Жәннәт және Тозақ

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Жәннәт және Тозақ



Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады. Бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. Осы дүниеде тура жолмен жүрген мұсылман баласы Аллаһтың рақымымен Жәннәтқа кіреді. Олар жайлы Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін» (Бәййнә сүресі, 7-8-аяттар).

Ал Аллаhқа иман келтірмеген, Аллаһқа қарсы шыққан, адасқан қауым Тозаққа барады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді» — деді» (Әхзаб сүресі, 64-66-аяттар).
Бөлісу:
  • 13

105 пікір

satibaldi
AlexRobertson
жындысыңба неге күлесің алладан қорықсай
Ispek92
Сен ше, Алладан қорыққасын кіші әріппен жаздың ба?
satvaldo
астындағы реклама жынды екен…
Serzha
мұсылмандық тозақ қандай өзі? христиандық тозақтан айырмашылығы бар ма?
a63a1
ия жұлдыздар саны бойынша
e_zhalgas
не жұмақ, не тозақ: 50 де 50. ал, салыстырмалы түрде 49 да 51 деп алсақ не болады екен? күнәсі көп, бірақ тозаққа баруға татымайды немесе керісінше… бюрократия, млин. жай, түнгі сандырағым еді, айып болмаса :)
nurjanbay
зато жәннәттің сегіз есігі, тозақтың жеті есігі бар.
e_zhalgas
бұл ақпараттан қандай логикалық тұжырымға келуім керек? :)
AKY
жәннатқа кіру оңайырақ, тек азғана ниет етсең болғаны.
nurjanbay
жәннәттің есігі көбірек.
Zhan
Мен бір жерден күнәсі мен жақсылығы тең түссе жұмаққа барады екен деп оқығам. Ал 51 мәселесі шынында ойландырарлық мәселе екен
Zhan
Интересно, жұмақ пен тозақ қайда өзі? Жұмақта адамдар мәңгі қалса іш пысып кетпес пе екен?
Onlasyn
Біздің ақылымыздың сыртында
izbasar
Ішің пыспайды сенің әр күнің ерекше.
a63a1
Жұмақ һәм тозақ. Барына сенгенмен, миыма симайды. Мәңгілік тозақ отына түскен күнәһар мәңгілік отқа күйеді екен, ал пейішке түскен пенде мәңгілік рахат көріп өтед, жоқ өтпейді тұрақтайды екен. Сонда деймін-ау Мәңгіліктің шегі барма? Тозақ отынан құтылуға мүмкіндік барма? Әлде мәңгі рахаттан жалықпау үшін анда-санда тозақ отына оранып қайтуға болама екен?
Onlasyn
Мәңгіліктің шегі жоқ. Мәңгілік адамның миына сыймайды.
a63a1
Жұмақ деп қызығамыз. Бірақ Рахаттан да жалығатын кез болады емеспе, мүмкін пендешілік қызықтардан басқа қызық көрмегеннен кейін, маған ол белгісіз рахаттың дәмі сезілмеейтін де болар.
Onlasyn
Бірақ Рахаттан да жалығатын кез болады емеспе
Жұмақта болмайды
konvict
Бірақ Рахаттан да жалығатын кез болады емеспе
Жұмаққа біз секілді надан, топастар бармайды ғой. Жұмақ ол ізгі жандарға арналған. Ол жерде жүрегінде қаупі бар адам болмайды. Демек өзгеше ештеңе қаланбайды
e_zhalgas
бұл өзіңе тозақ азабын алдын ала жазып қойған мазохистігің деп қабылдануы керек пе? :)
Zhan
Жалығып кететін болсаң, Алла тағаладан анда-санда тозаққа барып келуді сұрастырып тұрарсың :) Сосын ол жақта көргендеріңді жұмақтағы достарыңа жыр ғып айтып бересің:)
AKY
сенің тәнің өртенеді де, қайта қалпына келеді, сосын қайта өртенеді. осындағы бүкіл өмірің тозақтың 1 секундына да татымай кетеді. деп жатады ғо.
satibaldi
Жоға тек заңгер немесе журналист болмасаң болды дейді.
Zhan
Мен о дүниеде де журналист мамандығын таңдап, жұмақ пен тозақтан репортаж жүргізер едім.
AKY
Өкінішке орай, екі ортада селкілдеп жүруге болмайды, тек қана бір жақтан репортаж жүргізетін мүмкіндігің бар:) Саттың айтқаны рас болса… тек қана… тозззақ((
Zhan
ой нечестно боп кетеді ол кезде… Жұмақтағыларды тозақтағы жайтпен хабардар етіп тұратын арналар болу керек қой. Тозақтағылар да жұмақтағы игі жақсылардың халін біліп тұру керек дегендей…
AKY
Тоззақтағыларға не до жаңалықтар болады, сен маған.
izbasar
Акырын кусашы.
AKY
сонда қалғандарының бәрі… Жәннатқа? Сыя ма?
a63a1
Ожақтағы қиналысты тістің ауруынан да жаман деген пірадарларды көрген мына көз
AKY
тіс ауруынан қатты зардап шеккен болса керек))
madlen
Абзал, білмейтін тақырыпқа жаза бермейікші. Ойын емес қой.
a63a1
Білу үшін жазып отырмын емеспе, Тақырыптың мақсаты да сол болмаса не үшін жазады. Біздей қараңғы пенделерге шариғат айтып көзімізді ашу үшін жазылған шығар
madlen
Оны түсіндім ғой.
AKY
Бір кісі айтқан еді: «Жұмақ — тек қана еркектердің мекені. Ал әйелдер ол жақта тек қана ер адамдардың *көңілін табу үшін ғана (хор қыздары, бәлен-түгендер)» деп.
satibaldi
Мынаусы жақсы теория екен.
AKY
Бүгіннен бастап намазға жығыл.
satibaldi
Шегіпсің.
izbasar
Өзің шегіп отырған жоқсыңба?
Zhan
Сонда ол жақ жұмақ па әлде оргиялар мекені ме? Ужыыс
satibaldi
Әрине. Рақатты мен басқаша елестете алмаймын. Тек төсек қатынастары ғана мәңгі боп қалмақ!!!
izbasar
Төсекте қанша секінт рахаттанасың есептеп көрші.
AKY
«Мәңгілік рахат» дегесін, солай шешкен шығар :)))
Zhan
Өткенде ғана достарыммен осы туралы тақырыпты қозғап ек. Сонда мен қарап тұрмай хор қыздары деп жатады, ал қыздарға арналған хор еркектері жоқ па екен дегенімде бәрі күлді.
satibaldi
ал қыздарға арналған хор еркектері жоқ па екен дегенімде бәрі күлді.
Лібәә, мұрыннан атты нақ)))))))))))))))))))))
AKY
жоқ.
Zhan
Туу, АКҮ бүгін саған не болды, ЖОҚ, ЖОҚ деп… Намаз — адам өмірінің нұры! деп не в тему қуалап кетейін бе?
a63a1
не в тему емес. не втему деп айтқаныңыз не в тему болып кеттіғой
Zhan
кеттіғой — кетті ғой :)
a63a1
Дін түгілі грамматикадан қате жіберіп жатқаныма көзім жетті.
AKY
жұмақтан дәмеленбей, сып-сыпакойно өміріңді сүре бер дейм дә.
намазды Сатыбалды оқысын.
satibaldi
намазды Сатыбалды оқысын.
@AKY шалға тисін.
AKY
Сатыбалды әрәқ көрсе құсқысы келетін болсын!
Zhan
Не деген суперқарғыстар!
izbasar
Намаз — адам өмірінің нұры!
Әлбетте солай болып тұр.
satibaldi
Иятсяз апашка)))))))))))))))))))))))
nurjanbay
Шәкәрім Құдайбергенұлы:

«Бейісте бар сұлу жар,
Мінсіз таза, хор қыздар.
Рахат берер бал кәусар»-
Дейді біздің молдалар.
Айтады да бұл сөзді,
Арудан тыйды ол бізді.
Сүйме дейді бір қызды,
Молда-екемнің жыны бар.
Кәусарың рахат бермесе,
Mac қылмай ішті кернесе,
Хорды асық боп көрмесе,
Несін мақтап қылдың зар?
Кәусары болса шараптай,
Хор қызы болса қарақтай.
Қоймас па еді жаратпай
Бейіске ондай арам нәр.
Қызына асық болмаса,
Мастықпен көңіл толмаса,
Көкейіме қонбаса,
Бейісің маған мұз бен қар.
Молдеке-ау, олай емес қой,
Қыз сүйіп жеміс жемес қой.
Мысалмен айтқан кеңес қой,
Тәпсірлеуге миың тар.
От емес қой тозақ та,
Дүние ісі жоқ о жақта.
Барамыз ғой қонаққа,
Сонда анықтап байқалар.
Жалықпас, бітпес рахат бар,
Азабы оттан қиын, тар.
Нәпсіге ерген молдалар
Қыз құшуға тым құмар.
konvict
Жұмаққа баратын әйелдер хор қызынан да әдемі болады
Serzha
кейіпсіз әйелдерді жәннәтқа кіргізбей ме?
a63a1
Ойлану қасиетімді тығырыққа тіреді мына пікірің
satvaldo
бар, әпше ;) жұмақта әйелдерге берілетін хор еркектерінің атауы — гилман. :ҚҚҚ
VKM
Аһи келіп, көзімізді ашыватр)))
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: "Әй, адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар. Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақыр елшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?»,- дегенде: «Олар бізден ғайып болды» деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздері айғақ болды. (Алла қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер» дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары, алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер» дейді. Және олардың алдынғылары, артқыларына: «Сендердің бізге бір артықшыларың жоқ. Ендеше істегендеріңнің азабын татыңдар» дейді. Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды… Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз" (Ағраф сүресі, 35-40-аяттар)
a63a1
Тозаққа түскендердің Жәннәтқа бару мүмкіндігі барма?
VKM
Ой, Абзал, мен де осы туралы білгім келді. Мысалы: сен тозақта өз кінәңді өтеп, жұмаққа барасың ба. Әлде мәңгілік сонда қаласың ба? Мамммааааа...қорқынышты
a63a1
Мысалы: сен
Неге мен?????))
VKM
хехе) сен емес, жалпы
Zhan
Тозақта күнәсын өтеп, жұмаққа барады дейді. Бірақ «тозақтан келген» деген маңадйында мөрі болады деп бір жерден оқығам. Рас, өтірігін бір-ақ білмеймін. Бірақ кітапқа барып көріп келген ғып жазған.
Zhan
келгендей ғып оқуларыңызды өтінем
nurjanbay
мен солай деп естідім.
Onlasyn
Маңыздысы өлген кезде иманмен кету. Егер адам иманмен өліп, күнәсі көп болса, Аллаһ қаласа күнәсін тозақта өтегеннен кейін жұмаққа барады.
Аллаһ қаласа күнәларын кешіріп тікелей жұмаққа кіргізуі де мүмкін.
Маңызды болғаны иманмен өлу.
Имансыз, кәпір болып өлген адам мәңгі тозақта қалады
AlexRobertson
жоқ мәңгі қаласың деп ойлаймын өйткені саған өмірде мүмкіндік берілді сен оны қателік жасап өткізсең сен тозаққа барасың ал осыны біліп тұрып жамандық жасасаң тозаққа барасың ал енді осыны оқыдың яғни жақсылық жасаса жұмаққа барады жегенді енді сен сол үшін жамандық емес жақсылық жасауға тырыс мен солай ойлайм
e_zhalgas
керісінше нұсқасын да назардан тыс қалдырмауға үйренейік :)
a63a1
Жақсыға қарай ұмтыламызғой әрқашан ))
e_zhalgas
жаманға да әрқашан дайын болу керек :) хехе!
Ahi
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал жан жұтқыншаққа келіп қалған сәтте, сол уақытта сендер қарап қаласыңдар. Негiзiнде оған (өлiп бара жатқанға) Бiз жақынырақпыз, алайда сендер оны көрмейсiңдер. Ал енді егер жазаланбайтын болсаңдар, онда айтқандарың рас болса, оның жанын неге қайтармайсыңдар?! Егер өлген кiсi Аллаһқа жақындардан болса, сонда оған рахат, шаттық, әрi нығметтi Жәннат бар» (Уәқи`а сүресі, 83-96-аяттар).
VKM
тура жауап керек, Аһі
a63a1
Ахи мен жауабыңа қанағаттанған жоқпын, менің сұрағым басқаша еді
Ahi
Сұраққа жауап беріп жатқан жоқпын
TERISKEY
енді жауап берсейші, сені біледі ғой деп сұрап жатыр емес пе?
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында Аллаһ кәпiрлерді лағынеттеді де, оларға жалындаған Тозақ әзiрледi. Олар онда мәңгi қалады. Не дос, не көмекшi таба алмайды. Олардың беттерi от iшiнде аударылатын (өзгеретін) күнi: “Әттең! Аллаһқа бойұсынып, елшісіне бағынғанда едi” — дейді» (Ахзәб сүресі, 64-66-аяттар).
a63a1
кәпiрлерді
олардың белгілері?
a63a1
мысалы мен немаз оқымаймын, бірақ иман келтіремін. Мен кіммін?
a63a1
Кешірім өтінем намаз
konvict
Иман келтіремін деп ауызбен айту жеткіліксіз. Жүрекпен орындай керек
a63a1
Жүрегімның қатпарында ©Нұрберген
Serzha
тек жартылай кефирсің
Adiletshu
Астағфирулла. Олай, біреуге кәпірсің деп айтуға болмайды
satvaldo
ол айтқан жоқ, айран :ҚҚҚ
a63a1
сен шудансыңба? Шудан Ыстық көлге жету мүмкіндігі қалай?
Adiletshu
Бізге жақын. Алматаға бізден де жақынырақ
Serzha
жәннәтқа түскен соң, пропискіге тұру керек пе?
e_zhalgas
жоқ, адамдардың арасында онда мәңгі прописка алып беруге дәмесі зор, суырылып шыққандар жетеді :)
neoman
Жұмақ пен тозақты шығарған адамның фантазиясына ризамын… Мына өмірдің өзі жұмақ пен тозақтан тұрады. Өлгеннен кейін тыныштық беріңдерші
Ahi
Аллаһ Тағала былай деді: «Оған аяттарымыз оқылған сәтте: „Бұрынғылардың ертегісі“ деді. Жуырда оның мүрнына дақ саламыз» (Қалам сүресі, 15-16-аят).
Аллаһ Тағала тағы былай деді: "Қашан оған аяттарымыз оқылса: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан мақрұм қалады. Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді. Сосын: «Міне сендердің өтірік дегендерің осы», -делінеді" (Мутафиффин сүресі, 13-17-аяттар).
konvict
Осы жазғаныңды есіңде сақта Неоман. Ақыретте кездескенде сенің бетіңе басамын!
neoman
Ол жаққа барып жатсам, бетіме басатындар көп болады, ең болмаса керекші ретінде жұбатып, сәл де болса демеу болам десең қайтеді а, туысқан?

Айналамдағы адамдардың көзқарастарын, жалпы, діни-нанымды құрметтеуге тырысам, бірақ күмән ғана нағыз шындыққа жеткізетінін естен шығармайық
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: «Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаһқа тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына (басқаларды) теңейді. Ол сондай Аллаһ — сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме? Көктерде әрі жердегі Ол Аллаһ көрнеулеріңді де, көместеріңді де біледі. Оларға Раббыларынан әрқандай аят келсе, олар одан мүлде бет бұрушы еді. Тіпті оларға келген шындықты (Құранды) да жасынға шығарды. Дегенмен жақында тәлкек қылғандарға (жазасының) хабары келеді» (Ән'ам сүресі, 1-5-аяттар).
abzik
Ағайындар, пікір жазуға болады екен деп, бос сандырақты жазудың не керегі бар. Өздерің жаза алмайсыңдар ма осындай бір діни тақырыпта, онда қоя салыңдар. Бұл блогшы өзгелер біле жүрсін деп жазған ғой, білгілерің келмесе келеке қылудың қажеті жоқ
a63a1
жаманның сандырағы келеді, сондықтан сандырақтан ақиқат айқайлап тұруы мүмкін