Ең алғашқы аунағаным...

«Ер аунаса із қалар, ат аунаса түк қалар» деген ғой ата-бабамыз. Бізде аунап бақтық жас кезде. Ең алғаш аунағанда сегіз оқимын-ау деймін. «Минск» мотоцикілім болды деп ем ғой бір жазбамда. Ауылда сонымен тарылдатып жүретінмін. Алдыма Жомарт атты киікке екі аяқты «Уралымен» шығатын жігіт ағасы ғана түсетін шығар.«Иж-планетасы» бар 74-ші жылғы ауылдас жігітті тақтайдай тегіс жолда бір жолықтырсам деп жүрген кезім. Осы үшеуімз ауылдың бас каскадерлары.Обшым, походқа шығамыз деп келістік. Біраз балалар жеңіл машинамен алдымызда шығып кетті. Біз қуып жетеміз деп арттарында қалып қойдық. Содан. Арттарынан қудық әлгілерді. Артымда екі кластасым бар.Екеуіде ауру сиырдың боғы емес. Алдымызда кеткен екі машинаны да қуып жеттік. Артымдағы екі кластасым аналарға қолын шығарып мазақтап келе жатыр.Екеуі кезек-кезек жерден көкпар алғандай жусан жұлып құтырып келе жатыр. Каска деген ұғым жоқ.Басымызды каска қылып жүрген кез ғой. Бір мезгілде екеуі қатар бір жаққа еңкейіп жусан жұлмақ болды ма әйтеуір салмақтарын игере алмай құлап түстік. Екі шешеске түк болмапты. Менің аяғым глушителге күйіп қалды баланың алақанының көлеміндей болып. Сөйтіп, поход бойы аяғымды суға малып отырдым.Жұрттар суға түсіп,қыздарға малтуды үйретіп жатыр нақ…
Бөлісу:

10 пікір

ErNur
Сөйтіп, поход бойы аяғымды суға малып отырдым.

Аяғыңа алтын акула тиіскен жоқ па әйтеуір?
Zhan
Тағы да мотоцикл сатып алып, Астанаға келсейші байкер болып
Abilakim
Байкер жігіттер ғана ұнай ма?
Zhan
Ұнайды, ұнамайды деп айта алмаймын. Просты, өмірімде мотоциклге мініп көрмеппін. Соны егер сен келсең, мініп қалам ба деген ой ғой.
Abilakim
Каруселге мініп көрдің бе?
Erlan
5 сынып оқитын шағымда, келе жатсам кошемен, 1 мотоцикл маган карсы келе жатыр, былай кашсам былай бурад, былай қашсам былай бурад, ақыры қағып кетіп, аяғымды басалмай ақсаңдап біраз жүрдім.
a63a1
мен яваны қарғытқам, қарғығаны соншалық цебі үзіліп кетті. Әдейі емес әрине, қозғалайын деп жатып газды қатты бұрап жіберіппін
Abilakim
Мен сол Минскіммен ағамның «шохасына» авгон жасағам.Ағам бір апта менімен сөйлеспей жүрді.