Керек-Тарих. Атыраудағы пикник'2005
Өткен бір постта Админ мырза Атырауда бұрындары, дәлірек айтсақ 2005 жылы өткен бір пикникті еске салып, бірнеше фотолармен бөліскен болатын, бірақ толқулар болғаны рас
Енді мен де өз тарпымнан бір қызықпен бөлісейін, жақында дискі атаулыны ақтарып отырып, мына басқосуды тауып алдым, еріксіз жымидым.Бұл да пикник, Керектің Атыраудағы алғашқы пикнигі.
Дайындықты бастаған — Асылбек атты «ақсақалымыз», жақсы ұйымдастырып, бәріміздің басымызды қосып, бір жасап қалған ағамыз қазір жанұясымен Астанада, мында тығылып келіп жүрген де болар
Өткен уақыты: 2005 жыл, 9 мамырға дейінгі сенбі күні,сол күн сақинамды пикник кезінде жоғалтып алғаныммен де есте қалды
Орны: Атырау, Жайықтың Сарайшық тұсы, айнала су
Аршат айтқан ЕСЕК ойыны да, воллейбол да болды, тәтті палау да жедік, күлкіге де қарық болдық, балық та ауламақшы болдық, самаурынмен шай іштік, жалпы шынайы отырыс болды.
P.S Қатысқан керекшілердің атын атамай-ақ қояйын, кейбіреулерін тани жатарсыздар.
P.P.S Фотоны қоюдың басқа бір әдісі бар еді ғой, айта кетсеңіздер?
Енді мен де өз тарпымнан бір қызықпен бөлісейін, жақында дискі атаулыны ақтарып отырып, мына басқосуды тауып алдым, еріксіз жымидым.Бұл да пикник, Керектің Атыраудағы алғашқы пикнигі.
Дайындықты бастаған — Асылбек атты «ақсақалымыз», жақсы ұйымдастырып, бәріміздің басымызды қосып, бір жасап қалған ағамыз қазір жанұясымен Астанада, мында тығылып келіп жүрген де болар
Өткен уақыты: 2005 жыл, 9 мамырға дейінгі сенбі күні,
Орны: Атырау, Жайықтың Сарайшық тұсы, айнала су
Аршат айтқан ЕСЕК ойыны да, воллейбол да болды, тәтті палау да жедік, күлкіге де қарық болдық, балық та ауламақшы болдық, самаурынмен шай іштік, жалпы шынайы отырыс болды.
P.S Қатысқан керекшілердің атын атамай-ақ қояйын, кейбіреулерін тани жатарсыздар.
P.P.S Фотоны қоюдың басқа бір әдісі бар еді ғой, айта кетсеңіздер?
зы. осылай қоя бер фотоларды, осы әдіс те жақсы
в почетеболыпты)))Далада пісірген тамақтың дәмін айтсайш…
Суреттерге қарап отырып студенттік жылдарым есіме түсіп отыр.Студент кезімізде пикникке жиі баратынбыз (май айында және 27 қыркүйек туризм күніне). Ән айтып, топқа бөлініп жарысып, ойындар ойнайтынбыз. Қалыптасқан дәстүр «Сәттілікке қадам» деген ойынды ұйымдастыру еді, соған жанымызды салып қатысатынбыз. Өйткені, ұтылған топ отын жинап, ал ұтқан топ костер жағу құрметіне ие болатын. Костер айналасына жиналып сол күннен алған әсермен бөлісіп, жақсы тілектер айтып, мәз-мейрам боп тарқасатынбыз…
қолдары ауырмайды ма деп ойласам келесі суретте адамдар ауысыпты кезекпен
Түркістанға да керекшілердің жолы түскен-ді сол бір кездегі «керектің» қызып тұрған шағында. Суреттерді іздестіріп көру керек болып тұр…