Таныс болыңыздар: madlen

madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын.

— Күніне неше рет кіресің?
— Жұмыс күндері таңертеңнен кешке дейін отырамын. Демалыста көзімді аша салысымен керекті бір тексеріп шығамын. Керекинфосыз күндермді елестете алмаймын. Егер Керекинфоны әлеуметтік желі деп есептеуге болса, Керекинфо мен үшін ең күшті әлеуметтік желі. Кімнің сөзі еді осы…

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Маған тақырып емес, посттың авторы қызық. Яғни, өзім сүйіп оқитын авторларды ғана оқимын көбіне. Мысалы, Айжанның түсініксіз жанрдағы өлеңдері, Қисық пен Патиктің Киностаны, Бальзаминка мен Жаннаның елімізден тыс өмірі деген сияқты. Сосын Омарбраттың видеолары, Гастаның "үйтіңдер, бүйтіңдер" деген оқытулары, т.с.с. Мүмкін бұл жаңадан келген қолданушыларға әділетсіздік болып көрінер. Бірақ, солай.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп-жарып айта аламын: Сэмми ханымның, Мейіржанның, әрине Вениктің (пікірі тым біржақты болғаны үшін де қызық), Садық (әрқашан мені қолдап жүретіндіктен болар), Зере (өзінің пікірінен тайдыру өте қиын), АКУ (бір сөзбен қойып қалады). Қалғандар ренжімесін, барлығыңды да жақсы көрем!

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақын досыма және сіңліме оқытқызамын. Өздері де кіріп тұрады. Жалпы, Керекинфоны пиарить етіп жүрем, қай жерде жүрсем де.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Қауымдастықтарға модераторлар тағайындап қоюшы едім. Шектен тыс флудтау, адамның жеке басына өтіп кету деген сияқты заттарды қадағалап отыратын еді.
Сосын, осыдан алдыңғы интерфейс тартымдырақ болатын. Мен соны қалдырушы едім.
Бөлісу:

231 пікір

Gulistan
Маржан, қуаныштымын! Ортамыздың гүлі болып жүре бер!
madlen
рахмет
MrQ
Ассалаумагалейкум ,,, мен бугин тиркелдим. керекпен бурыннан таныспын алайда трнетим айрылып қалып логиндарымды жогалткам, кайта кауышканыма қуаныштымын!
madlen
MrQ, мен де қуаныштымын! Жақсы посттармен бізді қуантып тұрыңыз!
Aizhantabyn
))) керектің астрологы боласың ау дим))))
астропрогнозбен қызығушылығың неден басталды?
madlen
Айжанчик, қуана-қуана болам, сен айтсаң болд
Қыздардікі неден басталады деп ойлайсың… сол баяғы жігіттер ғой
Aizhantabyn
8-ой знак дегенге сенесің бе?))))) че-то соңғы кезі соған көңіл ауып жүр.
madlen
8-знакты онша түсінбеймін, сол үшін онша сенбеймін
Aizhantabyn
хозяйн-раб положение ше, когда өзіңнің белгіңнен кейінгі 8-белгі туралы)))
madlen
а, ия. Ол бір жерлерде солай делінеді. Ал бір жерлерде өзіңмен санағанда 7ші белгі делінеді. Мен соған сенемін. Сен Таразысың мысалы. Сонда саған идеально Тоқты келеді. Мен өзім Тоқты болғаннан соң, Таразыларды қатты зерттегенмін
Aizhantabyn
тоқтыдан қашып жүрмін ғой сол үшін)))))) балық пен тоқтыдан басқасы деп))))
өзіңмен бірге, сенікі дұрыс, өзіңнен кейін 7-белгі саған құл деп оқығам)
e_zhalgas
тоқтылардан қашпа, таразы ретінде айтамын
Nurgisa
Маржан «Керекинфоның» аруы екенімен бәрі келісетін шығар осы.
asaubota
егер «Сайттар Миссі» байқауы болатын болса кімді жіберетінімізді бұрыннан белгілі сияқты.
madlen
Ухты, барам, барам!
Erke
Арине Нуреке! Адеми кыз керекинфодагы! Баскалары ренжимесин енди!!!
madlen
Уай, аға, рахмет!
asaubota
атың да әдемі. ішінде А, Р әріптері бар аттар ұнайды
Gulistan
Айтқандары дөп түсетініне қарағанда, астроболжауды мықты меңгергенге ұқсайсың. Мен, мысалы өзіме керектісін және керек адамдарымдыкін ғана оқимын, қалғандары назарымнан тыс қалады.
madlen
Анар, осыны Жалғасқа айтшы, а?
e_zhalgas
бәрібір сенбеймін! :*)
TERISKEY
Мен ең алғаш кездескенде, алғашқы жазған пікірлеріне қарап, орыс тілді қыз екен ғой деп ойлаушы едім. Сөздері жойқын, тілі мір екен әпкемнің аказывайытса
madlen
орыстанып кетуге сәл-ақ қалған еді өзі де
patick
«Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды.

«Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагенттігінің іс-шаралар үйлестірушісі десе болмай ма?

Жалпы базар жоқ қыз. Қай-қай жағынан да. Тек көп күлші
madlen
Патик, қазақшасын білмеген едім. Жақсы аударма. Но  
«Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагенттігінің іс-шаралар үйлестірушісі
бұлай деп айтса, мен НRда істейтін маман сияқты болып қалам ғой, тек осы компанияның қызметкерлеріне іс-шара ұйымдастыратын. Ал, менде ондай емес, клиенттерге қызмет.
madlen
Тек көп күлш
аз күліп жүрмін ба?
patick
аз күлесің, жалпы аз жымиясың
madlen
мынау маған жаңалық болды!
Kasymolzhas
Керекинфосыз өмірін елестете алмайтын қыз.
qisyq
деген кезде бағанадан бері абыр-сабыр, у-шу болып жатқан керекинфолықтар тына қалды. Тек әлдебіреудің "Қасым Олжас, Олжас Қасым" деген күбір-сыбыры ғана естілді.
Сұрақ: Маржан, керекинфодағы ақындардың өлеңдері туралы пікіріңді жазшы.
madlen
Садық, Айжан, АКУден басқа ешкімді оқымаймын.
Gulistan
Маржан, демалысыңды қалай жоспарлайсың? Қандай хоббилерің бар? Достарың мен туғандарыңның көмегіне жиі жүгініп тұрасың ба?
madlen
Сондай жоспарламаймын. Әр кезде әр түрлі. Көбіне жұмысыма байланысты кештерде болам: тегін тамақ деген сияқты… халява жақсы ғой

Тегін таратылатын журнал, брошюраларды жинаймын. Осыны хобби деп айтуға болса, әрине. Алматыда, Астанада болатын іс-шаралар туралы, акциялар, жаңадан ашылған демалыс орындары туралы қызық материалдар жарияланады онда.

Достарыммен жақын араласқанмен, өзіме сенушілік басым. Білмеймін, ата-анам да айтады: бұл қыз через чур самостоятельная, өз білгенінен қалмайды деп. Қыз балаға тым тәуелсіз болған жараспайды деп жатады. Сонымен келісемін.

Достарым мен жақындарым көбіне маған сүйенеді. Өзі сондай адаммын
Nurgisa
Маржан, ағылшын тілін еркін меңгергенсің ғой, түсінуімше? Аудармашылық кәсіпке бой ұрғың келмей ме?

P.S. "Іс-шара", "үйлестіруші" деп жатпай, «ивент-менеджер» деп халықарализмді дәлме-дәл бергенің ұнап отыр.
madlen
Аға, жоқ, аудармашы болғым келмейд. Универде оқып жүргенде біраз аударып көргенмін. Оған менің шыдамым жетпейтін сияқты.  
Егер туризмге келмесем, мектепте мұғалім болушы едім.
Nurgisa
Қай пәннің мұғалімі? Биология?
madlen
Жоқ, ағылшын тілі
monti
мектепте мұғалім болушы едім.
кішкентай кездегі арманың ба еді?
madlen
Жоғиии, менің факультетім педагогический еді да. Онда бізді пелагог-патриот едім тәрбиелеп тастаған
Nurgisa
Маржан қарындасымыздың тақырыбы, байқап отырсам, бәрімізге әдемі позитив сыйлап отырған сияқты.
asaubota
өте арық та емессің, толық та емессің. форманы қалай сақтайсың?
madlen
конституция сондай, ол үшін ештеме істемеймін.
Gulistan
Асхана жаққа жиі барып тұрасың ба? Сүйікті тамағың?
Биылғы жылы сен үшін қандай атап айтарлықтай оқиға болды?
madlen
Асханаға жиі бармаймын, бірақ тәтті болса болды. Бір күні жұмыста өзім сезбей, күнімен шоклодадпен тамақтаныппын.

Биылғы жыл… Жұмысым ауысты, керекинфоға келдім, Тайландқа қыдырдым.
Gulistan
Сұрағымды басқаша түсініпсің әлде мен бе дұрыс ұқтырмаған: ас мәзірлеуге қалай қарайсың? дегім келген еді.
madlen
Ой, Анар, енді кім нені ойлайды деген осы ғой  
Ас мәзірлеу? Ммм, ас әзірлей алмайтын оңтүстіктің қыздары жоқ шығар. Көңіл-күйім болғанда вообще бір кучТ необычный тамақ жасағанды ұнатам.
e_zhalgas
бір кучТ необычный тамақ жасағанды ұнатам
т.е. ештеңе жасай алмайсың?
Nurgisa
 
Асхана жаққа жиі барып тұрасың ба?
Асханаға жиі бармаймын
Сұрақ, жауап… Бәрі заңды
serjan
Мадленше сұхбат:
1. Инязда қай мамандық бойынша бітірдіңіз?
2. Әдетте адамдармен қазақша сөйлескен ыңғайлы ма? жоқ әлде орысша сөйлесу жеңілірек пе?
3. Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
madlen
1. Педагог, ағылшын тілі
2. Жұмыста қазақша сөйлей алмаймын, ыңғайсыз. Ал, күнделікті өмірде қазақша да, орысша да бола береді.
3. Жауапкершілік: айтқан затты уақытында орындаған қандай жақсы. Шынайылық: басқаша болып көрінгісі келетіндерді түсінбеймін. Уникальность: әр адамның өзінің бір қайталанбас жарқын қасиеті болу керек деп ойлаймын.
Nurgisa
Аман Тулеевтің таныс-тамыры емес пе екен деп қызықтаушылар бола ма?
madlen
Туысқан інімнің аты Аман. Әдейі солай қойдық
Nurgisa
Байғұс туысқан інің
KILYZAMAN
Қызыма суретте ұқсастығың көп. Мінездерің келмейтін сияқты… Аман болыңдрашы алтындарым!!!
patick
«Ата, ата деп шеттетесің қарағым...» демесең болды
KILYZAMAN
 Патекесі, потикаңды оң кисейші… Өз өлшеміңмен түгел қамтуды Сатыбалдыдан үйренсең — жирене баста.
KILYZAMAN
Түзету; потика*потинка (анекдоттан)
Armanjan
Мыняқта пресс-конференция болыв атыр ғо дим, менде бір-екі сұрақ нете салайыншы. Ысталабойға немесе басқа да тамақ нету орындарында барғанда көбінесе первыйға қандай тағамды, ыптарайға қандайын нетесің, сосын жалпы нанға қалайсың? Біздің жақтың қыздары (павлодарлықтар) тамақ алған кезде без хлеба деп майысып тұрад, неге десең семіртіп жіберед дид, сосын тағы бірденелер сұрайын дев едім кейін нетермін. Айтпақшы нағыз аққұбаның өзі екенсің.
madlen
ия, осяхта кучТ пресс-концеренция  
Первыйға сұйқ тамақ, второйға қою  тамақ таңдамаймын, жалпы. Без хлеба деген дұрыс қой. Нансоғар болып не керек қыздарға. Негізі, нанды жемей жүрсең, соған үйреніп кетесің.
KILYZAMAN
Нан болмаса — ән болмайт деген Л.И.Брежнев деген кісі. Нанбасаң атаңнан сұра
nurbergen_makym
Нұрберген Мақым, «Туаймайттэн түні» А4 қағазы. Менің мынадай сұрағым бар:
1. Мадлен, арақ ішесіз бе?
2. Сіз үшін жақсылық деген не, жамандық деген не?
3. Алкогольді ішімдіктің түріне, сұрпына қарап оған тіскебасар таңдай аласыз ба?
madlen
Сұрақтарыңыз өте орынды және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғайды екен.
1. Арақ ішем, сосын өзім сол түсімнен шошынып оянамын.
2. Жақсылақ деген жап-жақсы, жамандық деген жап-жаман.
3. Әрине, мен ивэнт-менеджермін ғой. Банкеттердің мәзірлерін дайындаймын. Араққа көбіне русская закуска, русские соленья тапсырамын. Әйелдер басым болса, қызыл полусладкое вино. Оған тіскебасар ретінде сырдың түр-түрінен ассорти. Пивная вечерика болса, онда көбіне чесночный хлеб, колбасалардан ассорти, креветки. Солай жалғаса береді.
Nurgisa
Сарымсақты нан былайша да жақсы кетеді ғой. Итальяндық мейрамханалардағысы ұнайда.
Zere
Маржан өте әдемі, сонымен қатар өте қарапайым. Қазақтың осындай қыздары көп болса екен. ) Мадлен, астрология бойынша тоқты мен егіздердің қарым-қатынасы қалай өрбиді? Өз ойың. ))
madlen
Қайсы ер, қайсысы әйел?
Zere
Әрине, мен… егіздер ))
madlen
Ах, да. Кешір. Егіздер-қыздар қарым-қатынсата пысықтау болып келеді. Сосын тым сезіктенгіш және сол сезіктенген заттары соңынан рас болып шығады. Егіздер сезімге тым берілмей, есеппен жүреді. Олардың ақылы Тоқтылардың басын айналдырып, көзін тұндырып алуға жетеді деп ойлаймын. Тоқтылар эмоциональды, импульсивті. Амбициялары аспанда. Онымен бірге тұру үшін оның сондай қызуқанды мінезіне дайын болу керек. Ал, ол деген олай емес. Ол үшін ол адамды шынымен де қалауың керек.

Сосын Тоқты-еркектер тым қызғаншақ болып келеді. Сенің танымалдығың оған кедергі болып көрінуі мүмкін. Сенің деңгейіңнің жоғары екенін білмегені жақсы. Оның самолюбиесін түсіруі мүмкін.

Жалпы, қай гороскопты ашсаң да, Тоқты мен Егіздер өте жақсы болады деген. Так что, алға!
Gulistan
Ал Тоқты мен Суқұйғыштың үйлесімді болуына кедергі бар ма?
madlen
Сен Тоқтысың ғой. Тоқты-қыздар мен Суқұйғыш-жігіттердің жұбында Тоқты доминант болып алады. Суқұйғыш бұған қарсылық білдіре қоймас. Тек оның еркіндігіне тимесең болды. Мені, Тоқты ретінде, Суқұйғыштар бесят. Тым равнодушные. Оларда өмірінің мақсаты жоқтай болып көрінеді. Махаббатқа сене бермейді, отбасын ақыл махаббатымен құрады. Әйелін көбіне дос ретінде көреді. Тоқтымен қосылса, жалпы оның мойнына асылып алатын шығар деп ойлаймын. Ондайды болғызбау үшін Тоқты безілдеп жүріп, түртпектеп жүріп көмектесу керек болады.

Егер Суқұйғышпен қосылатын болсаң оны өз жайына қалдырып, тиісе бермеуді уйренуің керек. И в то же время карьерасында, финансы жағынан табысқа жету үшін жаныңды салып көмектесетін боласың.
Nurgisa
Сен Тоқтысың ғой.
мынауың бір түрлі екен, Маржан қыз
madlen
Туф, осылай сөзді саралай береді екенсіз сіз де. Мен де Тоқтымын
Armanjan
Тауешкілермен нетсе қалай былай, тіл табысып кете ала ма, жалпы қалай дегенім ғой…
madlen
Сен тауешкісің ба?
Armanjan
енді болғасын сұраватырмын да, немене жаман хабар бар ма?
madlen
Жоқ, әрине. Тауешкілер харизмаға толы, сүйкімді, өздеріне қатты сенеді. Жақсы ғой.

Кіммен кімді нетіп деп сұрап жатсың?
Armanjan
ой жалған дүние-ай енді, кіммен кімдісі несі, бұл жердегі әңгіме пресс-конференцияның иесіне тікелей қатысты екені көз бен құлаққа ұрып тұрған жоқ па?
madlen
Аа, қайдан білейін, сорри Арманжан!

Тауешкілер мен Тоқтылардың басы бір қазанға сыймайды, екеуінің де көздегені сүйіктілерін аяқтарына жығылтып, өздеріне табындыру
Armanjan
еееее, ешқандай үміт жоқ десейші онда..
madlen
Арманжан, бұл деген жұлдыз жорамал, оны шынымен де қабылдап керек емес.
Armanjan
сонда да сұрағым кеп тұрғаны, қай жұлдыздағылар тауешкілердің оң жамбасына келеді екен, нетіп жібере алмайсың ба?
madlen
Козерог басқа Козерогпен бақытты ғұмыр кеше алады.

Сосын Тауешкілер Бикештермен және Торпақтармен жақсы қарым-қатынас құра алады. Бірақ соңғысының ырқына көну үшін өзінің темпераментін басуға тура келеді.
Erke
Жоқ, әрине. Тауешкілер харизмаға толы, сүйкімді, өздеріне қатты сенеді. Жақсы ғой.
Рахмет токтым Мадлен! Ризааааааааа боп калдымго!
Gulistan
Тоқтылардың Тауешкіге "құлауы" заңды ма?
Armanjan
кетші-әй сен, қыстырылмай!
asaubota
мен де жыным келетін Овендерге. Телецпен де жұлдызым жараспайтынын алдын ала білгенмін ғой ))
Gulistan
Ал гороскоп бойынша кім екенін білмесең ше?
asaubota
білсең де білмесең де түбі жарасатын болып шығады әйтеуір.
Gulistan
сол ғой, қатты ойлап керек емес, бірақ артық та етпейді
madlen
Ой, мама, қыздар мен жазғанымның барлығын исключительно өз оқығандарымнан және көргендерімнен жазып жатырмын. Гороскоп деген 50:50 зат қой. Тым қатты сеніп қалмаңдар.
Gulistan
Ия, дұрыс айтасың, Мақпал. Нақпа-нақ қабылдап қажеті жоқ, ол жай ғана тұспал.Абсолют ештеңе жоқ дегендей
madlen
Ой, мама, Маржанмын ғой
Gulistan
кешірМақпал есіме түсіп кетсе керек.
Nurgisa
Міне, танысқандарың жақсы болды кешелі-бүгінді
e_zhalgas
ұффф, мойындады!
Zhan
Қандай сүйкімдісің! Жауаптарыңды оқып отырсам, Таиландқа бардым депсің. Ол жақтың адамдарының ерекшелігі қалай? Жастары бір көргенде саған қандай әсер қалдырды? Адамдарының түрі жылы ма? Ол жақтан бізге нені үйренуге болады? Озық жақтары мен жалпы, өз ойыңды айта отырсаң.
2. Көрген түсіңе сенесің бе және оны жори аласың ба?
madlen
Рахмет, Жан!

1. Тайланд деген нағыз экзотиканың тұнып тұрған мекені. Туристер толып жатыр. Мен бірінші Бангокқа, сосын Паттайя аралына бардым. Барлығы кинодағыдай дерсің. Табиғаты мүлдем басқа, тіпті ауа да басқаша сезіледі.

Адамдары көп күледі, көп жыммяды. Сондай тәрбиелі. Бойлары тым қысқа. Онда өзімді ұзын бойлы қыз деп елестетіп кеттім. Ешқашан асықпайды. Не істесе де аса тиянақтылық сезілед. Адамдарға ақшаның ролі біздікіндей емес. Ақшаны тек күн көріс ретіне қабылдайды, біз сияқты кредит алып, той жасап деген сияқты аяқтарын кең созбайды

Жастары дейсің ба? Сондағы бір турист маған бір әңгіме айтып еді: тай отбасында қыз дүниеге келсе, ата-анасы қатты қуанады екен. Себебі, ол өскен соң, бір иностранец-турист келіп, оны алып кетеді деген үміт бар. Ал, ұл туылса, өкінеді екен. Себебі, ол бүкіл ғұмыры бойы қиналып жұмыс жасайды да, мелочные ақшаға күн көреді. Не болмаса жастайынан бастап трансвестит болуға дайындалады. Трансвеститтер 35-40 жасқа жетпей қайтыс болып кетеді ғой операциялар кесірінен. Сондай…

2. Түстерімді болжай алмаймын. Максимум, өзіме ұнаған адамды көрсем, ол мені ойлаған шығар деп өзімді жұбата саламын.
patick
Максимум, өзіме ұнаған адамды көрсем, ол мені ойлаған шығар деп өзімді жұбата саламын.
Zhan
Айтпақшы, жұлдызнаманы «шашады» екенсің. Мен Мергенмін, ал мен типы ғашық жігіт «Тауешкі». Бұлар қандай жұп болады?
madlen
Жан, сәйкестілік деген қиын зат. Ол көбіне келе бермейді.
Бірақ, Тауешкілер қандай десең, жауап бере аламын. Тауешкі-жігіттер айтқанымдай, өте сүйкімді, харизмасымен. Но олар нақтылықты жақсы көреді. Или ия, или жоқ! Сосын меркантильный жағы да бар. Ақша, материалдық құндылықтар соңғы орында тұрмайды. Осы қасиеттер саған скучно болып көрінуі мүмкін. Жалпы, сен романтиксің, ол прагматик.
Zhan
Мә, точна айтасың, ана жігіт шынымен прагматик, и өз өлшемі бар өмірге деген. Мен ғо, романтик, ұшып-қонып жүрем, Кейде ол жігіттің міз бақпайтын салқынқанды, ақылдылығын көріп, бір жағынан таңырқаймын, бір жағынан сескенемін де… ))) Жауабыңа рахмет! Алдекең айтпақшы өте тиянақты екенсің.
qusbegi
men de mergen edim.
gashyk zhigit Taueshki???
Zhan
men de mergen edim.
gashyk zhigit Taueshki???
Бұрмалауыс жоқ, оның жұлдызнамасы тауешкі еді.
e_zhalgas
Мен, мен, мен де сұрақ қояйыншы:
1. Бойыңда өзің білетін, бірақ жеңе алмай жүрген комплекс бар ма?
2. Жалпы, комплексті кемшілік деп ойлайсың ба?

Жауап беруге асықпа
madlen
1. Бар, әрине. Менде ондайлар көп. Сен сондай сүйкімдісің десе, сүйкімді деген ол әдемі деген емес қой деп ойлап алам. Сен әдемісің десе, шынымен айтты ма или қыздардың барлығына солай айта ма деп ойлаймын. Ооой, көп.
2. Ия да. Маған қатты кедергі келтіреді.
Zhan
1. Бар, әрине. Менде ондайлар көп. Сен сондай сүйкімдісің десе, сүйкімді деген ол әдемі деген емес қой деп ойлап алам. Сен әдемісің десе, шынымен айтты ма или қыздардың барлығына солай айта ма деп ойлаймын.
Мен ғана ма десем… Жақсы болды ғо, енді өзіммен бірге Мадленнің де осылай ойлайтынын біліп жүретін болдым  Сені сүйкімді дегенде сондай әдемісің дегенді айтқым келгенБіліп жүр.
Zilola
Madlen,
1) Almatyda toi zhasaganga kai meiramhanany usynasyn?
2) Kai anshini shakyrgan durys?
madlen
1. Зи, мейрамханалар көп қой. Бюджетке байланысты, адам санына. «Арайлым» деген бар. Гоголя-8 марта. Залдары жақсы біздің қазақтардың тойына. Бағасы да аспан емес. Сосын Навоимен жоғарыда Тілек тас, Алтыбақан дегендер бар.
2. Бұл жерде енді точно сразу айта алмаймын. Смотря, кім керек? МузАрт па немесе Заттыбек...
VKM
Вааай, Мадлен, браво! Сұбхатың да, берген жауабың да супер. Танып қалғандаймын.
Менен сұрақ: той қашан өзі?
Armanjan
айтпақшы сен туралы таныстыру болыппеді, әлде пойыз кетіп қалды ма?
VKM
жоқ, мен инкогнито)))
Маджлен Балықтар туралы да жазшы)
Armanjan
Балықтар екі дүниеде де бақыттылар деп естігем бір жерден!
VKM
рахмет, Арманджан)
madlen
Балықтар 2ге бөлінеді: ағыспен жүретін және ағысқа қарсы. Сондай противоречивые знаки.
Ағыспен жүретіндері, әсіресе, қыздар өте нәзік, сол нәзіктігімен жүректерді жаулайды. Олардың тағдырын біреулер шеше салса да, қарсы емес. Майысқақ қыздар сондай.

Ағысқа қарсылар тіпті керісінше, жан-тәнімен тырысқақ, бір мақсат қояды да, соған жетпей қоймайды. Пысық болады. Бірдеме дұрыс болмай қалса, қолдарын сермеп кетіп қалмайды. Сосын, бір өзі ойлап тапқан затқа сеніп алса, бетін қайтарып керек емес.
VKM
рахмет, мен
Ағысқа қарсылар
данмын ғой деймін, мүмкін 50/50)
Armanjan
қое, онан да ағып кеткенің жақсы!!!
madlen
Зере қалай деуші еді… Ааа, есіме түсті. Как только, так сразу
Aikona
Маған майысып звондағаның ұнайды, еркелеп  сондай әдемі. Менде сұрайыншы, мүмкін қойылған шығар: 1. Қандай жігіттер ұнайды? 2. Таразы мен Суқұйғыш?
madlen
Саған еркелемегенде енді кімге
1. Уфф, бұл сұраққа өзім де жауап іздеп келем.
2. Таразылар көп ойланады, шектен тыс көп. Бұлттарда ұшып жүреді. Суқұйғыштарды олардың осындай эйфориясы тартады. Бірақ Таразылардың жаман қасиеті — идеал ойлап тауып алады. Сол идеалды іздейді. Табуы да мүмкін, но ол адам идеалдың стандарттарына келмесе, Таразылардың көңілі қатты қалып қалады. Осы қасиеттен құтылғанда ғана өзіне жақсы жұп табады. Суқұйғыштар қырсық, өз басының мүддесін жоғары қояды. Но в то же время егер сүйсе, адал бола алады. Ең бастысы, бұл барлық жұптарға байланысты деп ойлаймын, адамды қандай болса, сол күйінде қабылдау. Қабылдай отырып, жұбыңа подстриватьсь ете білу. Айкона, сен сияқты алтын қыздың қолынан келеді ғой бұл!
Aikona
Мені тура суреттеп бердің ғой, оны да . Рахмет маған сенгеніңе!
Zilola
ujssss, ekeui de tura keldi, ma*ma )))
sammita
Мадлен танысқаныма қуаныштымын. біраз біліп қалдық пікірлерден өзің жайлы.
Мергендер туралы әу деп жібер, саусағың босаса

Жалпы эстафеталарды оқып отырсам, тергеуге ұқсайды екен танысудан гөрі
madlen
Мерген-қыздардың мінезі тік болады. Айтқан сөздерінен артық мағына іздеп керек емес, себебі ойында не бар, соны дәл жеткізеді. Егер бірдеңе ұнамай тұрса, қиналып әуре болмайды. Жоқ деді ма, жоқ. Біреулерге бұл мінезі ұнамауы мүмкін, ал кейбіреулер, керісінше, осынысын бағалайды. Ақылды, идеялары басқалардікіне ұқсай бермейді, фантазия дамып кеткен  Экстравагантнаясың ғой  
Сонымен қатар, шыншыл, қарым-қатынаста белгілі бір шарттарға бағынбайды. Еш артық ойсыз кіммен болсын сөйлесіп кете береді, сол үшін де қуғынбай болып көрінеді.
Мергендердің жұбы да өздері сияқты ойын ашық айта салатын, сезімін еш бүкпесіз білдіретін адам болуы керек. Сонда ғана қарым-қатынастары толық, махаббаттары ыстық болады!!!
sammita
рақмет Мадлен Глоба)
Zhan
Жағаласып туған киллер құрдасым-ау, не қыса КҮШТІ екенбіз ғой.
Erkekyz
Уау, мен де мерген едім, мерген жігіт іздейін)).
Мадлен, жақынырақ танысып жатқаныма қуаныштымын!
Сұрақ: Шымкентке жиі келіп тұрасың ба?
Айтшы, бетіңе, шашыңа күтім жасайсың ба? Қандай?
Тағы алда қандай елдерге саяхат жасау жоспарыңда бар?
madlen
Тоқитын қыз, сәлем!
1. Шымкентке көп барып тұруға тырысамын. Әйтеуір, мама көп жалоба айта бастаса, демек үйге бару керек деген сөз

2. Бетіме детский кремнен басқа ештеме жақпаймын, шын айтам. Шашымды да особо еркелетпеймін. Анда-санда қызық босын деп маска жасап тұрам. Утюжокпен түзулеп тұрам. Сол ғана.

3. Европаға барғым келеді.
araika
Жақсы жазылған
Және өзімнен көп байқайтыным — кейде тауым шағылғанда, әлдекімге ренжіген кездерде, көңілім қалса, ол менен өзін биіктетсе, міндетті түрде «ақсаңдап» қалады. Қарғыс дегенді білмеймін не болмаса жамандық ойламаймын, тек ойыма осындай нәтижелерден соң МЕРГЕНдік белгі болар деп топшылаймын.
Zhan
«Керекте» мерген қыздар көп екен! Қуаныштымын. Еркеқыз, Арайка, Саммита...
Және өзімнен көп байқайтыным — кейде тауым шағылғанда, әлдекімге ренжіген кездерде, көңілім қалса, ол менен өзін биіктетсе, міндетті түрде «ақсаңдап» қалады. Қарғыс дегенді білмеймін не болмаса жамандық ойламаймын,
Арайка, бұл жайтты менде аңғарғам. Тіпті, өзінен өзі кешірім сұрап келетіндер бар.
konvict
Сұрақтар
1. Сүйгеніңіз бар ма?
2. Қандай сыйлық алған ұнайды?
3. Сіз өзіңіздің болашақ жарыңызды қалай елестетесіз?
madlen
1. Енді сүймеймін деп ойлап қойғам. Солай кучТ!
2. Раушан гүлдер
3. Әп-әдемі (мен үшін всегда әдемі), көп сөйлейтін, шашы қара, балажанды, кішкене қопалдау, асханаға араласпайтын, жұмыстан қолы босамайтын, бойы ұзын…  Осылар басыма келді қазір, қалай болса, солай жаза салдым.
konvict
бойы ұзын…
біреулер осыдан кейін уішіп кетті деген ой келіп тұрғаны
Zilola
3shi punktte
бойы ұзын…
degennen baskasy magan keledi eken
konvict
мен айнаға барып қарап келдім
madlen
Нестиміз енді? Екеуміз.....?   
konvict
ужсссс, 5-қауым ба
TERISKEY
мұнда да 5-қауымдастық? ужссс…
Zilola
juldyznamamyzdy bir karap shykshy, negizi menin bykusymda jasy menen aldekaida ulkender unaushy ed
Altygradus
ой түрден сол жаман қыз
шынымен Мадлен Глоба дейм ендігіде))
кішкене қопалдау
???
madlen
енді тым пысық болғаны ұнамайды да
Altygradus
аа түсінікті, жәй қопал деген сөзің мағынасын түсінбей жатқам. Сосын сұрақ осы гороскоптарды қайдан оқисың көбіне. Рекомендейтің сайт бар ма?
madlen
Ең күштісі ол оқу емес, адамдарға қарап, біліп жүру. Мен аз оқимын, тек қолыма түсіп қалғанда, шын айтам. Сосын қыздармен гороскоп туралы көп талқылаймыз. Солай жақсы есте қалады и точно көзің жетеді, айтып жатқанымыз дұрыс па, дұрыс емес па…
satibaldi
1. Енді сүймеймін деп ойлап қойғам.
Кілең көңілі қалған біреулер әйтеуір қаптап жүрген…
Aldeken
Сәлем Маржан! Танысқаныма қуаныштымын!
Қызметіңе қарасам, қашан да ізденісте жүретіндердің қатарынан көрінесің және үнемі қозғалыста болатынға ұқсайсың. Жалпы уақытыңды қалай пайдаланасың, үнемі жоспар құрып, сол бойынша жүресің бе, әлде басқа да әдістерің бар ма?

Пы.Сы. Әдемісің!
madlen
Рахмет!

Ізденісте болуға тура келеді. Клиентермен жұмыс жасағаннан соң болар. Олардың сұрамайтын заттары жоқ. Жауап болу керек әрқашан

Жоспар? Түк те жоспар құра алмаймын десем, сенесіз бе?  Көп уақытым жұмыспен кетеді. Біз жақында Европадағы жастар сияқты боламыз, жұмыс істеп өмір бойы қартайған шағымызға ақша жинаймыз
satibaldi
Клиентермен жұмыс жасағаннан соң болар. Олардың сұрамайтын заттары жоқ.
Извращенцы…
Aldeken
Сосын не ғо, ана жерде Тоқты мен Таразылар арасындағы қарым-қатынас тілге тиек болыпты. Соны таратыңқырап жазжверсең…
madlen
Көптеген жұлдыз жорамалдарда Тоқты мен Таразыдан идеал жұп шығады дейді. Тоқтының агрессивті, эмоциональды мінезіне жұлдыздардан ең салмақтысы Таразы ғана шыдай алатын болғандықтан шығар. Менің айналамда, мысалы, Таразылар өте көп. Солармен жақсы тіл табыса аламын. Таразылар шектен тыс көп ойланады, анализ, синтездің түбін түсіреді. Ал Тоқтылар өздерінің оптимистік көзқкркстарымен, пысықтықтарымен Таразыларды құтқарады деп ойлаймын.

Әрине, кемшіліктер де бар. Тоқтылар қызба болып келеді. Ал Таразылар өздерін тым жақсы көреді. Кейде сүйеніш іздегенде, бір-біріне уступать етуге шамалары жетпей, көкіректеніп қалады екеуі де.
Aldeken
Әрине, кемшіліктер де бар. Тоқтылар қызба болып келеді. Ал Таразылар өздерін тым жақсы көреді. Кейде сүйеніш іздегенде, бір-біріне уступать етуге шамалары жетпей, көкіректеніп қалады екеуі де.

осы ғой, осы…
19852407
madlenнің нәзіктігі ұнайды, үріп ауызға салғандай
Erlan
Су құйғыштарға 21 январдан — 20 февралға дейін, ал балықтар 21 февралдан — 20 март айына дейін, ал мен 20 нан 21 не ауысқан тунде сагат 12 ден кете туылғанмын, су құйғышпын балықпынба белгісіз, биресе балык биресе су құйғышпа деп, ой сосын тасташ димін, сосын отірік сияқты, акшалы боласын или ауыр кун болады деп отірік коркытып, сеніп қажет жок сиякты
madlen
Ерлан, ондай случайлар көп. Ондай адамдарда шынымен де екі жұлдыздың белгілері кездесіп жатады. Бірақ біреуі басым болып тұрады. Оны түсіну қиын. Ол үшін екеуінің де характеристикасын жақсылап оқу керек.

Сосын радиодан беретін ертең сізде былай болады, ар күні алай болады дегенге сеніп қажет жоқ. Жәй, сипаттамаларын оқып, адамның қандай екенін білсе болды ғой.
boztorgai
madlenнің нәзіктігі ұнайды, үріп ауызға салғандай

басымды кеудесіне қойып қорс-қорс жъладм дегенде кәдімгідей қызғанатыным рас
balzaminka
Маке, (осылай атасам бола ма?) ең шатырсыз әрекетіңді айтып берші
satibaldi
Сен де өз кезегің келгенде сол жерін жаза салш, Бәлзеке.
balzaminka
Балжан десеңіз де ренжимеймін ше, ол жайлы жазып кеткен едім
madlen
Осында Гастаның шатырсыз постында жазған екенмін:

bir balamen kezdeskim kelmei, «Almatyda emsepin, Shymkentte uidemin»- dei saldym. Sosyn Shymkenke kelgen goi. «Domawnii tel. ber, kazir zvondaimyn» deid. Bere saldym, domawkany. Sosyn dereu ozim uige konyrau walyp, sinlime meni uide jok dep aita sal dedim. Sinlim kutip otyrgan da, wydai almai ketip kalgan. Mama alyp trubkany… ujas endi, uyat. Sms kelip tur sosyn, nege olai jasadyn degen. Men tuk bilmegendei «kalai» dedim.
— Zvondadym goi, kaidasdyn ozi?
— Uidemin.
— Kai uide?
— Shymkentte.
— A nege maman jok dedi?
— Mama kop soilei beredi, — dep kutyldym

P.S. Mama tusingen goi v 4em delo, sosyn aitady: «Nege balanyn basyn katyrasyn» dep, katty uyaldym…
balzaminka
Рахмет! Бұл оқиғаны алғаш оқып отырмын, трагокомедия екен

Бұл жерде таразы, тоқты, суқұйғыштар жайлы көп жазылыпты да, егіздер бір рет қана айтылған екен, қанағаттанбай қалдым  Толықтыра аласың ба?
madlen
Уффф, шынымды айтсам, бұл уже қызық емес боп кетті. Давай саған Егіздер туралы бір жерде оқығанымды жазып берейін:

Егер мені барлауға (разведка) Егіздермен жіберсе, мен алдымен валерианка ішіп алушы едім. Себебі Егіздермен жүріп, сені не күтіп тұрғанын құдай біледі. Жолда ол менің көңілімді аулап, әңгіме айтумен әлек болады. Но мақсатты жерге жеткенде ол екеуміз біраз келіссөзге келе алмай қалуымыз мұң емес. Оның түсініксіз, өзіне ғана белгілі бір тактикасы бар. Соны іске асырғысы келіп кетеді. Ал, мен оны түсіне алмай әлек. Әрине, адам ойына келмейтін заттар ойлап тауып, оны еще маған пихать етеді. Бірақ, мен бәрібірде оған уступать етем. Себебі, оны ойынан қайтару өте қиын да. Әсіресе, приключенияларға келгенде, оның көзі жанып, амалсыз мені бағындырады. Сосын ол жол бойы сүйреп келе жатқан қабынан қызыл түсті сексуальный бір көйлекті киіп алып, мен разведкамен айналысып жатқанда жауды өзіне қаратып айналдырып тұрушы еді. При этом түк болмағандай жаумен флиртовать етіп, мені біраз уайымдатқызады. Тапсырманы осылай жоғары деңгейде орындап, үйге қайтушы едік… яғни қайтушы едім. Ал ол болса, жау жақта резиден боп қалып қалушы еді. Не болмаса где-нибудь в Польше жоғалып кетуші еді
balzaminka
рахмет, өркенің өссін!
madlen
не рахмет? сен осындайсың ба, соны айтшы.
balzaminka
 осындаймын, содан да жұрт мені түсіне бермейді
Esmeralda
Сұлу қызсыз
satibaldi
Оный айттық, басқа бірдеңе десейш.
Esmeralda
білмеймін не дерімді) тек Козерог жігіттерге рекламаны қатты жасап кетіпсіз деп айтқым кеп еді
Simona
Мадлен өте сүйкімді қыз. Сенімен жазда танысқаныма қуаныштымын.
Сен жұлдызжорамал эксперті екенсің ғой  
Менің жұдызым Таразыға сипаттама бере аласың ба?
blackbeard
Сенімен жазда танысқаныма қуаныштымын
madlen
Симона қыз! Мен де өте-мөте қуаныштымын!
Керекинфода Таразылар өте көп екен. Мүкін солар ғана өздерін сипаттап беруді өтінеді ма екен, м? Әрине, солай. Өздеріне деген махаббаттары қатты ашылған жұлдыздар ғой

Таразы-қыздар бір қарағанда тұйық мінезді болып көрінгенмен, жақын танысқанда ашыла түседі және аузы жабылмай сөйлеп кететін әдеттері де бар. Әсіресе, өз ортасы екенін сезінсе. Әдемі, ұқыпты. Көбісі кәдімгідей кокетка бола алады. Кек сақтайды, ренжігенде ұзақ бұртиып жүреді. Қымбат бағалы бұйымдарды, әшекей заттарды жанындай жақсы көреді. Менің жақын құрбым, анам, сіңлім Таразылар. Барлығына тән қасиеттер осылар. Сосын олардың көбісі белгілі ұстаныммен жүреді. Идеал туралы айтқанымда содан. Өмірді ертегі ретінде көреді. Сол ертегідегі ханзаданы күтеді. Ханзада болғанда да супер ханзаданы күтед, бір кемшілігі жоқ мачомэнді  Идеал өмірді аңсайтындардан. Қиялшыл болғандықтан бір шешімге келуі өте ұзаққа созылады. Мүмкін бұл қорқақтықтан да болар. Сезіктеніп тұрады. Жеті рет өлшейді деген осы Таразылар туралы айтылса керек.

Карьеристка болғаннан гөрі үйде отырған жарасады. Бірақ, көбіне жұмысқа шықпай отыра алмайды. Менің ойымша, екеуінде де кереметтей жетістікке жетпесе де, өз жұмыстарына аса жауапты бола алады.
Zilola
kop jeri saikes kelip, ishimnen kulip otyrmyn )
Dinara
жақсы сипаттапсың Маржан
Aizhantabyn
+ в точку) әсіресе ауыз жабылмайды мен әдемі, қымбат заттар туралы)))
araika
1. Сеніңше, бос уақыт деген не? Біреулер үшін — жұмыстан кейінгі уақыт, екінші біреулерге — демалыс күндері, тағы біреулер үшін — "қолын жылы суға салған" кездері. Және оны қалай пайдаланасың?
2. Қиналған кездері алғашқы көмекті кімнен сұрайсың?
3. Біреу көңіліңе келер сөз айтса, сендік жауап қандай болмақ? «Какой привет — такой ответ» бола ма?
madlen
1. Бос уақыт деген үйде компьютердің алдында отырған кезім, попугайларымды тамақтандырған кезім, телефондарымды өшіріп тастап, ұйықтаған кезім, мамамен телефонмен сөйлескен кезім. Осылай өтіп кетеді

2. Достарымнан, сіңлілерімнен.

3. Жұмыс істемейтін кезімде біреудің көңілі деген заттарды мүлдем ойламайтынмын. Ойыма келгенді айтып жүре беретінмін. Әсіресе, универде. Біреу жаман сөз айтса, оған жауапты 2 есесін қайтарып жылауға дейін апаратынмын. Ал, қазір өзгерген сияқтымын. Бірдемені айтпас бұрын ойлануға тура келеді. Менің көңіліме келер сөз айтса, неге олай айтты екен деп ойланым аламын. Ол адамның орнында болсам не істер едім дегендей…
Dinara
Маржан, танысқаныма қуаныштымын
a63a1
Маржан десе маржан тпәй тпәй Сұрайтын сұрағымды да ұмытып қалдым
Armanjan
оевооооо тіпті сұрақ пен пікірлердің тоқтайтын түрі жоқ ғо, Мәке давай тағы бір сұрақ. Бойың ұзын ба, ойың ұзын ба?
a63a1
сізше?
madlen
фортепианода
a63a1
Мәссаған деп осыны айт))) Сөз жоқ керемет, бірақ қандай деңгейде?
madlen
Енді онлайн ойнап көрсет демейтін шығарсың
a63a1
Жоға о недегеніңіз, үйіңізден-ақ тыңдай саламғой)
Gulistan
Оппа, Қарағандыға тойға барып қаламыз ба деген үміт оты жарқ етті
a63a1
Өсек осындайдан кетедіғой Қатын өсек айтпайд қағыс естид деген екен, біреу қағыс естіп елге жария болып кетпесін мынауыңыз)
sammita
мынаны Мадлен жазса бір жөн.
nurbergen_makym
Мадлен, осы Мерген шоқжұлдызы Аймен әмпей-жәмпей болғанда туғандар, астрологтардың есептеуіне тумысынан пяншік болады дейтінді оқығам. Осы рас па?
madlen
Жоққа шығарам! Жалпы Мерген-жігіттер балажанды, жанұясына жақын адамдар! Пяншік болу олардың болмысына тіпті келмейді!
Armanjan
Бұл жолы сұрақ емес ұсыныс. Мәке астрологияға қатысты бір сайт ашып жіберсең қайтед а. Сосын сенің ақыл-кеңестеріңе қарап әрекет етсек а.
madlen
Онада қазіргі жұмысымды тастауым керек болатын шығар
Zilola
Madlen sen onda «dabai uileneik» bagdarlamasyna juldyznamashy bolyp ornalas
madlen

Біз жиналғанда да біре осыны ұсынған еді…
Armanjan
өләәәә, Мәке сен аңғылша, түрікше, жапонша мықты сындырасың ба не?
madlen
ну  джынД сындырам ғо
Armanjan
Жапонша «кет нах» дегенді қалай айтад, кирилл әрпінен дұрыстап осындағы поштаға жазып жіберші, қатты керек боп тұр, өтінемін!
AKY
Мадлен — супер! Мен сендікпін!
Сұрақ: Биылғы жаңа жылға жоспарың?
зы: Мына жер астропрогноз болып кетіпті
madlen

Жаңа жылда Астанаға барамын, суық елордада күтемін 2012ні
a63a1
айтпақшы Сұрақ: Аяз атаға сенесіңбе?
madlen
а сен сенбейсің ба не?
a63a1
жоқ, аяз атаның шырша айналып жүріп, сақалы түсіп қалған күннен бастап сенбейтін болдым
Aizhantabyn
тәәәәәәк, Ақ қонжыққа сыйлық ала кел)))) Күтеміз асыға, Мадлен))) (Егер, кетіп қалмасам жылы жаққа, бірақ сен келсең, күтем ау дим)
sammita
көңіл-күйің жахсе екен, ЖЖ-да Алматыда тойлап бір-ақ келсей
estetika91
Кездесуде қайдан аузыма түскенін қайдам сізге, өзімді таразы деппін))))))) Негізі, сіңлім тарады. Ал, мен торпақпын. (9 мамыр)
estetika91
Енді ұялып отырмын)))
estetika91
Негізі, әр түрлі болжауларға соншалықты сенбеймін. Десек те, торпақтар туралы не айта аласыз, Мадлен?)))
madlen
Эстетикажан, сенбегенің дұрыс
Торпақтар үй шаруасындағы әйелдердің лидері ғой. Оларға үй, жанұя, балалары, сүйіктісі ең басты рөлде тұрады. Өз ошағын, жылы ұясын қызғыштай қорғап, оны аялап, өсіріп деген сияқты. Эстетика, сен — нағыз қазынаның өзісің ғой, жігіттерге алтын сырға

Сонымен қатар, бір затқа немесе бір адамға қатты үйреніп қалса, одан айрылмай жабысып қалады. Егер жақсы көрген жігіті не болмаса жақын құрбысы жанында болса, басқа ешкімді керек етпей жүре алады. Ал одан қол үзіп қалса, тез ұмытады  

Өте ақылды, шыншыл. Шығармашылық таланттан кем емес.

Кемшілігі: өзіне жамандық жасаған жандарды жаншып кете алады. Жылатып, жарты жолда қалдырып кете алады. Кекшіл деп айта алмассың, но өзіне тиіскендерді аямайды.
estetika91
О, Мадленжан сіздің болжауларыңыз өте қызық! Күліп отырып оқыдым.
Жалпы, торпақтарды қатты зерттеген сияқтысыз)))
Айтқандарыңыздың көпшіліг менің табиғатыма тән. Тек, «Егер жақсы көрген жігіті не болмаса жақын құрбысы жанында болса, басқа ешкімді керек етпей жүре алады» дегеніңізге толықтай келісе алмаймын)))) Маған барлығы да бірдей. Қуанышым — өмірде жанашыр достарымның көптігі. Солардың жанында өзімді бақытты сезінемін. Шынымен де шығармашылықпен айналысқанды жаным сүйеді. Рахмеееееееееееет, Мадлен)) Алла разы болсын!
manshukn
Мұнда тауешкілер туралы айтмапты.Сол туралы айтсаң.
madlen
Тауешкі-қыздар кішкентай кезінен өздеріне не керек екенін біліп туатындар  мақсатын анық көреді, өз болашағын бүгіннен бастап жоспарлай алады. Сосын өз пікірін басқа адамдарға внушать ете алатын қасиеттері жақсы. Жан-жағындағылардың барлығын өз ойына еліктіре алады. Сондай қу
Mansy_kz
Фигурасы көрінетін суреті жоқ па екен…
madlen
www.kerekinfo.kz/blog/6503.html
Фигура көрінген жерде бетім көрінбейд или наоборот
jako_83
Маржан сенімен жақын танысқым келіп жүр еді
madlen
керекинфода мені барлығы почти таниды, қош келдің!
Askar90
ия негізі әдемі қыз (енди былай өзін көрмесемде суретіне қарап айтып жатқаным гой), сонда да жан дүниесінің әдемілігі келбетінің әдемілігіне сай болса нұр үстіне нұр боп кетер еді.
Adiletshu
Өткенде өтіп бара жатып телевизорға көзім түсіп кетіп еді, Мадлен КВН-да отыр екен