Илья Ильин Әлемнің үш дүркін Чемпионы!!!
Жарыс біткенше толқығаннан орын таппай кеттім. Жеңді ғой, әйтеуір! Әлемнің үш дүркін чемпионы болу Қазақстан үшін үлкен жетістік! «Бұл жеңісті Қазақстанның 20 жылдығына арнаймын!» деп ұрандатқан азамат нағыз ерлік жасады. Жарайсың, Илья!!!
Маған Ильяның өзіне сенімділігі қатты ұнайды. «Мен бірінші боламын!» деп осы күні де, алдыңғы Олимпиядада осылай қайталап еді. )
Еліміз аман болсыншы!!!
Ал Олимпиадаға шықпай қою енді, шақырып тұрғанда шықпайм дегендерін естімеппін. Көбіне спортшылар бабын жоғалтады, содан шығармайды. Денсаулық сыр беретін жағдайлар да көп.
Тек осындай деңгейлі жарыстарға адам бабына келіп барып жетпесе қиын. Кәсіби атлеттер әуесқой атлеттер сияқты емес, физикалық көрсеткіштерінің шарықтау шегі дәл жарыстың күніне келетіндей етіп тренерлері цикл жасауы тиіс.
Егер бір екі аптмаға кешіксе, көрсеткіштері қатты төмен болады.
Жаттығу кезінде рекорд жасап, жарыс кезінде аз көтеріп жататын да кездер жиі болады.
Осы ғой көбіне, бабын жоғалтады. Сосын қуып кетеді бізде көбісі. Чемпиондық екінің бірі көтере бермейтін жүк. Қайтыс болған чемпион Храпатый, әруағын қаралағым келмиді, бірақ өмірінің ақырында сыйлықа берілген квартирадан да бәрінен де айрылды:(
Жалпы осындай чемпион атлеттер ішінде ең ең сыйлайтыным Владимир Смирнов. Қаптаған чемпионаттар, бірнеше олипиадаға ҚЗ атынан қатысып күміс, қола жүлдесін алып, кішкене кездімде әлі есімде Лилихамер олимпиадасында 50 км де алтынға таласқан жерінде жаман жылағаным, бірақ ақыры алтынды алды да. қазірдің өзінде шаңғы-биатлон спорты әлемінің басшылығында ҚЗды достойно көрсетіп жүрген адам ғой.
Ал Ильяға қайта келсем шынымен ауыр атлетика жарақат алу оңай қиын спорт қой… Бірақ әйтеуір табанды жігіт екен. Мынадай бір нәрсе оқыған едім. «Адам алдына мақсат қойып, соған жетсем деп талап қойып, соған қарай ұмтылып, қадам жасай бастаса, бүкіл ғалам оған көмектесіп, оның жолы бола бастайды» деген. Сол сияқты осы Ильядан байқағаным, өзіне мақсатты қоя білетін жігіт. Сосын шамасы психологы мықты шығар.(Бізде осы спортшылармен жұмыс істейтін сондай проф психологтары бар мекен??)
алтын үшін жалақылары екі есе көбейеді екен
Маған Қазақстанның атынан шыққаны ұнайды оның, әйтпесе дааавно Бақыт Сәрсекбаев ұқсап басқа мемлекетке кетер ед!!!
Илья мен сенi суйемiн!
Жарыс барысын көре отырып, атлеттер жарысын емес, ал мен ел жарысын көргендей болдым.
Чемпионат барысында таң қалдырғаны — қытайлардың қайраттылығы, намысқойлығы, сосын Ресей атынан келген шешен жігіт/қыздарының қасқырлығы, ақырғанда ауыздарынан от шығып тұр, адамның мысын басады екен. Хажимурат Ақаев дегенің де бәле екен, осымен нешінші алтынды алып отыр?!
Илья, енді Лондон жарысына жақсылап демал, босаңсып кетпе, «Жау жоқ деме, жар астында» дегендей, ұрымтал сәтті пайдаланып сағыңды сындырып жіберер жандар табылар.
Жарыс соңынан екеуі қол алысып, құшақтасқанда мықтап қысып алған болар?! :)
Ильяның өзбектің басынан шерткеніне біразы риза болып жатыр-мыс.
Ильяныі костюмі біртүрлі болды, ия? Қара түс үйреншіксіз екен. Мен көк, я қызыл болатын шығар дегем.
Әлгі Армения қызының қолы ауырып қалған соң, көрмей қойдым :(((
өртегенауыртуға да претендтің қатысы бар ма екен.