Стратиллат Меңдешев. "Реинкарнация"

Барзақтың ұзыннан-сонар кезегі әйтеуір жылжып, кезек — кеше өлген Муапық Раймондоға да келіп жетті.
Шива оған алая қарап:
— Тарақан қылжіверсем — тым қатал болатын сияқты: бала күніңде храм өртеніп жатқанда сөндіруге қолұшыңды бергенсің бе… — деп, Тағдыр Кітабына үңілді.
— Иә, иә! — деді Муапық. Со бір болмашы ісі есіне түсіп, өлердей қуанды.
-Тәйт! — деді Шива үшінші оң қолымен өңменінен итеріп, — әрі тұр! Күнәлерің де шаш-етектен! Масқара! Мына жерде…
Шива Тағдыр Кітабына үңіле түсіп, көздері адырайып кетті.
-… А? Масқара! 34 жасыңда храмнан менің алтын мүсінімді ұрлап сатжівергенсің бе нақ???
Муапық қазір төбемнен жай түспесе, онда тасымнан қысқашпен қысып алатын шығар деп, көзін тарс жұмды.
-Жоғал! — деді Шива ашудан сол жақ үш қолының саусақтары дір-дір қағып, — жоғал! Мен сені қазір… Імм… Сені мен… Ммм… Ешкіге айналдырам! Келесі өмірде ешкі боласың!
Сол сәтте қараспан айналып, дөңгеленіп, шатыр-шұтыр тарсылдап, жар-жұрқ жарқылдап, дүния әлемтапырық болды да, Муапық «бақ!» етіп, әлдекімнің қорасына топ етіп түсе қалды.
… Муапық суатқа барғанда ғана өзінің түрін анық көрді: келісті қарасақал ешкі боп қалыпты. Шопан да мейірімді жан сияқты. Шөп те шүйгін, су да мөлдір екен. Жаңа орта Муапықты таң қалдырды. Шынын айтқанда, храм тонағаны үшін жаратқан Шива тезекқоңыз әлде есекқұрт қылып жіберетін шығар деп қорыққан. Маңдайыма пілдің боғын күнұзаққа домалатып азық қылу жазылатын шығар деп ойлаған. Жоқ, қателесіпті. Соған қарағанда, бала күніндегі храм өртенгендегі көмегінің сауабы барлығын шайып кетсе керек. Бірақ бір жағынан, бар күнәсі — байқамай сиыр етін жеп қойған Болат Мэнсонды Шива неге соншама жазалап, ішекқұртқа айналдырып жіберді? Храм тонаған мен сайран саламын да, аңдаусызда харам ас ішкен бейшара Болат біреудің тоқ ішегінде сендлемек пе? Әділет қайда? Е, құдай екеш құдекең де арасында әділетсіздікке бой алдыратын сияқты деп ойлады Муапық, балғын бетегені бырт-бырт күйсеп тұрып. Сол-ақ екен: қасына қаланың екі кісісін ерткен шопан да үйірге жақындап, Муапықты көрсетті де:
— Мынадай ешкі жарай ма? — деді.
— Это у шефа надо узнать — деді кісінің біреуі. Сосын мобиласына жармасып:
— Алло, будьте добры Ермека Турсунова… Алло Емрек, привет! В общем нашли тут козу, ну, черненькая такая, симпотная! Брать?
Құдекеңнің шын мазағы санасына енді жеткен Муапық талықсып бара жатты…
Бөлісу:

14 пікір

Ahi
«(Мұхаммед): "Қылжақтай тұрыңдар. Расында Аллаһ сескенгендеріңді жарыққа шығарады" де. Егер олардан сұрасаң: “Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік” дейді. Оларға: “Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен қылжақтадыңдар ма?” — де. Кешірім сұрамаңдар! Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар» (Тәубә сүресі, 65-66-аяттар).
Zilola
жаза түс!
Рысбек!
e_zhalgas
құнарсыздау ма қалай?!
Zhan
Ол ешкі Ермектің атын ести салысымен талықсып кететінін айтсайшы… Соған қарағанда болашақты алдын ала көретін тәуіп ешкі болды-ау.
Gastarbaiter
Қойнақ, күлкілі шедевр болуға потенциалы бар әңгіме еді. Тек шала ойластырылғаны әңгімені жұмыр қабылдауға кедергі болды.
Мәселен, Муапық реалында сасық текенің емеуірінінен жиренбей, ешкі «Келіндегі» бір екі кадр үшін зооэротикалық образды жай ғана сомдауды масқара көрді?
Бәлкім, Муапық өмір бойы актер болуды армандаған шығар? Шива ұрғанда, арманы адами өмірінде орындалмай, ешкі өмірінде жүзеге асқан шығар
Суреттеу өнері мен спеццефекттерінің жақсы шыққанын мойындай тұра, сюжеттегі басты оқиғалары мен әрекеттерінің мотивін келістірмей бере салғаның интеллектімді балағаттайды, тым жақсы басталған креативтің соңғы жағындағы себеп пен салдар байланысының үзілуінен тіпті көтің ұялад.

Муапықтың реинкарнациясы мен «Келін»-дегі эпизодты жалғайтын дұрыс переходник таппай, грубый сваркамен піше салған сияқты. Тігістерің адырайып тұр.
Сосын, ешкің точно ешкі ма? Еламан деген көріпкел қошқар емес пе атақты?
Сол жері де ойластырылмаған.
Жалпы бағам, 6 баллов из 10.
Abilakim
Меніңше, түсінікті. Переход дұрыс. Әйтпесе, тым түсінікті болып кетер еді.
Gastarbaiter
Бар айтқым келгені, керемет құрылған шығарманың бүкіл бөліктерін жалғайтын өзекті сөйлемі келіспей қалды.
Неге мазақ?
Ол ешкіні актер жігіт кино-кадрда ойнап тікпесе, қорада оны сасыған теке тігер еді, тіккенде ойнап емес, шындап тігер еді.
Әлгі Шопан ата келмей тұрып, ешкі соны ойлап, мазасызданып тұруы керек еді.
Ал оны теке емес актер, және шындап емес, ойнап тігетінін естігенде қуануы керек еді. Тем более, Муапық кішкентайынан актер болуды армандаған

ПС. Былайынша хуйня ғой, әншейін «кісінеп-кісінеп» қоя салуға арналған пост. Сондықтан мен тым талапшыл шығармын. Бірақ шынымен, осы моменттер апетитті құртпағанда, мен сеніп қалар едім, мына байкаға. Бля, ну реально, ешкінің жағдайы мен оның суреттеліп жатқан эмоциялары сәйкес келмейді ниқуя. Әсіресе, соңғы сөйлемінде. Әйтпесе, тырнақтың астындағы кірді байқамас та едім.
e_zhalgas
мен де сол байланысты таба алмадым. оның үстіне, соңғы екі абзацқа келіп қақалғаным бар.
e_zhalgas
абзац емес, қатар екен