Жерсілкіністен зардап шеккен Вандағы қырғыз бауырлар көмек күтуде



Түркияның Ван вилайетінде (облыс) қырғыздар тұратынын естіген едім. Бүгін Фейсбукта олар туралы аз болса да ақпарат алдым. Түркияның шығысындағы бұл жерге олар 1980 жылдары Ауғанстан арқылы көшіп келген екен. Бұл аймақтағы қырғыздар курд террористері ПКК-ға да қарсы күреседі екен. Түрік қарулы күштеріне жатпайтын, мұндай тәуелсіз сақшыларды Коруджу (korucu) деп атайды. Қырғыздардан бір адам шейіт болған екен, енді соның өшін аламыз деп отырған көрінеді.

Қырғыздар Ванның Эрджиш ауданындағы Улупамир ауылын мекендейді екен. Жерсілкіністен зардап шегіп отырған ауыл тұрғындары қыстық киім және шатыр жағынан көмек сұрайды. «Ақша керек емес, тек жылы киім мен шатыр болса болғаны, үйге кіре алмай далада түнеудеміз» дейді ауыл әкімі Қасымбек.

Егер мұндай көмек көрсетуге мүмкіндіктеріңіз болса:

Адресі:

Ulupamir Köyü Muhtarlığı
Kasımbek Varol (Köy muhtarı)
Van / TÜRKİYE
тел: +90 432 382 24 28
моб: +90 539 462 54 84
Бөлісу:

16 пікір

Dinara
Ия, мен де көрдім видеосын ол жердегі қырғыз халқы туралы. Күрттердің (олардың басым бөлігі әрине ПКК-ны қолдайтындар) арасында өмір сүріп отырған кәдімгі қырғыздар өзіміздің. Жыладым, кішкентай балаларды көргенде. Бір отбасынан әкесі, анасы, қызы қайтыс болыпты. Тағы бір студент жатақханада қалып қайтыс болған екен.
Қарап отырсаң, түріктердің қайта осы қырғыздарға жаны қатты ашып отырғаны байқалады.
Бүгін карго жіберейін деп поштаға барғанмын, адам да көп, зат та көп ана жерде. Студенттер, қарапайым халық жылы киім, көрпе төсек жіберіп жатыр екен зілзаладан зардап шеккен халыққа. Бір ай бойы жалғасады деді, көмек қабылдау.
Қазақстан елшілігі айтады, көмегіміз дайын, материалдық болсын, адамдар болсын. Түркия қабылдаймыз деп айтса болды дейді.
asaubota
бұл қырғыздар туралы мана күрттердің форумынан оқыдым. пікірлер жақсы емес, әрине
TERISKEY
ПКК деген не сонда?
omarbirat
Күрд жұмысшы партиясы. Өз атауының қысқартылған түрі болса керек.
omarbirat
Күрдістан жұмысшы партиясы екен. Күрдше Partiya Karkerên Kurdistan екен.
TERISKEY
рахмет, Омаға!
Nurgisa
Амангелді Сейітхановқа бәрін айтып берем!!! Саған ешқашан, естимісің, ешқашан ешнәрсе айтпайтын болады!
omarbirat
қыстық киім және шатыр
Киіз үй керек сияқты ғой.
Nurgisa
Кешегіге дейін әлемдік қоғамдастықтан көмек алуға келісімін бермей отырған ресми Анкара ойлана келе көмекке дайындығын білдірген 30-дан астам елге «иә» депті. Көмек көрсететін елдердің қатарында Израиль де бар.
omarbirat
Қазақстан да көмектесуге дайынбыз деп жатыр еді. Біздікілерге "Өздеріңді жарылқап алыңдар" демеп пе екен?
satvaldo
негізі керісінше болды. Түрк СІМ-і жәуіттерден гуманитарлық көмек сұрады. ПыСы Ердоған құртады, джемаатскийлер дұрыстайды.
omarbirat
Түркияда тағы да жер сілкінісі болыпты.
zholantai
солар сияқт ғо, рахмет инфоға