Ұстараңыздың тарихын білесіз бе?
Қырынудың тарихын адам тарихы сияқты алыстан іздеуге болады, 20 мың жыл бұрын біздің ата бабаларымыз бетіндегі түктерді қырып отырған. Оны не үшін істегендері әлі күнге белгісіз. Мүмкін, әйелдер қауымына солай істесе еркектер келбетті көрінген болуы керек, алде хайуандардан ерекшелігін бет әлпетімен ерекшелендіргісі келді ме екен?
Олар қырыну үшін бәрін қолданған, тас пышақтар, молюскалардың қабықтарының сырты бәрі. Ал кейбірі тіпті сазды беттіеріне жағып, қатырып мұрты мен сақалды бірге жұлып алып тастап отырған. Темір ғасырында күнделікті қоладанатын заттар мен бірге қырыну құралдары да дами түскен. Сол кезде алғашқы өткір темір заттар пайда болған. Осыған қарамастан қырыну бұрынғыдай қиын жұмыс болып қала берген, бұл аспаптың күн өткен сайын дамуына әсер етіп отырған.
Қырыну ұстаралары ойлап табушылардың көбі әскери адамдар болған деседі. Әр заманда олар қырынуға ерекше ынтазарлық танытқан. Себебі, соғыстан бос уақыттарында олар мұрттарын сәндеп қию, шаштарын ерекшелеп өрнектейтін болған, ол үшін оларға қылыш, пышақ жарай берген. Кейіннен бұл үрдіске айналып ақыры аяғында әскери заңнамаға енді. Ал қарапайым әскери пышақ өткір қырынатын құралға айналды.
1100 жылға дейін даму тез жүріп, қазіргі қырынатын ұстаралардың негізгі жобасы қалыптастырылды, бір лезвиялы ұстағышы бар қырғыш ұстаралар пайда болды. 18 ғасырдан бастап қырғыш құралдың отаны ағылшындардыңШеффилд (Sheffield) қаласы болды, кейіннен оған немістердің Золинген (Sоlingen) қаласы қосылды. Ол кезде олардың түрлері мен шығаратын орталықтарының көп болғандығы сонша олардың даму тарихын құрау өте қиын. Көптеген ұсақ компаниялардың ұстаралары әлемді жаулап алды. Золинген ұстаралары өздерінің өткірлігімен әлемге танымал болды.Қырынған кезде, бет терісінің дыбыс беруі оларға «өлең айтатын ұстаралар» деген екінші атауға ие болғызды. Қауіпті ұстаралардың алтын ғасыры1895 жылы аяқталды, себебі сол кезде американдық өнертапқыш қызығушы King Camp Gillette өткір лезвиясы бар ыңғайлы ұстағышымен ұстарасын ойлап тапты. Ол өзінің ойлап тапқанын «safety razоr» (қауіпсіз ұстара) деп атады. Шыныменде қырыну қауіпсіз әрі оңай бола түсті. Бұл ерлер қауымына үлкен өзгерістер алып келді. Дегенмен, Gillette ұстаралары сатылымға тек 1903 жылы шығып, 1904 жылы 12,4 миллион данасы сатылған. Одан ары даму үрдісі тек жарты ғасырдан кейін ғана жалғасты, ағылшынның Wilkinsоn Swоrd деген қару-жарақ шығартын фирма 1956 жылы даттанбайтын ұстара ойлап тапты. Бірақ, оған да қарсылас пайда болды, ол 1928 жылы патентеп үлгерген Якобом Шикомның (Jacоb Schick) элетроұстаралары еді. Оның алғашқы нұсқасы қолдануға ыңғайсыз еді, сондықтан да үлкен сұранысқа ие болмады. Тек 70- жылдары американдық Ремингтон (Remingtоn) фирмасы элетрлі ұстараларды дамытып, әлем суда жүйелерінде төңкеріс жасады. Ал 1975 жыл Марсел Бик (BIC) бір рет қолданатын ұстараларды ойлап тапты. Ол басын ауыстыруды қажет етпейтін, қолданылуы оңай әрі қырынғанда таза қыратын әрі арзан еді. Қазіргі кезде де осы ұстаралар әлемде үлкен сұранысқа ие. Себебі кез-келген жерден арзанға сатып алып, қажеті біткен соң қиналмай тастай салуға болады. Бірақ, бір рет қана қолдану атауы дұрыс қойылмаған, себебі әрбір ұстара қыратын ауданға және қолдану жиілігіне қарай ұстараларды бір апта кейде одан да ұзағырақ қолдануға болады
Ал енді қауіпті ұстараларға келсек, қазіргі кезде Золинге қаласында 1906 жылы құрылған бір ғана фирма Dоvо қалды. Уақыт өте келе Dоvо басқада тауар белгілеріне ие болды. Олардың ішінде «Бисмарк» (Bismarck) бар, ол 150 жыл бойы ұстаралардың керемет сапасын паш етіп келеді. Қауіпті ұстаралардың қаншама құлдыраудан өтсе де, қазіргі кезде бұл ұстаралар өз стилін айқындаушылар мен қымбат сыйлықтың бағасын білуші ер кісілерге үлкен сыйлық ретінде өз сауда белгілерін қалыптастырды.
Ал енді сіз білесіз :)
Қайдан алдың?
Еще балмен сондай процедура жасағанда да күчТ )))
Моншадан соң, немесе ыстық душтан соң алмас ұстараң жақсы жүреді.Сосын тып-тықыр қылам деп қылдың өсу бағытына қарсы қырудың қажеті жоқ. Тек өсу бағытымен қыру керек. Қайта-қайта ысқылай беретін әдеттері бар кейбіреулердің. Ондай жағдайда электр ұстара дұрыс.
Өзіме оңдырып сақал да шықпайды. Көсе болмасам дағ, екі сипап жүре беремін:)
ПС. Мақалда, Ердің көркі сақал болу керек шығар?