Сүйіктіңізге хат жазасыз ба?

Қыз бен жігіт жүріп жүрген кезде ерлі-зайыптылар сияқты оларда да ұрыс-керіс болып тұрады. Сондай кезде көбісі шыдамай бірін бірі тастап кетеді. Бір-бірі туралы неше түрлі сөздер айтып, ұмытуға тырысады.



Мәселені шешіп көруге тырысу керек менің ойымша. Біз де жас болдық, біз де қателіктер жібердік. Мен мәселелерді хат арқылы шешуге тырысушы едім.

Ренжіскен кезде хат жазуды ұсынатынмын. Хат болғанда кәдімгідей хат, қағазға жазылған хат. Адам табиғаты кішкене менмен, тәкаппар ғой. Төмен түскісі келмейді, жол бергісі келмейді. Ондайды жеңе білу керек.

Адам айта алмаған сөздерін қағазға түсіре алады. Бар ойын жинақтап жақсы жеткізе алады. Және хатта жазылғандар айтылған сөздер сияқты тез ұмтылмайды, бір құжат сияқты сақталып қалады.

Ренжіп жүрген болсаңдар бір біріңе хат жазып, алмасыңдар. Тексерілген, жақсы амал. Сәттілік!

Десертке мына әнді ұсынамын:

Менің сүйікті әншілерімнің бірі Рафет Эль Романның «Соңғы хат» деген әні.



Сүйіктім, әр таңым мұңмен басталар
Әр түнім ұзын және суық, тоңамын
Қашан бітеді бұл қасірет
Қашан бітеді бұл сағыныш, оралшы енді

Дәл қазір соңғы хатың қолымда
Көз жастарың да бар екен үстінде
Жазарда жылапсың сүйіктім
Шыдай алмас бұған жүрегім

Есімде соңғы қоштасу күні
Тұрысың, маған қарағаның
Көздеріңнен, еріндеріңнен
Сүйемін сені, сүйемін

Сол тәтті һәм ащы сөздерді, жолдарды
Оқыған кезде жыладым, жүрегімде сақтадым
Мұңаймашы, міндетті түрде ораламын
Махаббатымыз үшін өмір сүремін, өмірдемін
Бөлісу:

171 пікір

madlen
Электронды жазса да болады, маған ұнайды сондай алған :)
19852407
маған ұнайды сондай алған
оқыдыңдар ғой, көздеріңе бриллиант линза, сақалдылар
kokbori
Онда күте тұрыңыз бір ақынға барып, өлең шығартып келейін. Ішімнен: «Ой, қыздарды бақытты қылуға тырысатыным ай!»
madlen
kokbori
Суретің жүректі тербетті,
Әдемі екенсіз келбетті.
Мындағы қыздардың барлығы
Жүректің ауруын дендетті.
Дегенмен әр ару, әрқалай,
Жүректі жаралап жүр талай.
Дегенмен сіз ерек екенсіз,
Сүрінсем сізге деп қорқам-ай!
madlen

сөзім жоқ
kokbori
Оқасы жоқ, мадмуазель,
Daniar-Alan
эххх Мадлен… сен де кетіп барасың аууу… Қимаймыз… қайтеміз енді…
Tyulpan
Мадлен күшті қыз!!! мен ойлағандай болса, бақытты болсын! ))

кетші, Данияр, сіз бір түрлі айттыңыз ғой )))))
VKM
Мадлен?! Бақытты бол, Маржан!
Daniar-Alan
кеше Ракишева кетті… кетватр… кетватр…
Aizhantabyn
осы әншіні жақсы көрем! Блииин, даусы деген мега ғой)))
хат ваще жазбаймын, сүйіктіме бір рет жазғам. Кетер алдын, сыйлықпен қоса бандеролька қып, сол алғашқы және соңғы рет қағазға хат жазған кезім
Nurgisa
Қазақты қайдам, түріктерде көп осындай романтикалық, лирикалық «шегіністер». Біздің өмірді қабылдауымызда хат жазысу базбіреулердің «би — еркекке жат» ұстанымы сияқты біртүрлілеу боп жата ма деймін. Бас-басында бес креди, хат жазуға қайдан уақыт тапсын. Зыр жүгірген тіршілік, ақша табу, әр қадамның, әр секундтың коммерциялық өлшемі бар дүние. Басымдықтар парадигмасында хат жазу сияқтыға пысқыра бермейміз көбіміз. Бекер ме деймін. Пысқыра бермейтінімізді…
asaubota
негіщі ше, ойлайм да осы романтиканы азайтатын нелер деп. менің ойымша тіл байлығының аз болуы және секске қолжетімдік. және де қалаған адамға үйлене алу. түріктер бізден гөрі романтик болуының себептері осы сияқты. олардың бәрі сүйген адамдарына үйлене бермейді, салт-дәстүр араласып кетеді. тілдерін әдемі қолданады, тіпті боқтау тілдері де бай халық қой.
Zhan
Бас-басында бес кредит, хат жазуға қайдан уақыт тапсын. — бес бестен болмаса да кредитін төлемеген қасымдағы коллегам міне дәл қазір сол туралы айтып отыр еді )))))
kokbori
— Біз қазақпыз!
— Сенбеймін!
— Бізде бес кредит бар!
— Оооо, бауырым
serjan
Ой шіркін-ай, қазіргі жастар хат жаза ма екен осы, мектепте жүрген қызымызбен хат жазысушы едік, бір сыныпта бір -бірімізді күнде көріп жүрсек те сезімімізді хат арқылы білдіретінбіз, сүйіктіңнен келген хатты оқу қандай романтика еді сол заманда, қазіргі жастардың сол романтиканың дәмін тата алмай жүргені өкінішті ақ.
satibaldi
Сексеннің сеңгіріне шығып отырған шағыңда, осындай ойлардың жаныңды мүжитіні өкінішті-ақ…
Nurgisa
Қалтафон, интернет, басқафон мен басқанет барда қолмен жазу тіптен ығыстырылды. Кейбіріміз дәкүментке қол қоярда ғана аламыз қолға қалады. Қайдағы хат…
Мейлру, басқарудағы жеңілтек «я тебя люблюлар», «жанчик милыйлар» шынайы сезімді көлеңкелеп бара жатқаны алаңдатпай қойсын ба…
serjan
Озық технологияларды қатты пайдаланып жүргеніңізді білеміз ғой, қолмен жазылған хаттардың берер энергиясы өзгеше еді демекшімін.
asaubota
мектепте записка деген қасиетті нәрсе еді. оны жазу, жеткізудің өзі қандай! ал қазір не, агент, СМС епты…
Zhan
Хат жазу қазір әскери бөлімдерде ғанм қалған сыңайлы. Себебі, әскерде сотка ұстауға рұқсат бермейді. «Замполиттер» әр сарбаздың үйіне хат жазуын қадағалайды.
ErNur
Мұныңыз қате емес пе Жан? Әскерлер түгілі түрмедегілердің өзінде бір-бір сотка ғой қазір
Zhan
Жоқ қате емес, солдаттардан сұхбат алған кезде тек мейрамдарда (Жаңа жыл, 8 март) ғана сөйлесуге беретінін айтты.
sammita
інім 2 жыл бойы сотка ұстады. Күні-түні хабарласа береміз. Хат та жазып тұрды, менде сақтаулы.
qisyq
Бір досым армияға кеткелі бері агенттен шықпайтын болды.
sammita
онда соткі ұстайтындай деңгейде емес шығар)
sammita
кешір асығыс оқыппын «агентке» деп:)
patick
айтпа нақ, несіне анасын жылатып-сықтатып кетті десейщ, күндіз агентте, кешке безлимиткамен сағаттап сөйлесу :)
kokbori
Әскерден келген інім менде молодойлардан алынған он екімың единица болатын еді дейді, кем дегенде
Abilakim
қой, кімді алдап отырсың.Рұқсат берілмесе де ұстайды әскерде. Әскер түгілі түрмеде ноутбугы бар қулар бар. джет модеммен керекке кіріп отырады бір танысым
satibaldi
Себебі, әскерде сотка ұстауға рұқсат бермейді.
Не дейді мынау, қосып жіберу де өнер әрине, бірақ енді, шекарасын аңдап отырып айта білу керек қой нақтың. Қазір кез-келген солдатқа телефон шалып, бөлімде қанша қару барын, техникалар санын, алғашқы әрекет етудегі тактикалық шараларын, бәрін-бәрін біліп алуға болады. Ал балансына 200 бірлік салжіверсең — келісілген жерге командирін байлап әкеліп беред.
asaubota
өзі звондаған кезде «единица салып берейін бе, бірдеме керек пе» десем "қой, жоқ ештеңе керек емес, тек жәй амандық білейін дегенім ғой" деп менің Активіме басқа оператордан звондап тұратын бір бөлем бар Астанадағы армияда.

бір рет барып едім, КППда отырған дед айтад «соткасына звонда» дид :)
Zhan
Қойш, сонда мені ақымақ қылғаны ма солдаттардың? ендігәрі сұхбат алғанда осыларды айтып бастықтарына кіріп быт-шыттарын шығармасам… ))))))))))))
Nurgisa
«сендердің кесірлеріңнен қолмен хат жазу, сырласу қызыл кітапқа енгелі жатыр» деп пе :))
Abilakim
Сізді ақымақ қылған жоқ тек ақымаққа санағандары ғой…
araika
қазір оның да табы азайып барады. Есесіне телефон ұстау мүмкіншіліктері жоғары
Aya
Хат өткен дәуреннің бойтұмары іспеттес...Қай жылдары екені есімде жоқ, әкем мен шешемнің бір-біріне жазған махаббат ғазалдарын оқып қойып: «бұл кісілер де аспаннан екі аяғы салбырап осылай менің әкем және шешем болып түсе салмаған екен-ау» деген ой қорытындысына мықтап көзім жеткен еді...))
Kanek
Дұрыс айтасыз. Менде Алғашы сезімімді ақ қағазға жүректің үнімен түсіріп жазғам. Өткенді еске түсіріп жіберді ау… Мен бір қызға ғашық болып хат жазғам, бірақ әлгі хатты әлі сақтап жұр деп естідім. Өзі тұрмысқа шыққан, менде үйленгем. Арасында көрісіп тұрамыз. бірақ көрген сайын сойлей алмай қалам уялып)))...
asaubota
тақырыптан сәл ауытқып барамыз. иә қазір жастардың хат жазбайтындары, агент, смс арқылы жазысатыны кірпіге де аян нәрсе. менің айтайын дегенім осы хат дәстүрін де анда-санда қолданып қойыңдар деген әңгіме ғой.
Zhan
Ендеше «Сатекеңді қайда, ол кім?» деп іздеп жар салып, хат жазсам бола ма?
asaubota
өйтіп приколға айналдырып өз өзіңді жұбатпа. әлбетте, бір күні саған да хат жазысатын бір сүйіктің кездеседі.
Nurgisa
:))) не деген аяусыз соққы. Кейде қатыгезсің, иә, құрдас? :)
asaubota
менде аяушылық сезімі бар деп кім айтты? бұдан бірнеше жыл бұрын адамдар алып тастады мендегі ондай сезімді :)
Nurgisa
Мұсылмандандырылған кезіңді айтамысың :)
asaubota
жоқ, піштірілген кезімде әлі атеист едім. анау кейін боғлан нәрсе ғой.
Zhan
«Отқа май құятын» жұмысқа қашан тұрып үлгеріп жүрсің? Если что бұл Аршаттың маған берген бірінші және соңғы соққысы емес ))))))))
Nurgisa
:))) оның қатыгездігін айтып, Аршаталап арашалап алайын дедім емес пе.
Өзің біл, әйткенмен :) Анандай соққыға шыдау оңай емес қой, күшті екенсің!!!
asaubota
шынымен Нұрғиса, май керек болып жатса өзіміз айтармыз. біздікі Жансая екеуіміздікі осындай құрдастық «махаббат» :)
Nurgisa
Майды әкеліп арқалып,
Таситынбыз шелекпен
Ең алғашқы махаббат
Басталады «керектен»…
sammita
осы жерде вальс кетеді)
VKM

Нұрғиса аға мен Саммита))))
sammita
сценарий бойынша Ерлан деген азамат шақыруы керек вальске))))))))
kokbori
менің айтайын дегенім осы хат дәстүрін де анда-санда қолданып қойыңдар деген әңгіме ғой.
Асеке, бұл пойызды тастап атпен келіңдер Блогкемпке деген сөзбен бірдей емес пе?
Aizhantabyn
жазар ем, өйткені хат алған әдемі сезімге бөлейді (мектеп кезіндегі хаттар, үйге келетін телеграммалар, мен сені сүйем деп жазылған телеграмма ең супері еді, әриен). Бірақ, біздің жігіттер романтикадан алшақтау, анау мынауда гүл сыйламайтын ел, хат жаза ма?))))
konvict
Мен мектепте оқып жүргенде жазатынбыз қыздарға. Бірақ ол балалық қой. Кейін алғаш жүрген қызыма әрқашан хат жазып тұрдым. Күнде телефонмен сөйлесіп, көріп жүрсек те хат жазудан жалыққан емеспін. Одмин дұрыс айтады, хатта талай нәрсені айта аласың. Екеуміз жүрмейтін болып келіскенде ол маған бір құшақ қып жазған хаттарымды алып келіп берген. Оқымадым…
Abilakim
давай, онда бір бірімізге хат жазайық,ә!
konvict
Гүлденген әлем, Әбіләкімнен құдашаға сәлем!
Erkekyz
Рахмет, алда қажет болып қалар.
Хат демекші мектеп кезіндегі бір оқиға есіме түсіп кетті ғой. Менен бір сынып жоғары оқитын бала хат жазады ғой ойдағыдай День Валентинада. Сөйтіп оны інісінен беріп жібереді маған апарып берсін деп. Өзі көшенің бұрышында тығылып тұрады. Әлгі інісі келсе алдынан мамам шығады ғой, ана бала мынаны қызыңызға беріңіз деп хатты қалдырып кетіпті. Бәрі(жігіттер) мені қазір шығады деп күтіп тұрса керек, бірден алдарынан таяқ ұстаған мамам шығыпты. Зәре құттары қалмай қашқан жігіттер ертесінде «Р-тормоз» деген өсек таратыпты. Ол құлағыма жеткен соң әлгі баладан жүрегім айнитын болды.)))Не в тақырып есіме түсіп кетті.
monti
))))) Erkekyz қызық кен оқиғаң)))))
кішкене кезде, осы хатты біреуден беріп жіберсе, алсаң, оқысаң сол кезде позорный болып есептелді мен үшін))))
aizhan
жазар едім ренішімнің бәрін хатқа, ех… соны түсінетін ол болса ғой...))
asaubota
иә, бірақ қарсы жақта да хат қабылдау үшін түйсік болу керегін де жоққа шығаруға болмайды.
sammita
"… Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды..."
sammita
.."Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?

Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да… "
Nurgisa
Кейде өлеңдеткеннен жай ғана сөз тіркестері қаттырақ әсер ете ме деймін…
sammita
ну енді, сенің қара сөзіңнің өзі қанжардай ғо:)
VKM
толық келісемін.Нұрғиса ағаның «Сөзі мірдің оғындай» деуші ма еді?
Nurgisa
Менен хат алғандай айттың ғой :)
Сен жариялаған өлеңдер жақсы екен.
sammita
сенен күнде хат алатыным өтірік пе:))
VKM
осы жерден толығырақ....)))
sammita
ұрсып жазады: «ана пікірді неге жаздың?», "қап, бәлем.." деп:)
Aldeken
Үйленер алдында келіншегіммен келісімге келгенбіз. Үйдің кішісі болған соң, анаммен бірге тұрамыз, отбасы болғаннан кейін ері мен әйелі арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ, анам менің әйеліммен жанжалдасуымды көруі қажет емес. Сол себепті, ол кісінің көзінше барынша жанжалдаспаймыз деп келістік. Келісімнің соңы келіспеушіліктеріміз бен наразылықтарымызды бір-бірімізге хат арқылы хабарлауға ұласты. Аршаттың сөзіне қосыламын, хат жазғанда ойланып жазасың, сөзің де жүйелі болып шығады.
Nurgisa
«Сволоч, оңбаған екенсің, түнде жеген тамағыңнан кейін табақтарды жуып қоймайсың ба» деп жазылған хаттар болды ма екен деп ойға шомып отырмын… :) :) :)
Aldeken
тамақ дайындаудың кәнігісі болғанмен ыдыс жууға шорқақ болдың-ау деп топшыладым… ))))))))))))
rauka
Хат жазып тур, баска ойды жат сана,
Қайталап окып қалайын бір шаттана
Хат жазып тұр, хат жазып тұр,
Сагынышымды сыйғызып,
Хат жазып тур, хат жазып тұр
Сагынышты жеңеді тек хат қана!!!
TERISKEY
Cағыныш әнді айтушы тарапынан емес пе? «Сағынышыңды сыйғызып...»
Aikona
МП3 түсіріп алуды көрсетіңізші, менде видео ашпайды
Aikona
Мектептен кейін хат жазып көрмептім, дегенмен көретін екен :)
Nurgisa
Көрмептім деген не сөз? :)
Aikona
мектепте жиі жазатынмын, тіпті көп жазатынмын. Мектептен соң ол «аурудан» жазылғам дегенім ғой :)
qisyq
Алтыншы класта белгісіз бір қыздан хат алып едім, сол сен емес пе?
Aikona
Тух 15 жылдан кейін біліп қойдың ау…
Nurgisa
Бәсе :)
Аурудан айыққаныңыз жақсы болған. Саулыққа жетер не болсын!
Aikona
:))) иа
Gastarbaiter
:-)менинше хат жазысу барине унай бермеид. Жалпы кызды смспен сындыру, агентпен кондиру, телефонмен жылату, хатпен жубату деген дрочево деп ойлаймын. Оз басымды ондай романтик ностальгия кинамайд.
Aizhantabyn
енді, үйлі болдың, қызың бар аялаған) әйеліңді сындырып керек емес қой саған. Бітті оның заманы))))
Gastarbaiter
уйлы болганга бирнеше жыл дейын сондай ойга келгем. Олен, хат жазып сындыру онай болса, 18 жасымда ловелас болар едм.
Aikona
млин, қазір мені де қинамайд ))
AKY
Жазбаймын, жазғым да келмейді.
konvict
мен жазбасам сізге
ken
жаздың ба сонымен?
VKM
Маған хат емес,өлең жазса… сынып қалар едім))))
madlen
Жазды ғой саған
Nurgisa
:))))))))) молодец Мадлен :)))
VKM
дайте мне таблеток от жадности да побольше :)))))
VKM
сындым ғой енді:))))
sammita
екеуіміз артық екенбіз мында минустап.
qisyq
Өрт))))
sammita
мархабат, бензін міне)))
Бішкекте саудагерлер ілтипатты ма?
asaubota
айтпақшы ана ән бала ұйықтатуға жақсы екен. өткенде бала ұйықтату процесім ұзаққа созылып кетіп, репертуарым біткен кезде осыны айтып көрдім. кейін тағы да бірнеше рет қайталадым, момент ұйықтап қалады :)
KILYZAMAN
Қайран жастық шағым есіме түсіп кетті… Тасымалдаушы табу қыиынның қыйыны еді. Екеуге білуге тиісті сырға үшіншіні кірістіріп :-)
AKY
не диді, құдай-ау…
KILYZAMAN
Солай.Ед — Солай.Ды
neoman
Мен жазам әлі күнге дейін, электронды түрде болғандықтан қисық почеркімді көрмегені болмаса, ежелгі хаттардан көп айырмашылығы жоқ. Кейде түнде отырып агентке де жазатынмын ол ұйықтап қалғанда. Сосын ертесіне «таңғы десертің агентте» деп смс жібересің :) Кейін сезім өшкен күнде де хатың өшпейді.
araika
Кейін сезім өшкен күнде де хатың өшпейді.
Бұл қалай сонда? Менің ойым, хат өшеді (жыртылады, жоғалады, өртеніп кетуі де ештеңе емес) алайда, сезімнің жұрнақтары қалуы мүмкін.
AL-ASTER
Бумага все стерпит деп жатады ғой. Осыған қатысты айталған болар. Адам өз ойындағы ренжіген сезімін қағаз арқылы жеткізген жеңіл әрі әсерлі :)
araika
Қағазға жазылатын хаттар, оның ішінде сүйіктісіне — қазіргі уақытта мұндайды кездестіру мүмкіндігі өте аз, мыңнан бір ғана шығар…
edige
Кагазга жазылган хаттар мен кунделiктегi жазбалар косыла алмай калганда жанына катты бататын дуниеге айналады.
VKM
Әдемі хат алғым келіп отыр
satibaldi
Бір жерде болып ед баяғыда, лузер қыздар мен жігіттерге арналған сервис: поштаңды енгізіп, түймені бассаң — сүйем-күйем деген хат келеді
VKM
білемін,память ни к черту екенін, бірақ сілтеме жіберіңізші, көрейік!
satibaldi
generatebeautifullpostforme.com
VKM
satibaldi
Не болд, керемет хат алдың ба?
VKM
Сіз жекеге хоть Олжастың болсын 1 өлеңін жіберіңізші…
satibaldi
Табиғаттыкі жарамай ма?
kokbori
Жүректің бұзатын құлыбын,
О, жаным не деген көркем ең.
Сезімнің ішіп ап, тұнығын,
Махабат отына өртенем.
Ешкімге ұқсамас бейнеңіз,
Өтінем, өзгеге тимеңіз.
Басқаның бақытын жаққанша,
Атырау жаққа кеп билеңіз — десем ше?
satibaldi
Бітті, ол сенікі. Енді адал джентльмен ретіңде оған үйленуің керек.
VKM
Осындай сөздерден кейін қалай юхтайсың?
kokbori
Бұны ұйықтату үшін айтып отырған жоқпын ғой
kokbori
Аузыңа май, астыңа тай, үстіңе шапан, енді қайқай десе… Аузыңнан жақсы сөз шықты мен үшін, мәз боп отырм
VKM
вааай, тронутпын©
Zilola
уау, сіз де солардың қатарынан ба едіңіз
kokbori
Кімнің? деп сұрауыма бола ма?
Zilola
муза шешейді қамауға алған садо мазо ))))))))))))))
kokbori
ммм, шұқылып сипалап айналшықтағанымыз болмаса, қамауға алатындау қауқар жоқ қой бізде (күрсінген смайлик)
Zilola
қамауға алатындау қауқар жоқ қой бізде
VKM
Мақпалка
kokbori
Ал түсінбедім десе ше?
VKM
рахмет,kokborі, позитивке.Юхтауға кеттім.
kokbori
Ап ащщы түстердің ішінде тәп тәтті болып бірге қыдырайық
Gastarbaiter
«Неге интернет шыққалы хат алмаспайтын болдық? Баяғыда конвертті желімдеп, оған марка жапсырып, почтаға барудың өзі қандай романтика!» -деп басталатын шұлығы шұрқ тесік боян болған тақырыпты тағы қозғап жатқан шығар деп ойлап едім. Әңгіме ренжіскенде хат жазу туралы екен ғой.
Келісемін, жақсы әдіс.
kokbori
СМС те жарай бермей ме?
Gastarbaiter
білмеймін, Хат жазысу жекеге айта алмайтындар үшін жақсы әдіс дей тқра, мен өзім пайдаланбайм ешқайсысын. Әсіресе ренжіскенде. Дрочево сияқты. Агентпен жұбату тем более бос әрекет.
satibaldi
Агентпен жұбатуды көргем бірде. Статус арқылы жұбату оның үстіне.
«Не болд Коська(!), қасыңа барайын ба қазір? жұмыстан кейін барам!»
Оған жауап (Коськадан болса керек): «Келмеші десем де келетін тек сен түсінесің менің жанымды!».
dark_nazgul
Ренжісіп қалғанда хат жазамын. Бірақ, хатты ойланып, елеп, екшеп жазу керек. Өйткені, хат бетпе бет айтылған әңгіме емес, оны адам сан қайтара оқиды, жол арасынан өзіне керекті ойлар тауып алады. Оған не деп жауап беретінін де сан толғанып шешеді. абай болу керек хатпен.
sigma
жол арасынан өзіне керекті ойлар тауып алады.
Неге между строк дегенді осылай тура алып жүрміз?
dark_nazgul
алып жүрген ешкімді көргем жоқ. Қапелімде сөз таба алмай қалып, жаза салып едім.
Ұсынарыңыз бар ма?
AKY
сөз арасынан)))
sigma
„Астарынан„ десе келеді
dark_nazgul
тырнақ астынан кір іздеп
konvict
Мен жақында ғана біреуге хат жазып жібердім. Алайда, ойланып, екшемей-ақ жазып едім. Өзімен агентте сөйлесіп отырғанмын. Қараптан қарап хат жазғым келіп кетті. Сол кезде ойымда тұрғанда қағазға түсіре салғанмын.
Бірақ, хатты ойланып, елеп, екшеп жазу керек. Өйткені, хат бетпе бет айтылған әңгіме емес, оны адам сан қайтара оқиды, жол арасынан өзіне керекті ойлар тауып алады. Оған не деп жауап беретінін де сан толғанып шешеді. абай болу керек хатпен.
дегенді оқып, екшеп жазғаным бекер болды ма деп отырғаным. Егер, о қыз алып жатса бір хабарын беретін шығар. )))))
boztorgai
хат жазу, хат алмасудың мәнісі өзгерген емес
өзгерген сол хатты жеткізу тәсілі ғой
Tyulpan
«хаттар келеді маған,
сол хаттар келсе, бір жасап қалам»…  кейде романтик болған жақсы-ақ...))
saltanat23
Біздің үйде атам мен енемнің бір-біріне жазған хаттары сақтаулы. Қазір атам дүниеде жоқ, екеуінің ортақ хаттары мен күнделіктерін мамам әлі сақтап жүр. Сондай керемет! Атам жас кезінде мамама хаттарын «жан гүлім, ләйлім» деп еркелетіп жазған екен. Мамам атамыз қайтыс болғаннан кейін немерелері қыз болса есімдерін Жангүлім, Ләйлім деп қоямын деген. Қазір Жангүлім бар, Ләйлімді күтіп жүрміз
asaubota
апталыққа хат тақырыбы да сай болады ау деймін
ruben
бір кездері күнде тыңдаушы едім. хей гиди пембе дунья )
Gulistan
Бүгін хатқа қатысты мына әңгімені оқыдым:

ЕКеудің хаты
asaubota
жақында студенттік кезімде Yahoo-да ашқан поштамды қайтадан қалпына келтірдім. біраз хатты сақтап қойдым. ақымақ болған екенмін ғой деп күлдім. өшіріп тастауға қимадым, тұра берсін
dark_nazgul
Он күн болыпты хат келмегелі…
AzamatKazhykenov
мен кызыма олен жаздым 8 наурызга арнап багалап кориниздерши
Асемгулим гул алемсин,
Асемгулим гул асемсин.
Асемгулим жыр анимсин.
Асемгулим ак танымсын.

Кызыгар келбетинне ар уланы
Бойыннан пак адалдык табылады
Сол омирде
Журегим сени гана сагынады
Сенимен откен нурлы неше куним
Алганмын лаззат мол асерди мын
мен саган бакыт пенен шаттык тилейм

мерекен бугинги кутты болсын,
Омирин тек кана нурга толсын.
Ешкашан жабыркамай жаным
Алдыннан тек кана бакыт тоссын.

Меннин гана жалгыз ак багым болшы
меннин гана жалгыз жыр аним болшы
Орт болып журекте мангиге жаншы
Менин гана басыма бак боп коншы.
Тандадым озинди гана гулдердин арасынан
Тандадым сени гана таулардын сарасынан
Тандадым озинди гана казактын даласынан
Тандадым туылганын сон казактын анасынан.
VKM
шедевр :))))))
MERmukhanov
Құсық :))) ВКМ-нің пікірі де құсық.

VKM
ахахаха. Мерей:)))))
AzamatKazhykenov
Мерей неси кусык? ойланып сойле, неси бар кызыма шыгарган олен ен бастысы журектен, мен кызымды журекпен суйем сол себепти мен жасымайм кызыма не жазсам да не сыйласам да шын пейлмен сыйлайм, Алла жазса ан жазып жатырмын жакында шыгады, сен олай терис пикир жазба,
KerimAyankyzy
Мерей, ән шығарам дейді)) Ойнамаңыз))
Ispek92
Мен оң пікір жазды деп айт қызыңа, романтика өліп барады, бвуәәәәқққ(((
esilerkesy
Қызыңызды жүрекпен сүйсеңіз қызыңызға барып айтсаңызшы))))
asaubota
енді өтпейді ау бұл заманда бұл әдіс?
Saniya
мен үнемі жазам, бірақ ешқашан иесіне бермеймін, бәрі өзімде)