Обал-сауап
Студенттік өмірге екі қарызым бар. Бірі: бірінші курста әлем әдебиетінен «Дон Кихотты» оқымай кеткенім, екіншісі: Әкім ағай Тарази талап еткендей, «Ер Тарғынды» жаттамай кеткенім. Мойын жуан, көтере береді. ))
Қазір мына жерде жақсы жазба жазуды Gastarbaiter үйретіп жүр ғой, кезінде бізге ол өнерден дәрісті Әкім Тарази оқитын. Бірақ, әлде он адамның ішінде жазушылықты мақсат еткен біреуі де болмағандықтан ба, әлде басқа бір себептермен бе, ол дәрістерден қолға ұстап көретін нәтиже шықпады. Әрине, көкейге түйгенің мен көңілде сақтағаның есепке кірмейді ғой.
Әкім ағайдың дәрістері жазушының лабораториясы, шеберлік, тіл өрнегі төңірегінде өрбитін. Арасында бізге тапсырма береді. Фабула береді, негізінен кульминацияға дейінгі композициялық құрылымын нобайлап береді. «Жазыңдар» дейді. Жазған боламыз шимайлып.
Сондай тапсырмалардың бірі мынадай еді.
Ашаршылық кезі. Бір әйел, әбден ашыққан кезде, екі баласын қамап тастап, өзі азық іздеп жолға шығады. Қайда бара жатқандығының варианты көп, не десең өзің білесің. Бірақ, барар жеріне жете алмай, орта жолда әлі бітіп құриды. Жатқан жері жазық дала, су да жоқ. Күн шыжып тұр, көктемнің жазға ауысар кезі болса керек. Ақыры әйел есінен танып қалады. Бір уақта, бетін әлдебір нәрсенің жыбырлатқанынан оянады. Қараса, еліктің құралайы. Кішкентай ғана, жаңа аяқтанған. Әйел басында қуанып кетеді. Көз алдына үйде қалған қос құлыны келеді, мына лақты жығып алса, сәл де болса талғажау ғой, жоқ, сәл де болса емес, кәдімгідей мол азық қой деп ойлайды. Бірақ келесі сәтте құралайдың обалы мен сауабы деген бар екені есіне түседі. Құралайды өлтірсе, үйде қалған балаларына кеселі тиіп, қарғысы тиіп, құлындарынан айрылып қала ма деп қорқады. Осылай ана он ойланып, сан толғанады, күңіреніп жылайды.
Кульминация осы. енді шешімін жазуды ағай бізге қалдырған. Өндіріп жаза алмадық. Мен біраз шимайлып көрдім…
Бұл жерде хэппи энд шығара алмайтын едік, бәрібір. Сондықтан, сол заманның естіген, оқыған шындығын еске алып, соны айналдырмақ болдым.
сонымен, менің жазған екі нұсқамның бірінде, әйел құралайды жығып салып, етін арқалап әкеліп, үйіне келсе, балалары жоқ. Балалары жақын бір жерде жүрген шығар деп ойлап, оларды тауып әкелгенше қазаным қайнай берсін деп, етті салайын десе, қазаны да жоқ. Өйткені, бір аулақта осы үйдің қазанында осы үйдің екі баласы пісіп жатқан.
Екінші нұсқа, обалдан қорыққан әйел құралайға тимейді. Тимейді де, орта жолдан мүлде тұрмастай болып құлайды. Сол уақытта, шешесі бастырып кеткен есіктің ар жағында, екі баланың да демі үзіліп сылқ ете түседі.
Жауызбын ба?
Ал сендер осы сюжеттің шешімін қалай құрар едіңіздер?

Жауыз емессіз, ол заман туралы жазылған шығармаларда хэппи энд болды деп айта алмаймын. Шерхан Мұртазаның кітабында Тұрардың туыстары Москва қаласына жетіп жығылады, бірақ ондай бақыт бар адамға бұйыра бермеген.
— Әкім Тарази деген сен бе? — дейді.
— Иә...-дейді Әкім.
— Жазу өнері — киелі, ал кейіпкер — материалды деп ескерткенім қайда саған! — дейді де, іштен құлаштап бір теуіп жығады. Сол-ақ екен, екі аш бала Әкімнің екі құлағына қомағайлана жабысып алып, жұлып жей бастайды…
-Осы сен қатынның қолыңның сұғанағы қашан тиылады, а? — деп жекіп, лақты алып, кетіп қалады…
— Уа, Тәңірі! Шешімін өзің айтшы: құлындарым аштан қатсын ба, әлде киеден өлсін бе?
Сол-ақ екен, аспан қақ айырылып, одан: Шива, Ра, Зевс, Харун, Велес, Один, Тәңірі, Иса, Әулие Петр, архангел Павелдің бастары шығады да:
-Қайсысымыздан сұраватсың? — дейді.
Діни төзімділік пен толеранттылықтың арқасында әлі құдайын да таңдамаған әйел тап сол жерде жан тапсырады…
-Кетті әне тағы! Айтып тұрмын ғой, бұ қатынның бізге жаны ашымайды!-деді. Кішісі:
-Өгей де болса шешеміз емес пе: біздің аш екенімізге шынымен сеніп қалып, нәпақа іздеп кеткен шығар?
— Қайдам-ау, -деді үлкені, — тұрайық одан да, керуерттің астындағы кешегіден қалған жылытпаны ішіп алайық та, коньки теуіп қайтайық…
-Кеше универге барғанмын ба… Аштық туралы бірдеңе дегенмін бе… Сондай да "үйің қайт!" деп, тиып тастап отыратын сен де со күні жуасып қала қойғаның…
Бельгер:
— Ия, өзім де сілтеппін біраз, ұятын-ай… Қайта әнебір Назгүл деген қызың жақсы екен, дымын білдірместен такси шақыртып, отырғызып жіберді…
Сатыш, қолтығың жазылайын деді ау дейм?
А мен жазсам более реальный версия жазар едім.
Балалары аш әйел жануардың баласын аулап, обалына қалам бәлен-түгілен деп пәлсапа соғатындай уақыты да болмайт. Бірден қағып алады.
Үйге ап келеді де сосын балаларымен етін асып жер еді.Бірақ көптен тамақ жемеген байқұстар ол жеген астары ақыры батпай қайтыс болады.
Мүмкін банально бірақ реально. Очм ақыры хэппи енд болмайды:)))))
Көңілді Смақ хабарын жар салып, қырдан асып түскенде, сұлық жатқан қатынын көріп, сиырге өңдеп алды да, үйіне тартып отырды…
-Білә, адам болып өскің келед, бірақ өстіп зіберь боп кетесің — деді Ром Ромулға, аузындағы желінді босатпастан…
Бір қаланың символы боламын деп ойлаған елік қасқырдың екі баланы емізіп жатқанын көріп, өзінің «Рома» футбол клубының футболкасында суреті тұрмайтынын түсінді.
Түсінді де қайбір жылы қаңғып келген аңшы шалдан тартып алған он алтылық мылтығын шығарып, алдымен екі лағын, сосын өзін атып өлтірді.
Осылайша әйел мен оның екі баласы етке де, сүтке де қарық болды.
Әудеп жерде өзіне жете алмай бүк түсіп жатқан әйелдің шала-жансар халін көрген құралайды аяныш сезімі баурап алды. Құдай алдында күнәсі жоқ аң алғашында адамға қол ұшын созайын деген, бірақ тура сол әйелдің екі баласы секілді өзінің де екі лағы бар екені есіне түсіп тайсалып қалды. «Оларды кім қарайды? Жағдайы не болады?» деген мазасыз сұрақ оң жақ бүйірін қылпылдатып, жанына тыныштық бермеді. Сәлден кейін есіне әжесінің «Біз адамға азық үшін жаралғанбыз» деп айтатыны түсіп, бір шешімге келді…
* * *
Көзі қарауытып, алдында тұрған құралайды бір көріп, бір көрмей талықсып кетіп жатқан әйел басында өз көзіне өзі сенбеген болатын. Аңсары ауып, қызылға тіс тиер ме екен деген үміті өшкендей болған, бірақ, аңның жанына жақындап келіп, мұның қолындағы пышақты алып, өзінің мойнына апарып орып жібергені таңданыс пен қуаныш аралас әлдебір сезім туғызды. Қанша уақыт жатқаны есінде жоқ, бір көзін ашқанда көргені құралайдың екі алдыңғы сирағының кәнігі қасапшыдай өз етін өзі мүшелеп жатқаны болды.
Сәлден кейін тәлтіректеп орнына тұрған әйел Жаратушыға алғысын жаудырып, теріге оралған етті қанын сорғалатып үйіне көтеріп бара жатты.
* * *
Ал бұл кезде құралайдың екі лағы әйелдің үйіне келіп, өзеннің жағасынан тауып алған екі қайрақ тасқа балалар берген пышақтарды қайрап отырған болатын…
— Әй… -деді.
Бұдан кейін не болғанын өзі де білмей өліп жатқан байы мен баласын құшақтай құлады.
қатыгезбін бе(
Тәрбиелік мәні жақсы болушы еді осылай жасаса. Типі, табиғатқа қиянат жасама, сонда өз жақындарыңа да жақсы болады деген сияқты.
… Далада талықсып жатқан әйелдің құлағына «дүрс» еткен мылтықтың даусы келді. «Фффп» деп аузынан ағып жатқан сілекейін қайтадан ішке сорып алды да, басын көтеріп, орамалын түзеп жан-жағына қарады. Қараса, бағанадан бері осы көріністі алыстан дүрбімен бақылап отырған аңшы екен. Елікті атып түсірмек болапты. Бірақ, 470 метр аралықтағы аңды обрезбен қалай құлатсын? Соңғы оғын далаға жібергеніне өкініп келе жатыр.
— Епті, — деп күбірлеп қояды аңшы әйел жатқан жерге қарай аяңдап келе жатып.
Аңшы жақындаған сайын, әйелдің көзіне оның арқасындағы үлкен қап оттай басылды. Қаптың сыртына шығып, сорғалап тұрған қанды көріп, «сібежи аң, тіпті біреу емес, бірнеше жануар болуы мүмкін» деп күбірледі әйел. Аңшы әлі құрып жатқан ап-арық әйелді байқамай, оған аяғы шалынып құлады. Құлады да, перідей сұрықсыз келіншекке көзі түсіп кетіп, жүрегі жарылып шәйт болып кетті. Әйел орнынан тұрып, ысқыра әндетіп аңшыдан қапты шешіп алды да, арқасына лақтырып ауылға қарай аяңдап бара жатты. Мылтықтың даусынан шошып, әрірек барып тұрған елік бұның бәрін бақылап тұр еді. Бақытты әйелді көріп, бір жымиды да, экранға қарап көзін қысты. Титр.
Оқып алып, жылағам әбден.
Осы ма?
… Осындай бiр аумалы-төкпелi тұста Мәкеңнiң анасы Зәуре екi бiрдей перiште перзентiнiң бiрiн арқалап, бiрiн жетектеп, жансақтау қамымен төркiн жұртына бет түзеуге мәжбүр болған. Аштық қыса бастаған соң ызғарлы қыс та бұл сапардан ананы қайтара алмаған секiлдi. Оның үстiне барар жерi онша алыс емес. Майтөбе мен Кемербастаудың арасы небәрi он шақырымдай едi. Әйтсе де, қолына iлiнгендi талғажу еткен бұлардың әрi қарайғы күнкөрiсi күннен-күнге қиындап бара жатқан-тын. Аштық адамды ғана емес, түз жыртқыштарын да есеңгiретiп тастаған. Түздiң аң-құсы сиреген. Жұт оларды да жалмаған. Бөрi бiткен тағылық түйсiкпен топтана жазық даладан ауып, жемтiк iздеп ауыл маңын торитын әдет тапқан. Зәуре мұны бiлсе де, әлденеден iш жиса да лажсыз тәуекелге бел буған-ды. Екi бала үшiн шыбын жанын шүберекке түйген. Солардың ертеңiн уайымдап, алдағы күннен үмiт күткен. Кiм бiледi, бәлкiм қанында атасы Батырбек датқадан жұққан қайсарлық қасиет те бар шығар. Әйтеуiр екi ауылдың арасындағы осы сапар — өлiм мен өмiр арпалысына айналып жүре бергендей. Жолға шыққан алғашқы сәттерде ешқандай қауiп-қатер байқалмапты. Зәуре де, кiшкентай ұлы да әлi шаршай қоймаса керек. Кеудедегi күдiкпен көңiлi алаң ана «Е, Құдайлап!» жан-жағына алақтап келе жатады. Кемербастауға әупiрiмдеп жақындап қалғанда жүрек құрғыр әлдененi сезгендей тулады. Қатыгез тағдырдың салғанына не шара, құлқын үшiн қыбырлағанды қалт жiбермей аңдып жүрген аш қасқырлардың қанды көзiне шалынады. Ендi не iстеу керек? Әп-сәтте ананың ойы сан-саққа жүгiрдi. Тұла бойын тiтiркенткен қорқыныш сезiмi санасын тұмандандырып жiбердi. Үрей үркiттi. Көз алдына жантүршiгерлiк сұмдық елестер пайда болды. Анасын арқа тұтып, ыңылдап нан сұрап келе жатқан кiшкентайлары мұны сезген жоқ, әрине. Тап осындай шешiмi қиын сын сәтте, Зәуредей батыл жан болмаса үшеуi бiрдей аштықтан өзегi талуға айналған жыртқыштардың жемтiгiне айналары кәмiл-тiн. Ананың қас қағымда не ойлағанын кiм бiлсiн, ол жағы бiр Аллаға аян. Әйтеуiр ақыл-есiн тез жиды. Алдымен ендi тәй-тәй басқан арқасындағы қызын бiр жерiн ауыртып алмайын дегендей жердегi күртiк қарға ептеп түсiрдi. Мұнысын түсiнбесе де сәби әлденеге шырқырап қоя бердi. Осы сәтте ананың кеуде тұсы жарылған iрiңдi жарадай солқылдап, сыздады-ай кеп. Бақыра жылап бұған ұмтылған бейкүнә бүлдiршiнiн қайтадан қапсыра құшақтап, ет жүрегi езiле қимай, бетiнен асығыс ақырғы рет шөп-шөп сүйдi. Сөйтiп өзегi өртенiп, «аһ!» ұра көзiнен кермек жасы парлап, жанталаса Мекемтасын сүйрелеп, бауыр етiнен жаралған перзентiн өз қолымен тағылардың жемтiгiне тастап, ауылға қарай қаша жөнелген. Артында шырылдап қалған қызының дауысын естiсе де есеңгiреп қалмай, «ең болмаса шаңырақтың иесi болар ұлымды құтқарайын» деген оймен өкпесi өше жанұшырды. Сүйрей жөнелгенде әлтек-тәлтек басып iлесе алмаған баласын арқасына қағып салып, ышқына жүгiре берген, жүгiре берген…
Бұл жантүршiгерлiк оқиға ананың есiнен бiр минут та шықпай, өмiр бойы жазылмас жан жарасына айналды. Бала Мекемтас мұны сезетiн. Сезгендiктен еркелей алмайтын. Шешесiнiң қатпарлы мұңын серпiлте алмасына өкiнетiн. Қанша қайсар болғанмен ананың аты ана ғой. Ренiштi кездерде бөрiлердiң аузына өзi тосқан бүлдiршiнi есiне түсiп, жүрегi шымырлайтын сәттерi көп-тiн. Ұлына: «Қасқырларға сенi жем етiп, қызымды неге аман алып қалмадым екен?» деп тағдырына ашынғанда абайсызда айтып қалған шақтары да болыпты. Сонан соң көңiлiне дық түсiрiп алдым ба деп, баласын құшақтап талай еңiрептi. Бұдан артық қасiрет бар ма?!
дереккөз
автордың маған жазып берген қолтаңбасы мен ғылыми жобадан алған дипломымды да сал десеңіз саламын:)
Бұл автордың қолтаңбасы мен сол ғылыми жобада жасаған жұмыстарым, дипломым