Абайдың қара сөздері - II сөз

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», — деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
Бөлісу:

18 пікір

serjan
Енді осыны да жаңалық деп жазып отырсың ба? ұят қой мұның.
PiaoLiang
Б1р1нш1 блог не уш1н ашылганын окып кориниз…
serjan
Қайсы блогты айтасың қайдан оқимын сұлу.
PiaoLiang
blok deima kauimdastik deima? Abaitanushilar jaili aitam…
meirzhan
Қауымдастық
PiaoLiang
rakhmet...men bul jerge jakinda kirgendikten onsha tusine bermeimin…
meirzhan
ааа, білмегеніңді сұра.
ken
Баратын/келетін/алатын/көретін деген секілді сөздірді баратұғын/келетұғын/алатұғын/көретұғын деп, ал мен/пен дегендерді менен/пенен деп айтады.
Қарақалпақтар да осылай сөйлейді.
chimaq
piao liang 漂亮?
Nurgisa
анандай квадратикті қалай салады, үйретші?
Nurgisa
Пиаоа Линг, байқауымша осында сіз орныққалы бері дін, Абайтану жайына «рәсә» ойысыпсыз. Иә, жаңа ортаға анағұрлым салиқалы сөз қозғау арқылы имиджқалыптастырушылыққа ыңғайланғаныңыз шығар. Бірақ сізге бір кеңес беруге рұқсат етіңіз: байқаған болсаңыз, жоғарыпафостыдан гөрі, мұнда біз жеңілдеу, бірақ өзекті тематиканы қаузауға бармыз. Ынта-жігерді сол траекторияға бұрғыштасаңыз, не айтасыз?
PiaoLiang
Birinshiden, men din jaili jazganzhokpin...oni ozderiniz solai burmalap alip kettinizder...ekinshiden, men kazak tiline jakinda bas burip, terendep mengeruge nietengenmin, Abai di shinimen de okin, tanip bilgim keledi..birak baikaganim jalgiz ozime kiin sogadi eken, kasinda bir oi bolisip, kazak tilide tildesedin adam bolmasa....sol nietpen osi jerge tirkelgen edim.....ozimizdin kazak kizdar men baldar arasinda koldau tabarmin degen.....ya sizdin aitkan «жеңілдеу, бірақ өзекті тематиканы қаузауға бармыз» rasinda solai ekenin baikadim....col jenildeuligini bolmai tur, men sol kurdelileu takiriptarga kizigam, al bilaisha aitkanda mengergim keledi…
Nurgisa
Аа, дұрыс, дұрыс.
serjan
Мына сөз саптаулар қазақшаны жақында үйренген адамға ұқсамайды.
rauka
Абайды таныған үстіне тани бересің ғой, әр сөзі ойландырып қояды!
boztorgai
құнанбай неғып баласын мысырға оқуға апармаған
шен мен шекпені қазақтың келешегін омбыға байлағаны ма
Esdaulet
1,5 ғасыр бұрын басқа халықтарға күлуге, мазақтауға жақын болған екенбіз Абайдың жазбасына қарасақ. қазір де осы мінезден (әлде әдет па, қасиет па)арылмаппыз. Бірақ, бұл жолы басқа халыққа емес, өзімізге. қай жаман дағды, мінез болса қазаққа әкеп таңамыз, кешігіп келсе — "қазақпыз ғой", жалқау болса- "қазақпыз ғой", қатты мақтанып кетсе "қазақпыз ғой", кінәлі боп қалсақ «кешірші, бәріміз бір қазақпыз ғой», техниканың тілін не басқа да нәрселерді білмесек «еее, біз мал баққан қазақпыз, бұны қайдан білейік», уәдесін орындамаса — "қазақтар осы ғой", "қазақтар өйтеді, бүйтеді", "қазақтар т.б"… жалғасып кете бермек. Осындай әңгімелерден кейін қазіргі балалар да «ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі тәуір келеді екен, ең антұрған, жаман халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық үйреншікті көріп», қуанып күлуші едім еті өліп кетер ма екен не қазақ болғанына, қазақша сөйлеуге намыстанып қазақстандық боп кетер ма екен…
Qobylandy
«Абайтану» дегенге… пішштөөүү…