Жол жөндеу

Өткен жылы ауылымыздың жолын өзіміз жөндеген едік. Соңғы рет ауылдың жолы 1980 жылдары жөнделген екен. Содан 8 км жол еш жөндеу көрмеді. Ақыры төзімі таусылған ауыл жастары белсеніп, ақсақалдарға сауын айтып, жол жөндемекке бел шешкен болатын. Әр үй 1000 теңгеден, машинасы бар адамдар 5 мыңнан шығарып, асфальт алып, соны төседік. Сонда небәрі 250 мың теңге ғана шыққан екен. Осы жылы аудан әкімшілігі ұялды ма, әлде біздің Мәсімге жазған хатымыз себеп болды ма, әйтеуір ауылдың жолын тақтайдай қылып бердіЖақында ауылға барып компьютерді ақтарып отырып мына виеоны тауып алдым. Қарапайым ауыл адамдары назарларыңызда
Бөлісу:

7 пікір

AKA
Қожанасыр: «Обеееед, обед»…
AKA
Ауыл тұрғындары өз қаражатына жолды жөндеген бе?
konvict
Иә, әр үй 1000 теңгеден шығарды
AKA
Жолды жөндеу жұмыстарына басшылық тарапынан қаражат бөлінбеген бе сонда, әлде тұрғындар күте — күте шаршаған соң, өз қалтасынан шығарған ба?
konvict
Негізі соңғы рет ауылдың жолы 1980 жылдары жөнделген екен. Содан 8 км жол еш жөндеу көрмеді. Ақыры төзімі таусылған ауыл жастары белсеніп, ақсақалдарға сауын айтып, жол жөндемекке бел шешкен болатын. Әр үй 1000 теңгеден, машинасы бар адамдар 5 мыңнан шығарып, асфальт алып, соны төседік. Осы жылы аудан әкімшілігі ұялды ма, әлде біздің Мәсімге жазған хатымыз себеп болды ма, әйтеуір ауылдың жолын тақтайдай қылып берді
a63a1
ҚАйдағы есек и-банкрот?! Құлан, құлан МУААХАХАХАХАХАХАХ))))
KILYZAMAN
«Жол картасы» — жобасының көріністері...:-(