
Camtasia Studio 6 ты қолданып көріңіз
saken
ноутбук, вебкамера және жақсы интернет керек.
жақсы интернетке қалай қол жеткізуге болады, концерт залдарында, болмаса стадиондарда?
ЮСБ-модемнің мүмкіндігі жетеді ме?
asaubota
Ақтөбе стадионынан жігіттер істеп жүр Мегалайн арқылы. жақсы, сапалы болып шығады.

USB арқылы жылдамдық жақсы болса болады екен. Jet-ке қатты сенбеп едім, бірақ аман-есен алып шықты КВНды.
izbasar
Аршат мырза транслятция арқала онлайн сабақтыда көрсетуге болатын шығар.
MINbala
жалпы осындай ақпаратты толық мақала қылып түсіндіре жазуға болады ма екен. Білмегендер біліп үйренсе деген ой ғой. Мен мысалы ондайды білмеймін, үйренгім кеелді
asaubota
болашақта көрейік. әзірше видеоға жазып, сабақ қылып түсіндіруге дым уақытым жоқ. және жалпы өзім орысша айтқанда методом тыка үйренуді ұнатамын.