Мәжіліс депутатының өтемақысы 600 мың


Санайғақ: “Мәжіліс тарады. 119 депутат жұмыссыздар қатарын толықтырды. Экс-депутаттар ай сайын үш ай бойы жұмыссыз ретінде мемлекеттен 600 мың теңге өтемақы алып отырады. 3 айда 119 депутатқа бюджеттен 214 млн. 200 мың теңге жұмсалады екен”,

— деп аймандай қып жазып қойыпты “Абай.кз” сайтының маңдайшасына.

Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Өтемақысының өзі 600 мың. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп неше түрлі негатив ойларға кетуі мүмкін. Кетіп жатқан да шығар уже. Бұл бұл ма, оларға пәлен айлықтың үстіне қосымша қызметтік пәтер, көлік беріледі. Олар осы ақша мен баспанаға лайық елдіктің бүгінін де, ертеңін де көркейтіп жіберетін әділ заңдар шығарып, қазақтың мұң-мұқтажын қорғап, ләкин халқын шырылдатпайтын әділ заңдар шығара алды ма? “Судың да сұрауы бар” демекші, кейде осыншама қыруар қаржының қайда не мақсатта жұмсалғанын Құдай о дүниеде депутаттардың бәрін алдына тізіп қойып сұраса не дер екен? “Мен ана “Тіл туралы” заңға өзгеріс енгізуге атсалысу үшін микрофоннан бір рет сөйледім, мынанша депутаттық сауал жолдадым демекші ме? Я сайлаушыларыммен кездесіп, қап-қап уәде беріп келдім, арыз-тілек, талаптарыңды жоғары жаққа қалайда жеткізем деп айттым” демек пе? Болмаса тірісінде жасаған сауапты істерін санамалаумен әбігерге түсер ме екен? Жә, қойшы, депутат осы дүниедегі қылған ісіне құдай алдында өзі жауап береді ғой, оған сіз бен біздің не басымызды ауыртқанымыз бар?

Біз ше? Уа, жамағат тұрғындар, біз не дейміз құдекеңе? Біздің де айлығымыз 600 мың болса не істер едік? Шүкіршілік етіп күн көрер алар ма екенбіз, жоқ көп ақшаның буымен есіріп кетер ме екенбіз? Жоқ әлде “бұл сұрақты қойып басты қатырма, халықтың айлығы ешуақытта 600 мыңға жетпейді, армандамай-ақ та қой. Одан да тып-тыныш өміріңді сүре берсейші” дегіңіз кеп, монитордың ар шетінде маған жыныңыз кеп тұр ма?

Жарайды, нервіңізге тимей-ақ қояйын, онсыз да позитившіл пенде болуға бәріміз ұмтылып жүр емеспіз бе? Лайым солай болсын.

24.11. 2011 жыл. Сағат:14:55
Бөлісу:

40 пікір

sammita
депутат тағын босатқанда әлгі қызметтік көлігі мен үйі қайтарылады. Ана ақша дым емес қой біреулер үшін.
meirzhan
600 мың деген номиналды ставка ғой. Формальность сияқты.
asaubota
2 түрлі Қазақстан бар менің ойымша. біреуі біз тұрып жатқан Қазақстан, 2-шісі олардың Қазақстаны. олар деген қарапайым өлімді халықтан басқалары. 600 мың түк емес сияқты. ол ақшаны да олар адал еңбекпен табылған ақша деп есептейді. мен де сондай Қазақстанда тұрғым келеді.
sammita
Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп
ұнамайды осындай. Қолыңнан келсе қонышынан бас, келмей ме біреуді күндеме. Барлық адам бірдей айлық алса, бірдей тұрмыс кешсе, бірдей қымбат киінсе, бұл өмір ме сонда:)
Zhan
Барлық адам бірдей айлық алса, бірдей тұрмыс кешсе, бірдей қымбат киінсе, бұл өмір ме сонда:)

Жұрттың бәрі сен сияқты ойланса екен… Менен бастап ))))
sammita
былай… нетіп… ренжіп айттың ба?
ойым осы еді. Өмірдің өзі реніш пен қуаныштан, күлкі мен мұңнан, үміт пен өкініштен тұрады ғой)
Zhan
Былай ғой, адамның бойындағы былжырап қалған қасиетті жек көрем. Содан ба, кейде бір жағдайларды асығыс топшылаймын. Бірақ, түрлі пікір болған жақсы емес пе? Мен осылай шығар деп ойлап жүрген нәрсені, өзге біреу мүлде басқаша қырынан ойлайтын болып шығады. Оның интеллектуал екеніне тәнті боласың.
19852407
Күйеуің депутат па еді?..
sammita
ол неге қатысты сұрақ, төркінін ұқпадым.
19852407
былай… нетіп… ренжіп айттың ба?
ойым осы еді. Өмірдің өзі реніш пен қуаныштан, күлкі мен мұңнан, үміт пен өкініштен тұрады ғой)

Жауаптарыңа қарата безобид сұрай салғам…
sammita
Білә
деген лібә ма:)
dark_nazgul
сонда олар қайта сайланғанға дейін тағы да пособие алып отыра ма?
Zhan
Оны точна білмедім, бірақ «Абайкз» сайтына солай жазып қойыпты. Рас-өтірігін????
sammita
шарт бұзылып ерте тарады ғой, сол үшін типа жұмыссыз:) қайта сайланарын кім біледі.
Zhan
Мүмкін ол да. Мейіржанның стилімен айтқанда «кейбір элементтерден» тазарту керек болған шығар. Ел болған соң әрдеңені бір айтып жорамалдай береміз ғой.
19852407
Рас, рас. Қарапайым еден жуушы тетя Клара да оптимизацияның кесірінен қысқартуцға ұшырап қалса, биржаға барып тіркеліп, жәрдемақы алмай ма?! Депутаттар да біз сияқты адам ғой, оларға да төленеді, тек сомасы басқа болғаны болмаса…
Zilola
600 орташа екен, одан коп берсе жаппай атып тастауга болар едi
Adiletshu
«Sheshes!» 600 мың төлесе мен халқым үшін жатпай-тұрмай шапқылайтын едім
satibaldi
Осыны да әңгіме деп!
satibaldi
Біздің де айлығымыз 600 мың болса не істер едік?
Білмейм.
dark_nazgul
Сатекесі, депутат болғыңыз келмей ме? керекте сосын депутаттардың өмірінен трансляция жасайсыз))
sammita
тақырып қате. Айлық емес, қазір алып отырған өтемақысы алты жүз мың.
KILYZAMAN
Келісіп пішкен тондарының сұрқы жеккөрінішіті. 80 пайызы сасытқан орындарына қайта отырмасына кім кепіл?.. Халықты пішіп жатқандарында шаруалары жоқ  Қазынаның қоры бекер шашылған кезінде салық төлеуші болған салмақты тірлігімнен жүрегім айниды…
balzaminka
Жаке, қарапайым кісі емессің, журналист деген мамандығың бар  Айлық жоғары болған сайын, жауапкершілік те, бас ауыртарлық шаруа да көп қой, соны неге ескермеске? Сол депутаттардың жеке қабылдауына қанша қарапайым кісі барады, солардың бәрін қабылдап, солардың мәселесін шешуге тырысады. Неше түрлі кісілер барып жүйкелерін құртып кетеді. Әрі, депутаттың, басқа да мемлекеттік лауазымдағы кісілердің қызметін мен сең жүргендегі ескексіз келе жатқан қайыққа теңер едім. Белгісіз қай мұздың сені басып таптап кетері, әйтеуір сол сеңнен аман шығу керек  Сондықтан, жоғарыдағы соманы мен аз дер едім, одан да жоғары болса қарсы емеспін егер менің пікірім ескерілер болса )
Ottegin
Салыстырмалы түрде:

Ресейде Дума депутаттарының стандартты жалақысы 1,96 млн. рубль
АҚШ конгрессмендері орта есеппен жылына 175 мың доллар жалақы алады екен.
Латыш депутатары 986 лат, яғни, 270 мың теңге шамасында,
Герман бундестагының депутаттары 7668 еуро алады екен
sammita
әңгіме айлық жайлы емес қой. Өтемақы.
Abilakim
Өтемақы. ал, айлықтары 300 мыңның үстінде.
sammita
дым ақша емес бұл.
оның ішінде әр депутаттың санатына қарай әртүрлі алады. Бонустары бар. Оған қосымша көмекші ұстаса өзі төлейді. Общым қысқаша осы, жалпы нақты хабарым бар бұдан. Бірақ біреудің қалтасы туралы айту маған қызық емес
Nurgisa
Аха, шетімізден лотерея ұтыскері болсақ, бізге де қызық болмас па еді біреудің қалтасы туралы айту
sammita
сен туралы әңгіме болған жоқ, еден астынан шығуыңмен.
Nurgisa
Пікірің бір түрлі екен, Қаламқас. Мен танитын Қаламқасқа ұқсамайды.
Zhan
Неге сен танитын Қаламқас болып қалуы керек? Оқыстан сен ойламаған пікірлер айтқаны жақсы емес пе?
Nurgisa
Иә, иә. sammita'ның үнемі жақсы пікір жазып жүргеніне үйреніп қалсам керек. Сен айтқандай болуы да заңды ғой бірақ, бір жағынан. Рақмет, Жансая.
АКА — құрметті керекинфолық.
sammita
сәлеміне қарай әдебін ұмытпа. Адам ниетінен табады нені болсын. Сосын астарлап әркімге бір соқтықпай жүргенің өзіңе жақсы, қанша дегенмен әйел емессің ғой. Болды.
Ана кімдер де өте құрметті керекші жігіттер.
Zhan
Нұрғиса жақсы айтыскер!
Zere
Банк қызметкері, мысалы гл. специалист деген сияқтылар 300 мыңнан жоғары алады ғой. Біреуінікі есеп шығару болса, басқасы халықпен жұмыс істейді. Менің ойымша екіншісімен жұмыс істеу оңай емес.