Almaty Events

Қаламызда болып өткен, болып жатқан және енді болатын ивэнттер жайлы тағы бірер сөз:


1. Қаламызда екінші аэропорт пайда болуы мүмкін.

11-қазан күні Премьер-министр Кәрім Мәсімов жаңа аэропорттың жобасымен танысып өтті. Екінші халықаралық аэропорт Алматы қаласынан 100 км. қашықтықта орналасатын болады. Жобаның идеясы малайзиялық ALR Builder компаниясына тиесілі. Бұл аэропорт жылына бірнеше миллион жолаушыларға қызмет көрсететін болады. Толық ақпарат.

2. Медеу мұз айдыны өз жұмысын қайта бастады.

1-қазаннан бастап «Медеу» мұз айдыны қайта ашылды. Коньки тебуге барғыңыз келсе, мұз айдынының жұмыс кестесі баяғысынша: бейсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00ден 16.00ге дейін, сосын 18.00ден 23.00ге дейін. Билеттердің құны: үлкендерге — 1600 тенге, 7-12 жас аралығындағы балаларға — 500 теңге. Студенттерге, әдеттегісінше, жеңілдіктер бар, ал 7 жастан кіші балаларға кіру тегін. Медеуде болатын іс-шаралардың тізімі.

3. Алматы әкімі мұғалімдер күні қарсаңында білім беру саласының 14 қызметкеріне пәтер кілтін табыс етті.

Осылай Есімов қала мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Тұрғын үй мәслелесі бүгінде көпшіікті қинап қойғаны белгілі. Осындай жақсы жаңалықтар көбейе берсін. Дереккөз.

4. «Мен сенімен біргемін» веломаршы

Алдыңғы постымда осы іс-шара туралы жазған болатынмын. Веломаршқа қатысушылар қаланың көшелерін аралап қана қоймай, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға қаржылай көмек жинауға да белсене қатысты. «Здоровая Азия» қорының қолдауымен Алматыда 12 адамға арналған хоспис ашылады. Бұл емдік орталық осы екі-үш айда өз жұмысын бастап кетуге дайын.

5. 02.10.2011. Апорт орталығының тұрағында «Драйв-2011» авто-фестивалі болып өтті.




Бұл шара vse.kz және drive.kz интернет-қауымдастықтарының ұйымдастырылуымен іске асты. 300ден аса техника құралдары жиынға келген көрермендердің көз қуанышына айналды. Келген қонақтар күні бойы неше түрлі конкурстарға қатысып, әр түрлі көліктердің фонында суретке түсіп үлгерді. Конкурстар әрқилы: бір машинаға қанша жолаушы сияды, 1 стакан суды машинаның төбесіне қойып, мәреге дейін жеткізу және т.б. Көрермендердің айтуынша, бұл Алматыда осыған дейін болған автожиындардың ішіндегі масштабы бойынша ең ірісі. Толық ревю мына жерде..

6. «Open Way-2011». Жас дизайнерлер байқауы.

30.09.2011. "Қазақстан" қонақүйі, Premium Hall. Бұл байқаудың мақсаты жас талант иелерін жинап, өз жұмыстарын халыққа көрсетуге мүмкіндік беру. Ұйымдастырушылар және қолдау көрсетушілер — Almeo Group, Kazakhstan Fashion Week және Алматы қаласының әкімшілігі. Байқаудың басты талабы бойынша қатысушылар 2012 жылға лайық, жаңа өмірді бейнелейтін киім үлгісінің эскизін дайындау керек болатын.

21 финалистің ішінен Павлодар қаласынан келген Құсайынов Жеңіс өзінің «Lady Gaga образы» үлгісімен жеңімпаз атанды. Қысқа видео шолу.

7. Сүйікті қаламызда тағы бір гламур-тусовкаларға арналған «El Mirador» рестораны ашылды.

«El Mirador» Bar&Grill — талғамы жоғары тұлғаларға арналған, қымбат ресторан. 24-қыркүйекте ашылуын атап өткен бұл ресторан өз қонақтарын асыға күтуде. Ашылу мерекесінде атақты француз «Gipsy Kings» тобы мен Rico Sanchez қонақтарды өздерінің қайталанбас туындыларымен қуантты. Дегенмен, сапа мен бағасының сай келетініне қонақтар әлі сенімсіз. Өзім тексерген ақпараттарға сүйенсек, мұнда алдын-ала столға (6-7 адамға) тапсырыс беру 50 000 тенге екен. Қонақтардың пікірлері.

8. 27-29.10.2011. Almaty Towers, Ballroom.
Kazakhstan Fashion Week

Еліміздегі сән индустрияның ең елеулі оқиғаларының бірі. Әр жылы осы мерекеде жаңа отандық және шетелдік дизайнерлердің жұлдызы жанып, жаңа идеяларға бағыт беріледі. Әдеттегідей, подиумға атақты дизайнерлердің ең жақсы коллекциялары мен жаңа туындалары шығарылады. Сонымен қатар шығармашылық жолын енді бастаған дизайнерлер де стиль мен сұлулық әлемінде бағын сынап көреді. Open Way-2011 жеңімпазы Жеңістің cән үлгілері де осы мерекеге қатысады. KFW ресми сайты.

PS. @konvict, Таразда қар жауыпты ғой. Жылы киініп жүр.
Барлықтарыңызға бұл аптаның соңғы жұмыс күнін жақсы аяқтаңыз дегім келеді! Демалыс күндеріңіз көңілді өтсін!
Бөлісу:

55 пікір

yerbol89
PS. Шымкентте де қар жауды! :)
madlen
Уфф, ертең бізде жауатын шығар онда.
omarbirat
Бүгін де жауып қалуы ғажап емес.
AKY
Ал бізде жапалақтап тұр.
madlen
Суреттер в студию!
AKY
Балконнан түсіріп едім, фотигім қуып тұр, суретті бермей жатыр компқа(((
omarbirat
Бізде де басталды
AKY
«Аяймын сендерді» деп отыр еді кеше Патик:)))
omarbirat
Қар тоқтап қалды :)
Zilola
кеше кешке тойға деп жасатқан прическамды быт-шыт қылды Шымкенттің жауыны :(
Түнде жол тайғақ, Жаңатасқа келсек тауда қар, жол тұман :(
madlen
Қандай тойға барып үлгердің?
Zilola
Папамның әпкесінің баласының тойы :)
Ақсу кентіне барып арнайы жасатқан бұйраланған шаш үлгім, салоннан шығып көлікке отырғанша сабалақ шашқа айналды :))) Сосын 3 тал шашымды жайып бара салдым тойға :P
Erkekyz
Мен сол кезде сыртқа шығып алып ойладым ше, ужс, Зизидың баратын тойы быт-шыт болатын болды-ау, прическасы да, ойбуу деп.
Zilola
Ағам да, жеңгем де, мен де бір машинада кетіп бара жатқан соң аса көңілім түспеді. Әйтпесе тойға кешіктім деп одан сайын нервым ұстайтын еді :)
omarbirat
Медеуде болатын іс-шаралардың тізімі.

Ивенттердің соңғысының күні 14.10.2011 деп тұр екен. Бұлар графикке болып кеткен іс-шараларды енгізе ме деп қалдым.
madlen
Енді, бары сол. Медеудің сайты.
Айтпақшы, сайттың қазақша нұсқасы жоқ, соған таң қалдым.
omarbirat
Жаңалықтар да жазып тұрмайды екен. Бұқарамен байланыс жетіспей тұр, опшым.
Erbol
Қазақстанда бұқарамен байланыс жоқ, бұқарамен ерегес қана бар
TERISKEY
...al. men Marzhandi dal bulay jazadi dep oylamappin, tankaldirdi, tamasha!!!
VKM
Осындай жаңалықтарды жазып тұршы,madlen. Күшті!
madlen
Сен үщін бәріне дайынмын )))))
VKM
уа-ча! жігіт айтса сынып қалар едім)))
Nurgisa
))))))))))) әдемі күлкі сыйлағандарыңа рақмет, мадлен ва выкээм :)
madlen
Бүгін жұма! Көңіл-күй күшті!
Nurgisa
сендей күлержүзді қарындасым болмаса…
VKM
сізге де рахмет!
asaubota
пост жазудың озық үлгісі!
madlen
ухты! рахмет!
Nurgisa
Қосыламын. Аршат айтқасын тағы бір свежий, сыни көзбен сүзіп өтіп ем. Керек инфомен бөлісудің жауһар мысалы екен. Жазарың көбейсін!!!
omarbirat
Таң қалудың қажеті жоқ. Шынымен үлгі боларлық пост :)
asaubota
маған әрине Алматыдағы ивынттар қажет емес. бірақ плюстедім және таңдаулыларға қостым. өйткені басқаларға үлгі болатындай пост. әр бөлім реттік санымен жазылған және бөлек шрифт таңдалған, керек жерлеріне сілтемелер әдемі орналастырылған, абзацтарға бөлінген, керек жерлерге суреттер де қойылған. бұдан артық не керек?

рахмет!
Nurgisa
44 плюстің біреуі маған тиесілі екеніне қуаныштымын! Мұндай посттарға плюстіде рахаттанып қояды екенсің. Супер!!!
madlen
Рахмет, рахмет!
АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Onlasyn
Алматыда ма?
madlen
Таразда, Шымкентте және Астанада. Алматыда қар аралас жаңбыр әзірше :)
Zilola
«казгидромет»ке жұмысқа кіргенбісің?
AKY
Қарағанды мен Қостанайда да жауыпТ дейді дереккөздер.
Gastarbaiter
онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға қаржылай көмек жинауға да белсене қатысты. «Здоровая Азия» қорының қолдауымен Алматыда 12 адамға арналған хоспис ашылады. Бұл емдік орталық осы екі-үш айда өз жұмысын бастап кетуге дайын.

Жақсы жаңалық екен. 12 адам ғана онкологиялық ауруға шалдыққан ба екен?
madlen
Жоқ, әрине, әзірге сонша адам ғана қабылдай алады. Балаларды.
Gastarbaiter
Мен уже болжап отырмын, қандай балдар болатынын. 12 койка деген бір облыс орталығына тым аз екен. Шүкір оған да.
madlen
Біраз адамдарға үміт сыйлайтындай, шынымен де жақсы ем көрсететіндей орталық болса екен…
neoman
Медеудің ашылуын жыл сайын асыға күтетін едік. Алматыны сағынсам, бірінші ретте Медеуді сағынам, кереметі ғой Алматының. Сәл жырақтамыз, тек қызғана оқып отырамыз енді
Erkekyz
6. «Open Way-2011». Жас дизайнерлер байқауы
Осыған қатысам деп біраз оқталдым ғо кезінде, кейін менде бәрібір резюме жоқ қо деп тормозданып қалдым. :))))
madlen
Қатысу керек еді, қыз! Маған ұйымдастырушыдардың жалпы идеясы, жобаны KFWпен байланыструы ұнады.