Бүгін -- Халықаралық студенттер күні

Студенттер қауымын бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Жалпы, олар жайлы көп нәрсені айтудың қажеті жоқ та шығар :)
Бірақ бұл күннің аталу себебін де біле жүрсек.Дереккөздер былай дейді:
Халықаралық Студенттер Күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен 1939 жылғы 17-қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17-қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне “халықаралық студенттер күні” деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17-қарашада Лондон қаласында өткен.
Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыстағы (ЕДС) Чехословакия студент жастарының қасіретімен тығыз байланысты.
Тарихқа көз салсақ, 1918 жылы 28-қазанда Чехословакия мемлекеті құрылған болатын. ЕДС кезінде неміс басқыншыларының қарамағына өткен елде 1939 жылы 28-қазанда Прага қаласының студенттері мен олардың оқытушылары мемлекеттерінің құрылғанына 21 жыл толуына орай демонстрацияға шықты. Алайда басқыншылар демонстранттарды тарқатып, арасынан біреуін атып өлтіреді. Өлген студенттің есімі – Ян Оплетал (Jan Opletal). Оны жерлеу рәсімі 15-қараша күні болып, артынша қарсыласушы патриот жастардың шерулері қайта басталды. Нәтижесінде оншақты жас тұтқындалады.

17-қараша күні таңертеңгісін гестапошылар (КГБ секілді арнайы полиция) мен фашистердің қарауыл отрядтары студенттер қоныстанған жатақханаларды жан-жағынан қоршап алды. Қатыгез операцияның салдарынан 1 200 адам тұтқындалып, Заксенхаузен канцлагеріне айдалды. Тоғызға тарта студентпен жастар белсенділерін соттаймай-ақ Праганың Рузине ауданында түрме қабырғасында айуандықпен өлтірді.
Қарашаның он жетісінде фашистер чехиялық университеттерді жауып тастады.
Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17-қарашада Лондон қаласында өткен. Чех студенттер мен оқытушыларының қасіретінен кейін екі жыл өткенда Лондонда фашистерден қуғын көрген студенттер жиналып, студенттер күнін атап өткен.
Міне, бүгінгі атаулы күннің астарында осындай қайғылы оқиға жатыр.


Енді көңіл-күй түспесін деп, студенттердің сөздіктерін оқысақ:

Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның

Осыған ұқсас бірақ көркем әдебиеттердің атауы берілгендерді де көк жәшіктен көрген едім, сондай қызықты болатын. Іздестіріп отырып, мынаны таптым:

Студент «анықтамалығы»

Университет – «Өмір мектебі»
Декан – «Менің Әуезовім»
Замдекан – «Оң қол»
Ұстаз – «Ағалардың алақаны»
Дәріс – «Өліара»
Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар»
Студенттік шақ – «Дүние-думан»
Танысу – «Менің атым Қожа»
1-курс – «Әңгүдік»
2-курс – «Пысық болдым, мінеки»
3-курс – «Асуда»
4-курс – «Қош бол, менің ертегім»
Магистрант – «Мәңгілік бала бейнесі»
Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін»
Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ»
Староста – «Жау тылындағы бала»
Емтихан – «Қан мен тер»
Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер»
Сессия соңы – «Аласапыран»
Диплом жұмысы – «Соңғы парыз»
Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат»
Бөлме – «Жетінші палата»
Демалыс – «Сағыныш»
Комендант – «Аспандағы әпке»
Вахта – «Қорқыттың көрі»
Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит»
СМС – «Жүректегі жазулар»
Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек»
Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»
Бөлісу:

58 пікір

araika
Сессия- «Тар жол, тайғақ кешу»
AL-ASTER
: көтерейік қане достар:
AKA
2-курс – «Пысық болдым, мінеки» :))) Рахмет, құтты болсын! Саған да студенттік кез қызықты өткей!
araika
Рахмет! негізі, асарымды асап тастаған сияқтымын :)
satibaldi
Қарап тұрсам, шеттеріңнен өз альма-матерлеріңе ғашықтың пердесін киіп алғанға ұқсайсыңдар. Бірінші кластағы Бадиға апайларыңның 50 жылдығы естеріңе түсіп, гүл екеш гүл апарып көрген адамсыңдар ма өздерің, алдымен соны айтыңдаршы?
VKM
Бүгін «Керекте» отыратын студенттер принимаем поздравления и подарки :))))
Zhan
Мен Түркістанда ХҚТУ-да оқыдым. Университеттің екі жатақханасы болды. Ерлер бөлек, қыздар бөлек тұрады. Жатақханаға кешкі 23.00-ге дейін ішке кешікпей кіруің керек. Біз кешігіп келіп забордан талай секіріп өттік, арықтығымның арқасында темір забордың арасынан да өтіп кете беретінбіз. Бір күні омондар оны да біліп қойып темірмен сваркілеп тастаған соң өте алмай қалдық. Жатақханада небір хикаялар өтті ғой.Бөлмеге генуборка жасаған кезде кровать астына жиналып қалған шөлмектердің үйіліп қалғанын көріп, өзіміз таң қалатынбыз.Сосын бізде жатақханада тамақ істетпейтін. Түн ішінде плиткамен тығып тамақ істейміз. Комендант Ақжарқын деген ит мінезді бір апай бар еді, сол иіскеп жүріп, ұрлығымыздың үстінен түсетін. Плиткамызды тамағымыз піскен піспегеніне қарамастан алып кетеді. Оған біз қарап тұрамыз ба басқа қыздардан плитка сұрап әкеп жаңағы тамақты ақыры пісіріп жейміз. Ертесіне ақша жинап тағы да плитка сатып аламыз ))))))))
sammita
шөлмектер мен плитаға кеткен ақшаға диплом ала салуға болмас пеД:)
Маған коменданттардың бәрі сондай болатын сияқты.
asaubota
вахтерлар да оңбаған қатындар болушы еді. көбісі байлары жоқ қатындар, жас қыздардың бақыттарын көре алмай біздерді кіргізбеуші еді. бәрібір бір амалын табушы едік.
sammita
аха, не ажырасқан не байға тимеген сондааай бір жексұрын әйелдер болады.
Зіркілдеп күн жарықтың өзінде кірген-шыққанға тыным бермей тұрады.
asaubota
аха, кілең сондай нервныйлар :)
izbasar
Бізде Терминатор деген лахап аты бар орыс қатын еді. Кез келген жігітті желкелеп тастаушы еді. Ана бір Тамара деген тәтеммен жақсы едім.
Zhan
Өте орынды айтасың. Вахтерлер деген енді қанды ішетін еді ғой. Местный қыздар біздің аудиториядағы әңгімемізге қызығып ауыздары ашылып отыратын. Сосын оларды ішке вахтерге байқатпай кіргізу үшін далаға халат, домашный шлепка алып шығып киіндіріп ішке көп қыз болып байқамай тұрған кезде өтіп кетіп амалын табатынбыз.
Abilakim
Вахтерлардың тілін табатынбыз. Кофесімен шоколадын апарып беретінмін. Әйтеуір өзіме доступ бар жатақханаларды жағалайтынмын
sammita
не үшін, кірмей сыртта кездесуге болмай ма?
Abilakim
енді, кейде оларда іште кішігірім мейрамдар өтіп жатады
AKY
Қыдырып, 23:00-ден кешіксең кіргізбеуші еді ғой. Сол үшін алдын-ала қамданып, сұратанатынбыз. Кәмпит-сәмпит беріп вахтерларға. Бір вахтерша чекушка әкеп берсең мәз болып қалатын:))) Вахтерлардан бөлек, әр этаждың админі болатын.
Бір күнін вахтердан өтіп, аяғымыздың ұшынан басып, лифтпен емес, баспалдақпен көтеріліп келе жатсақ, алдымыздан администратор Базар апай шығып шашымызды жұла жаздаған:))) Кезінде менто болып істеген дей ме, колонияда істеген дей ме, небір аңыздар жүретін ол кісі туралы.
Abilakim
ауылдас қыздарға терезеден кіреміз деп жүргенде бір кластасымның қолы сынып еді.
AKY
терезеден простынямен түсем деп, сегізкөзін ауыртып алған еді бір қыз.
araika
ма-ма, сонша қайда, кімге асықты екен? :)
Zilola
Бір жігіт көтеріп, екіншісі балконнан еңкейіп тартып алған бірінше және соңғы рет, ұрланған жаман екен, іштей жеп бітесің өзіңді, келіп қала ма, қуып жібереді ме деп.
izbasar
Қай абщаганад кулап жур.
Zilola
ойбой" бізде Гестапо деген лақап атпен апашка болатын, тіпті жастардың есік тақылдатуын үйреніп алып тақылдатқанда, достар екен деп ұсталып қалатын көбісі )))
Zilola
айтпаңыз, бір күні нагло өтіп кетіппін вахтадан көп адамдардың арасында, ертеңіне шыға алмай қиналдым )))
Zhan
Еһ, Саммита, біреу келед, шампанскийін арқалап туған күнім деп. Біреу келеді конягін арқалап «тойдан» сарқыт деп. Не көп туған күн, мереке-отырыс көп. Вино, арақ-шарап бәрі кетеді. Оны қыздар дер кезінде бөлмені жинамай кроваттың астына атып ұра береді ғой)))))))
sammita
а бізде ондай болмады, 15 жасымды студент болдым ғой) оқу бітіргенде әлі есім онша кірмеген))))))))))))
sammita
қазір қарап отырсам куратор ағайдың өзі бізден 6 жас қана үлкен екен. Жас жас жігіт екен ғо. Тым серезный өзі.
AKY
Ехх, жас жігіт-ай десейші))
sammita
курстас қыз айтады: «Болат ағайды көрдім, „сендер бәрің жан-жаққа кеттіңдер, жақсы жұмыс істейсіңдер. Ал мен… әлі сол мұғаліммін осында қалдым“ депті. Арнайы барып кездесу керек гүлмен))
AKY
үйленіп пе?
sammita
со кезде отбасылы болған.
Abilakim
Ерте кеткен екен-ау
sammita
бақытты жанұялар бұндай сөз айтпайды меніңше.
Zhanylai
Бізде плиткамен тамақ пісіруге болады, бірақ аптасына бір рет тамақ пісіретін шығармыз. «Кағанаттар» аман болсын, әйтеуір…
Adiletshu
Студент кезімізде қағанат емес 2 самса 1 шай арман болушы еді
izbasar
Менің жанымда Дәу деген жігіт болған одан қорқып комнатаға ешкім келмейтін. Тамақ жеткілікті ол, Абду апта сайын уйлеріне барып келеді мен ғана 2-3 айда ғана үйге барам.
asaubota
Ақтөбеде бір жатақханада жігіттер әркімге "әй, түсіп қалды" деп сосын анау не түсіп қалд деп қарап жатқан кезде тырқ-тырқ күліп прикол ұстайды екен. содан бір күні бір қызға «түсіп қалд» деген кезде ана қыз «салбырап тұрған сенікі түспесе, жабысып тұрған менікі қайдан түссін» депті. сөйтіп аналар да жым болыпты деседі…
madlen
Не үшін бұл күні екенін енді біліппін. Авторға рахмет. Қайғылы екен :(
araika
Оқасы жоқ! Қайғының артын қуаныш басатыны бар ғой, бүгінде студенттер қауымы бұл күні тойлайтыны соның дәлелі :)
Gulistan
Жатақханалардағы вахтер апайлардың типі бір екен ғой, нервныйлар өңшең! Біздің де комендант апайымызды «түрмеде надзиратель болған» деп қорқытушы еді жоғары курстағылар. Есік алдын қарауылдайтын апайлардың көбі бізді үйіміз алыс болған соң ба, кішкене аяп, рақымшылық танытатын.
Бір күні қыздармен туған күнге кетіп бара жаттық. Артымыздан вахтер Роза апай «11ден қалсаңдар, есікті жауып алам, кіргізбеймін» деп жатыр. Содан Анар құрбым алдын-ала келіскеніміздей «апа, біз вокзалдан поезд күтіп алуға барамыз, мамам ақша беріп жіберуі керек» деген, Роза да қалыспай: "Қанша беруі керек еді?" дейді, «15 мың». «Жақсы онда, келгенде ақшаларыңды көрсетіңдер» деп қалды. Мяя, туған күнді қойып. көрші жатақтан, өзіміздікінен ақша жинап кеттік: (оңай жерде қайдан болсын?!) Жұрттарға себебін түсіндіріп әлекпіз. Содан 15 мыңның қарасы жиналып, көңіліміз орнына түскен.
VKM
Оның не шаруасы бар ақшада? Ничего се( Жатакханада тұрмаған соң, түсінбеймін. Неге ол тұратын жерге кіргізбейді???
sammita
неткен жаман вахтер, мінезі военный))
araika
Белгіленген уақыттан кешіккенде ғана шығар кіргізбейтіні. Негізі мен де жатақханада тұрмағанмын, сол үшін өзімді нағыз студент емеспін деп есептеймін.:)
VKM
Осында жазылған ауыл туралы, жатаханадағы өмір туралы оқып қызығып кетемін...өзімді түкбілмес сезінемін)))
monti
жатаханадағы өмір туралы оқып қызығып кетемін
менде қызықтым :), аурасы басқа болатын шығар ә, бұрын қыздар айтатын гитарада ән айтып, мереке күнде болады деп)))
Zilola
бізде студенттер жатақханасында сайлауға қатысып нужный адамға дауыс берілген бюлетеньді жәшікке салып, таза бюлетенді әкелгені үшін комендаттың бөлмесінде мың теңгеден берген еді. Өкініштісі мен ожақта тұрмадым, тұрсам ақшасын алып, бюлетеньде барлық кандидатқа галочка қойып құртатын едім (((
izbasar
Неткен ақыл. Мойыныңды көру керек еді сол басты көтеріп тұрған.)
balzaminka
Рахмет, Арайка.

Құттықтаулардың орнын еске алу басып кетіпті :)
monti
ИнтернеЧнл студентсің ғо сені құтықтадым бальзам :)
balzaminka
нандри деп тамилше айтайыншы, ия :)

Өзім айтуды ұмытып кетіппін ғо, барша студент қауымды құттықтаймын, сессиядан аман өтіп, диплом қалаған есігімізді ашар кілт болғай!!!
monti
сенің жолыңды берсін!!!!!!!,
ну енд шетелдік мастер алсын адамдар гип/гип уряяяяя))))
не ғо, бүгін бізде атап өтіп атр, интер.студенттер күнін ;) сендерде ондай нәрсе болд па? Индия патилерге қалай қарайд? ренжімеч яцз сөз айтсам ага)))) точна айт ренжімейм деп балзам ;) сендердің ана жолы лабо. көріп, анауч маймылдар төбесіне шығып кеткен, кішкене онша мес ойда қалыптаст шын айтам)))) тока ренжіме ага яцз сөзіме ;)
balzaminka
әмин :)

Былтыр ырымын жасағандай болғанбыз группада, ал биыл ощм ұмытып кеттік, осы жерден көрдім ғо :) Патиге келер болсам, біздің группада қыздар бөлек, ұлдар бөлек тойлайды нені болса да.

Ұятсыз нәрсеңді түсінбедім, кешірші. Маймылдар туралы не айтайын?
muro
соңғы парта-жұмақтың төрі дейді, содан кейін бір қыздармен сессия алдында танымай қаласың сессия біткесін қайта танысамыз.
muro
далаға шықсаң қай кезде келсеңде өз еркің жатаханаға главный вахташыға арналған 1 шыныны қойныңа салып келуің керек и оны өзің бірге ішесің содан кейін 2-шіге ақша шығарасын ай нақпен той болады таң атқанша.
Zilola
Сессияда қас жұлу, тырнақ алу, шаш қию деген сессияда құлайсың деген белгі еді. Реально жүнжіп, әбіржіп кететінбіз. Сосын кейбіреулер бес алған күні киген киімін тастамай киіп жүретін ырым қылып )))
Эхх, студенттік кездер, сессияда оқу залыннан қуып жатса да қонып қала жаздайтынбыз.
Барлық студенттерді, студенттік өмірді көргендерді құттықтаймын!!!
monti
Сосын кейбіреулер бес алған күні киген киімін тастамай киіп жүретін ырым қылып )))
)))))) қызық адамдар, дайындығыңа байланысты ғо, менде естіп қалып түсінбегем со кезде)))))
Gulistan
Емтиханға дайындалғысы келмегендер түннің ішінде терезені айқара ашып, зачет кітапшасын сыртқа шығарып тұрып, айқайлайды: «Халяваа, ловииись!» деп, сосын қырып шаруа бітіргендей ұйқыға кетеді