Сағындым
Сен жыладың… Бұның себебін екеумізден басқа ешкім білген жоқ… Кеудеме басыңды қойып, көз жастарың бетіңнің балғын терісін жуып жатқанда, менің жүрегім қан жылап жатқанын сездің бе екен?! Бейне бір Ләйлі мен Мәжнүннің күйін бір сәтке кешкендей болдық… Біздік мұңның алдында Ромео мен Джульеттаның азабы әлдеқайда жеңіл еді…
Сен айттың… Мен тыңдадым… Әр сөзің ішімді 6000 градуста өртеді. Ызадан емес. Айтып жатқаның көз алдымнан секунд сайын көкірегімді қақ айырып өте берді. Бір уақытта мен мұзға айналып бара жаттым. Сен нәзік алақаныңмен қолдарымды жылыттың…
Сен қарадың… Маған қараған көз қарашығыңның түбінен сырға толы, қайғылы тағдырдың суық самалын сездім. Өрілген шаштарыңдай бұралаң болған өмір жолыңның келіп жеткен соңғы нүктесінде өзімді көрдім. Иығымда қимылсыз тұрған алтын басыңнан ағылған шашыңды иіскедім. Сен мені құшақтай түстің… Қаншалықты тауқыметті көрсе де, қатал тағдырдың тепкісіне именбеген нәзік жүрегіңнің дірілін сездім. Мұздаған жүрегім сенің жіңішке даусыңмен шығып жатқан мұңмен бірге еріп жатты…
Сен тыңдадың… Мен айттым. Біз отырған дүниенің бұл бұрышында орнаған қоңыр күз сенімен қосылып жылап тұрды… Екеуміз үшін уақыт атаулы бірнеше ғасырға тоқтап, күзгі самал біздің мұңлы күйімізді қосыла шертті.
Мен келдім… Мен сенің жүрегіңе, өміріңе келдім. Өйткені, тасқа айналған мендік болмыс, шын махаббаттың уы мен балын өзіңнен татты. Сен — мендіксің! Ешкім сені менен айырып алуға ақысы жоқ… Алдымда қалған қысқа да, қатал ғұмыр жолымды өзіңмен бірге кешуге, кез-келген қуаныш пен қайғыны бірге бөлісуге әзірмін. Тек сенің баға жетпес әсем көздеріңді мұңды тамшылармен көргім келмейді…
Сағындым…

мына өмір жылауықты ұнатады.
өткенде Фейсбукте бір өлең оқыдым. күшті өлең екен кім жазса деп ішімнен ойлап отырсам, өлеңнің аяғында Мұқағали Мақатаев деп тұр
рас шығар
«Лайли ва Мажнун едик»
«Равшан ва Жамиля едик»