Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ !

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мадени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

Адам баласы ұзын уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми жүиесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара ашқалы ол адам баласының ой еңбегімен дене еңбегін барынша жеңілдетіп, электронды тетіктер арқылы айлық алыс жерден қас қағым сәтте ақпарат алатын ғажайып мүмкіндіктерге ие етіп, адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үиретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни «сауаттылық» өлшемдерінің біріне айнала бастады. Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.

Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүие көп ұзамай жаңа жүиеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.

Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зыян шекпек.

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғүрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.

Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.

Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп «әлемилендіріп» жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн.

Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті «ауылы аралас, қойы қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.

Ғылыми сараптауларда ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Үиткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мадени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.

Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сыяқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, сүитіп адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды. Сол себепті сиқырлы да сырлы көк екранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүикеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған жас буынның санасына да мықтап сіңіру сіз бен бізге бұлжымайтын міндет, ағабуындық борыш болуға тиіс.

Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе өспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қыяли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақылақ, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.

Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қыяли әлемге неғүрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет.

Өткенде мен осы мақаламды жазуға түрткі болған мынадай бір істің куәсі болдым, жұмыс бабымен араласып жүрген ауылдасымның үиіне барып есігін қақтым. Есік ашылмай арада аз кідіріс болды, естілмей қалмасын деп есікті қаттырақ қақтым. Сәлден соң есік асығыс ашылды, бірақ сырттан кірген маған сәп салған ешкім болмады. Есікті ашқан ауылдасымның 6 клас оқитын ұлы екен. Ол менің кім екеніме қарап та қойған жоқ, есікті аша сала жүгіре басып компьютер қойылған үиге кіріп кетті. Үиде баладан басқа ешкім болмаған соң оған жөнімді айтып кетейін деп қасына келіп «мен кеттім» дедім. Бар назары компьютердегі қян-кескі атыс-шабыста болған ол маған қараған да жоқ, «кетсең кетебер» деді қатқыл үнмен, бейне өзі тектес балаға жауап бергендей. Ертесі кеште сейілдеп әйелімен бірге жүрген ауылдасыма кезіктім. Бала әке-шешесіне үилеріне барғанымды айтпапты. Мен кешегі болған жәйды оларға толық айттым. Ауылдасым сәл ыңғайсызданған бейнеде «мен көбінесе жұмыс жәйімен сыртта жүремін, баланы тектеп-тежемей компьютер соқтыға айналдырған мына келініңіз» деді өзін ақтай. Әйелі де жасырмады, шынын айтты: «я, ағасы, баламыз азып-тозып сыртта жүрсе шырғалаңға, жәйсіз жағдайға ұшырайма деп үиде компьютер ойнағанын шектемейтініміз рас. Қайта, үиде үлкен адам жоқта, үиге кірген сіз болғаныңыз жақсы болыпты, егер бала ұры не тонаушыға өзіңіз айтқандай есік ашқан болса не болдық деңізші?» деді тәрбие тәсілін өзгерту бекіміне келгендей. Міне бұл айтып отырғанымыз реал өмірде маған кез болған бір мысал ғана.

Қазір әуелі ішінара іс басында отырған ұлтымыз уәкілдері мен атқа мінер азаматтарымыздың өзі компьютер мен ғаламтордан ойдағыдай игіліктеніп жүргені жоқ. Олардың кей бірінің сауаты мықтағанда компьютерді ашып-жабумен ғана шектелсе, ал кей біреуі бұл техникадан сауатты болғанымен қызмет үстіндегі тұтас бос уақытын қарта ойнаудан я болмаса ғаламторда белгісіз біреумен қысыр кеңес құрып, қажетсіз күлкімен өзін алдап күн өткізуден ары аса алмауда. Егер күнделекті өмірде әрқандай адам компьютер мен ғаламторды өз игілікті ісі үшін ғылми түрде оңды пайдалана білсе онда ол ғаламдық дамуға бастайтын ғажайып құрал ролын атқардаы да, ал керісінше болғанда адамдарды өзіне еліктіріп баурайтын ойыншық құралдың ролын ғана атқаратын болады.

Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бүидалауымен өз өмірін өзі ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін, денсаулығынан айырылып айықпас дертке душар болатын болады. Ал дұрыс мақсатта пайдалана білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал. Қоғамдық, экономикалық дамуды алға бастырып, өндіргіш күштерді өркендеуге жебейтін, адамдарды біліктілікке бастайтын білім экономикасы дәуірінің ең маңызды қозғаушы күші. Сондықтан біз компьютер мен ғаламторды заман талабына сай «Зарарынан қашық болуға, Пайдасына ортақ болуға» пайдаланып, ондағы бар болған күллі ғажайып мүмкіндіктерді өркениетті өмірден өз еншімізді молырақ алып қалу үшін қызмет еттіруге шебер болуымыз қажет.
Ыспандияр Солташұлы
Бөлісу:

4 пікір

serjan
Мұндай тақырыптардың арқасы жауыр болып, төрт аяқтан тасырқап біткен.
patick
Тақарапқа қосымша оқуға ұсынамын:
1. Отырықшы болудың негізгі артықщылықтары (Павел Костяков-Иглинский, Уақытша үкіметтің партиялық кеңесі жанын құрылған Халық ағарту комиссариатының алқа отырысындағы баяндамасынан, 1917 жыл)
2. Бос жатқан даланы егістікке пайдалану. Тың игеру (Владислав Макаренко, КСРО Ауылшаруашылық Министрлігінің алқа отырысында жасалған баяндама, 1948 жыл)
3. Ауыл шаруашылығын механикаландыру (Сейсенбай Жарлыбаев, Механизаторлар мен шопандар дайындайтын оқыту курстары бар ауыл мектептеріне арналған оқулық, 1974)
KILYZAMAN
Шындықты тағы бір рет шыңғыртғаныңды түсін… Шыңғырудың жолдары көп!!! Таңдай біл!
Medium
Интернетте интернет туралы мақала?