Жаңару, жаңа қадам, құлшыныс.

Тарихта төбеден жай түскендей болатын түрлі ғылыми жаңалықтар болып жатады. Кейбіреулері қолданысқа тез ие болып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп жатса, қайсыбіреулері алғашында еленбей кейінірек өзіне назар аударып жатады.
Әрине, жаңалықтардың барлығы дерлік өзінің қолдаушылары мен қолданушыларын жаңа қадамға, қоғамдық жаңаруға итермелейтіні анық. Кей жағдайда, жоғарыдан жасалатын жаңа қадамдар мен жаңа үрдістер қолданшуларына түсініксіз болғандықтан өзіне бөлінген қаржыны ақтамайтыны белгілі.
Қандайда болмасын Империя заман талабына сай жарыста реформатор ретінде әрекет жасайды. Үкімет тарапынан қолданушыларына жасауға мәжбүрлейтін жаңа қадамның, түсінуге мұрсаты болмай жатқанымен санаспайтын талпыныстардың елге берері не? Жәй ғана талпыныс күйінде қалатын кезекті науқан болатыны анық. Мұндай қадамдар елді болашақта өздігінен алға аяқ баса алмайтын дәрежеге әкелмесіне кім кепіл? Болшаққа стратегиялық қадам қалай болғаны дұрыс? Өкіметтің өзі басқарған қоғамындағы шығармашылық мүмкіншілігі жоғарыларды аса жақтырмады, мүмкіндігінше оларға кедергі жасауға тырысты өз беттерінше дамуына ырық бермей жазалады, итжеккенге де айдатты.
Сталиннің, императорлық Жапон елінің, муссолинилік Италияның, гитлерлік Германияның уақыттары өтті кетті.
Ендігі жерде әр елдегі озық ойлылар мен шығармашылық мүмкіншіліктері жоғарылардың интеллектуалдық құлшыныстьарына жол ашылып жатқаны белгілі.
Кеңес үкіметі ыдырағаннан бері Қазақстанда мамандандырылған инновациялық орталықтар барма? Ол қандай орталық? Қандай мәселелермен айланысып жатыр?
Қателесуімде мүмкін, меніңше ондай орталық жоқ. Технопарк деп атын дардай қылып бір орталық ашылған екен, пайдасы қане? Неге ол орталық жастарымыздың арасынан дүлдүлдерді іздемейді?..
“Кей жағдайда, жоғарыдан жасалатын жаңа қадамдар мен жаңа үрдістер қолданшуларына түсініксіз болғандықтан өзіне бөлінген қаржыны ақтамайтыны белгілі.” — иә солай!!! Олай болса – бәрі өзімізден басталады ағайын. Білімді Диплом үшін емес, біліктілік үшін іздеу Керек, Керек, Керек...
Бөлісу:

9 пікір

KILYZAMAN
Жоқты айтып ауызды қу шөппен сүртуден аулақпын әрине. Бір қарағанда алғашқы талпыныстар бар. Инновация саласына миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр, ал ол қаржы қаншалықты ұтымды игерілуде? Әзірше мұнайдан келіп жатқан қаржы қай арнада қалай ағуда? Мықты мамандар даярлайтын ЖОО ашылып жатқан сияқты, инновациялық мақсатта жаңа ойыншыларды(инвесторларды) тартуда, жарналық шегерімдер т.с.с нәрселер жасалуда.
Бірнәрселер өзгеріп жатқан сыңайдамыз. Ел басшымыз инновацияға өз батасын беріп тастады. Үкіметтегілер мен өкімет өкілеттілері блогтар жүргізе бастағаны тағы бар. Электрондық үкімет деген нәрсе тағы бар. ЭСҚ тағы бар.
satibaldi
Ты гонишь, ямщиик!!!
KILYZAMAN
Бұралқым тағы келдің бе? Сүйекте қалмады саған…
satibaldi
Меланколие — дулче мелодие,
Меланколие — мистериос амор.
Меланколие, меланколие
Дин армония инимий ку дор.
KILYZAMAN
Ұлуыңа себеп барма екен…
Zhan
Бірде редакцияға бір кісі келіп еді, қазақты интеллектуалды тұрғыдан әлемнің дамыған елдерінің қатарына қалай жеткізу керектігі туралы құпияны білем деп. Сол құпияны қанша жалынсақ та әлгі кісі бізге айтпай қойды. Кейін редакцияға сол идеямды сатам деп келді.Оны бір әйел сатып аламын деп редакцияға қоңырау шалып еді, ана кісі айнып қалып оған да «сырын» айтпай қойды. сол кісі мен әлгі құпияны айтсам қазақ общм дамып кетеді деді. Еще сенімді түрде айтты.
satibaldi
Это был мой брат — Майкроф Холмс, ммуах-ха-ха-ха-ха-ха-хаааа
KILYZAMAN
Күннің бірінші жартысынан ақ қатып алғанбысың? Сатыпалдыңба?