"Құдай-ау, қайда сол жылдар..."
Қазір ғой ол…кітаппен онша дос болмай жүргенім. Мектепте оқығанда қысы-жазы ауыл кітапханасынан шықпайтын-мын. Қызықты кітаптары болса, оқып…шаңын сүртіп, ішін жинау керек болса, оған да білек түре кірісіп…Әлі есімде.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағының мұғалімі, Рахат апайымыз “журналистика негіздері” деген қосымша сабақ өткізетін. Еркін тақырыпта мақала жазуға тапсырма берді. Мақаланың техникасын қайдан білейін, сабақта түсінгеніммен ауыл кітапханасының қыста суық болатынын, бар үмітіміз – жылудың берілуі, осы үмітіміздің ақталғанын ел болып тілеп жүргенімзді айтып, “жазып-жазып” тастадым емес пе?! Өйткені кітапхана ол кезде шынымен суық болатын. Апайымның басында қалың шәлі, аяғында – пима. Формуляр толтырғанда да қаламның сиясы қатып жазбай, қолы сіресіп, оны үрлейін десе, суық дем шығып,әйтеуір…не керек…мақала жазылып, “Орталық Қазақстанның” бетінен бір-ақ шықты емес пе?! Бірді айтып, бірге кетем деп әжем айтпақшы, мен де тақырыптан сәл ауытқып кеттім бе қалай?! Негізі сол кітапханадан алып оқыған Әзілхан Нұршайықовтың аты мәшһүр иә, иә…дәл таптыңыз, “Махаббат қызық, мол жылдар” кітабы туралы айтпақ едім. Әсіресе, МЕҢТАЙДЫҢ КҮНДЕЛІГІН. Қойынкітапшама түртіп алып едім. Жазғым келіп тұрғаны соны…
“Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі, қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта “Есті қыз етегін қымтап ұстайды” деген мақал бар. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты. Жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап, жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Әсіресе, етекті санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.
Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу – дарақылық белгісі. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.”
Титімдей ойым…Жігіттер осыны қазіргі қыздардан көре алмай зар…Кім кінәлі????

Шын мәнінде сол күні екі полосоға материал жетпей, редактор:"құсық болса да бірдеңе тауып жазыңдар!" деп шашын жұлған болатын…
Меніңше, «зар» дейтіндей ештеңе жоқ. Жалпы киім киіс жағы ақсаңқырап тұр, ұлттық дәстүр мен ұлттық заманауи киімдер жағына зер салмағандықтан, бұл мәселе өзекті болып тұр.
+Махаббат бар жерде, көз жасы қоса жүреді;
+Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді;
+Құштарлық — махаьббат хабаршысы;
+Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл түсіндіреді;
+Жүрегін махаббат мекендесе, ең сараң деген адамның өзі ересен мырза боп кетеді;
+Әдемі әйелдің — әлегі көп;
+Сұлу әйел — сорға бітеді;
+Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік арылмайды;
+Сұлуға сұқтанушы көп;
+Сорлының әйелі сұлу болады;
А мендегі сұрақ ана мақала жарық көргесін бірдеме өзгеріс болды ма??
Ақ қайың!
әлгі кітапты оқып бастап, бітіре алмағам… өкінішке қарай. ал, обл.газетте сиқырлы түрде жарияланып кететін мақалалар сериясы универдегі оқытушылардың ассортиментінде толып жүр. жалықтырады!
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.
Жақсымыз себебі, бәрін түсінеміз)))хехе, не жазып кеттім?
пакт о ненападенииді іштей қолданып отыр ғой, екі жақ та))Осы сұраққа ешқашан бас қатырған емеспін.Мен жігіттерден идеал іздемеймін, себебі өзім де идеал емеспін.
Ал үндемейтін, күйеуінің айтқанымен ұнамаса да келісе беретін, басын жерден көтермейтін қыздар ұнамайды.
өте дұрыс айтылған
Неге екені белгісіз, шегім қатып отыр)) Мені сөйлеттіңдер бүгін)
Болады ондай.
шу-чу«ответный фактор» автоматты түрде жұмыс істейді. Бар ондай керемет жігіттер казнетте.Шын айтам