... не пісіресің?
Уа, жамағат! Аязды қыс мезгілінде жылы үйде отырып, дастархан басында ыстық шәймен ішетін тәттілерді жасауды ұсынамын. Оңай, тез, дәмді! Менімен бірге ілесе отырыңыздар, бастайық!
Әдеттегідей…
1. Тазалық!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Онда кірісейік, сіздерге бар-жоғы 20 минутта дайындалатын, ең оңай пирог түрін жазайын. Керекті заттар: 1 құты тәтті сүт (сгущенка), 5 ас қасық ұн және 1 жұмыртқа қажет. Кез келген адамның қолынан келетін ең оңай тағам. Аталған заттарды үлкен ыдысқа салып араластырамыз да, ыстық пешке қойып, 150-180 градуста 15-20 минуттай ұстаймыз. Пирог дайын!
4. Келесі дайындалған дүние, алма қосылған пирог немесе печенье. Оған: 1,5 стакан ұн, 200г сары май, 1 ас қасық қант ұнтағы, 3 жұмыртқа, кішкене ғана лимон қышқылы, алма немесе алмадан жасалған джем қажет. Алдымен қамырды дайындап, ыстық табаға қоямыз.
Үстіне алма мен джем саламыз да, әрлейміз.
180 градуста беті қызарғанша пісіреміз, пирог дайын! Әрлеуім әдемі болмаса да, дәмінің әдемі болатынына сенімдімін.
5. Айтпақшы, естеріңізде ме? "Құмырсқаның илеуін" дайындап едік қой, дәл сол рецептпен, бірақ формасы өзгеше!
6. Сонымен қатар, «Зебра» торт дайындадым.
Құрамы:
— 5 жұмыртқа
— 360г қант
— 100г сары май
— 200г қаймақ (сметана)
— 250г ұн
— ас содасы қасықтың 1/3
— 2 ас қасық какао
— қопарғыш (разрыхлитель)
Бары осы! Алдымен какаосыз қоспаны әзірлейміз.
Дәл осы қоспа, бірақ какао қосылған.
Енді тортты пісіретін ыдысымызға кезекпе — кезек қоспаларды құямыз.
Ыстық пешке салып 180-200 градуста пісіріп аламыз.
Әдемілеу жұмыстарын жүргізіп, тортты ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
Осымен бітті, астарыңыз дәмді болсын, дастархандарыңыз берекелі болғай!
П.С. Қателіктер болса, алдын-ала кеЧірім сұраймын. Осы айдағы туған күн иелеріне арнаймын! Күндеріңіз сәтті өтсін!

маған ұқсамағанЕртең бұйыртса, пирогты жасап көрмесем, қалғандарының тек суретіне ғана сүйсіну бұйырыпты
маған үйретесің ғой ияКеремет! АКА қолына дерт бермесін.
алғашы пирогты мен көп жасайтынмын, шынымен уақыт алмайды, тек мен сгущенка емес, қаймақпен жасаймын.Кейде айранмен де жасай салам, еш рецепт талғамайтын пирог шынымен. Қаймақ сосын қант пен ас содасы, ұн деп жасай беремін.
әрлегенің қызық екен, ортасына не салдың?? арахистың астында, муравейниктің ұнтақтары ма?? Арахистық аса ұнаптайм сол үшін жер жаңғағын ұсақтап себемін көбіне. Не жәй ғана какао.
Суреттер тәбетті ашады екен. Жеңешем кейде осы пирогтың тестосын кекстың табасына салып, кекс те пісіре салады.
Маған зебра ұнады, эххх…
Мен шарлотка пісіріп үйренгім келіп жүр, жұмыста асханада бар, керім тәтті. Алдында интернеттен рецептісін қарап, жасап едім, қанты көп болып, өзі онша көтерілмеді, миксер болмағасын қолмен взбивать еткем.(