Неге болса да, ие болайық
«Жәннатқа кірер тағы бір жол – екі жақпен, екі бұттың ортасындағығы ие болу»,-делінген екен хадисте. Оқып отырып, ойланып қалыппын. Бүгінгі таңда кім қай жеріне қаншалықты ие болып жүр? Сұрағым тым ерсілеу көрінгенімен, нені болсын төтесінен «топ» еткізген дұрыс сияқты. Қазір мәймөңкелеп тұратын мезгіл емес.
Сондықтан болар, өткен-кеткенді қозғап, орағытудың орнына, мәселенің мәнісіне (марқұм ұстазым Мартбек Тоқмырза айтпақшы) бірден көшкенді жөн көрдім. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші...Әсем мейрамхана. Үстел толған тәтті-дәмді, иін тірескен халық, арқа-жарқа әңгіме, ағынан жарылған ақ тілектер, аузы — аузына жұқпай сөйлеп жатқан асаба, әуен, би… кете береді. Ортада қос аққудай жұптасқан екі жас. Тербетіле билеп жүр. Жүздері бал-бұл жанып… Тек...((((
Тек… бүтін бір әулеттің босағасын оң аяғымен ол «ЕКЕУ» болып аттады...Қыз емес, болашақ ана болып. Қазір бұл жаға ұстап, талып түсерлік жайт емес ешкімге. Анасы да, әкесіне де, туған-туысына да. Еттері үйреніп кетті ме әлде кінәні заманға арта салғанды жөн көре ме...«екеуі бақытты болса болды ғой» деп отыра береді. Отыра ма, жата ма, жүре ме білмеймін, бірақ әкесінің мылтық алып, қырам-жоям дегенін, анасының бетін тырнап, шашын жұлып, қарабет болдық деп зар илеп жатқанды көрмеппін өз басым. Мүмкін болатын шығар ондай жағдай салт-дәстүрді мықты ұстаған өңірлерде.
Осындай жағдайдан шығудың жолы былай, біз өйтпеуміз керек, бүйтпеуміз керек деудің өзі артық қазір. Өйткені оны ешкім тыңдамайды, оқымайды да. «Заманның озығы бар, тозығы бар»… Азаматтық некеде тұруды да біреулер жөн десе, екіншілер еріккендердің ермегі, жауапкершіліктен қашу дейді. Қызық...қазір үйлену тойы ойыншық сияқты болып кетті ғой, ойыншық болмаса да, оның мән-маңызын жете түсініп, үлкен жауапкершілік екенін сезінбей жатып-ақ, «мама, мен үйленем», «мама, мен күйеуге шығам» деп қиғылыққа салады. Оған ата-анасы: «Ооо, баламыздың ер жеткені осы болар» деп мақтанады. Асылында, қызық үшін,… т.б. үшін екенін ұға бермейді. Енді қараңыз. Қарызданып, кредит алып, миллионды шашып той жасайды ата-ана. Көп ұзамай, кешегі «бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз» деген ғашықтар дәм-тұздары жараспай екі жаққа кетіп жатады. Үлкендер кредитін төлеп әлі әлек((( Баласы болса, әлдеқашан басқа қызбен "әмпей" болып жүр. Кім кінәлі???
p.s.«Пәленшенің баласы үйленіпті»,-десе "құтты болсыннан" бұрын, «залет па?» деп сұрайтын халге жеттік. Бұрын шымылдықтың ар жағында келін жалғыз тұрушы еді, қазір асаба бірден үш адамның (қыз бен жігіт, іштегі сәби) бетін ашатын болды. Оны қойшы, ертең қастарына қарадомалақтарын жетектеп, улап-шулап шымылдықтың ар жағында тұрған жас отбасыны да көретін заманға жетерміз. Түріміз жаман… Кім білсін?!

Бір кәдеңе-ау жарайын
Бетін ашып күйеудің
Көрімдігін алайын
Бетінді, күйеу, ашқаным
Жана жұртқа қосқаным
Жасы үлкенді сыйлап жүр
Құрмет қылып жазғанын
Күйеу келді-ау туғандар,
Ағайын бауыр ұландар,
Ата-анасын қуантып
Көрімдігін сұрандар.
Тойдын күн-ау ашылсын
Құрт бауырсақ шашылсын
деп зарлап берсе бет ашқан жігіт:)))
қиялдап кетейін. Қыз қасында ақ көйлекпен тұрса. Жігіт қайыната-енесіне иіліп салем беріп жатса… )))))))Ал беташар деген ол сыртқы атрибут, условность.
— А что он ест?
— Девушек невинных.
— Жаль зверюшку, сдохнет он у нас…
Ақыл айтпай ма мақаны?
айланыпайналып келгенде бұл мәселенің де түп-төркіні әлеуметтік жағдайға келіп тіреліп қалады-ау осы, құрметті керектіктер(((Соңғы жүз жылдық ішінде болып жатқан тарихи фактілер мен жалпы қазіргі тенденцияға қарап отырып, шал кемпірлердің әңгімесі мен заманауи жастардың атмосферасы мен құндылықтарын салыстырудан түйген ойым, нақ!
Нұржанбай сияқты байымайтын ептілер ойларымды Ницсше мен Фрейд, Чарлз Дарвин, немесе Фридрих Энгельстен оқыса, көттеріне көк байрақ, беттеріне жүз бұтақ, жалпы жоғалыңдар нақ, демекпін. Өйткені, менің ойым барлық тәжірибем мен оқығандарымның квинтессенциясы. Қорытындысы.
Жалпы неке деген табиғи нәрсе емес, әлеуметтік қажеттіліктен туған дүние ғой, әу баста.
Адамзат дамыған сайын, некенің рөлі өзгеріп барады.
Бұрын некесіз адам жасы келгенде ең сорлы адамға айналатын болса, қазір басқаша. Үкімет жалғыз бастыларды қыспайды. Әмеңгерлік деген жоқ. Сәбилерді бір бірімен атастырып, жыныстық жағынан жетіле салысымен яғни 12-13 жаста үйлендіре салу да келмеске кетті.
Заңға сәйкес жастар 17-18-де үйленеді.
Көп елдердегі әлеуметтік және демографиялық жағдайдың өзі секстің мақсатын көбею, ұрпақ қалдырудан емес, ләззат алудан көруге итермелейді.
Ал әлеуметтік жағдай мен заман талабына сәйкес оқу, жұмыс, т.б дербес отау құрғандар әрі қарай дұрыс ұя болып қалыптасу үшін жастар 25-30ға дейін созып барып үйленеді.
Ал еркек пен әйелдің жыныстық қуаты 25-30 ға дейін қайда жұмсалмақ?
Сексуалдық төңкерістің алғышарттары міне осылар.
Жастардың сексуалдық энергиясы құтыдағы жоғары қысым сияқты, допты ұрсаң төмен түсіп, жерге тиіп қайта секіреді. Сығып кішірейтем десең, жарылып кетеді. Сексуалдық энергияны басып-жаншу мүмкін емес. Яғни мүмкін. Бірақ, салдары өте қорқынышты болады. Және олар ешкімді жұбатпайды.
Зорлық, зомбылық, сексуалды маньяктар, педофилдер, және галсук пен костюмның артына тығылған түрлі моралдық уродтардың көбею бұл тек бергі жағы ғана. Бұлар бұрын да болған. Тек қазіргідей ешкім ашып айтпайтын. Қыздар абыройын ойлап үнсіз тынатын. Бүгін бәрін ашық айтады.
Бәрі сондай болсын деп емес, кімнен сақтану керектігін білу үшін.
Әзірше айтарым, некенің маңыздылығы бұрыңғы табиғи деңгейіне жетпейінше, бұл мәселе шешілмейді. Шешіледі. Бірақ көбіміз ойлаған жолдармен емес.