Абайдың қара сөздері - I сөз

I сөз

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Бөлісу:

10 пікір

PiaoLiang
Абай ата осы сөзінің басында менін қазіргі жағдайымды бейнелеген секілді… Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.Тура менің ішкі күйзелісім.
Ел бағу? Каперімде болмаған нәрсе, армандамаймын да…
Мал бағу? Калаған кунде де қолымнан келмейтін нәрсе сиякты. Дүние, ақша табу үшін, оған деген аса бір қызығушылық, албырттық керек шығар…
Ғылым бағу? Оны әнгіме қылмасада болады....Ғылымды қуу үшін асқан ақыл керек шығар ия? Сол баққан ғылым саласында жаналық енгізбесең, өзіндік із қалдырмасаң, онда жүрудің керегі жоқ сиякты…
Дін бағу? Оны да сезінбеймін, жоғарыдан келген үндеуді… Мен өз қылығымен, өз мінезіммен, айналамдағы адамдарға деген қарым-қатынасыммен де өз иманымды көрсетсем де болатын сиякты…
Бала бағу? Биреуді үйрету үшін, өзім біліум керек қой… ал мен өзімді білдім, оқыдым, тоқыдым, жетілдім, енді білгенімді басқаларға үйретейн деушілердің қатарына жатқыза алмаймын. Сондықтан, бұл да болмайды…
Сонда не қалды… Абай атам сиякты қағаз бен сияны ермек қылу ма… Бірақ, Абай атам кім мен кіммін? Көкпен пен жердей… бірақ ол кезде де Абай атаның ойына өзін тек қазақ елі емес, бүкіл әлем білетіні жайлы кіріп те шыққан жок қой… ол жай ғана «кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі»деді ғой…
Ойламаңыздан, өтініш, мынау пенде болашақта менде сондай болам деп айтып жатыр деп… Менікі жай Абай атамыздын сөзін талқылау, ой түю…
Aldeken
Араласатын адамдарыңыздың арасында Наполеон, Юлий Цезарь, Жәнібек пен Керей хандар, Бұқар жырау, құрымағанда Қонаев жоқ па? )))))))))))))))))

Диагнозыңызды Сатыбалды айта жатар… ))))))))
Nurgisa
Эндокринологтардың симпозиумына барып, тәжірибе молайтып келіп едің ғой, сен де айт кесіміңді :) Біржола тұтас медициналық талдау-сараптау жасап жіберелік. Сатъ дізенің чашкасын тоқылдататын балғасын сайлай берер.
Aldeken
Бұл жердегілерге қарағанда эндокринология тек мені, әрі кетсе сені толғандыра ма дедім, өңкей қайыңқапталдар… )))))))))
Біздің кесім төменде келтірілді…
PiaoLiang
Бұл менің пікірімді талқылауға ашылған блок емес… Жазғыңыз келсе, Абайдың бірінші қара сөзі сізге қандай ой салғаны жайлы жассаңыз болады… Өтінем, жаман, қатал сөздермен мына бетті ластамаңыздаршы… егерде жеке маған айтар сөздеріңіз болса хат жазыңыздар… хат жазуга мумкіндік бар ғой сайтта…
Nurgisa
"құрығанда" деп айтпаушы ма еді осы, Айеке?
Aldeken
«тым болмаса» деп оқуыңызға еш кедергі көріп тұрғаным жоқ. ))))))
Nurgisa
"құрымағанда" дегені тайға таңба басқандай кедергі болып тұрғаны :)
Aldeken
Қап, айып етпе, Нұреке (Нұраға десем, елбасыға әңгіме айтқандай боп кетермін), кедергісіз оқи алмағаныңа өзімді кінәлі сезіне тұрып, обалыңыз Одминге болсын дейміз, енді… )))))))))

Аршат 28 рет жазбай-ақ қой, білем пікірді түзету функциясының болашақта болатынын… ))))))))))))
Aldeken
Көңіліңізге алмаңыз, негізі Абай атамыз бұл қара сөзге кіріспес бұрын осы айтылған әрекеттердің бәрін атқарып көргесін барып, ой түйген болуы керек.
Ал, сіздікі, жай ғана, «осы менің қолымнан келмейді-ау» деген дүдамал ой деп түйдім.
Бұл сөзді жазардың алдында Абайдың жиған-терген, білген-оқыған, үйренген білімі де, білігі де осы сөзді жазуға алып келді. Ал сізді бар болғаны Абайдың жазуы ғана алып келді, демек Абайдың сөзінің ауанында Абайды түсінуге талпынуыңызға түсіне алмай отырмын… өз ойым…