Сізге арақ ішкен жаға ма?
«Арақ адамды аздырады, өз көрін өзіне қаздырады» деген сөз құлаққа түрпідей тигенімен, бұл – шындық. Осы әзәзілдің өмірімізге ентелей еніп, дастарқаннан кетпей қойғаны өкінішті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осылайша шындыққа айналды. Бірақ арақ-шарап барлық адамға жаға бермейтіні және рас. Ендеше, жұлдыз жорамалыңызға да бір үңіліп көріңіз, ащы су сізге қалай әсер етеді?
Тоқты. Тоқты үшін ішімдіктің қауіптілігі сол – есінен танып жығылғанша ішеді не ойланбастан кездейсоқ іс-әрекетке барады. Спирттің буына масайраған тоқты көтеріңкі көңіл-күймен күшіне сеніп, ерсі қылықтар көрсетуі мүмкін.
Торпақ. Артық кеткен «дозаның» өзін жақсы көтереді. Дегенмен торпақ ішімдіктің буымен ойламаған жерден абыржып, делебесі қозып, қисынсыз күш көрсетуі ықтимал.
Егіздер. Егіздердегі бір артықшылық – ептеп ішімдік ұрттағаннан соншалықты зардап шекпейді. Өйткені олар ащы суға құмар емес, қызықпайды да.
Шаян. Олардың ішкі сезімдері өте тұрақсыз болғандықтан, ішімдікті көтере алмайды. Тіпті градусы төмен сырадан да уланып қалуы мүмкін. Оның жүйке-жүйесінің сезімталдығы соншалық, түрлі отырыстарда сәл ұрттаған ол өзгелер күлген сайын қайғырады.
Арыстан. Ол ішу мөлшерін біледі. Соған қарамастан, мастығын өзгелерден жасыруға бейім. Мұндайда ол беделін жоғалтуы да мүмкін. Арыстан үшін бұдан артық қауіп жоқ.
Бикеш. Оған ішімдік қатты әсер етеді. Сол себепті өз денсаулығын сақтау үшін байқағаны дұрыс. Мұны бикештердің көпшілігі білетіндіктен, «жынды судан» аулақ жүреді.
Таразы. Олардың арасында салына ішетіндер сирек кездеседі. Стақанды тек «достық» және айналасындағылардың көңілді отыруы үшін ғана көтереді.
Сары шаян. Маскүнемдікке салыну оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Ол өзін-өзі ұстай алмай, өзіне қастандық жасауы да ғажап емес.
Мерген. Ол үшін асыра сілтеп жібермеу қажет. Өйткені ішімдік атаулыға бірден елітіп қалады. Бауыры спирттік ішімдікті көтере алмайтындықтан, оның денсаулығы бірден сыр береді.
Тауешкі. Арақ-шарап ішудегі мақсаты – жан дүниесін тынықтырып, жақсы бір күй кешу. Алайда оның сондай «деңгейде» кері әсер беретіндігін де ескеру керек. Ішімдік оны қалағандай рахатқа бөлемейді, қайта мұңға батырады. Ішімдік – Тауешкілерді уайымға апаратын жол.
Суқұйғыш. Ішімдікке құмарлық – оларға туа біткен қасиет. Бұдан оның жүйкесі әлсірейді.
Балық. Бұлар арақ-шарап ішуге бейім келеді. Олардың өзін-өзі шектеуге тырысқан әрекеттері – бос еліктеу. Сондықтан ішімдіктен түбегейлі бас тартқаны дұрыс.
Мақала сілтемесі: «Айқын» газеті. (сілтеме жоқ, бұрынғы версияларынан алынған)
қатты кемімейді, кейде ішетінімді де мойындаймын. мысалы сен сияқты әпкелеріммен ішер едім
Естен танганша ишип кору керек екен
Бірге ішіп, Арыстанның айға қарап ұлығанын, Шаяндардың көңіл айтқанын көрген, терезеден ілінп тұрған Балықтарды құтқарған, Сарышаян, Мергендерді сүйемелдеп үйіне апарған, шекісіп қалған Торпақ пен Тауешкінің ортасына түскен күндер жетеді енді… )))))))))
Пы.Сы. Ішкенді күндемейік, ішпегенді жүндемейік, деген принципті ұстанамын, өз басым…
гороскопты істеген адам біздің паханты тани ма деп ойланып қалдым басында
мен былай көп уақыт ішпей жүре аламын. бірақ, ішсем док онца ішетіндерденмін. қашан бәрі немесе мен құлағанша, ақша біткенше, дүкен, кафе жабылғанша.
ал екі Суқұйғыштың басы қосылғанда не болатынына Алматыда кездесуге келгендер куә ғой
Дерт қой. Арақтың кесірінен мазасы, құты қашқан отбасылар қаншама. Сол сыздатады.
Маған ішкен жақпайды сондықтан да тастадым, жақса әлі күнге достардың денсаулығы үшін тартып қойып жүрер едім.
Бірақ адам бір өзі, әрі тостсыз ішсе ол уже алқаштық деп ойлап қорқып әле ішпей жүрмін
Ал екі стопкіден кейін, таза психологиялық тұрғыда, ішіңе бірдеңе барғанын сеземін:
1) Кірпігің кіртіңдеп, көзің жалтырап, аузыңнан иіс шығып қала ма деп ұялған сыңай таныту
Үш стопкіден кейін:
2) Өтірік түк те мас адам емес сияқты сери-и-иозный бола қалып, өзіңше бір маңызды тірліктермен айналысып, салиқалы әңгіме айтпақ боп пысықсыну. Немесе ішкі сезімдеріңді бақылап, ойыңның трансформацияларын іштей сезіп, артық әңгіме айтып қоюдан қорқып, өте аз сөйлеу. Кафедегі қыздардың соншалықты уродка еместігін түсіну.Өзіңнен өзің ұялу.
Төрт стопкіден кейін.
3) Ақша жүзің албырап, әңгімеі қарша борату, біреудікіне тырқ-тырқ күлу. Шынтағың үстелден сырғанап кете беру. Біреудің сөздерін тым жекеге қабылдай бастау.
Бесінші стопкадан кейін:
4) Әңгіменің басы қашан басталғанын, немен аяқталғанында шаруаң болмау. Артың қышынып, билегің кеп, бұлшық еттеріңді жазғың келу. Қолыңнан келмейтін нәрселерді істеуге тырысу. Өзіңді сұмдық Брэд Пит, Арнольд Шварцнеггер мен Брюс Лидің қоспасы сезіну. Бір нүткеден екінші нүктеге үлкен қадамдармен, ыржиып, қолыңды сермеп тұрып жету. Өзіңе кафедегілердің барлығының назарын аудартуға тырысу. Официантты «человек!» деп айту, ал диджейді «маэстро» деп дауыстап атау.
Алтыншы стопкадан кейін:
5) ӘЛдебіреуде кеткен есең бар екені есіңе түсу, сау кезіңде біреуге "ұят қой, біреудің қарындасы ғой" деген оймен приставать етпегеніңді тормоздық деп түсіну,
«дөрекілеу болса да, ортақ тіл табуға болады» деп ойлайтын бір танысыңның тұмсығын адамгершілігің ұстап қалып бұзбағаныңды "қорқақтық" деп түсініп, қатеңді жөндеуге тырысу. Яғни әлгі қызға аяқ астынан тұра кетіп, назар бөліп, мәмбеттеніп тиісу, немесе әлгі сукабілятшешеңмалға барып «не президенттің пәтағын ұстап тұрсың ба, мал наху? бағана бірдеңе дегің келді ма епті! Шық сыртқа сука» деу.
Жетінші стопкадан кейін:
6) Уборныйға барып мұздай сумен жуына беру… Басың айналып, музыканың не туралы екенін түсінбеу, әңгімелерді ажыратпау, бір нүктеден екінші нүктеге қалай жеткеніңді білмеу. Аяқ астынан ыңғайсыз жағдайда ыңғайсыз жерде тұрғаныңды білу. Кейде жылау. Барлық ішіңдегіні, сыртыңдағыны шығарып тастау. Ауыспалы да, тура да мағынасында.
Стопкалар саны әлбетте ± 10 грамм болуы мүмкін.
Қазір шамамды білем. Көбіне мүлде ішпеймін. Сирек жағдайда 3-ші сатыдан бері қайтамын.
Сырамен өлшеу қиындау енді, оған мас болу ұзақ уақытты алады. Және ішіңдегі градус көбеем дегенше, алдыңғы ішкен сыраңның күші кетіп қалады. Сондықтан, кейде түні бойы ішіп мас болмайтын кездер болады. Оны да қатты шектеймін.
Тауешкілерге келетін сияқты,өз басымнан байқадым
Мергенмін, анау жақсы ма жаман ба түсінбей отырмын. Бірақ ішімдікті ұнатпаймын. Жақпайды да.
менің жағдайымда қызықпайды деген рас, мүлдем алкоголь өнімдерін ішіп көрген емеспін. Алайда, құрбыларым стрестен шықсын деп арқалап жүретінімді жасырмаймын :)
Алкоголь стрессті басатыны миф. Алкоголь қазіргі көңіл күйіңді күшейтеді тек.
Қуанып отырсаң екі есе қуанасың, шаршап отырсаң еке есе шаршайсың. Маужырап отырсаң сеспей қатып ұйқтайсың. Ал көтің қыбырлап отырса, приключение іздеп кетесің.
Стрессті басам деп ішсең еке есе күйінесің, одан бетер жаман көріне бастайды жағдайың.
ПыСы: жұлдыз бойынша Бикешпін))) Жындының сандырағы келеді деген, жорамалы жанасады екен шынға…
Сол этил спирті үшін ішеді көбі. Қалғаны тек дәмдеуіштер.
Рас… Бар ма? құйсайш ?
қымыз, шұбат т.б.