«Үйлену оңай, үй болу қиын»

Мені қызықтыратыны өңтүстік өңірінде әйел алу дәстүрі. Дәстүр деуім тым артық болар, бірақ сонда да басқа сөз таппадым.
Негізі, отбасында ұлын үйлендіру жоспары жасалған бастап, сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында нақты іс-шаралар жүзеге асырылады:
1. Қыз табу:
а) әрине, жігіттің жүріп жүрген қызы болса жаман емес, олардың жүрулеріне ешкім қарсылық білдірмейді, бірақ үйленуге келгенде, ол қыз жан-жақты талқыға салынады. Біріншіден, шыққан тегі, ата-анасы қандай кісілер, отбасының әлеуметтік жағдайы қалай, қыздың өзінің мінез-құлқы жүріс-тұрысы қалай, қолынан не келеді, келіндікке жарай ма…
б) үйленуге кандидаттын болмаған жағдайында, жан жаққа, туысқандар арасында, құда жекжаттарға жар салынады: «Ойбай, уйленеміз, дереу қыз табындар». Сосын жан-жақтан патырлап ұсыныстар түсе бастайды. «Пәленшенің қызы бар Алматыда мұғалімдікті бітіріп келген» (ауылда әйелдерге жұмыс көзі тек мектепте болғандықтан, бұл қыз — өте ұтымды кандидат). «Түгеншенің қызы бар, өзі сондай инабатты, қолынан келмейтіні жоқ, үй шаруасының барлығын атқарады.
2. Қыз айттыру:
а) бүл салтты орындау шарт емес. Жай ғана қызды алып қаша салуға болады. Алайда, қазір қызды алып қашу мода болмай қалды. Алып қашу әлі де бар әрине, мысалға, қыздың әке-шешесі қыз таңдауына наразылық білдірген жағдайда, немесе қыз айттыру салты бойынша қыздың туысқандарына құнды сыйлықтар (қалыңмалдан тыс) беруден құтылғысы келген жағдайда.
б) қызды айттыратын болса қыз үйіне адамдар жіберіледі. Болашақ күйеу баланың анасы немесе жеңгелері қыздың үйіне барып, әке-шешесінің «алдынан өтеді». Қыз әке-шешесінің келісімі алынса және жастар бір бірін ұнатып тұрса, той машақаты талқыланады. Екі жақ өз жағдайларын айтып, ортақ бір келісімге келеді. Қызды ұзату күні белгіленеді.
Сонымен бастапқы іс-әрекеттер осымен аяқталды. Ендігі негізгі тірлік тойға дайындық, қыз жағы – қызды ұзату, ал ұл жағы – келін түсіру тойына дайындалады. Қарбаласта күндер өтіп ақыры келін түсіретін күн туып, жан-жақтан ағайынды туысқан, құда-жекжат, нағашы-таға, абысын-келін, бала-шаға жиылып, үлкендер жағы отауласып жатқан жастарға жақсы-жақсы тілектері мен баталарын беріп, келіннің бетін ашу рәсімін /беташар/ өткізіп, әзіл-қалжың айтысып, мәз-майрам болып тарқасады. Ал кешке «вечер»: сыныптастар, дос жарандар жиналып құрбыларының қуанышын тойлайды.
Ал енді, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалды еске алатын кез келді. Байқасаңыздар, алдыңғы үзінділерде «Махаббат» деген сөз бірде-бір аталмады. Өйткені, бұл әрекеттердің ішінде ол болған жоқ. Барлығы тек сыртқы ұнатушылық негізінде жасалды. Екі жас бір-бірімен енді ғана танысып, үйренісе бастайды. Әрине, бұл процесс барысында ыдыс-аяқта сыңғырлаймай тұрмайды. Ең бастысы нәтиже! Алғышқы таныстық бір жұбайларда шын сезімді махаббатқа ұласады. Ал кейбіреулерінде, өкінішке орай, жай жаға бір бірінің мінезіне дағдылану, бойсұну, шарасыздық болып қала береді. Бала туылғаннан кейін барлық назар сол бағытқа бала тәрбиесіне ауысып, ендігі өмірлері балаларына арналады. Өздеріне, ішкі жан дүние сезімдеріне қол сілтеніп, сезім күйлерінің атауы жүректің қараңғы бір түкпірінде, үлкен қара құлыппен кілтенеді.
Бөлісу:

16 пікір

ken
Ал енді, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалды еске алатын кез келді. Байқасаңыздар, алдыңғы үзінділерде «Махаббат» деген сөз бірде-бір аталмады. Өйткені, бұл әрекеттердің ішінде ол болған жоқ. Барлығы тек сыртқы ұнатушылық негізінде жасалды. Екі жас бір-бірімен енді ғана танысып, үйренісе бастайды. Әрине, бұл процесс барысында ыдыс-аяқта сыңғырлаймай тұрмайды. Ең бастысы нәтиже!
Осылай үйленіп, оң нәтижелі болып жатқандар жетіп артылады.
Сондай-ақ, махаббат/сүйем/күйем, тб деп жүріп үйленіп, артынша ажырасып жатқандар да аз емес.
Adiletshu
Сөзіңізге қосылам
Nurgisa
Ал енді, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалды еске алатын кез келді.
:) :) :)
Nurgisa
Өйткені, бұл әрекеттердің ішінде ол болған жоқ. Барлығы тек сыртқы ұнатушылық негізінде жасалды. Екі жас бір-бірімен енді ғана танысып, үйренісе бастайды. Әрине, бұл процесс барысында ыдыс-аяқта сыңғырлаймай тұрмайды. Ең бастысы нәтиже! Алғышқы таныстық бір жұбайларда шын сезімді махаббатқа ұласады. Ал кейбіреулерінде, өкінішке орай, жай жаға бір бірінің мінезіне дағдылану, бойсұну, шарасыздық болып қала береді. Бала туылғаннан кейін барлық назар сол бағытқа бала тәрбиесіне ауысып, ендігі өмірлері балаларына арналады. Өздеріне, ішкі жан дүние сезімдеріне қол сілтеніп, сезім күйлерінің атауы жүректің қараңғы бір түкпірінде, үлкен қара құлыппен кілтенеді.
Абсолютті түйін жасау дағдысын тым ерте қалыптастырдым деген шүбәмен арпалыспаймысыз осы? :) Тұрмыс құрған адамсыз ба? :)
just19
Ынтызар сезіммен сүйем, күйем деп үйлену көбіне нәтижелі болмай жатады дейді ғой. Көп сөзге еліктемей, адам өз басымен ойлап көрсе, үйлену деген тамаша сәт екен ғой. Кейде ойланғанда бәлен жыл оқып-тоқып, біраз жасқа келіп, орта жасқа келгенде туатын үйлену мәселесіне бей жәй қарауға болмайды. Маңызды дүние, ер мен келіншектің өмір сүруге деген талпынысы деген ой келеді. Бір сөзге екі сөз жауап беріп, сәл қиындыққа жыламсырап қоятын еркектерді де көз көріп жүр. Өзің үйленбеген соң, олардың жағдайын түсіну қайда, бірақ өз басыңа да сол жағдай келетін болған соң, ол туралы ойламай қайда бармақсың. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Былай қарасаң, жақсы өмірге деген талап та соншалық қиын емес. Бар болғаны, әр нәрсені өз уақыты келгенде істей салу, сол да жұмыс боп па былай қарасаң. Істемесең, үйіліп үйіліп, басыңа бәле болады. :) Міне, қиындық осыдан шығатын сияқты. Жағдай әр түрлі ғой дегенмен, сондықтан қиындық та болуы керек өмірде, оны жападан жалғыз шешкенше, қасыңда маңдайыңа жазылған серігің болған да жақсы ғой. Ол ақылды болса, басқа артық дүниені талап етудің де керегі жоқ болар. Пендеміз деген ой сап ете қалады осындайда.
Дұрыс, жақсы өмір сүруді кім білмейді, бәрі біледі. Біле тұра істемейтін сияқты көрінеді. Тым болмаса, дұрыс өмір сүруге ұмтылмайтын амиголарға рыспек деу ғана қалып тұр. Ал, жап жақсы, ұрыс керіссіз сырт көзге сыр білдірмейтін тату отбасынан айналып қана кетпесең, білмедім. :)
e_zhalgas
Махаббат, ғашықтық — естелік! Яғни, махаббат тек өткен шақта болуы мүмкін. Ғашықтықтың түпкі мақсаты жоқ, ендеше, үйленген жандардың арасындағы, не олардың үйленуіне түрткі болған жағдайды арасындағы абстрактілік махаббат не ғашықтықпен байланыстыру қарапайым иллюзия ғана. Яки, ғашықтықта тек қана буырқанған сәттік сезім мен тәтті естелік қана болуы мүмкін. Яғни, махаббат пен ғашықтық туралы айтқанда, тек ол туралы сезімге беріліп, өткеннің тәтті сәттерін еске алып қана ой қорыта аламыз. Ал үйленуге келетін болсақ, мұнда кішкене аспаннан жерге түскен сезімдер рөл атқаратын сияқты. Яғни, достық, бауыр басып қалу, әдет.
Zere
Мәәә, Жалғас, қайдан білесің бәрін? )))))
e_zhalgas
сызылып тұрған смайл :)
konvict
Не үшін «PiaoLiang» деген атты таңдадыңыз деп сұрасам болады ма?
Ereke
Ал бұл оңтүстікке осылай болса, Қазақстанның басқа облыстарында қандай екен?
satibaldi
Жазба — құсық, жазған адам — дүрдараз.
Zilola
нағашы-таға
Өзбекстанға жақындығыңыз бар ма?
Aikona
Үйлену үшін хотя бы сезім кішкене болсада керек деп ойлаймын, себебі мен адамды ұнатып оған симпатиям болмаса онымен бірге тұра алмас ем және ер азаматым ретінде сыйлауымда төмен болар еді деп ойлаймын. Алыпп қашу жағын қозғамағанда
Zhan
Менде де точны дәл осылай — кішкене болсын симпатия керек.
Aizhantabyn
Мен адамды ұнату үшін оны сыйлауым керек, авторитет болу керек маған, болмаса пысқырып та қарамаймын)))))
ОТбасы махаббаттыың негізінде құрылса жақсы, бірақ ақыл-махаббат деген атқа ие сезім де бар…
satibaldi
Шеттеріңнен тұрмыстың тауқыметін тартып болып, бас-басыңа көпті көрген ва кәртамыс тартқан данышпан болып алған түрлеріңе болайын, нақтар кілең! Ең болмаса тауық пен әтешті үйлендіріп көрген адамсыңдар ма өздерің???