Телевизиялық журналистік зерттеу бойынша тренинг өтеді



Алматыда журналистер мен ЖОО студенттеріне арналған семинар-тренинг өтеді.

Шараға тренер ретінде танымал тележүргізуші, ЮНЕСКО тренері Марина Максимова қатысады.

Тренингке қатысушылар журналистік зерттеудің телевизиялық ерекшеліктерімен, ақпарат жинаудың, әдістерімен һәм құралдарымен, осы тақырыптағы отандық телеұйымдардың өнімдерімен танысады.

Тренинг аяқталған соң бір айдың көлемінде қатысушылар практикалық жұмыстар атқарады, оларға кәсіби мамандар көмектесіп отырады. Ең үздік деп танылған телесюжетке қаржылай сый беріледі.

Назар аударыңыз: тренинг орыс тілінде өтеді.

Шараға Қазақстандағы Норвегия Елшілігі қолдау білдіріп отыр.

Семинар-тренингке қатысамын деп ниет білдіргендер 17 қарашаға дейін a.baitanova@gmail.com электронды поштасына еркін түрде толтырылған өтініш жіберулері керек.

Өтініште қатысушының аты-жөні, байланыс телефондары, электронды поштасы, жұмыс/оқу орны көрсетілгені дұрыс.

Қосымша ақпарат алу үшін MediaNet халықаралық журналистика орталығының жоба менеджері Айжан Байтановаға келесі телефондар арқылы байланысуға болады: +7 727 261 66 69, +7 727 261 27 90, +7 705 407 15 90.
Бөлісу:

9 пікір

qisyq
Құрметті керектік журналистер, жас журналистер, болашақ журналистер, бұл тренинг сіздерге пайдалы болады деп ойлаймын. Мүмкіндіктеріңіз болса, қатысыңыздар деп кеңес беремін.
Gastarbaiter
Қатысуға уақыт тапсақ ьболар ед
aizhuka
Ұйымдастырушыға (маған) КерекИнфо арқылы да байланысуға болады.
Сұрақтарыңыз туындаса, жазыңыз, ұялмаңыз :)
balzaminka
Юнеско дегенді көзім шалып қалғаны, жабылып қалды деген ақпараттың жалған болғаны ма?
Nurgisa
:) Пішту, АҚШ пен Израильдің қаржыдан қысуы әлемнің мәдени қорын тұқырта қоймас :)
asaubota
ТВде істейтін біраз кісі бар ғой осы сайтта. барыңдар қазақтар, мұндай мүмкіндіктерді жібермеңдер.
Abilakim
иә, семинардың мүмкіндігі шектеусіз…
balzaminka
есік ашпай қалатын кездері де болады ғо дим