БОЛМАҒАН ОҚИҒА

Өмір болған соң күнде түрлі оқиғалардың куәгері болып жүреміз. Олардың біріне өзіміз араласып жатсақ, басқасын сырттан бағып, көзбен көріп, болмаса құлақпен шалып жатамыз. Қазір ақпарат заманы болғандықтан дөңгеленген дүниеде не болып, не қойып жатқанынан ілезде хабардар болып жатамыз. Кәзит, жорнал, теледидар, интернент тағысын тағы тағылар сияқты ақпарат каналдары бар оқиғаны жеткізіп салып тұрады.
Болған оқиға бәріне боян. Сондықтан сіздерге тың жаңалық айтып таң қалдыра алмаспын. Болмаған оқиғалар да болады. Сол төңірегінде біраз ауыз әріп.

Сонымен:
Тіл мәселесінен бастайын. Ол болды дегенге бәрібір ешкім сенбес.
Болмаған оқиға:
Қазақстанның дүйім жұртшылығы 112 пайыз қазақ тілінде сөйлеп жүр;
Болмаған оқиға:
Депутаттар күндіз түгілі түнде де ұйқы дегенді ұмытып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей, елдің малын емес, қамын жеп тынбай еңбек етіп жүр;
Болмаған оқиға:
Студенттер сессияларын ақшасыз жауып жатыр;
Болмаған оқиға:
Жол ережесін бұзған көлікті тоқтанқан МАИ қызметкері жүргізушіден еш теңге дәм етпей, «байқап жүр, жол болсын» айтып тек шығарып салып жатыр;
Болмаған оқиға:
Шошып ұйқымнан ояндым…
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
Әлі болмаған оқиғаларды болдыру —
araika
Студенттер сессияларын ақшасыз жауып жатыр
мына жолдардың кемтігі бар сияқты. Мысалы пайызбен есептеп көрсету керек пе еді…
meirzhan
Барлық студенттердің сессияларын ақшасыз жабуы — болмаған оқиға
araika
Ақшасыз жабатындар бар, өз басым ешқашан ақша ұсынып көрмеппін
meirzhan
Барлық дегенге акцент қойылып тұр
araika
иә, төменде жаздым
meirzhan
Болмаған оқиға:
Студенттер сессияларын ақшасыз жауып жатыр;
100 пайыз студенттердің ақшасыз сессия жабуы болмаған оқиға екенін рас қой. Дәлелдейтін несі бар.
кем дегенде 40 пайызы ақшамен жабады
araika
Сенікі дұрыс! Пост авторыныкі де дұрыс!
Мен былай ойлаппын: қазір болмағанмен келешекте болатын оқиға екен деп. Елестеткім келді...
know_how88
пайызбен есептеп
araika
100 % болу ықтималдығын дәлелдеу… немесе керісінше
balzaminka
парасыз да сессияны жабатын студенттер бар екенін ұмытпаған абзал болар. МАИ қызметкері жайлы да сізге қарсы уәж айта аламын  Алдымда бұрылатын көлікті күтіп тұрмай бұрылып, ережені өрескел бұзған кезімде МАИ қызметкері келер жолы олай істемеңіз деп жібере салған ))
AL-ASTER
Сессияға қатысты жолы рас емес.
know_how88
Ия, ойымды нақтылай түсуім абзал болғандай-ақ екен
satibaldi
Жазба — құсық, аффтарды — зынданға!!!