Burning Daylight (Уақыт күттірмейді): Онлайн, жүктеп алу



Бұған дейін, жамбылдық Санжар Сұлтановтың «Burning Daylight» (Уақыт күттірмейді) фильмі жайында айтқан болатынбыз. Интернетте соның DVDRip сапасы шығыпты. Соны өздеріңмен бөліссем деймін (ешкімге айтпаңдар, тсссс).

Жанр: Драма, Криминал
Шыққан жылы: 2010
Шығарушы: Канада, Қазақстан (дегенмен, Қазақстанның қатысы шамалы сияқты, қайтейік ресми релизінде осылай көрсетіпті)
Ұзақтығы: 01:42:24
Аударма: Дубляждалған [Лицензия]
Сапасы: DVDRip
Режиссер: Санжар Сұлтанов
Рөлдерде: Роберт Неппер, Пол Кэлдерон, Адриан Кауэн, Санжар Сұлтанов, Кристофер ДеМео, Джозеф Тейлор, Марк Мольнар, Джейсон Оулд, Стивен Бёрд, Рик Кордейро, Рэйчел МакМиллан, Дори Госс

Суреттеме: Джек Лондон әңгімелерінің негізінде құрылған. Фильм өткен ғасырдың 20-жылдарындағы Уолл-Стриттен шыққан ұрылар мен банкирлердің өмірін баяндайды.

Жүктеп алу

ПыСы: Вконтактідан көрем десеңдер, мына сілтемені, ал Намба.кз-тен көргілерің келсе мынаны басыңдар.
Бөлісу:

16 пікір

ErNur
Рахмет! Таудай бол!
asaubota
Vkontakte-дегісін көшіріп жатырмын. намбадағы flv-ға қарағанда сапалы шығар деп.
patick
Құнығып качать етіп жатсыңдар ма, мен де

Рецензия жазыңдар е, үндемей көріп алмай
ErNur
Жаңа бастап көріп жатырмын. Мынау Қарасақал сосын сақал қойып алған Патик
ErNur
Лібә, кешірім сұрайм! Мен жаңа ғана бастап көруге мүмкіншілік боп жатыр! Патик пен Қарасақалға тек түрін ғана ұқсатып отырғаным. Бір-бірін лақтырып жатқандарын көріп ескертіп жатырмын
patick
Мені қай кейіпкерге ұқсаттың?
ErNur
Метт қа ғо, айттым ғой түрлерін айтам
asaubota
VKsaver арқылы Вконтактедан алдым, сапасы жақсы болып шықты.
Zilola
қалай көшіру жайлы көмек ретінде пост жазсаңыз жақсы болар еді
Qojeke
Burning Daylight сқзін әр ұлт ерекше етіп аударады. Ал қазекем орыс әпкесінің «Время не ждёт» Уақыт күттірмейді деп аудара салды. Байтіліңдіссс
patick
енді ағылшынға жоқпыз, қайтеміз.
Qojeke
Патик, ол сенің немесе көрерменнің кінәсі емес. Сол кинотуындыға қазақша атау бергендердің кінәсі.
patick
Мә, жалғыз біз (киностандықтар) екен десек осылай аударған, бүкіл БАҚ солай аударыпты
Qojeke
Фильмнің тұсаукесері былтыр 20 қарашада Нью-Йоркте өтті-ау деймін. Сол кезде Хабар-лшар арнасы «Уақыт күттірмейді» деп айтты. Міне керек болса.
Qojeke
Санжар мен оның продюсер ағасының қазақшаға шорқақ (дже мүлдем білмейді) екені белгілі. Олар ағылшынша ағып тұрғанымен, қазақшаға жоқ болса, осындай атау шығады. Себеп мынада: киноның қазақша атауын олар емес, қазақша жақсы білетін, бірақ ағылшынша қақпайтын топастар береді. Білмесе кЪтін қысу керек кім болса да. Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл! дейді.