15 пікір

VKM
Махаббат мұңы

с. Т.Молағалиев
ә. Ж.Сейілов

Бар ма маған ғашық адам бір жерде
Мен туралы ойлана ма түндерінде
Өкіне ме өзін-өзі кінәлап
Маған қайта жолықпасын білгенде

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде
Жолығуға асығама көктемде
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде
Жолығуға асығама көктемде
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде

Жаздың күні барқыт еді әдемі
Ғашық еді бүкіл аспан әлемі
Ай сәулесі түсіп тұрды жүзіңе
Қабағыңда сәл көлеңке бар еді

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде
Жолығуға асығама көктемде
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде
Жолығуға асығама көктемде
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде

Түн ақ сүтке малып алып қанатын
Анда-санда жұлдыз ғана ағатын
Ай сәулесі арасынан теректің
Екеумізді оңай тауып алатын

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде
Жолығуға асығама көктемде
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде

Ескі ән) Папамдардың әні
Beytanis
Папаң бірнешеу ме, не?
VKM
қумаш, Мақсат(
Beytanis
Папамның достарымен сүйіп тыңдайтын немесе орындайтын әні десеңші. Әйтпесе, "қыз қуу" ойынын әдейі ойнап отыр деймісің?!
VKM
Туй, Мақсат, пост жазшы, кісіге тиісе бермей. Түсіндің сен бәрін, жәй нервке тию үшін істейсің… типа мұғалім болып )))
Beytanis
Нербіңді құртатындай ештеңе айтқан жоқпын, қыз-ау. Рас түсінбей барып түсіндім әрең, уәқәқәқәқәқәқәқәқәқәқә
Nurgisa
Ән күшті, домбыраның партиясы керемет!

Мәтінді аздап түзейін:

Бар ма маған ғашық адам бір жерде
Мен туралы ойлана ма түндерде
Өкіне ме өзін-өзі кінәлап
Маған қарап жолықпасын білгенде

Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде,
Жолығуға асыға ма күткенде?
Тілдесуге қайран ару қорқа ма
Төмен қарап мен қасынан өткенде



Жаздың күні барқыт еді әдемі
Ашық еді бүкіл аспан әлемі
Ай сәулесі түсіпті ғой жүзіңе
Қабағыңда сәл көлеңке бар ед
VKM
рахмет. Кілең мұғалімдер
Beytanis
Қателескен жерімізді бір-бірімізге айтқанда тұрған не бар? Малика, өмірде неше түрлі нәрсе естисің, саспа. Дұрыс жерді бұрыс деп, сенен ала алмай қалған өшіміз бен ақымыз жоқ қой, дұрыс түсін, әллөу!!!
VKM
Келістік! Дай пять)))
Nurgisa
Иә, сосын, «с. Т.Молағалиев» деген жерде кішігірім қате кетіпті.
Abilakim
Еш қатесі жоқ, ол кісі қазір молада ғой)))
sammita
«Сыған қызы» жақсы ән екен. Тыңдап көріңдер.