"Албасты, топас мал, шайтан, қырсық..."

Бейуақыт кездері поштамды ақтарып, бұрынғы хаттарды бір қарап шығамын. Лібә, қатындарға романтик көріну үшін жазып отырған жоқпын нақтың, шынымен, эпистолярлық жанр қайтыс болды дейтіндердің сөздерін жоққа шығару үшін.Бұл — намба уан. Намба ту мақсатым — адамда сонша негатифф пен ыза қайдан пайда болатынын білгім келеді. Намба сри мақсатым, әрине — Максты өлтіру.
Бұрынғы islam.ucoz.kz сайтының админі ме, AbuJahar былай деп жазады:
"Қолға түсерсің бір күні, кәпірлердің кәпірі! Сендей малды қанжармен бауыздаған сауап деп білемін!". Сондағы менің жазығым не? Иә, есіме түсіп отыр, бар болғаны — со баяғы сұрағымды сұрадым: "өзіңе қол жұмсау күнә болғанымен, аяқ жұмсау туралы Қасиетті Кітаптар, атап айтқанда — Забұр, ләм демейді. Осы бір құқықтық казусты пайдаланып, мылтықтың шүріпесін аяғыммен басып атылып өлсем бола ма?". Не иә, не жоқ десе де болады ғой, нақтың. Жоқ, мешіт тұрғынына жараса бермейтін ашу алып бара жатқан.
Немесе мына бір хат. 32 жастағы Ақтөбе тұрғыны Э. былай деп жазады: «Сволочь! Таптыртып алам да қойдай қылып сабатам!». Айтпақшы, "қой сабау" деген сөз лексиконға қайдан енген өзі? Қойды сабайды ма сонда қаззақтарда? Очм, оған да бар жазығым — «келісті келіншек екенсіз, екеуміз еш міндеткерлігі жоқ қатынастарға түссек қайтеді?» деп едім. Оны да аспаннан алған жоқпын нақ. Очм, Мирына кіріп едім, санын жалтыратып он мәрте, төсін жарқыратып тағы сонша түскен суреттері бар екен. Төсекте жатып, саусағын сорып түскен бе, космополитансстың, әйтеуір со күні бел және оған салалас мүшелерде термоядролық процесстерден маза болмады. АйтпақЧ, «Это искусство, ишак!» дегені тағы бар. Иә, былай, жәй сондай өнер екен жалаңаштанып түсу, еркектерге еш қатысы жоқ екен. Жепсің нақ.
«Мазақтап отырғаныңыз үшін тиісті жазасын аласыз» дейді «А...» қоғамдық қорының төрайымы А. ханум. Ол да бекер ашуланды дер едім. Бар болғаны, "қоғамыңызға мүше болсам, мүшелік туралы куәлікке «мүше» деп жазбай-ақ қояр ма екенсіз?" деген өтініш білдірген болатынмын. Лібәдтің, қайдағы қоғамдық қордың өзі кішкене ғана өтінішке осынша оқырынатын болса, Үкімет баяғы да үлкен бұтақ қойған шығар деп, қ ам жеп қалдым.
«Біз соншама не жаздық, көргенсіз! Осылай жетісем деп жүрген шығарсың өзіңше?» дейді Шымкенттік журик П.С. Бұл жерде «біз» есімдігі арқылы ғақылия амигоның, журиктер қауымын меңзеп отырғанын атап өткім келеді. Не жаздық дейд нақ, бар күнә — дәл сол түк жазбайтындарында болып тұр ғой! Жарылыс болд — журье үндемейд. Шахтада 100 адамды басып қалд — журье үндемейд. Елбасылары Вьетнамға іссапармен кетқалд, енді бұл жерде де журье үндемейд нақ! Айтып қойсайш лібәд, Вьетнам қойыма қажет екенін! Қытайдың бұтағынан тартқылап отырған мемлекеттердің бірі де. Алда-жалда бірдеңе бола қалса, арқа сүйейтін жұмхұриенің бірі болмақ де. Қытайдың сескенетін елдерінің бірі деп қосып қой. Егеуқұйрық жейтіндерін және айт, тібәймайдтардың. Теңіздегі аралдар дауын айтып, халықтың дамбалына шоқ түсіріп қой, рақатты көріп қалайық, қысықкөздерді жамандап. Жоқ нақ, журье — үндемейд! Тілін шығаруға ең кемеңгер логопедтің өзі де қауқарсыз, ептібайымайд журьенің. Журье лібәд, ептібайымайдтар, құсқым келед нақ!
«Еркек болсаң — бері шық, ауызбен батыр болмай!» дейді Алматылық ақын М. «Шықсайш енді!» дейді тағы да екінші хатпен. Бұл жерде ғылым үшін — ақиық амигоның менің шыға келуімді қалай елестетіп отырғаны қызық, профессор Палташев демалад нақ. Телепортация теориясының әлі де ұрық қалпында екені туралы егжей-тегжейлі мағлұмат жазып жібердім. «Жоқ, кәдімгідей шық, тұрысатын жеріңді айт, өзім-ақ барам!» дейді қайғы-ақын. Кетейнақ, жүрсем сол күнде әркіммен жағаласып. Тігед нақ, лібә.
«Мұқағалидің әруағы атсын!» дейді тағы бір жазарман өзінің төртбу хатында. Жауап хатта биыл әруақтар қандай навигациялық технология пайдаланатынын, GPS қондырғылар 5-10 метр ауытқу беретінін ескерттім (дәлел ретінде, Ирақ соғысында зымырандар Бағдадтағы Құсайын амигоның үйіне 11 мәрте атқаннан соң дәл тигенін атап өтуді жүн көрдім). Сонша ұлықталған ақынның әруағы мүлт кетіп жатса, ұят емес пе?
Очм, хат жазу және оқу ешқашан да жалықтырмайтын сияқты. Хат жазып тұрыңдар пяншіктер! Қоқыс-жәшігім: sheshes@inbox.ru Тек достық ұсынбаңдар, нақтар кілең, мен үшін достық деген өте қастерлі түсінік, достықты қабылдаған соң мен өзімді досымның басына іс түскенде (айықтырғышқа түссе, триппер жұқтырып алса) кез келген кезде, кез келген әдіспен көмектесуім керек деп санаймын. Ал оған уақытым жоқ. Бір жағынан, сендерді де дос болып жарытатындарыңа күмәнім бар, әжесстің.
Бөлісу:

35 пікір

Aizhantabyn
сіздің поштаңызды білетін қандай бақытты жандар еді))))))))))))))))))))))
Altygradus
AKY-дің пірәпесірі Палташевке шейін кіріп кетіпті ғҰӘ:)))))))))
eroxa
неткен мәдиентті жансын
VKM
Ешкімнің қолына түспеуіңізге тілектеспін,әйтпесе… ужастик болдады деп қорқамын)))
Zilola
Суйемiн сенi, неге екенiн бiлмеймiн…
19852407
осынша адамның эмоциясына шоқ тастау сіздің пешенеңізге ғана жазылса керек..., Сатыбалды агай
Aikona
Өлдім күлкіден, таппайтының жоқ. шынымен осы адамдардың қолына түссеңіз не істер екен а? :)
patick
Лібә, саған шын ниетімен дымы қалмай хат жазып жүргендер — мекиендер ғо нағыз. :)))))))))))))
Abilakim
Көңіл-күйім көтеріліп қалды)))
Delhi
Картопты жарасыз я ))))
sakenspb
тағы қандай хаттар келеді?
KILYZAMAN
:-) :-) :-) Цианобакетрия — БАКТЕРИЯ!
ushkin
хахаха! өлтіресіз дейм ^_^
tenlikov_berik1997
Төсекте жатып, саусағын сорып түскен бе

Ішегім-ай ішегім. Мынауы несі саусағын сору деген хахахаха
saken
іші жарылғандар екен… хат жазғыштар ))))))))
Nurzhol
Ескі хаттарды оқу сондай керемет, себебі оған нерб құртып жауап жазудың қажеті жоқ! ХД
araika
 Бұл әлгі әкімқараларға арналған сияқты
sammita
"Қолға түсерсің бір күні, кәпірлердің кәпірі! Сендей малды қанжармен бауыздаған сауап деп білемін!"
Zhan
"Қолға түсерсің бір күні, кәпірлердің кәпірі! Сендей малды қанжармен бауыздаған сауап деп білемін!". Сондағы менің жазығым не? Иә, есіме түсіп отыр, бар болғаны — со баяғы сұрағымды сұрадым: "өзіңе қол жұмсау күнә болғанымен, аяқ жұмсау туралы Қасиетті Кітаптар, атап айтқанда — Забұр, ләм демейді. Осы бір құқықтық казусты пайдаланып, мылтықтың шүріпесін аяғыммен басып атылып өлсем бола ма?". Не иә, не жоқ десе де болады ғой, нақтың. Жоқ, мешіт тұрғынына жараса бермейтін ашу алып бара жатқан.

Есіме мына бір оқиға түсіп кетті, айта салайыншы айыпқа бұйырма.
Бұрынғы жұмысымдағы редакцияға бір кісі келді де, өзін: «Мен Алланың елшісімін» деп таныстырды. Бас редактор менің құрбым болатын, бәріміз үлкен бір кабинетте отырамыз, әлгі сөзді естіп алған мен ішіме сыймай жарылып, күлкіден өліп барамын. Ол кісі маған ала көзімен жақтырмай қарады. Құрбым қанша дегенмен бас редактордың должносында отыр ғо, әлгі немемен серьезно сөйлесті. Сөйтіп сөз арасында аңқаусып, «Мен ислам туралы түк те білмеймін. Маған будда діні ұнайды, ал киелі кітаптан Библияны ғана оқығам» деп деді беті бүлк етпей, маған қарап ақырын ғана көзін қысып қойып. Сосын жаңағы кісі оған Ислам туралы бірдеңелерді мыжып отырды. Ол кеткен соң, «Е, мое, біздің басеке, анау-мынау емес, Аланның елшісін қабылдады» деп біраз уақытқа дейін мазақтап күлкіге қарқ боп жүрдім.
alashaman
Сатекеңнің осы жазбасын тағы бір оқып шығыңдар
bizbike
жаттым күлкіден! Сізге әзіл театрында ойнау керек сияқты
Aldeken
Сізге әзіл театрында ойнау керек сияқты
Не ғо, Аршаттың құдасының қызы, сіз бұны комплимент ретінде айтқаныңызбен, Сатекең естісе, жеке басын кемсіту деп қабылдары сөзсіз…
bizbike
Сатеке, оқып жатсаңыз, жеке басыңызды кемсіту деп қабылдамаңызшы. Бұл комплимент, Алдан айтқандай
edige
Отты түрткен өшіред…
көршіні түрткен көшіред… деп Сатеке көштің ау дим Амиго…
Хат жазып тұр… Хат жазып тұр… Сағынышыңды сыйғызып…
/ Асқар орындайтын ән… Жұмаділдәев емес Нақ… /
ken
«Мұқағалидің әруағы атсын!» дейді тағы бір жазарман өзінің төртбу хатында.
Aя емес пе?)))
ken
шатасыппын
Соңғы түзету:
MERmukhanov
ваще қоянчық бопты ғо
asaubota
жаңа хаттар бар ма?