Басыңды қатырма!

Бір профессор сабағына келген студенттерге қолына су ішетін кесесін алып:
— Мынаның салмағы қанша деп ойлайсыздар?, — депті.
Студенттер:
— 100 грамм
Келесісі:
— 500 грамм
Тағы біреуі:
— 223 грамм,- деген екен.
Профессор:
— Ал мен оны осылай 5 минут қолымда ұстап тұрсам не болады?
Студенттер:
— Қолыңыз аздап тала бастағаны болмаса, аса жаман ештеңке бола қоймас.
Профессор:
— Ал, бір сағат көтеріп ұстап тұрсам?
Студенттер:
— Қолыңыз жансызданып, қан айналымы өзгереді. Содан соң біразға дейін қолыңызды сезбей қалуыңыз мүмкін.
Профессор:
— Бір тәулік ұстап тұрсам?
Студенттер:
— Онда сіздің ауруханаға түсуіңіз ғажап емес. Себебі, қолыңыздың хәлі мүлдем нашарлайтыны хақ.
Профессор:
— Негізі бұл кесенің салмағын өзім де білмеймін. Бірақ, ол аса маңызды емес. Бастысы, қандайда бір мәселе туындағанда сіздер онған 5 минут ойлансаңыз ол еш кері әсерін тигізбес. Егер миларыңызды ол проблемаға 1 сағат қатырсаңыз, ол сол күнгі алға қойған біраз жоспарларыңызға кері әсерін тигізеді. Ал, осы мәселеге бір күн бойы бас қатырсаңыз қаншама уақытыңызды сарп етіп, көп мақсаттарыңызға деген ынта-ықыласыңызды жояды.
Бөлісу:

10 пікір

jazzgyw
ұғымды ойнақы уақиға екен бұл
satibaldi
Вена вальсін қарап, Монсерраттың ариясын тыңдап болып оқығасын ба екен — өкіртіп құстым.
Kuralai
Одан ары… Мадениеттылыгынызге бас идiм.
satibaldi
Тағы біреуі:
— 223 грамм,- деген екен.
Студент болса да, соңғы бөтелкені аулада аңдысып ішіп, көзі әбден жаттыққан бауырларымның бірі болса керек.
Kuralai
Бар айтарыныз осы ма?
satibaldi
Иә, негізі «керемет әфсана екен, бетінен сүйдім» деп, плюсыңызды алып, жақсы атты болып отыра беруге болар еді, әттең — әңгіме шынымен құсық.
araika
менің түсінгенім-уақыттың қадірі, шығындалған ойлар.
neoman
Профессор деген сөзді тырнақшаға алып жазсаңыз, әңгіме түсініктірек болады-ау
just19
Осы стақанды соткаға алмастырғандарға айтарым, осы стаканның ішіндегі суды, сотканың ішіндегі агентті алмастырғандарға айтарым… Әттең, әттең…

Пікірді ашу
Zilola
Менің сіңілім өте жақсы оқыған (Политех түлегі), сол үнемі өзін қинап сабақ оқиды. Таңға деуір есеп шығарып отыра беруі мүмкін, ол есеп шықпаса да отыра береді. Бір күні жақсылап ұрыстым, шықпаса қойсын, неге түнгі ұйқыңды шығын қылып отырсың деп.
Жеке өзім сабаққа көп көңіл бөлмейтінмін, шығатын нәтиже 1-2 сағатта шығады, ал одан ары уақыт кетіріп керегі жоқ. Сосын «утра вечера мудренее» дегенге сенемін.