Барымызды бағалай білейік...

Доңғалақтың қолданыста пайда болуы жайлы бір жерден оқып едім. Түпнұсқасын қояйын деп, түйіншектерімнен таппадым. Есімде қалғаны: "Қаңлыдан ұл туса, ағашқа күн туады" — мәтелінің аржағында не тұр екен, деген ойдың келесі бір ойға душар қылғаны. Сол жерде доңғалақ жайлы әңгіме бар еді…
Ол, киіз үйдегі шаңырақтың жасалу әдістемесі жайлы ойтүртпектерге тіреген болатын
Жалпы, дәстүрлi баспаналарды зерттеу iсi әлем ғалымдарын ерте кезден-ақ қызықтырған. Зерттеушiлердiң ұзақ уақыт бойы жүргiзген жұмыстары белгiлi бiр баспананың ерекшелiктерiмен қоса сол баспанада тұрған халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрiн, ақыл-ой парасатының деңгейiн де ашып көрсеткен. Мәселен, Африка халықтарының мәдениетiн зерттеген Тернер «қара терiлi» халықтың баспанасына мән беру арқылы кесек-кесек «олжаға» кезiккен. Және осы еңбегi арқылы оның аты тарихта қалды. Дәстүрлi баспананы зерттеуге елден бұрын ынта бiлдiрiп және өзгелерден оза шапқандардың бiрi — орыстар. Әлемдегi көп елдер «орыстардың фольклортану ғылымы шырқау көкке көтерiлiп, дүниежүзiлiк фольклортанудың тұтқасына айналды» деп бiледi. Бiр Байбуриннiң «Шығыс словяндардың дәстүрлi баспанасы» атты еңбегiнiң өзi көптеген ғалымдарға баспананы зерттеудiң әлiппесi секiлдi көрiнедi.
толық нұсқасы
Енді бүгін мына мақаланы оқып отырып қынжылмасқа амалым қалмады
Суреттің алынған жері
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
… деген ойдың келесі бір ойға душар қылғаны.
Ауруға душар болады, ал мен жазалайм, қатал жазалайм.
VKM
Қандай үлкеееен үй
konvict
12 қанат үй болар мынау
Zhan
Бірде бұрынғы жұмыстағы бастығымыз Нұртөре Жүсіп кезекті газетті талқылау барысындағы жиында осы киіз үй туралы қызықты бір әңгіме айтып берген. Точно есімде жоқ, осы Қазақстаннан Малайзияға барған кезде сол елдің басшысы ма или үкіметтің белді адамы ма, елден таныстыруға алып барған дүниелердің ішінде киіз үйге ерекше тоқталыпты. Ешкімге ештеңе деместен киіз үйдің ішіне кіріп біраз отырып шығыпты. Сосын қазақтар қандай дана халық, шайтан бұрышты жағалайды, ал мына киіз үйде бұрыш жоқ, дөңгелек екен деп таңданысын жасырмапты" деген болатын.
Nurgisa
Феншуйдың барлық талаптарына жауап береді екен демеген бе екен?
KILYZAMAN
Қазақ үйдің табалдырығынан басталып шаңырағына бірақ баратын ырым тыйымдардың қиялы ұшқыр пысықайлардың ілім(ғылым) қылып шығарған түріме деп қалам кейде соны: су миымды сақыралата қайнатып, өзімше зер салғандағы ойым