мына есептерді шығаруға көмектесіңіздерші, физика пәнінен 11класс есептері


1.Активті кедергісі R=50 Ом айнымалы ток тізбегінің бөлігіндегі кернеудің амплитудалық мәні Um=100 B, тербеліс жиелігі V=100Гц. осы тізбек бөлігіндегі ток тербелістерінің теңдеуін жазыңдар.

2.Айнымалы ток тізбегінің сыйымдылықтары бірдей (C=1мкФ)екі конденсатордың тізбектеп қосылған бөлігіндегі сыйымдылық кедергіні табыңдар.Жиелік V=50Гц

3.Тербемелі контур индуктивтілігі L=10-ның (-6)дәрежесі Гн катушка мен әр астарының ауданы S=100см квадрат ауалы жвзық конденсатордан тұрады, Контур V=2х10-ның 7 дәрежесі жиілікке резонансқа түседі.Конденсатор астарларының арақашықтығы қандай?

4.Тізбектің бөлігіне әсерлік мәні U=220 B айнымалы кернеу түсірілді.бөліктің активті кедергісі R=100 Ом, ал ток күші мен кернеу арасындағы фазалар айырымы 0,3 П.Токтың қуатын анықтаңдар.
Бөлісу:

28 пікір

araika
осы физиканы түк "қақпаймын", кітаптың соңғы бетінде жауаптары болады ғой, соған қарап өтірік (қосып, алып, көбейтіп не бөліп) шығара салатынмын
AKA
1. Жауабы: i = 2sin (100t + /фи ноль/)
2. Жауабы: Xс = 40000 Ом немесе 40 кОм
3. Жауабы: d=35,4 мкм
4. Жауабы: P=484 Вт
Қателесуім де мүмкін, бірақ менің есептеуімде осындай нәтиже шықты  Формулаларын жаза алмадым.
Zilola
принтскринмен жпег форматта сақтап, пиксқа жүктеп ілсең
AKA
Дәл қазір ертеңгі болатын модульге дайындалып отыр едім, шығарған парағымды таңертең үлгерсем түсіріп, саламын
araika
кешір, Ака
 Формулаларын жаза алмадым.
дегеніңе қарап, сонда есеп қалай шықты деп ойланып қалдым. Әдетте формула маңызды рөл атқаратын сияқты еді.
Сонан соң Рауанға шығарылу жолы керек
araika
а түсіндім, жаза алмау деген басқаша екен ғой
AKA
Түсінгеніңізге шүкір  Формулаларды дәл осы пікірде жаза алмай отырмын, сөзбен жазсам тағы түсініксіздеу болар дедім.
neoman
Барлық жауабың қате сияқты, АКА.

Рауан, мына есептер 11-сынып үшін өтеее жеңіл. Адам ұялу керек қой. Өзің шығар. Біреу шығарғаннан пайда таппассың. Ешбір артық бас қатырудың қажеті жоқ, формулаға қарап, сәл ойлансаң болғаны. Сенікі — жалқаулық қой.

Қиындау есеп болса, көмектесем. Мыналардың жауабын жазсам, ұят болар. Жоғарыдағы жауаптың ешқайсысы дұрыс емес, ескер
omarbirat
өтеее жеңіл
Қанша кг?
neoman
Бір қарағаннан жауабы көрінетін есептердің салмағы қанша болатын еді?
omarbirat
Бір қарағаннан жауабы көрінетін есептерді оңай деуші еді. Оның салмағын таразыға салып өлшеп көрген кім бар дейсің.
neoman
Ақылсынуын қараш. Менің ойым түсінікті келтірілген, сөзді тура я ауыспалы мағынасында келтіру — менің қалауым. Ойлануға кеткен уақытты және энергияны есептеп джоульге немесе ватқа аударып беруіме де болар еді негізі
omarbirat
Мынаны қалжыңдап жазып едім. Көңіліңе қатты алып қалма. Айып етпессің.
Aizhantabyn
какие люди)))))))))) вредный бола бермей, көмектесіп жібермедің бе?
neoman
))) қашанғы жазба еді мынау

Болмайтын бір есептерді сұрап тұр ғой, мұндай мейірімділіктің керегі жоқ деп қырсыққан шығармын… 97 жылғы бала 11-сыныптың есебін сұраса да
konvict
Баяғыда үлкендер ұмытып қалдық десе таң қалушы едік. Оқығанды қалай ұмытады деп. Қазір сол басқа келді. Бірде-бір формула есте емес
Medium
otvet.mail.ru/

орысша жазсаң осы жерге, тез жауап аласың.
satibaldi
otvet.mail.ru/
орысша жазсаң осы жерге, тез жауап аласың.
Қазақ ғылымының соңғы инстанциясы.
Medium
түсінбедім, мен бар болғаны мұндай сұрақтарға арналған арнайы орын бар дегім келді.
asaubota
Керекинфоны келесіде осылай есеп шығару алаңына айналдырып алмассың деп сенемін. келесіде көрсем тақырыпты өшіремін, өзіңді мәңгі банға жіберемін.
satibaldi
Жезөкше эбонит таяқшамен шашын ысып-ысып жіберіп, салмағы 200 грамм болатын қағазды жапсырып алды. Сутенердің тырнағының ұзындығын тап.
gulsya_96
х=2,5 + 3t — 1.4 t kvadrat; U(t), a(t) графиктерін салу керек. Көмек беріңдерші өтінем???
dark_nazgul
масқара… кезінде бітіру емтиханында алты есептің бәрін өзі шығарған жалғыз мен едім, қазір тіпті бір формуланы еске түсіре алмай отырмын.
Marationok
Ол заңдылық.
dark_nazgul
Тәжімді өткенде Данаға беріп қойып едім…
Marationok
Дана деген қайдан шыққан жердің құрты өзі?